Девиантты мінез- ??лы?ы бар о?ушылармен ж?ргізілетін ж?мысты? ба?дарламасы
Девиантты мінез- ??лы?ы бар о?ушылармен ж?ргізілетін ж?мысты? ба?дарламасы
Девиантты мінез- ??лы?ы бар о?ушыларды? танымды? процестерін, мінез- ??лы?тарын зерттеу ж?не оларды? эмоцияналды? ?арым- ?атынастарын ?алыптастыру.Девиантты мінез- ??лы?ы бар о?ушылар туралы жалпы кіріспе. Оларды? мінез ??л?ын жа?сарту ма?сатында ж?ргізілетін коррекциялы? ж?мыстар енгізілген. Негізінен ата-ана мен м??алім ж?не о?ушыны? бірлескен ж?мыс берілген. ?леуметтік педагог пен психологты? біріккен ж?мысы туралы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Девиантты мінез- ??лы?ы бар о?ушылармен ж?ргізілетін ж?мысты? ба?дарламасы»
Қостанай облысы
Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі
“№3 орта мектебі” КММ
Девиантты мінез-құлығы бар оқушылармен жүргізілетін жұмыстың бағдарламасы
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Тәуелсіз еліміздің қазіргі даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы өзгерістермен яғни, экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынастардың ерекшеліктерімен сипатталады. Қазіргі кезеңдегі жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайға бейімделуіне, мінез-құлықтарының қалыптасуына, тұлға ретінде дамуына әсерін тигізетін тиімді жолдарын көрсету, анықтау да басты мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында” , “Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез- құлқын қалыптастыру”,“Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”, “Білім мазмұнын гуманитарландыру” тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, кәсіби білім берудің сапасын көтруге кең жол ашу талап етіледі.
Девиантты мінез-құлықтың қандай да түрлі формасы болсын, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Маскүнемдік, есірткіні пайдалану, агрессивтілік, жалпы алғанда заңға қарсы мінез-қүлықтың барлығы бір блокты бейнелейді. Сонымен қатар жеткіншектердің бір девиантты іске еліктеуі оның басқа да түрлеріне араласу деңгейін жоғарылатыды.
Заңға қарсы мінез - құлық өте қатал түрде болмасада қалыптың бұзылу деңгейімен, психалық денсаулықтың бұзылуымен байланысты болып келеді. Ал бұл кейде кейбір жағдайларда көрсетілгендей, әлеуметтік факторларға да сәйкес келіп орырады. Мектеп табалдырығындағы қиындықтар девиантты топтың немесе өмірлік травмалық жағдайлар да әсерін тигізбей қоймайды.
Жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлық проблемасы-педагогикалық психологиядағы ең күрделі шешімдердің бірі болып табылады. Бұл мәселенің шынайы қиындығы қазіргі қоғам дамуы кезінде кең етек алып отыр. Жасөспірімнің психикалық дамуындағы онтогенез кезеңінде олар түсіністікті қажет етеді, сонымен бірге үлкендер тарапынан дүрыс психологиялық қолдау күтеді. Жасөспірім мінез - құлқындағы ауытқушылықты түрлі деңгейде көрсетуі мүмкін. Бұл оның жеке ерекшеліктері (мінез акцентуациясы, темперамент қасиеті, психикалық ауруларымен ауыруы, эмоционалды ерік сферасының бұзылысы, т.с.с), отбасындағы жағымсыз процестерге (бала тәрбиелеудегі жүйесіздік, маскүнемдік, ата-аналардың айырылысуы, т.б), мектептегі қиындықтарға (оқушыға деген жағымсыз қарым-қатынас, мұғалімдермен конфликтіге келу, оқушылар ұжымымен келіспеушілік) байланысты дамып отырады. [Мінез-құлық ауытқушылығы санамен қатар көмекші жеткіншек топтары мен ересектердің жағымсыз әсерінен туындап отыруы мүмкін. Сонымен біз жасөспірімдер мен жеткіншектердегі мінез-құлық ауытқушылығына девиантты мінез-құлық деген атау бергенді жөн көрдік.
Девиантты мінез-құлықты қоғамда ортақ қабылдаған нормаларға қарсы әрекеттер жүйесі және ол психикикалық процестердің тұрақсыздығынан көрінеді деп қарастыруға болады. Бұл әсіресе өз мінез-құлқын эстетикалық бақылаудың ауытқушылығынан өз-өзін өзектілеу процесінен бұзылысынан көрінеді (В.Д.Менделеевич.).
Жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлық формалары әр түрлі болып келеді. Психолог девиантты мінез - құлқы бар жасөспірімнің отбасында қадағалап отыруы тиіс. Бұл тек нашақорлар мен маскүнемдердің отбасысы ғана емес, соңғы кезде балалар арасындағы мінез-құлық ауытқушылығы бар отбасыларда да кездесіп отыр.
Барлық нәрсеге қол жеткізу позициясы, заттық философия, баланы тәрбиелеу адами саналылықтың жоғалуы жасөспірімдердегі қажіттіліктердің фрустрациясына алып келеді. Олар ата-аналарынан артық мейрімділікті қажет етеді. Соның салдарынан мұндай жасөспірімердің қорғаныш реакциясы мінез-құлықтың адекватты емес формаларына әкеп соқтыруы мүмкін.
Егер девиантты мінез-құлықтың көрінуі өзіне назар аудартпаса және үлкендердің сәйкес әсер етуін күтпесе онда мұндай мінез-құлық жасөспірімнің мінез-құлық репертуарында бекуі әбден мүмкін. Сол себепті ертерек дивиантты мінез-құлықты диагностикалау аса маңызды болып табылады.
Барлық кезде де, барлық экономикалық формацияларда да мұғалімдердің жұмыстануы тек оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен қатар олардың адамгершілік бейнесі және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу болып табылады.
Қазіргі таңда тұлғаның ролі мен қалыптасуының алар орны ерекше, соның ішінде девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдердің өз өмірлік әрекеттері мен жеке уақыттарын ұйымдастырулары өте маңызды.
Мектептегі практикалық жұмыста мұндай оқушыларды «мінез-құлқында ауытқушылығы бар оқушылар», «педагогикалық төмендетілген», «әлеуметтік төмендетілген», «қиын тәрбиеленетін» оқушылар деп аталады.
Егер девиантты мінез-құлықтың көрінуі өзіне назар аудартпаса және үлкендердің сәйкес әсер етуін күтпесе онда мұндай мінез-құлық жасөспірімнің мінез-құлық репертуарында бекуі әбден мүмкін. Сол себепті ертерек девиантты мінез-құлықты диагностикалау аса маңызды болып табылады.
Девиантты мінез-құлық тақырыбы пәнаралық және пікір-таластық сипатты көрсетеді. Әлеуметтік норма түсінігімен терминнің кездесетіні мәселені күрделендіреді, себебі норманың шектері шартты түрде берілген, ал адам барлық көрсеткіштері бойынша қалыпты болуы мүмкін емес. Көптеген көзқарастар жасөспірімдердің девиантты мінез-құлығының диагностикасы және әлеуметтік-психологиялық көмекпен игеруі ретінде практикалық тапсырмаларды шешуде қалыптасады.
Жасөспірімдердің мазасыздығы мен агрессивтілігі, яғни девианттылығы бүгінгі күнге дейін зерттелу үстінде. Осы кезеңде жасөспірімтерде конфликтілік, тәртіпсіздік, өз-өзін ұстай алмаушылықтың тым жоғарылауы анықталады. Жасөспірімдер өзі деңгейлес құрдастарымен қарым-қатынас жасауда, қажетті тәжірибені меңгермеу салдарынан, оған артылған жауапкершіліктен қорқып мазасызданады.
Жеке тұлғаның мінез-құлқын қалыптастыру, дағдарыстардың алдын алу үшін келесі мәселелерді ескеруіміз қажет, яғни саналы көзқарасын, ізгілікті қарым-қатынас орнатуда, жүйелі іс-әрекет жасауға мүмкіндік беру. Мінез-құлық дағдарысын психологиялық көзқарас тұрғысынан қарастыратын болсақ кез-келген жеке адам басқа адамдармен олардың ой-пікірімен, бағдарымен, жағымды эмоцияны сезінген кезде жүріс-тұрыста ауытқушылықтар болмайтындығы сөзсіз.
Бағдарламаны жүргізу мақсаты: Девиантты мінез-құлықты оқушылардың танымдық процестерін, мінез - құлықтарын зерттеу және олардың эмоцияналдық қарым – қатынастарын қалыптастыру. Логикалық ойлауды және шығармашылық қиял қабілетін байқауды дамыту.
Бағдарламаны жүргізу міндеттері:
Баланың оқуға деген қабілетін, мотивациясын жоғарлату.
Баланың қабілеттерін, сезімдерін, қызығушылықтарын дамыту.
Мінез ерекшеліктерін зерттеу, түрлі әдістер арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Рухани байлығын, шығармашылық қиялын дамыту
Қабылдаудың ерекшеліктерін, қасиеттерін анықтау
Эмоциялық қарым – қатынасты қалыптастыру
Қолданатын әдістері:
Әңгіме
Сауалнама
Тренинг
Коррекциялық жұмыстар
Релаксациялық ойындар
Сабақтарға қатысу
Диагностика және мониторинг
Оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері:
Ата-анасымен байланыс жасау;
Тәртібі «қиын» оқушылар мен жағдайы «қиын» отбасыларды бақылауға алу;
Қамқоршы мұғалімдер бекіту;
«Қиын» оқушыларға жеке портфолио арнау;
Жеке картотека жүргізу (әңгімелерді тіркеу);
Психологиялық зерттеулер жасау;
Еңбекпен қамтылуына ықпал жасау;
Мектепішілік және мектептен тыс іс-шараларға тарту.
Маңыздылығы: Бұл жұмыстың нәтижесін девиантты мінез-құлықты түзетуде психокоррекция жасау.
Мектептің әлеуметтік-психологиялық жұмысы балаға нақты және жан-жақты көмектесу, ата-аналарына максималды жақындау, қиын ортадағы балалар мен ата-аналарына басты жиі назар аудару және өзара қарым-қатынас жасау болып табылады.
Тәрбиесі қиын оқушыны болдырмау мақсатында мектепте «Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі» ай сайын бекітілген жоспар бойынша жұмыс атқарады. Кеңестің төрайымы, мүшелері сайланып, бекітілген жұмыс жоспары мектептің қиындықтарымен ескеріліп жасалады. Кеңестің негізгі мақсаты: оқушының есепке алыну себептерін анықтау, қиындықты шешу жолдарын көрсету, бұзақылықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру. Кеңес айына бір рет немесе қажетіне қарай екі рет отырыс өткізеді. Кеңесте оқушының құжаттары қаралып, шешім қабылдағаннан кейін бала мектепішілік есепке алынады. Есепке алынған оқушыға көмек көрсету, алға тарту, қиындықты жеңу жолдарын көрсету мақсатында сынып жетекшісі осы оқушы үшін тәлімгер болып тағайындалады.
Әр сынып құжаты ішінде
Қоғамдық тәрбиеші туралы жалпы мәлімет.
Мінездеме
Пән мұғалімдермен байланыс, пікірлер.
Хаттамалар.
Түсінік хаттар
Табель көшірмесі
Бақылау, зерттеу күнделігі
«Қиын» бала тәрбиесі төңірегінде мектептің тәрбие ісінде басшылыққа алуына болатындай бірсыпыра оң ұсыныстар беруде.
Атап айтсақ, олар:
отбасы тұрмысындағы қарым –қатынастарды, сәтсіздіктерді, бала тәртібін қадағалаудағы ата-ананың іс-әрекеттерін зерделеу;
баланың сабақтан тысқары уақытын қадағалау;
баланың шартсыз топтарға қатысуын, ондағы көшбасшылық деңгейін зерттеу;
баланың девиантты тәртібінің себептерін анықтау;
«қиын» баланың пайда болу себебін әлеуметтік педагогикалық тұрғыдан анықтап алу;
Қоғамда қалыптасқан “ мінез - құлықтан ауытқыған балаларды “қиын” немесе “ тәрбиесі қиын ” бала деп санау қабылданған тәрбиесі “қиын” балалардың әрекеті девиация деп аталады. Девиантты мінез-құлықтың пайда болуына көбінесе тұрмыс жағдайының қиын әрі төмен болуынан.
Ең басты себеп отбасы тәрбиесінде жатыр: ата-ананың ішімдікке салынуы немесе екеуінің біреуі болмауы. Осының бәрі баланың мінез-құлқының ішкі жан дүниесінің өзгерісіне әкеліп соқтырары белгілі. Алдын алу мақсатында девиантты мінез-құлықты оқушылармен жүргізілетін әлеуметтік педагог пен психологтың мектепішілік жылдық жұмыс жоспары құрылды.
Девиантты мінез-құлық жеткіншектермен жүргізілетін әлеуметтік педагог пен психологтың жұмыс жоспары
№
Жүргізілетін жұмыстар
уақыты
жауапты
1.
«Қиын» балалардың психологиялық деңгейін анықтауға арналған Стоттың «Бақылау картасы» арқылы толтыру
қыркүйек-қазан
Психолог әлеуметтік педагог
2.
Тұлғаның тәрбиелік деңгейін анықтау немесе бақылау (сабаққа кіру)
жыл бойына
Психолог әлеуметтік педагог
3.
Оқушылардың оқу әрекетінің мотивациясын анықтау (тест)
қыркүйек
Психолог
Сынып жетекші
4.
«Ерік, шыдамдылық, табандылық» психологиялық сабақ
қыркүйек
Психолог әлеуметтік педагог
5.
Баланың темпераменттерін анықтау (сауалнама )
қазан
Психолог
Сынып жетекші
6.
Өзі- өзі бағалау, Қызығу және оның дамуын анықтау
қазан
Психолог
Сынып жетекші
7.
«Дау –жанжалды жеңіп шық» (әлеуметтік-психологиялық тренинг)
қазан
Психолог әлеуметтік педагог
8.
Сен өзіңе қалай қарайсың (тест)
қараша
Психолог
Сынып жет
9
Өмірдегі басты мақсатым (тренинг )
қараша
Психолог әлеуметтік педагог
10
«Сенімді дос» тренинг
желтоқсан
Психолог әлеуметтік педагог
11
Адамның ішкі жан дүниесіне үңілейік (тренинг)
желтоқсан
Психолог әлеуметтік педагог
12
«Қарым-қатынас жасай білу үлкен өнер» тренинг
үнемі
Психолог
13.
«Сын түзелмей, мін түзелмейді» ойын
қаңтар
Психолог әлеуметтік педагог
14
«Қиын бала қайдан шығады» ата-аналарға дәріс беру.
қаңтар
Психолог
Сынып жетекші
15
««Менің өмірдегі орным»тренинг
қаңтар
Психолог
Сынып жетекші
16
«Менің мықты тұстарым» түзету сабақ
ақпан
Психолог әлеуметтік педагог
17
«Қасыңда жүр жақсы адам» психологиялық сабақ
ақпан
Психолог әлеуметтік педагог
18
Суретті тест «Өмір ағашың»
наурыз
Психолог әлеуметтік педагог
19
«Менің өмірдегі орным»тренинг
сәуір
Психолог
Сынып жетекші
20
«Жазғы демалысты қалай өткізесің ? » жеке әңгіме
мамыр
Психолог әлеуметтік педагог
Психокоррекциялық сабақтар жоспары: Бағдарлама 4 құрылымнан , психикалық процестерді өздігінен реттеуге және девиантты мінез-құлықтың алдын алуға бағытталады. 1. құрылым: “Мен және ұжым” Мақсаты: топтың ұйымшылдығын және жекелік ерекшеліктерді анықтау, қобалжуды болдырмау.
2.құрылым: “Тиімді қарым-қатыныс” Мақсатты : Қарым-қатынас қабілетін дамыту, агрессияны болдырмау , қақтығыссыз қарым-қатынас дағдысын әдетке айналдыру.
3.құрылым: “Мен ең , ең” Мақсаты: өзін-өзі реттеу тиімді мінез-құлық бағдарламасын құру, ұйымдастырушылық қабілеттерді дамыту.
4. құрылым: “Мен бейнесі”
Мақсаты: өзін-өзі реттеу , тиімді мінез-құлық бағдарламасын құру көпбасшылық дағдыларын әдетке айналдыру.
Қиын оқушыларға диагностика және коррекция жүргізу үшін әдістемеліктер.
1.Әдістеме «Өз мәселеңді дұрыс шеше аласыз ба ?». 2. Әдістеме “Аяқталмаған сөйлем” 3. Әдістеме “ Сенде агрессия қанша ?” 4. Әдістеме «Депрессиялық деңгейін анықтауға арналған тес»
«Өз мәселеңді дұрыс шеше аласыз ба?» әдістеме қорытындысы бойынша
Сіз барлық қиындықтарға көне білесіз, өзіңізді өте аямайсыз. Сіздің көңіл -күйіңізге таңдауға болады
Сіз тағдырға ренжисіз, бірақ мәселелеріңізді өзіңіз шеше аласыз
Сіз әлі өзіңіздің мәселелеріңізді шешуді үйренген жоқсыз.
5 оқушы
8 оқушы
4 оқушы
« Сенде агрессия қанша ?» әдістеме қорытындысы бойынша
физикалық
сөздік
жанама
5
9
3
«Депрессиялық деңгейін анықтауға арналған тес » әдістеме қорытындысы бойынша
Диагностикалық күйі депрессиясыз
Жеңіл ситуативті немесе невротикалық депрессия
Субдепрессивті күй
Нағыз депрессиялық күй
8
6
3
-
“Сезімді тап” жаттығу. Мақсаты: Оқушылардың көңіл- күйін көтеру. Ойынның басында психолог адамда қандай эмоциялық сезімдер болатын балалармен талқылайды. Жағымды сезімдер :/ қуану, шаттану, таң қалу,ішкі еркіндік сабырлылық, тыныштық/. Жағымсыз сезімдер:/ қорқу,уайым, кінәләу, қайғыру, қобалжу, күйзеліс, кектену т.б./. Мұнан кейін балаларға азғана уақыт беріліп кез-келген сезім түрін мимикамен қимылмен көрсетулерін сұрайды. Басқа балалар бұл баланың қандай сезімді бейнелеп тұрғанын табулары қажет.
“Алманы жұлып ал” ойыны. Мақсаты: Берілген жаттығу жүйкені тыныштандырып , босаңсуға мүмкіндік береді. Жетекші қатысушылардан бір-бірінен алшақтау түруын сұранады да: “Қазір біз бақшадан алма жинаймыз, олар өте биікте өсіп түр, оң қолымызды барынша көтеріп бір-біріміздің артымызға тұрамыза, ішке терең тыныс алып алмаларды жұламыз. Енді тынысымызды жәйләп шығарып , алмаларды себетке саламыз. Сіздердің сол жақтарыңызда тағы да екі өте үлкен алма тұр. Бір-бірлеріңіздің арттарыңызға тұрып алманы жұлып алыңыздар. Керемет! Ары қарай терең тыныс алып екінші алманы сол қолымызбен жұламызда тынысты сыртқа шығарып алманы себетке саламыз. “Жылы сөз” ойыны. Мақсаты: балалардың белсенділігін арттырып, эмоциялық қысымды жою. Барысы: Барлық қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы өзінің көршісіне бұрылып қошемет сөз айтады (комплимент) ол оған рахмет айтып келесі адамға жақсы сөз айтады. Ойынды бәрі жылы сөз тыңдап болғаннан кейін тоқтауға болады.Баланың психологиялық көңіл- күйін ескеріп оны қалыпты жағдайда ұстау үшін түрлі жаттылар жасату өз нәтижесін көрсетеді.
“Өлең ойыны”. Мақсаты: балаларды тыныштандырып, қозу мен қарқындылықты тежеу. Балалар шеңбер жасап орындықтарға орналасады. Ортаға жүргізуші шығады. “Қазір бәріміз бірге өлең айтып көрейік (балалар өздеріне таныс бір өлеңді тыңдайды). Өлең кемінде екі шумақтан тұруы керек. Жүргізуші ойын ережесі айтады. Мен бірінші шапалақтағанда бәріміз өлеңді айтып бастайиыз, екінші шапалақтағанда ішімізден дыбыссыз айтамыз. Бұл жаттығулар баланың көңіл-күйін тыныштандырып ұжыммен қарым-қатынасын нығайта түседі. Тренинг тақырыбы: Жеткіншектердің жекелік өсуін дамыту. Мақсаты: Жеткіншек жастағылардың жекелік өсуіне жағдай жасау. Тренинг міндеттері: -Қатысушылардың сезімі мен эмоция туралы білімін кеңейту, өз сезімі мен эмоционалдық реакциясын білдіруге басқара білуге үйрету. -Қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру, тыңдай білуге, өз көзқарасын білдіре алуға, өзге адамдарды түсіндіруге, ымыршылдыққа келуге қалыптастыру. -Өмірлік мақсаты, оларға жетудің жолы мен тәсілдерін, келешек өмірі туралы ойлануға қабілеттендіруі. Өткізілу түрі. 1.Кіріспе бөлім (ширату). 2.Негізгі бөлім (жұмыс) 3.Қорытынды. Сабақ бағдарламасы. 1.сабақ- “Бастау алу” танысуға арналады және жетекші мен топ арасында байланыстың орнауы, кедергілерді жою, сенімділікті ахуалы мен топтың ұйымшылдығын құру. 2.сабақ- “Адамдар әлемінде” топтың ұйымшылдығына арналады. Қатысушылардың қарым-қатынас сауаттылығын көтеруге конструктивті қатынас дағдысына үйренуге, тыңдай білуге , өз көзқарасын шығарып , жеткізіп алуға өзге адамдарды түсініп ымырашылдыққа келу. 3,сабақ- “Эмоция теңізінде” қатысушылардың сезімімен эмоция білімін кеңейтуге арналады. өз эмоциясын білдіре алуға дағдыны үйрену және өзгелерден осыны көре білу. 4. сабақ- “Ішкі жан тереңдігіне” , өзін тануға жағдай жасау өзінің ішкі әлеміне үңілуге және оған бағдар жасауға арналады. 5. сабақ-“Өткен шақ, осы шақ, болашақ” келешек омірін түсінуге, өмірлік мақсаттарды, олардың жолы мен жету жолына қабілеттендіретін жағдай жасауға арналады. 6. сабақ- “Финал” қорытынды жасауға жеткен нәтижелерді бекітуге топтық жұмыстың аяқталуына байланыстан шығуға арналады. Сабақтың тақырыбы:«Өзіңе сенімді болу »
Мақсаты: сенімді іс-әрекеттің дағдысын қалыптастыру, әр түрлі қысымдарға қарсылық білдіре алуға бағыттау, агрессияға бейім және өзіне сенімсіз адамның мінез ерекшеліктерімен таныстыру.
Сабақтың барысы
Шаттық шеңбері «Менің есімім...»
«Мен өзімді жақсы көремін, себебі...»
Мақсаты. Жасөспірімдердің арасында жұмыс атмосферасын тудыру.
Жаттығуды шеңбер құрып өткіземіз.
Жүргізуші: Қайырлы күн. Біз сіздермен жаңа сабақ өтеміз. Қанеки, бойымызды жазып, мына жаттығуды орындайық. Әрқайсымыз екі сөйлемді қайталаймыз.
«Менің есімім және өзімді мынандай қасиеттерім үшін жақсы көрем...»
Мысалы: «Менің атым Жалғас. Мен өзімді шыдамды, ұстамдымын деп санаймын. Сол үшін өзімді жақсы көремін»
«Менің атым Сәуле. Мен өзімді сұлулығым үшін жақсы көремін».
Рольдік ойын. «Мен әр түрлі бола аламын».
Мақсаты: ойын арқылы жасөспірімнің әртүрлі ситуацияларда өзін көрсетуін анықтау, сенімді рольде болуы, сенімсіз рольде болуы, агрессивті рольде болуы.
Материалдар: сенімді, сенімсіз, агрессивті деген жазулары бар карточкалар.
ситуация: Сен сабаққа дайындалмадың, сені тақтаға шақырып жатыр.
ситуация: Бүгін сен достарыңмен дискотекаға барғың келеді, бірақ ата-анаң рұқсат етпейді.
-ситуация: Сенің інің компьютерде ойын ойнап отыр делік, сен өзіңнің компьютермен жұмыс жасағың келетіндігін қалай жеткізесің?
- ситуация: Саған достарың шарап ішуді ұсынды, бірақ сен оны қаламайсың. Сенің іс әрекетің ?
Балалар, қазір сіздермен ойын ойнаймыз. Әр ұсынған ситуациядағы рольдерді ойнауға тиістісіңдер. (Жүргізуші балаларға рольдер жазылған карточкаларды ұсынады. Сосын 1-ситуацияны оқиды. Үш оқушы оны 3 әдіспен ойнап шығады, осылайша әр оқушының ойынға қатысуға мүмкіншілігі бар)
Соңында талқылау жүргізіліп, қорытынды жасалады:
агрессивті адам өзін дөрекі ұстайды, бас салып айқайлауға жақын, қауіп-қатер туғызады, менмен, ұрысқа бейім, өзімшіл т.б
сенімсіз адам өзңн өте тыныш ұстайды, жалынышты, мүсәпір көзқараспен қарайды, дауысы баяу, ұяң.
Сенімді адам ішінара келісімділік көрсетеді, ұсынады, дәлелдейді, шыншыл.
Жаттығу «Досыңа көмектес».
Мақсаты: сенімді дағдыны қалыптастыру.
Жүргізуші. Енді, балалар, көздеріңізге елестетіңіздерші. Мысалы, сіз қаламыздағы « Рауан » радиосында жұмыс істейміз. Сізге жас жігіт телефон шалып, өзінің сенімсіздігін айтып, көмек сұрады дейік, сіз оған не тілер едіңіз?
Сіздер бір бет параққа бір сөз тіркесінен тұратын тілек жазасыздар.
Жүргізушіге ұсыныс: Егерде адам басқаларға көп жақсылық жасаса, көмек көрсетсе, соншалықты ол өзіне сенімді бола алады деген акцентті көп тіркеу керек.
Ойын: Биіктен секіру
Ойын шарты: Оқушы бір орында тұрып , сол тұрған жерінен биікке секіру керек. Секірген ұзындығын өлшеу керек. Мұнда оқушылардың өздеріне деген сенімділіктері артады.
Жүректен-жүрекке
Оқушылар шеңберге тұрып, өздеріне деген сенімділіктерін бәрі хормен айтады.
Мен өзіме сенімдімін
Менің қолымнан бәрі келеді
Менде бәрі жақсы болады.
Мен ешқашанда ештеңеден қорықпаймын, менің қолымнан бәрі де келеді.
Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
«Жаман болғым келмейді» Мақсаты: Бұл тақырып бойынша, өткізілетін сабақтар оқушыларға жағымды әдеттерді қалыптастырып жағымсыз әдеттерден арылтады. Не істеуіміз керек? Міндеттері:
Балаларды дұрыс шешім қабылдай білуге; Өзін басқалармен қарым-қатынас кезінде қалай ұстау керек. екендігін үйрету
қорқыныш сезімін жеңе білуге дағдыландыру. «Мен қандаймын және келешекте қандай болғым келеді» суреті. Балаға өзін екі суретте бейнелеп салуға тапсырма беріледі. Бірінші суретте өзінің қазіргі кезін, ал екінші суретке өзін келешекте қандай болғысы келетіндігін суреттеуі тиіс.
Тақырыбы: «Бала сезімінің қыры мен сыры» тренинг
Мақсаты:оқушылардың таным процестерін оның ішінде шығармашылық қабілеттерін адалдық ,достық қасиеттерін, тіл байлығын, сезімімен сенімін дамыту.
Көрнекіліктер:Ватман, бүктемелер, музыка, жұмсақ ойыншықтар, қима қағаздар.
Ұйымдастыру:оқушыларды ыңғайлап отырғызу, көңіл-күйлерін сұрап, жылы сөздер айтып, сезімдерін ояту.Ережелермен таныстыру.
1-жаттығу. «Менің қиялымдағы сыйлық»
Балалар шеңбер болып отырады. Балаларға сұрақ қойылады.
-Балалар,сендер саяхатқа барғанды ұнатасыңдар ма?
-Сыйлық алғанды ше?
-Ендеше бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап, көздеріңді жай ғана жұмып отырыңдар. Айтылған сөздерді сезіне біліңдер.Мінеки қозғалыс байқалды. Біз жай ғана көтеріліп өздеріңді жеңіл сезініп ұша бастадыңдар. Төменде мектеп, үйлер,адамдар кіп-кішкентай болып көрінді. Сендер толқындай қалықтап айналадағы бұлттармен қатарласып ұшып келесіңдер.
Өте бір керемет әлем бардай. Кенет, алдарңнан үлкен бір есік ашылды. Кең және жарық бөлме көрінді. Онда көптеген әшекей заттар және үлкен-үлкен қораптар жатыр .Сендер бір-бір қораптан алдыңдар. Ал енді көздеріңді ашыңдар.
Талдау:1Қандай сезімде болдыңдар?
2.Қораптағы сыйлықтың қандай зат болғанын қалайсың?
3.Сен өз достарыңмен сыйлықты бөлісесің бе?
2-жаттығу:Әріптер ойыны- «ТАП»
Әріптер жазылған қағаз ілінеді. Көзі байланған бала бір әріпті алады . Баланың көзін шешіп, екінші бала сұрақ қояды. Бірінші бала мүдірмей сол әріптен басталатын сөздермен жауап беруі керек.
Мысалы:Атың кім?
Қала аты?
Жеміс аты?т.с.с.
Талдау:1.Балалар ойын ұнады ма?
2. жауап беру қиынға соқты ма?
3.Қошемет сөздер
3-жаттығу: «Жұмсақ ойыншық сыры»
Ойынның шарты: Әр түрлі жұмсақ ойыншықтар қойылады. Балалар өздеріне ұнаған ойыншықты таңдап кезекпен алады. Шеңбер құрып отырып қолдарындағы ойыншық атауына байланысты бір оқушы ертегі бастайды. Психолог белгі бергенде екінші бала жалғастырып кетуі керек.Соңында балалардың өз ойларынан құралған керемет, қызықты ертегі пайда болады.
Талдау:1.Ал, балалар сендерге ойыншықтар ұнады ма?
2. Ертегі ойлап шығару қиын болды ма?
3.Жан- жануарлардың Бір-бірімен тату болғанын қалайсыңдар ма?
Тақырыбы: «Мен өмірімнің жарқын болғанын қалаймын.»
Мақсаты: Өмір құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту. Өмір сырын түсіну , өмір сүру жолдары туралы өзіндік орнын, өмірлік бағдарын дамыту. Ойлау, пайымдау, шешім қабылдау; Әдептілікке тәрбиелеу.
Әдісі: пікір алмасу, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, интерак. тақта
Жоспары:
Бейнефильм.
Өмір туралы өз ойларымен , шығармашылықтарымен бөлісу.
Өмір туралы өлең.
Құдық туралы әпсана. Ереже мен таныстыру
Тренинг жаттығу
Тренинг барысы:
Сергіту-жаттығуы. «Мейірімді жануар»
Жүргізуші: Балалар, біз сендермен топ ұйымдастырып отырмыз. Өзімізді бір бүтін топ ретінде сезіну үшін «Мейірімді жануар» жаттығуын ұсынамын. Шеңбер жасап бір-біріне иық тіресіп, қолдарыңнан ұстаңдар. Жануарлар дем алады. Бір қадам алға аттап, дем аламыз, бір қадам артқа аттап, дем шығарамыз. Жануарлардың жүрегі соғады. Екі қадам алға, екі қадам артқа адымда. Рахмет.
1. Оқушыларға бейнефильм көрсетіледі. Мақсаты: өмірде кездесетін түрлі қиыншылықтарға мойымай тек алға ұмтылу керектігін түсіндіру. Әр қиыншылықтың артында бір жақсылық болатынын ұғындыру.
2. Өмірдің мәні неде? 7-сынып оқушыларының ой-пікірлерін тыңдау.
Талқылау.
3. Өмір туралы өлең. «Шыда» М.Мақатаев.
Шыда, шыда, Шыдай түс, шыда тағы! Шыдамдыны мына өмір ұнатады. Өміттің құлан иек құла таңы Әйтеуір бір атады, бір атады. Өкінбе, өкпелеме Бүгініңе өмір, өмір! Болмайды түңілуге. Мәңгі сені жазбаған сүрінуге, Қайта тұрып қақың бар жүгіруге.
4. Құдық туралы әпсана.
Бір күні есек құдыққа құлап кетті де, бар даусымен ақырып, көмекке шақыра бастады. Оның айқайына қожайыны жүгіріп жетті де, қолын бір сілтеді. Өйткені есекті құдықтан шығару мүмкін емес еді.
Қожайын: «Менің есегім қартайды, өлуі де жақын. Мен бәрібір жас есек сатып алайын деп жүр едім. Ал мына құдық болса, өте терең, мен жаңа құдық қазуды баяғыдан ойлап жүр едім. Маған неге екі қоянды бір оқпен атып алмасқа –ескі құдықты топырақпен толтырып, есекті де көміп тастайын », -деп ойлады. Көп ойланбастан көршілерін шақырады.
Бәрі қолдарына күрек алып, құдыққа топырақ лақтыра бастайды.
Есек не болғанын бірден түсініп, бар даусымен ақырады, бірақ оған ешкім көңіл аудармай, құдыққа топырақ лақтыруды жалғастыра береді.
Біраздан кейін есек үнсіз қалды. Қожайын құдықты қараған кезде өз көзіне өзі сенбеді, есек арқасына топырақ түскен сайын сілкініп, аяқтарымен таптай берген екен. Ең соңында басқаларды таң қалдырып, есек құдықтан секіріп шықты. Былай боларын ешкім күтпеген еді.
Талдау:
Мүмкін сіз де өміріңізде талай қиындықтарды бастан өткерген шығарсыз. Болашақта өмір сізге жаңа қиыншылықтарды жіберуі мүмкін. Әр уақытта сізге кезекті ауыртпалық түссе, сіз оны сілкіп тастап, соның арқасында одан да биікке көтерілуіңіз мүмкін емес пе?
Әрбір шешімін таппай тұрған мәселе – бұл сізге өмірдің лақтырған қатты тасы десек, сіз осы тастардың үстінен аттап өтіп, күтіп тұрған қатты дауылдан құтыла аласыз.
Қарапайым ережелерді есте ұстаңыз:
Өз жүрегіңізді жек көрушіліктен босатыңыз – өзіңізді ренжіткен адамдарды кешіріңіз.
Өз жүрегіңізді толқулардан босатыңыз- олардың көбі пайдасыз
Қарапайым өмір сүріңіз, барға қанағат етіңіз.
Істеген жақсылығыңызға мақтау күтпеңіз.
Сіз басқаларға қалай қарасаңыз , өзгелер де сізге солай қарайтынын ұмытпаңыз.
Жаттығу2.
Мақсаты: Топта мейірімді ахуалға қол жеткізу.
Уақыты: Әрбір қатысушыға 5-7 минут. Жұпта жұмыс.
Нұсқау : Топтың ішінен бір адамды таңдаңыз. Сіз ол адамға комплимент айтқыңыз келуі керек. Оның бойынан сізге не ұнайтынын айтыңыз. «Маған сенің бойыңнан ұнайтыны....... », «Сенде маған қарағанда ...... », «Мен саған ........ үшін ризамын» деген сөздерден бастаңыз.
Талқылау сұрақтары:
Сіз не сездіңіз: жақсыны айтқан кезде және жақсыны естіген кезде?
6. Рефлексия (ой қорытындылау)
«Аяқталмаған сөйлемдер»
Бүгінгі сабақта менің түсінгенім...
Мен үшін белгісіз және жаңалық болғаны…
Бүгінгі сабақта маған ұнағаны және ұнамағаны...
Оқушылар сөйлемдерді аяқтай отырып, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
Балалар, сабаққа белсенділікпен, қызығушылықпен қатысқандарыңыз үшін алғыс айта отырып, сабағымызды мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Бақытты жансың сөнбесе күнің көгіңде,
Бақытты жансың тіршілік еткен кезіңде,
Бақытты жансың өмірді сүйе білгенде,
Бақытты жансың бағалай білсең өмірде!
Өзімді не үшін білуім керек?» (тренинг)
Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тану себептерін туындату. Өзін-өзі тануға және рефлексияға жетуге дағдыландыру. Құрал-жабдықтар: дәптер, қалам, қарындаш, түрлі-түсті кесіндісі бар қораптар, 6 түрлі-түсті жолақпен желімделген болуы керек.
Сабақтың мазмұны:
1. Сабаққа бағыттау.
«Түстер көңіл-күйі» жаттығуы.
- Әрбір қатысушы өзінің дәл қазіргі көңіл-күйінің түсін таңдайды және картонды төртбұрышты сол түске келетін ұяға тастайды. Психолог қорапты ашып хабарлайды: (түстердің түрін және оның дәл санын айтпайды), бүгінгі сабаққа балалардың қандай көңіл-күймен келгендерін айтады. Сосын осы айтылған қорытындының олардың көңіл-күйімен сәйкес келген-келмегенін сұрап, анықтайды.
«Мен сенімен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын» жаттығуы.
Психолог: Қазір мынандай тапсырманы орындайсындар, жанында тұрған адамға мына сөзді айтып қолды созасың « Мен сенімен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын», « Ал сіз ше?» деп қолын созған адам әрі қарай осы сөзді айтып, келесі адамға қолын созады. Осылай тізілу арқылы бір-бірін қолын ұстап шеңбер құрады.
2. Үйге берген тапсырманы талқылау.
Психолог: « Сенімен қарым-қатынас жасау ұнамды» әдістемесі бойынша неше пайыз алғандарыңды білгілерін келеме?
Психолог максимальды пайызды атайды.
Психолог: Сендер қалай ойласындар сыныптастардың ойын өзгертуге бола ма? Оны қалай жасау керек?
Байқағандарындай, әр түрлі адаммен сендер әр түрлі қарым-қатынас жасайсындар.
Ал кім өзін жақсы біледі?
Өзіңдегінің бәрі өзіңе ұнай ма?
Біздің басқалардан айырмашылығымыз қандай?
Өзіңді білу қажет пе?
3. Тақырыппен жұмыс.
Өздік талдау жасау: « Мен кіммін? мен қандаймын?»
Психолог: жазбаша үш сөйлемді жазып, ойларыңды жалғастырыңдар:
Мен ойлаймын, себебі мен ...
Басқалар ойлайды, себебі...
Менің болғым келеді, себебі ...
Ескерту: Әрбір сөйлемге оқушыларға плакаттағы сұрақтарға жауап беруге көмек ретінде берілген сөздер тізімінен алуға болады.
Психолог: Қазір әрқайсың өздеріңнің сыныптастарыңның ой-пікірі сенің өзіңнің ой-пікіріңмен сәйкес келетіндігін тексеруге болады.
Әркім (кезекпен) ортадағы тұрған орындықтан орын алады және сұраққа жауап береді: «Ол қандай?» Ол үшін олар сөздер тізімінен бірнеше сөзді таңдап алады (жоғарыда көрсетілген). Ортада отырған адам оның ой-пікірімен сәйкес келген сөздерді (белгілейді) атайды. ( Мен ойлаймын, себебі мен) Сәйкес келген сөздер саны саналады.
Сабақты талдау.
Психолог: Кәнеки, өздеріңнің сабақтарыңды бағалайық. Өздеріңнің бағаларыңды қойыңдар. «Үш» деген санды атағанда қажетті деп санаған саусақтың санын көрсетіңдер. Не ұнайды?
Қандай қиындықты өткердіңдер?
Кімді бағалау қиын өзіңді ме, әлде басқаны ма?
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Девиантты құлықтағы балалармен жұмыс жүргізу. Ә.Ғ.Махмутова Қостанай
қ- 2010ж 2. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании.