kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бірлігіміз жарасқан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

            «Райымбек  ауданының  білім  бөлімі»  мемлекеттік  мекемесінің  «Қарлығаш» бөбекжай балабақшасы  мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорнының  психологы  Байканова  Индира  Кенесбаевна                                              

Тақырыбы: «Бірлігіміз  жарасқан!»

Мақсаты: Балабақшамен  ата-аналар  ынтымақтастығын  күшейту, балаға  саналы  тәрбие мен білім беру, балабақша  қызметкерлері мен ата-ана бірігіп балаларға үлкенді құрметтеп, кішіге  ізет  көрсете  білетін қайырымды, мейірімді, рухани-адамгершілігі  мол азамат етіп  тәрбиелеудің  жолдарын  көрсету.Ата-ана мен балабақша  арасындағы қарым-қатынасты  нығайта  түсу.


Көрнекілігі: Музыка жазылған үнтаспа, қағаз - қаламдар, ағаш, алмалар,  себет

Күтілетін  нәтиже:  бала мен ата-ананың арасында жылылық орнату.

Тренинг  жоспары:

1.Шаттық  шеңбері

2.Амандасу жаттығу

3. Баяндама: «Бала  тәрбиесі-баршаның  ісі»  

4. Тренинг «Ағаш»

5. Ән  айту  жаттығуы.  «Ата-ананы  тыңдаймыз».  Әні, сөзі: Б.Бейсенова

7. «Ашық  айтсам» анкетасы

8. Қорытынды.

  -Сәлеметсіздер ме,  құрметті  ата-аналар!  Бүгінгі біздің  тренингіміздің  тақырыбы: «Бірлігіміз  жарасқан!» Тренингімізді  бастамас  бұрын  барлығыңызды  шаттық  шеңберіне  шақырамын:

1.Шаттық шеңбері:
Ата – аналарды бір-бірінің  қолынан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу.

-Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.
 

2. Амандасу  тренингі.

    Қарым-қатынас амандасудан  басталады. Ойыншылар  дөңгеленіп  тұрады. Барлығы  тақтаға  қарайды. Егер  тақтада  күлкі  бейнеленсе, онда  бір-бірімізге  күлімдей  қараймыз. Қол бейнеленсе қолымызды  қысамыз. Күн  бейнеленсе жақсы  ықыласпен  амандасамыз. Жүрек  бейнеленсе  құшақтасамыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бірлігіміз жарасқан"»


«Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарлығаш» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының психологы Байканова Индира Кенесбаевна


Тақырыбы: «Бірлігіміз жарасқан!»

Мақсаты: Балабақшамен ата-аналар ынтымақтастығын күшейту, балаға саналы тәрбие мен білім беру, балабақша қызметкерлері мен ата-ана бірігіп балаларға үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсете білетін қайырымды, мейірімді, рухани-адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеудің жолдарын көрсету.Ата-ана мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсу.


Көрнекілігі: Музыка жазылған үнтаспа, қағаз - қаламдар, ағаш, алмалар, себет

Күтілетін нәтиже: бала мен ата-ананың арасында жылылық орнату.

Тренинг жоспары:

1.Шаттық шеңбері

2.Амандасу жаттығу

3. Баяндама: «Бала тәрбиесі-баршаның ісі»

4. Тренинг «Ағаш»

5. Ән айту жаттығуы. «Ата-ананы тыңдаймыз». Әні, сөзі: Б.Бейсенова

7. «Ашық айтсам» анкетасы

8. Қорытынды.

-Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің тренингіміздің тақырыбы: «Бірлігіміз жарасқан!» Тренингімізді бастамас бұрын барлығыңызды шаттық шеңберіне шақырамын:

1.Шаттық шеңбері:
Ата – аналарды бір-бірінің қолынан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу.

-Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.


2. Амандасу тренингі.

Қарым-қатынас амандасудан басталады. Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Қол бейнеленсе қолымызды қысамыз. Күн бейнеленсе жақсы ықыласпен амандасамыз. Жүрек бейнеленсе құшақтасамыз.

3. Баяндама: Бала тәрбиесі - баршаның ісі. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Сіздермен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық, қадір-қасиеттердің мән маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» - деп айтқандай бала біздің болашағымыз, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептейміз. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ, яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды, назар салатын басты мәселелердің бірі.
Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.
Сәби өседі, уақыт өткен сайын оның айналасындағы кеңістігі де күннен күнге өзгеріп, ұлғая береді. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан – тәрбиелік орта. Бүгінгі таңда жас сәбидің өмірін толыққанды ұйымдастыру үшін балабақшаның да орны ерекше. Тіптен «бақытты балалық шақ» деген ұғым отбасы мен балабақшаның бірігіп ұйымдастырған тірлігінде ғана туындайтын сияқты.
Мектепке дейінгі ұйымдардың отбасы арасындағы өзара ықпалдастықтың негізгі бағыттарына көңіл бөлсек:
- педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру, ата - аналарды оқыту бағдарламасын меңгертуіне:
- іс - әрекеттің түрлі формалары (сабаққа қатысу, әртүрлі клубтар) және қосымша қызмет көрсетуіне;
- балалардың шығармашылық әрекетін дамытуына;
- жоспарлау мен бақылауды ұйымдастыруына;
- қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасуына;
- әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмектесуіне.
Міне осындай негізгі бағыттарды бала тәрбиелеудегі іске асырушылар мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы. Осы екі арада жүргізілетін тәлім - тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көзделген мақсат нәтижелері болары сөзсіз.
Бала тәрбиесіне тек балабақша, мектеп, оны қоршаған орта ғана емес, сонымен қатар отбасы, яғни, әкесі, атасы, әжесі, ағасы, әпкесі де әсерін тигізеді.

Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан- жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Өйткені, жас ұрпақтың жан- жақты қалыптасу негізі мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Осы кезең балаларды еңбекке баулуға қолайлы кезең. Балаға тән бір нәрсе естігендері мен көргендерін есте сақтағыш, тез қабылдағыш, сенгіш, еліктегіш, білуге құмартқыш келеді. Бала 1,5-2 жасынан бастап жуынып-тарануға еліктеп, ұмтылады. 2-3 жастан бастап алдына мақсат қоя бастайды. «Мен өзім» деп еңбек әрекеттерінде ересекке тәуелсіз болуға, қолынан келсе де, келмесе де орындауға тырысады. Бірте- бірте бала еңбек әрекетінен тәжірибе жинай отырып, 4-5 жасында өз әрекетін жоспарлап, нәтижесін көруге тырысады. Егер ата- анасы баласын өзі киіндірсе, шешіндірсе, ойыншықтарын жинай салса, тәрбиенің тиімділігі төмен болады.

Жақсы перзент ата- ана қолындағы аманат. Баланы тәтті тағам, жақсы киімге үйір қылмаған жөн. О бастан баланың жан дүниесін рухани пәктікке тәрбиелеген абзал. Егер бала қателессе, бір екі рет көрмегенсіп, білмегенсіп, қоя салған дұрыс. Оған жауап беретін дәлелі болмауы да мүмкін. Оқтын- оқтын жаман іске үйір болып әдеттенсе, кемшілігін айтып ұялтып, түсіндіру қажет. Әкесі өзінің баласына сабыр, шыдамдылық пен айбаттылығын өнеге еткен абзал.

Отбасында ата-ананың ықыласына бөленіп, тәрбие көрген бала балабақшада да, мектепте де өз ісіне жауап бере алады. Үйде өз ойын еркін айта алатын бала қай жерде де жасқаншақ болмайды. Адамдармен тез тіл табыса алады. Бала мен үлкендер арасындағы байланыс қазіргі заманда бұрынғы заманмен салыстырғанда едәуір дамыған.

Ата- ана - отбасының рухани тірегі. Балабақшаға балалардың мінез-құлқы, көбінесе, отбасынан қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу тәрбие ісі олардың ата- анасы берген қабілеттерін шыңдайды.

Тәрбие: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, құлық тәрбиесі болып тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны дей келіп, «балам адал болсын» дейтін ата- ана осы тәрбиелерден бастау алса деймін.

Ата- ананың жұмсақтығынан бала жұмсақ, бос болып өседі, ал қатал болса, олардың жоқтығын пайдаланып, өз еркімен ойына келгенін істейді.

Ұлт тәрбиесі ұлт- болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін барлық балабақша, мектеп, ата- ана болып ынтымақтасып атсалысуымыз қажет. Тәрбие арқылы ересектердің бойындағы жақсы- жаман қасиеттерді ажырата біліп, еңбекке, өнер білімге бой ұрады. Сондықтан да отбасында болып жатқан ірілі-уақты оқиғалар: ата- ананың бір- бірімен қатынасы, баламен сөйлесуі, үй шаруасының атқарылуы, ересектердің еңбекке көзқарасы, уақытты өткізуі, туыстар мен жолдастарына ықыласы, қонақ қабылдауы, бәрі балаға тікелей әсер етеді, мінез- құлқы да соған қарай қалыптасады.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», -деген халық даналығы осыған байланысты туса керек. Шын мәніндегі өнеге, бедел ата- ананың да, мұғалімнің де бала тәрбиесіне үлкен көмек беретін, дұрыс бағыт сілтеп, басшылық ететін басты құралы. Кейбір ата -ана беделге барынша қаталдықпен жетуге тырысады, айқайлап, ұрысу сияқты өрескел мінез көрсетеді. Шектен асқан қатаңдық баланы қорқақ, жасық етіп, тіпті оны ауруға да душар етеді.

Көрнекті педагог А.С.Макаренко, балаға қатаң талап қою да қажет, бірақ оларды құрметтей де білу керек екенін арнайы сөз еткен болатын, біз бұны көбіне естен шығарып аламыз. Балаға бір нәрсе туралы бірнеше қайталап айта берсең, ол сөздің қасиетін жояды. Сондықтан баланы ең жас кезінен ата- анасын бір айтқанда -ақ тыңдап, талабын орындауға үйреткен орынды.

Тәрбиеші әр баланы жеке - жеке ата - ана арқылы білуі қажет. Ата - ананың күнделікті өміріндегі еңбегі, мінез - құлқы, балаға қарым - қатынасы баланы тәрбиелеп отырған тәрбиешіге де аян болуы қажет. Баланы сонда барып тәрбиелей аламыз.
1. Баланы сәби ол әлі ештеңе білмейді, ұқпайды деп жәй көзбен қарамау керек, өйткені ол да жетіліп келе жатқан тұлға.
2. Баланы әр уақытта шындыққа үйрету. Еш уақытта алдамай ащы болса да шындықты ашып айтып, сол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай туғызу.
3. Баланың әрбір сән уақытымен істеуге күнде қадағалау.
4. Баланың әрбір сән қадағалап, оған деген көзқарасыңызды қалай болса да нәтижеге жеткізуіңіз керек.
5. Баланы өз бетімен жұмыс жасауға және өзге баланың жұмысын бағалауға үйрету керек.
Мектепке дейінгі тәрбие беретін мекеме халықтық білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы. Бұл ортада бала бұйығылықтан арылып, көпшіл, ұйымшыл болып өседі. Тәрбиеші өз қарауындағы әр баланың әрқайсысына мейірім нұрын сыйлай, ана орнына ана болуы қажет. Отбасындағы тәрбие педагогикалық тәрбиемен ұштасуы қажет. Отбасының мектепке дейінгі мекемелерімен байланыстылығы өте маңызды. Мұндай байланыссыз жас ұрпақты жақсы тәрбиелеу мүмкін емес.
Бала тәрбиесі жөніндегі сұрақтың ата - анамен яғни отбасымен байланысты болуы педагогикалық ұжымның ең негізгі міндеті.
Мектепке дейінгі ұйымы мен отбасы ынтымақтастығын нығайту үшін тәрбиеші мен ата - ана арасында үлкен байланыс болуы қажет. Әр баланың тани білу тәрбиешінің ерекшелігіне де байланысты. Баланың бәрін бірдей көріп, бірдей тәлім - тәрбие беру тәрбиешінің басты міндеті.

Қорытындылай келе, ғұлама ғалым Әл Фарабидің: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы» деген ақиқат сөзімен дәлелдегім келеді. 

4. Тренинг: «Ағаш»

Енді ата - аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты. Табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.
Ал енді ата - аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).
Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар. Енді ата - аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»- тамырды, «діңгек тобы»- діңгекті,»жапырақ тобы»- жапырақты саламыз.
(Музыкалық сүйемел, қалам - қағаздар)
Ұстаздарыңызға деген талап - тілектеріңізді «тамыр тобы»- тамырға, «діңгек тобы» - діңгекке, «жапырақ тобы» - жапыраққа жазыңыздар.
Осы ағаштың тамыры – ата - ана, діңгегі - тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді.
Енді мына себеттен алмаларды алып, өз балаларыңызға тілек жазып, ағаштың жемісін іліп, балаларыңыздың қызығын көрейік.
(музыкалық сүйемелдеу, тілек жазу)

5. «Гүл теру». Пікірлесу

(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) Барлық ата-аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір-бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді.

    1. Тәрбиеші балаңызға жете көңіл бөле ме?

    2. Тәрбиешілерінің толық аты-жөнін білесіз бе?

    3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

    4. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

    5. Балалар арасындағы психологиялық ахуал қандай?

    6. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

    7. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

    8. Балаңыз балабақшаға қашаннан келеді?

    9. Балаңыздың балабақшадағы досы кім?

    10. Балабақша сізге несімен ұнайды?

    11. Балаңызға көңіл бөлесіз бе? Әңгіме айтқанды, ертегі тыңдағанды жақсы көреді ме?

12. Балаңыз тәрбиеленіп жатқан топтың аты.

13. Балабақша жұмысына қанағаттанасыз ба?

14. Балаңыздың бойындағы қандай қабілетін, мінезін ерекше бағалайсыз?

15.Балабақшаға келгелі бері балаңыздың бойынан өзгешелік байқадыңыз ба? Байқаған болсаңыз, қандай өзгерістерді айтар едіңіз?

16.Балаңызға қандай жылы сөздер айтасыз?

17. Бала үшін тәрбиеші мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?

18. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?



6.Ән айту жаттығуы.

Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоция туғызу.
-Құрметті ата-аналар, ендеше, бір сәт балалық шағымызды еске алып, балаларымызбен және тәрбиеші апайларымызбен бірге ән айтайық.

Ән «Ата-ананы тыңдаймыз». Әні, сөзі: Б.Бейсенова

Әрқашанда тыңдаймыз,

Әке менен ананы.

Еңбек етіп шыңдаймыз,

Білім менен сананы

Қайырмасы:

Біз тәртіпті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Аман болсын әке мен анамыз!

Мейірім мен шапағат,

Анашымнан тарайды.

Әділдік пен парасат,

Әкешімнен арайлы.

Қайырмасы:

Ата-ананың айтқанын,

Жадымызда сақтаймыз.

Жарқыратып әр таңын,

Сенімдерін ақтаймыз.

Қайырмасы


7. « Ашық айтсам» анкетасы.

Ата-ананың аты-жөні _____________________________

Менің тренинг барысында түйгенім________________________________

Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады _____________________________

Маған ең пайдалы, құнды болған ________________________________

Жүргізушіге ұсыныс___________________________________________

Тренингжүргізуші сізге ұнады ма? ________________________________

Тренингті қорытындылау_______________________________________

Қолы ____________________________



8. Қоштасу:  «Гүл сыйлау»жаттығуы

«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балабақша арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Ендеше «Гүл сыйлау» жаттығуын бір - бірімізге және де тәрбиешілерге, балабақша ұжымына тілек айта отырып жүргізейік.

Ата-аналарға гүлдер таратылады.Жүргізуші өзі бастап гүлді көршісіне «Сізге зор денсаулық тілеймін»деп тілек айтып сыйлайды. Гүлді алған көрші келесі қасындағы адамға қолындағы гүлді тілек айтып сыйлайды.Ойын әрбір қатысушы аяқталғанға дейін жалғасып және де ойын бастаушыға дейін сыйланады.

Құрметті ата-аналар, қоштасуға гүл сыйлауды алған себебім, гүл сияқты әдемі және де нәзік сезімде болайық. Ең алдымен адам өзгеге қандай жақсы тілек тілесе, сол тілек өзіне қайта оралып келеді екен.Сондықтан әрқашан балабақша мен отбасының ынтымағы мықты болып,бір-бірімізге жақсы тілектер айта жүрейік. Ендеше, тілектеріңіз қабыл болсын!

Бүгінгі біздің тренингіміз сіздерге ұнады ма? Осы тренингтен қандай әсер алдыңыздар? Өз көңіл-күйлеріңізді «Көңіл- күйдің бет-бейнесі» суреттері арқылы көрсетіңіздер.
Ата - аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға және де балабақшамызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар








































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Бірлігіміз жарасқан"

Автор: Байқанова Индира Кеңесбаевна

Дата: 21.02.2017

Номер свидетельства: 394435

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""Бірлігіміз жарас?ан" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(38) "birlighimiz-zharask-an-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "219593"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1434285553"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "«Бірлігіміз жарасқан»"
    ["seo_title"] => string(24) "birlighimiz_zharask_an_2"
    ["file_id"] => string(6) "469687"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1526378855"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(152) "Презентация по утренника на тему: "Бірлігіміз жарас?ан" (в подготовительной группе) "
    ["seo_title"] => string(91) "priezientatsiia-po-utriennika-na-tiemu-birlighimiz-zharask-an-v-podghotovitiel-noi-ghruppie"
    ["file_id"] => string(6) "146149"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1419095184"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Ашық сабақ Бірлігіміз жарасқан"
    ["seo_title"] => string(34) "ashyk_sabak_birlighimiz_zharask_an"
    ["file_id"] => string(6) "460442"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519987071"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Бірлігіміз жарас?ан отбасымыз "
    ["seo_title"] => string(32) "birlighimiz-zharask-an-otbasymyz"
    ["file_id"] => string(6) "225306"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1439552316"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства