ата-аналардың әрбір жеке тұлғаның дамуындағы бірегей ерекшеліктері мен заңдылықтарын түсіне білу;
ата-аналардың жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттері мен мүмкіншіліктеріне сәйкес балалардан талап етуді қалыптастыру және дұрыс түсіндіре білу;
баланың тұлғасын дамытудың нақты педагогикалық жағдаятында ата-аналардың бара бар шешім қабылдай алуы;
ата-аналардың сәйкес жағдайларды, әдістер мен тәсілдерді дұрыс таңдай білуі мен оларды сауатты пайдалана алуы.
Көрнекіліктер: тақырып, қағаздар, фломастер, интерактивті доска, үнтаспа(жағымды, баяу әуенді диск).
Жоспар
I. Қуыршақ терапия
II. Ата-аналар мен балалар арасындағы қақтығыстар
1) балалар-ата-аналар қақтығыстарының пайда болу себептері
2) «Ақша сұраудың себебі»
3) «Жарық құмыра»
4) «Менің қолымда көбелек»
5) «Балалар өмір сүруді өмірден үйренеді»
V. Реллаксация
VI. Келіспеушілік жағдайлардан сабақ алуға көмектесетін ұсынымамалар
VII. Анкета «Ашығын айтқанд
Жұмыс барысы
Құрметті ата-аналар! Бүгінгі семинарымызға хош келіпсіздер! Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз. Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да – балалар, яғни бүгінгі ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы. Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген. Осыған байланысты «Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті» атты тақырыбымызды бастайық.
1. Қуыршақ терапия
Нұсқау: Барлығына ақ парақ қағаз таратылады. Сол ақ парақ қағаздан қуыршақ жасатылады. Жасап болған сон, әрқайсысы аты-жөнін және бойындағы жақсы қасиетін айтады.
Интерпретация: Қуыршақтын басы үлкен болса – ақылдылықты білдіреді. Қолы жоғары көтеріліп тұрса – өзіндік бағалау жоғары. Қолды екі жаққа – ашықтықты білдіреді.
2. Ата-аналар мен балалар арасындағы қақтығыстар
Ата-аналар еңбегінде, кез-келген ңбектегідей, қателік пен күмән, жығылыстар мен сәтсіздіктер уақытша болып тұруы мүмкін. Әрине, жеңістер де болады! Бірақ бұл «Еңбек майданында» нені жеңіс, нені жеңіліс деп айтуға болады?
Ата-аналар өздерінің педагогикалық ұмтылыстарының дұрыс екендігіне күмәндануы баламен қарым-қатынасында көбінесе байқалады.
Қақтығыс деген не? ҚАҚТЫҒЫС/жанжалдасу – бұл көзқарастардың сәйкессіздігінің , мүдделерінің ортақ еместігіндерінің, дауласуды ашатын жағдай.
Жағдаяттар
3. «Ақша сұраудың себебі»
Нұсқау: үнтаспадан жағымды, баяу әуенді қосып, төмендегі «ақша сұраудың себебі» атты әңгіме оқылады
Арман жұмыстан үйге шаршап келгенде, есік алдынан 9 жасар баласы Ерден: "Әке, сағатына қанша ақша табасыз?" - деп сұрайды. "Онда шаруаң болмасын!" – дейді әкесі. Ұлы: "Айтыңызшы, білгім келеді" - деп қайта сұрағанда, Арман ызаланып "Екі мың теңге! Ал не істейін деп едің!?" - дейді. Сонда Ерден "Маған бір мың теңге қарыз ақша бере тұрасыз ба?" - деп сұрайды. "Менің мазамды алма, бөлмеңе бар". Бір сағат өтіп, ашуы басылғанда, Арман баланың ақшаны не үшін сұрағанын да білмейтінін ойлап, "Мүмкін шынында қажет болып тұрған шығар?" - деп ұлының бөлмесіне кіреді. Төсекте жатқан Ерденге жақындап: "Сұраған мың теңгеңді ала ғой. Саған ұрсып тастағаным үшін ренжіме", - дейді. Ерден төсегінен ұшып тұрып, "Әке, рахмет!" деп, әкесінің қолынан мың теңгені алып, жастықтың астынан мыжылған ақшаларды шығарады. Әкесіне жәутеңдеп қарап қойып, ақшаларды санай бастайды. Мұны көрген әкесі: "Ақшаң бола тұрып неге менен сұрадың?" - деп ұрысады.
Ата-аналарға сұрақ:
Қалай ойлайсыздар Ерден баласы ақшаны әкесінен не үшін сұрады?
Сіздер өз балларыңызды түсінесіздер ме?
Жауап: Сонда баласы: "Иә, айдың басынан жинаған ақшам болды, бірақ олар жеткіліксіз еді" дейді де, ақшаларды әкесіне созады: "Міне екі мың теңге... Менімен әңгімелесуге бір сағат уақытыңызды сатып алсам деп ем..."
Талдау: Қандай әсер алдыңыз? Бұл жағдаяттан не түсіндіңіз өзінізге?
Бала үшін жылу, мейірім, махаббат - ауадай қажет, ол аштыққа шыдайды, бірақ мейірімсіз, жылусыз, махаббатсыз өзін жетім сезінеді. Махаббат пен мейірімсіз өскен бала солып, бұзыла бастайды. Ал бұл махаббат пен мейірімді оған отбасы ғана бере алады.
П. Ф. Каптерев.
4. «Жарық құмыра»
Нұсқау: үнтаспадан жағымды, баяу әуенді қосып, төмендегі «Жарық құмыра» атты әңгіме оқылады.
Ертеде егде қытай елінде екі құмыра болды. Құмыралар әйелдің иығында иілген ағашқа ілініп тұрды.Олардың біреуі жарық, ал екіншісі мінсіз әрқашан іші суға лықа толы болды.Егде әйелдің жарық құмыраға толтырылған суы өзен мен үйіне дейін ұзақ жолда жартылай болып қалып жүрді. Екі жыл бойы бұл күн сайын қайталана берді, егде әйел үйіне жарты құмыра су ғана әкеліп отырды. Мінсіз толық құмыра өзінің жұмысын әрқашан мақтан тұтты, ал жарық құмыра байғұс жарты су ғана әкелетіне ұялып, өзінің жарығына, кемстігіне ыңғайсызданды.
Екі жылдан соң жарық құмыра өзінің жарамсыздығына көзі жетіп, егде әйелге былай деді: «Мен сенің еңбегінді еш еткенім үшін ұяламын үйіне жеткенше менен су тоқталмай ағып барады» Егде әйел бұл сөзді естіп, жарық құмыраға жымия қарады.
Ата-аналарға сұрақ:
Қалай ойлайсыздар егде әйл жарық құмыраны не істейді?
Жауап: Егде әйел бұл сөзді естіп, жарық құмыраға жымия қарады. «Сен байқадын ба, сен жүрген жолда гүлдер құлпырып тұр, ал бүтін құмыра жолында гүлдер өспеген»
Сенің жарық екенінді ескеріп, жүретін жолына гүлдердін тұқымын, сеуіп қойғанмын, сен оларды әр күні үйіне қайтқан кезде суғарып отырасың. Екі жыл қатарынан сен суғарған әдемі гүлдерден үйімді безендіріп отырдым. Егер сен осылай болмағанында мұндай әдемілік біздің үйімізге қызмет етпес еді. Әр қайсымыздың өзіндік кемшіліктеріміз бен өзгеше қасиеттеріміз бар. Кемшіліктің де өзіндік берер жақсылығы бар, өйткені біз кемшілігімізді түзеуге талпынамыз. Өмір сонымен қызық! Әр адамды қандай болса да, қабылдай біліп одан жақсылықты көре білген адам ең мықты адам.
Талдау: Қандай әсер алдыңыз? Бұл жағдаяттан не түсіндіңіз өзінізге?
Шыныменде әр баланы қандай болса да, қабылдай біліп одан жақсылықты көре білген ата-ана ең мықты ата-ана деуге болады
5) «Балалар өмір сүруді өмірден үйренеді»
Егер:
баланы үнемі сынай берсе, ол жек көруді үйренеді;
баланы мұқата берсе, ол тұйық болуды үйренеді;
баланы мақтаса, ол игілікті болып үйренеді;
баланы қолдаса, ол өзін бағалауды үйренеді;
баланы жазғыра берсе, ол кінәлі болып өмір сүруге үйренеді;
бала шыдамдылықта өссе, басқаларды түсінуге тырысып үйренеді;
бала адалдықта өссе, әділетті болуға үйренеді;
бала қауыпсіздікте өссе, адамдарға сенуді үйренеді;
бала қастастықта өссе, басқыншыл болып үйренеді;
бала түсіністік пен жылы шырайлы ахуалда өссе, ол осы өмірде махаббатты табуға үйренеді.
Балаға «Айналайын» деп айтудың 77 мүмкіндігі.
Балаға деген сүйіспеншілігіміз бен махаббатымызды білдіру арқылы оның өзін – өзі дамытуы мен шыңдауына себеп боламыз.
Ең бастысы – сол сөздерді шын жүрегімізбен білдіру.
6. Реллаксация
Нұсқау: үнтаспадан жағымды, баяу әуенді қосып, төмендегі реллаксацияның сөздері оқылады.
Реллаксацияның мақсаты: ата-аналарды жігерлендіріп көңіл –күйін көтеру, жүйке жүйесін демалдыру, дене бұлшық еттерінің шаршағандығын басу.
Ұйымдастыру кезеңі:
а)Ата-аналарды жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.
ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну.
б) Әуенді қосар алдында мұғалім көзін жұмуы тиіс.
-Ынғайланып отырыңыздар, еркін және терең дем алып, көздеріңізді жұмыңыздар. Әуеннің ырғағына зейін аударып менің сөздеріме құлақ салыныздар.Қазір көз алдарыңа елестетініздер, сіздер жасыл алаңда,ашық күннің астында дем алып тұрсыңдар... Аспанда күн шуағын шашып тұр және осы нұрдың шашуының бөлігі сізге тиісті ...
-Сіздер жүргіншілер жүретін жолмен кележатырсыздар. Келе жатып әмиянды көресіздер. Оны алу немесе алмау өз еркінізде.
-Арғарай бара жатып үйді көресіздер. Үйге кіру немесе кірмеу сіздің өзініздің еркінізде....
-Арғарай бара жатып сіз жылқыны көресіз. Жылқыға жақындайсызба әлде алшақ кетесізбе сіздің өз еркінізде....
-Сіздер теңізді көресіздер. Тыңыш тұрған теңіз немесе толқымалы теңізді елестету сіздің өз еркінізде...
Интерпретация:
-Сіздер жүргіншілер жолында келе жатқанда әмиянды алғаның елестетсеңіздер, сіздер осы немесе келесі аптада ақшалы боласыздар.
-Үйге кіргенің елестетсеңіздер, сіздер үй шаруашылығындағы адамдарсыз. Үйге кірмесеніздер, сіздер қызмет қуған адамдарсыздар. (корьерист)
-Сіздер жылқыға жақындағаның елестетсеңіздер, сіздер осы жылы жетістіктерге қол жеткізесіздер.
-Теңіз-ол сіздердің мінез-құлқыныз.
Тыңыш тұрған теңізді елестетсеңіздер, сіздердің мінез-құлқыңыз байсалды, бірқалыпты.(жанағы теңізге сай) Толқымалы тұрған теңізді елестетсеңіздер, сіздердің мінез-құлқыңыз - өзгермелі
VI. Келіспеушілік жағдайлардан сабақ алуға көмектесетін ұсынымамалар
(Ата-аналарға бұл жадынама ұсынылады)
Келіспеушілік сізге нені үйрететінін ойланыңыз.
Өзініздің ішкі даусыңыздан, осы қайғылы тәжірибеден нені үйренуге болатынын, қандай пайда алу керектігін сұраңыз.
Осы келіспеушілікке тиісті орнын бөліңіз:
а) теріс өмірлік тәжірибеңізге өзіңзді жолдан тайдыруға рұқсат бермеңіз.
б) өзіңіздің жеке ұстанымыңызды тағайындаңыз және басқа адамдардың ықпал етуіне мүмкіндік туғызбаңыз.
в) қақтығыстың өзіңізге деген сеніміңізді жойғызуға және өзіңізді бағалауды төмендетуіне жол бермеңіз.
г) келіспеушіліктер өміріңіздің тек қана кішігірім бөлігін құрайтынын ұмытпаңыз.
Қақтығыстан кейін қалған кері эмоциялардан келесі мысалдар үлгісі бойынша құтылуға тырысыңыз:
а) өзіңізді өзіңіз кешіре біліңіз;
б) келіспеушілікке байланысты сезімдердің жойылғанынша біраз уақыт тосыңыз;
в) басқа адамдар сізді, өзіңізге қарағанда, азырақ сынау мүмкін екендігін түсініңіз.
Басқа адамдардың кедергі болуына жол бермеңіз.
а) сізді сынап-мінейтін жаман адамдардан аулақ жүріңіз: жағымды және мейрбанды адамдармен байланысуға ұмтылыңыз;
б) күшіңіздің көбін күдікшіл адамдардың жалған сізіміне немесе сізді тыңдағысы келмейтіндермен араласуға жібермеңіз;
в) басқа адамдарға сіздің бойыңызда кінәлілік сезімін қоздыруға жол бермеңіз;
г) сіздің ойыңызша, келіспеушіліктен кейін қөңілдерінде жағымсыз түйткіл қалып қойғандармен араласуға дайын болыңыз.
Қорытындылау.
Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана балалар арасында қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Әрқашан да балаларыңызды түсінуге тырысыңыздар, өйткені балаңызда сіздерден басқа жақын адам жоқ.Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.
Қорытындылай келе жүргізілген тренинг барысындағы өздеріңіздің алған әсеріңіз және ой-түрткі сұрақтарыңызды ортаға саламыз және ашық бөлісеміз.(Нәтижесінде ата-аналардың қойған сұрақтары бойынша психологиялық кеңестер беріледі)
VII. Анкета «Ашығын айтқанда»
атты тренинг-сабағымыздан алған әсеріңізді, мына анкетаға жазуыңызды ұсынамын.
«Ашығын айтқанда» анкетасы:
«Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті»» атты тренинг-сабағымыздын өткізілген күн:_____________________________________________________
Менің аты-жөнім: __________________________________________________