Мақсаты: балалар арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту, мейірімді қарым-қатынас қажеттілігін тәрбиелеу, өз сезімдері мен мінез-құлқын бақылай білуге үйрету, шығармашылық ашылуларына жол беру.
Көрнекі құралдар: салқын түсті 4 шар, кішкентай айналар, ағаш суреті, жапырақтар, пиктограммалар, банка, слайд, ине, хаттар, аквариум, балабақша макеті, гуашь, қалам, қол жуатын су, су сүлгілер, қылқаламдар, желім.
Іс-әрекет кезеңдері
Педагог іс-әрекеті
Балалар іс-әрекеті
Ынталан-дырушы
кезең
Амандасу.
«Қораптағы айна» жаттығуы.
- Балалар, менің қолымда бір сиқырлы қорап бар. Оның ішіне көз салып қарасаң, мейірімді, тәртіпті, сүйкімді баланың түрін көресің.
Қонақтармен амандасады.
Әр бала кезекпен қорапты ашып, айнаға қарайды.
Ұйымдастырушылық – ізденімпаздық кезең (сабақтың негізгі мазмұны)
Педагог балардың назарын шыны ішіндегі балабақша макетіне аударады. Оның шеттерінде шарлар бекітілген. Олардың әрқайсысында кішкентай хат бар.
- Балалар, қараңдаршы, мына шарлар жай емес. Бұл шарлар жаман қылықтарды өрістетеді. Олар қамалып тұрған жерінен шығып кетіпті де, біздің балабақшамыздың барлық топтарына тарап жатқан көрінеді. Бұлар бәрімізді ұрыстырып, бүлдіріп, ренжітісіп қойғысы келеді. Біз шарларды жоюымыз керек. Сонда олар бізге ешқашан оралмайды.
Педагог бір шарды алып, ондағы хатты оқиды: «АШУ, ЫЗА».
- Мына шар біздің ашулы, ызалы болғанымызды қалайды екен. Ал біз ашулымыз ба? Кәне, сендер қандай мейірімдісіңдер, көрсетіңдерші.
«Айна» ойыны.
Педагог мимикамен 3 түрлі көңіл-күйді көрсетеді (ашулы, көңілсіз, көңілді).
Балалар шарларды қарастырады.
Балалар мейірімді жүздерін көрсетеді.
Балалар педагог көрсеткен эмоцияны табады және барлығы айналарын алып, мимикамен көрсетеді. Шардан суретті алып, қарастырады, талдайды. Содан соң бұл шарды жарып тастайды.
Ұйымдастырушылық – ізденімпаздық кезең (сабақтың негізгі мазмұны)
Педагог екінші шардағы хатты оқиды: «ДӨРЕКІЛІК».
- Мына шар біздің дөрекі, әдепсіз болғанымызды қалайды. Балалар, айтыңдаршы, әдепсіз, жаман сөздер айтатын адамдар кімге ұнайды? Дұрыс айтасыңдар, адам өзін қоғамда ұстай білуі тиіс. Басқалармен сыпайы сөйлесу керек.
«Мейірімділік ағашы» жаттығуы.
Жапырақтары жоқ жалаң ағаш суретін көрсетеді. Педагог әр баланың айтқан сөзін бір жапыраққа жазады.
Педагог үшінші шардың хатын оқиды: «АРАЗДАСУ, ҰРЫСУ».
- Бұл шар біздің бір-бірімізбен ұрысып, ренжіскенімізді қалайды екен. Ал сендер бір-біріңді ренжітесіңдер ме?
«Достық шеңбері» жаттығуы.
Соңғы шардағы хатты оқиды: «КӨҢІЛСІЗДІК, МҰҢ-ҚАЙҒЫ».
- Бұл шар біздің көңілсіз болғанымызды, жылап жүргенімізді қалайды екен. Мына пиктограммалардан өздеріңе тән көңіл-күйді таңдаңдар.
Балалар жауаптары. Суретін қарастырады, талдайды.
Әр бала бір жапырақтан алып, сыпайы, мейірімді сөз айтады да, оны ағашқа желімдейді. Соңында «Мейірімділік ағашы» шығады. Шарды жарып тастайды.
Балалар жауаптары. Суретті қарастырады. Татулық, достық туралы айтады.
Психологиялық оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Балабақшаны көркейтеміз»
Балалар жасы: 5-6 жас (ересек тобы).
Мақсаты: балалар арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту, мейірімді қарым-қатынас қажеттілігін тәрбиелеу, өз сезімдері мен мінез-құлқын бақылай білуге үйрету, шығармашылық ашылуларына жол беру.
Білім беру салаларының интеграциясы: әлеуметтік, қатынас, шығармашылық.
Оқу іс-әрекетіне ересек «Ә» тобының 12 баласы қатысты. Сонымен бірге 20 тәрбиешілер мен педагогтар бақылады. Сабақ тренинг түрінде құрылған. Балалар әуен залына кіріп, амандасып, шеңбер құра отырып, «Қораптағы айна» жаттығуын орындады. Бұл жаттығу балалардың көңілін көтерді. Содан соң балалар өз назарларын аквариум ішіндегі балабақша макетіне аударды, өте таң қалды, оның жан-жағындағы шарларды қарастырады. Кезекпен әр шарды алып, хатын оқиды, сол жайында өз пікірлерін айтты. Әр шщардың хатын оқыған соң, соған байланысты ойын ойнап, өздерінің тату, мейірімді және көңілді екендіктерін көрсете білді. Әр ойыннан кейін бір бала ортаға шығып, инемен шарды жарып тастайды да, оны «сиқырлы банкаға» салады. Барлық шарлар біткен кезде «сиқырлы банканы» жауып, енді оны ашпауға келіседі. Балабақшаны «жағымсыз» шарлардан арылтқан соң, «Балабақшаны гүлдендіреміз» арт-терапиялық жаттығуын орындайды. Онда аквариумның қабырғаларын қылқалам және гуашьтың көмегімен бейнелейді (шыныда сурет салу әдісі).
Жалпы талдай келе, оқу іс-әрекеті жоспар бойынша дұрыс, кезек-кезегімен жүргізілді. Сабақта жаңа арт-терапиялық технологиялар қолданылды. Балалар үшін ең қызықтысы шарды жарып, банкаға салу және шыныда сурет салу болды. Балалардың сабаққа деген ықыласы мен ынтасы жақсы деңгейде болды деп санаймын. Олар өздерін еркін ұстап, басында зейіндері шашыраңқы болғанымен, соңында көңіл-күйлері көтеріліп, жағымды әсер алды. Алайда «Мейірімділік ағашы» жаттығуын орындау барысында балалар мейірімділік, сыпайылық сөздерін білмей немесе түсінбей қиналды, соның есебінен уақыт созылып кетті. Оқу іс-әрекеті уақыты санитарлық нормадан асып, 35 минут болды.