Ма?саты: ?зара ?арым-?атынасты? жайлылы? жа?дайын ??ру. Сонымен бірге б?гінгі семинарымыз ата-аналармен ж?мыс бол?анды?тан ата-аналар мен м??алімдерді? арасында да пайлану?а болады. Шарты: ?атысушылар психологты? дабылы бойынша б?лмеде шашырап ж?реді. Ж?рген кезде бір-бірімен амандасады. Жатты?уды орындау ?шін психолог ?т?рлі т?стер немесе ерекше белгілерді ата?анда, кез келген ата-ана сол белгісі немесе ерекшелігі бар ата-ана?а, м??алімге барып амандасу керек. Мысалы: а? т?сті киім кигендерге, шашы ?зындар?а т.б.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ата-аналар?а тренинг»
Тренинг-жаттығулар
«Қанеки, амандасайық!» жаттығуы
Мақсаты: өзара қарым-қатынастың жайлылық жағдайын құру. Сонымен бірге бүгінгі семинарымыз ата-аналармен жұмыс болғандықтан ата-аналар мен мұғалімдердің арасында да пайлануға болады. Шарты: Қатысушылар психологтың дабылы бойынша бөлмеде шашырап жүреді. Жүрген кезде бір-бірімен амандасады. Жаттығуды орындау үшін психолог әтүрлі түстер немесе ерекше белгілерді атағанда, кез келген ата-ана сол белгісі немесе ерекшелігі бар ата-анаға, мұғалімге барып амандасу керек. Мысалы: ақ түсті киім кигендерге, шашы ұзындарға т.б.
- Балаңыз байқау тесттерінде төмен ұпай жинағандықтан мектеп әкімшілігі мектепте емтихан тапсыруды ұсынды, Сіздің көзқарасыңыз?
- Мұғалім мен бала арасындағы түсініспеушілікті қалай жояр едіңіз?
- Сіздің ҰБТ-ге деген көзқарасыңыз
- Сіз балаңызға күнделікті дайындалуға талап қоясыз, бірақ балаңыз «бізде ақша бар ғой, бәрібір емес пе?» десе, Сіздің әрекетіңіз?
- Балаңыздың ҰБТ-ге дайындық деңгейі қаншалықты деп ойлайсыз?
- Бала өзінің білім деңгейін біліп, мектепте емтихан тапсыратынын айтты, ал ата-анасы оның тестке барғанын қалайды. Осындай жағдайда Сіз не істер едіңіз?
- Балаңыз барлық пәндерді толықтай меңгерген деп ойлайсыз ба?
- Сіз балаңызға ҰБТ-ге дайындалуға байланысты қандай кеңестер айтасыз?
8. «Бала деген кім?» ой қозғау
9. ҰБТ-ға байланысты кеңестер
Ата-аналарға арналған ҰБТ-ға дайындық жөніндегі ұсыныстар
Экзамен сөзі латын тілінен «сынақ» деп аударылады. 11 сынып оқушылары үшін ҰБТ тапсыру ауыр, жанды қинайтын сынақ болып табылады. Сондықтан бұл жағдайда бала ата-ананың қолдауын өте қажетсінеді.
*ҰБТ тапсыруға көп бұрын балаңызбен қосымша пән етіп нені таңдайтынын талқылаңыз. Бұл дайындық жоспарын құруға көмектеседі: қай пәнге көп көңіл бөлу керек, ал қай пәнді жай ғана қайталап шықса жеткілікті.
*ҰБТ алдында үйде барынша қолайлы жағдай жасаңыз. Бала сіздің қолдауыңыз бен мейіріміңізді сезіну керек. Бұл кезде баланы үй шаруасынан босатыңыз, уақытын емтиханға дайындалуға ғана жұмсасын.
*Балаға материалды білетіндігіне сенімді болуына көмектесіңіз, өйткені бұл ол мектепте өткен материал ғой. Оның бар зейінін қойылған сұраққа аударуға үйретіңіз, әдетте жауап соның өзінде тұратын болады.
*Балаңызбен ҰБТ алдында кешке ол дайындықты тоқтатып, далада серуендеп келіп, жуынып, уақытында ұйықтауға жатады деп келісіңіз. Соңғы он екі сағат білімін емес, ағзаны дайындауға жұмсалу керек.
*Үйде жазбаша емтиханға дайындықты жиі өткізіңіз. Тестінің үлгі нұсқасын алып, балаға 3 сағат уақыт, таза қағаз парақтарын беріңіз. Уақытты белгілеңіз де, сынақтың басталғанын айтыңыз. Бұл уақытта баланы ешкімде, ешнәрсе де мазаламауға тиіс. Уақыт біткенде, сынақты тоқтатыңыз. Бала демалғаннан кейін тапсырмаларды баламен бірлесіп тексеріңіз. Қателерді түзеп, олардың неге болғанын талқылап көріңіздер.
*Дайындық кезінде бала аздаған үзіліс жасап отыруын бақылауға алыңыз. Шаршамай тұрып дем алып алған – қатты шаршап кетпеудің ең жақсы емі екенін түсіндіріңіз.
*Ата-аналар тарапынан ең басты көмек – олардың қолдауы мен өз балаларына деген сенімі.