kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-ананы? ба?ыты балада

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Ата-ананы? ба?ыты балада.
Саба?ты? ма?саты:
Ата-ана - отбасыны? негізгі ді?гегі, бастап?ы д?некері.Д?ст?рлі ?аза? отбасында ата-ананы? ?адірі ерекше ?спеттелген. Мектеп, ата-ана, ?стаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы т?рбиелі, салауатты ?рпа? т?рбиелеу.
Саба?ты? т?рі: пікір алмасу, с?ра? жауап
Саба?ты? к?рнекілігі: слайд, ата-ана?а, ба?ыт?а байланысты на?ыл с?здер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-ананы? ба?ыты балада»


Сабақтың тақырыбы: Ата-ананың бақыты балада
Сабақтың мақсаты:
Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пікір алмасу, сұрақ жауап
Сабақтың көрнекілігі: слайд, ата-анаға, бақытқа байланысты нақыл сөздер
( Сонымен, солай дейік.... ток шоу тележоба бойынша пікірталас)

Тәрбие сабағының барысы:
І жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар және қонақтар!
ІІ.жүргізуші:
Бүгінгі « Қауымдағы ата-аналар қоғамымен бірлескен жұмыс » атты қалалық іс-шара аясында өтіп жатқан 6 «а» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен ата-аналар және кәмлетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшенің бастығы, сынып жетекшісімен бірлескен «Ата-ананың бақыты балада» атты пікірталасымызға қош келдіңіздер!
І.Жүргізуші:
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы . Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен. Осыған байланысты мектебімізде өткізіліп отырған іс-шара баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім, ата-ана, қоғамның орны бөлек.Осы жайында қонақтар шақырып отырмыз.

ІІ.Жүргізуші:
Сол кісілерді ортаға шақырып ой бөліссек. Қонақтарды студиямызға шақырмас бұрын экранға назар аударсақ.
( Слайд көрсету)

І.Жүргізуші:
Олай болса «Адамның бақыты балада», «Бала - адамның бауыр еті» дейді. Осы бір атамыздан қалған сөзді басшылыққа ала отырып өз ойын ортаға салса. Осы сұраққа жауап беру үшін алғашқы қонағымыз Келбеттің мамасы Құрманғалиева Гүльзира Баймұханқызын ортаға шақырсақ.
ІІ.Жүргізуші:
Студиямызға қош келдіңіз. Өз ойыңызды ортаға салсаңыз.
1.Жауап:
Мен өзімнің сөзімді Абайдың 7 қара сөзінен бастағым келеді.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар –тәннің құмары, бұлар болмаса , тән жанға қонақ үй бола алмайды.Және өзі өспейді, қуат таппайды.
Біреуі - білсем екен дейді.Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығын, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай - керней болса,дауысына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе же мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «Ол немене?», «Бұл немене?» деп, «Ол неге үйтеді?», «Бұл неге бүйтеді?» деп,көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.
Мұның бәрі - жан құмары,білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген ұлы Абай.

Сондықтан өмірге келген баланың білсем,көрсем, үйренсем деген талпынысына шек қоймай үйретеміз.Енді оған тек қана ата-ана ғана емес қоршаған орта қоғам, мектептің ықпалы өте қажет.Сондықтан қоршаған орта, мұғалім , ата-ана болып өмірге келген баланың тәрбиесіне ат салысуымыз керек.

І.Жүргізуші:
Рақмет жауабыңызға. Дұрыс айтасыз қоғам деп жақсы айттыңыз.Өмірге келген балаға ортаның қандай әсері бар екен осы сұраққа жауап беру үшін.Келесі қонағымыз Мөлдір ,Махаббатың мамасы Амандықова Жанар Асқарқызын шақырсақ.

ІІ.Жүргізуші:
Студиямызға қош келдіңіз! Бала өмірге келді , балаға сол ортаның тигізетін әсері туралы айтып берсеңіз.
2.Жауап:
Бала тәрбиесі қай заманнан да, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделі зиялыларын толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз.Қазақ халқының бойына ана сүтімен дарыған тәлім-тәрбиесінің өзіндік мектебі болды.
Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу - біздің қоғамның басты мәселесі.Бұл туралы ойшыл Абай «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші ата-анасынан, екінші – ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан» деген екен.Ұлы Абайдың өзі де бірінші ата-ананы қойып тұр.

Сондықтан мен тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы деген болар едім. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» дейді халқымыз.Иә, ұрпақтың тәрбиесі - қоғамның болашағы және оған аса зор жауапкершілікпен қарау - әрбір саналы азаматтың борышы.

І.Жүргізуші:
Рақмет жауабыңызға.Қазіргі жас өркен - мемлекетіміздің болашағы.Сондықтан да, балаға-бір отбасының ұрпағы деп емес, бар қазақтың баласы деп қарау керек сияқты.
ІІ.Жүргізуші:
Дұрыс айтасың, Ораз.Ұлы Абай атамыз: «Баланың ең алдымен ата-анасы, сосын ұстазы, сонан кейін қоршаған ортасы тәрбиелейді» деген екен.Сонымен біздің ата-аналарымыз қалай ойлайды екен.Сұраққа жауап беру үшін келесі қонағымыз Ғасланның папасы Мизанбаев Мағауия Шахманұлын ортаға шақырсақ.

І.Жүргізуші:
Студиямызға қош келдіңіз! «Баланың ең алдымен ата-анасы, сосын ұстазы, сонан кейін қоршаған ортасы тәрбиелейді» деген екен.Сіз қалай ойлайсыз?
3.Жауап:
Әрбір ата-ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасына сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі-өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн.Ұлы педагог А.С.Макаренко: «Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен,оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде,балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі,өнеге көрсетуінде» деген екен.Сондықтан жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата-ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады.Ағашты қалай қисайтсаң солай өседі.Сондықтан балада ағаш сияқты. Қалай өсірсең солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата-ананың қолында дегім келеді.

ІІ.Жүргізуші:
Рақмет жауабыңызға. Ұрпақ тәрбиелеуде нені қолға алған жөн?-деп ойлайсыздар.Осы сұраққа жауап беру үшін Ерсіннің жеңгесі Атымтаева Жанарды ортаға шақырсақ.
І.Жүргізуші:
Студиямызға қош келдіңіз! Болашақ ұрпақты тәрбиелеу үшін нені қолға алуымыз керек? деп ойлайсыз және сол арқылы болашақ ұрпағымыздың бақытын көре аламыз ба?
4.Жауап:

Мен өзімнің сөзімді К.Д.Ушинский : «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс» -деген сөзінен бастағым келіп тұр, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап,сол рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен.Сондықтан жас ұрпақты Отанын сүюге,ол үшін аянбай қызмет етуге, елжандылық пен ерлікке тәрбиелеуіміз керек.Әр баланың бойына ар-намыс пен туған жер,табиғаты, ана тілі, салт-дәстүрі, ата-бабаларының ерлік істеріне сүйіспеншілік сезімдерін балаларымыздың бойына дарыта білуіміз керек. Ұрпақ-болашақ! Ал осы ұрпақ , яғни адамзаттың болашағы жанұяда тәрбиеленеді.Бала дүниеге келген соң, енді ол өмірде өкінбестей,өкіндірместей өсуі керек.Әр балаға өзінің қоғамға керекті адам екенін жанұя қабырғасында түсіндіріп, санасына тоқыған жөн.

ХV ғасырда Англияның атақты оқымыстысы Локк: «Баланың ақылы да, жаны туғанда ақ қағаздай болып туады.Ақ қағазға қандай жазу жазса да, жазушының өз еркінде.Сол сияқты балаға тәрбие беру тәрбиешіден.Бала қалай тәрбиеленсе,соған көне береді» деген екен.Сондықтан ұрпақтң тәрбиесі өзіміздің қолымызда.Соны уысымыздан шығарып алмауымыз керек.

ІІ.Жүргізуші:
Жауабыңызға рақмет.Тағы да өз ойын айтатын қонақтарымыз бар ма екен?
І.Жүргізуші:
Бүгінгі пікірталасқа өз ойын айтқысы келіп отырған қонағымыз Бибарыстың мамасы Смайлова Әлия Жүрсінқызын ортаға шақырамыз.

ІІ.Жүргізуші: Студиямызға қош келдіңіз! Өз ойыңызды ортаға салсаңыз.
5.Жауап:
Айтылып жатқан пікірлер өте дұрыс.Егер тәрбиелеп отырған балаларымыз қоғамға пайдасын тигізіп жатса.Мектеп өміріне араласып өз көмегін аямаса сол ата-ана үшін бұдан артық бақыт жоқ деп ойлаймын. Атақты Ескелді би былай деген екен: «Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық» деген екен.Олай болса мен айтар едім өмірде сыйластықтан артық ештеме жоқ деп. Сыйластыққа бәрі де сыйлайды. Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің сөзімен айтсақ рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа - қайырымдылыққа, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.

І.Жүргізуші:
Жауабыңызға рақмет.Ата-ана үшін бала бақыты деген не? Сұраққа жауап беру бүгінгі пікірталасымызға қонақ болып келіп отырған Фаризаның әжесі Тоқболатова Күләш Наурызбайқызын ортаға шақырамыз.

ІІ.Жүргізуші:
Студиямызға қош келдіңіз. Ата-ана бақыты туралы ойыңызды ортаға салсаңыз.
6.Жауап:
Қай ата-ана өз баласының бақытты болғанын қаламайды дейсің.Мен өзімнің сөзімді «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», — деген екен Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым дейді. Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. 

Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды. «Еліміздің күші - патшада, сәбидің күші - жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз - адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта 
білсек - ұлы жеңіс болары анық.Ата-ананың баласының бақытты болғаннан артық ештеңе жоқ.

І.Жүргізуші:
Жауабыңызға рақмет. Студиямызға Жезқазған қалалық Ішкі Істер Басқармасының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшенің бастығы, полиция майоры Мәуленова Айгүл Абдрасылқызы қонақ болып келіп отыр сол кісінің ойын тыңдап көрсек.

ІІ.Жүргізуші:
Қош келдіңіз.Жайғасып отырыңыз.Сіздің ойыңызша ата-ана үшін бала қандай болу керек?
7.Жауап:
І.Жүргізуші:
Жауабыңызға рақмет! Бақыт деген не екен? Оқушыларымыздан сұрап көрсек.
ІІ.Жүргізуші:
«Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...»

6 «а» сынып оқушылары: Ибаділдә Назым, Қазиева Мадина
Бақыт деген не өзі, білесің бе ?
Апам марқұм айтушы еді бір есімде
Адамдардың барлығы бұл өмірге
Бақыт үшін жаралған деп күресуге.
Бақыт деген қайда өзі, бақшада ма?
Қына құсап шыға ма тасқа ғана
Мейлі қанша тірнектеп жинасаңда
Өмір бойы жетпейтін ақшада ма?
Байлық шығар сол әлгі бақыт деген
Санаспайтын ешқандай уақытпенен
Ауылда ма бақытым, қалада ма?
Ешкім аяқ баспайтын далада ма?
Көрінеме көзге сол бақыт өзі
Жауындама басылған жаңа ғана
Боласың ба? Бақытты сонда ғана
Бақыттымын деп ойлар кейбіреулер
Қымбат бұйым ұстаса қолға дара
Бақыт па екен кең сарай үйің болса
Қызғанатын өзгелер күйің болса
Бақыт сенің достым-ау өз үлесің
Бақытыңа түбі сен кезігерсің
Бар адамды сонда сен сүйсіндіріп
Бақыттысың қарашы дегізерсің

І.Жүргізуші:
Халық даналығында:
«Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер,
15-ке дейін құлыңдай жұмса,
15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты сөзбен аяқтай келіп солай дейік
І, ІІ жүргізуші:
және солай боларына сенейік.

Ән. «Бақыт деген...»
Орындайтын 6 «а» сынып оқушылары :
Шайхысламов Ерсін,Мағауин Ғаслан, Маратов Асылжан







Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Әке – бәйтерегім, ана – шынарым»

Тәрбие сағатының мақсаты:

• Оқушыларға осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да, парасатты азамат болуға тәрбиелеу.
• Халқымыздың асыл да, абыройлы қасиеттерін, құндылықтарын бойына сіңіруге, адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілі: Ой-пікір алмасу

Пәнаралық байланысы: Қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Мультимедиа аппараты, слайдтар, нақыл сөздер, бейнематериалдар

Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру.

ІІ. Кіріспе сөз. Топ жетекші: Уакаева Н.А
- Құрметті оқытушылар, оқушылар мен көрермен қауым! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы ерекше деп ойлаймын. Өйткені ата-ана өміріміздің шамшырығы, отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.
Дін мұсылман жолында әкені құрметтеу – айрықша парыз. «Әкеге бағыну – Аллаға бағыну. Оның алдында күнәһар болу – Алла алдында күнәһар болу» дейді Пайғамбарымыз.
Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, дүниеге келтіріп қана қоймайды.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұзды бесік таянған, -
да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана.

Музыкалық сәлем: «Бір-бәйтерек, бір-шынар» сазды ән.

Топ жетекші:Әке. Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әкелердің орны ерекше. Бұл жағынан аналардың балаларына: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты «Абай жолы»- роман эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «…Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі». Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.

Қазір тобымыздың студенті Ниязханов Ербосын Н. Шәкеновтің «Әкелер туралы ой» – өлеңін айтып береді.

Әкелер туралы ой

Өмірдің көрген талай жол торабын,
Әкеден кім аяйды қолда барын.
Әкенің ақ тілегін өтеу парыз,
Мен бүгін әкемді ойлап толғанамын.

Ыстық-ау, кім-кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.

Тағдырдың кеуде тосып жартасына,
Біз үшін түскен майдан ортасына.
Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз,
Біз бүгін әкелердің арқасында.

Музыкалық сәлем. «Әкелер» әні. Орындайтын 31 МСХ тобының студенті Жұмағалиев Саят.

Топ жетекші: Назарымызды экранға аударып, бейнематериалды тамашалауды ұсынамын. Бейнематериалдан көрген көрініс бойынша өз ойларыңызбен бөліссеңіздер.

Топ жетекші: Ана, Ана, Ана!… не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді, осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп – төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағатты шашып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық аталуының барлығы да ананың сүтінен таралған. Ал нәресте өмірінің нәрі – Ана сүті. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың Анасы алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың»,- деп түсіндіреді. Атақты орыс жазушысы
М. Горькийдің: «Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған»,- деуі де сол шындықты айқындайды. Әрине, сондықтан да дүние жүзінің барлық елдерінде Отанға опасыздық пен Ана сүтін ақтамау ең зор қылмыс саналады.
Ананың балаға деген сүйіспеншілігі жайында бір аңыз бар. Оны қазақтың дарынды қызы Ақұштап Бақтыгереева және басқада ақындарымыз әдемі де, әсерлі жырға айналдырған. Осы аңыздың желісі бойынша түсірілген бейнеклипке назар салыңыздар.
Топ жетекші: Бұл – ананың баланы қаншалық шексіз сүйетінін білдіретін терең мәнді мысал. Ал, баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрқия адам болып шықпасына кім кепіл.

Топ жетекші: Назарымызды экранға аударып, бейнематериалды тамашалауды ұсынамын. Бейнематериалдан көрген көрініс бойынша өз ойларыңызбен бөліссеңіздер.

Ыбырай Алтынсариннің «Ананың сүюі» деген өлеңін біз бала кезімізде оқығанда, сол кезде кішкентай бала болсақ та, қатты тебіренуші едік. Сол өлеңді тобымыздың студенті Әділбеков Нұрсұлтан еске түсіріп, айтып береді.

«Ананың сүюі»

Кім сендерде, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Анаң байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.

Музыкалық сәлем: Асхан Ақарыстың орындауында «Ана туралы жыр» атты сазды әнді қабыл алыңыздар..

Топ жетекші: Назарымызды экранға аударып, бейнематериалды тамашалауды ұсынамын. Бейнематериалдан көрген көрініс бойынша өз ойларыңызбен бөліссеңіздер.

Топ жетекші: Ата-анаға көз қуаныш –
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі, -
деп, ұлы Абай баланың ата-ана қуанышы, гүлденген үміт-арман екенін тебірене жырлайды. Әлемге әйгілі ғұламалар мен ақындардың ата-ана махаббаты, перзент парызы жайында тебірене айтпағаны, жазбағаны аз деуге болады. Сол сияқты тобымыздың студенті Ақарыстыңда ата-анасына арнап шығарған туындысына назар аударыңыздар.
Топ жетекші: Адамға ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір – бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады. Отбасын жасайтын және нығайтатын күш – махаббат: әке мен шешенің, әке мен балалардың, шеше мен балалардың өзара сенімді, адал, шын берілген махаббаты. (Слайд)
әке ана
бала
береке

махаббат
бірлік

татулық бақыт

Отбасы туралы өз тұжырымдарыңызды айтсаңыздар(топ студенттері):
- отбасы – болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек – арқауы;
- отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;
- отбасы – бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы;
- отбасы – отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;
- отбасы – баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;
- отбасы – өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы
Топ жетекші: Тәрбие сағатымызға тобымның студенттері Ақабеков Жасұлан мен Алиев Нұрланның аналары келіп қатысып отыр, ендігі сөз кезегін аналарымызға берсек.
Қорытынды: «Алты аға бірігіп – әке болмас, Жеті жеңге бірігіп – ана болмас»,- деген сөзде де терең ой жатыр. Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Ақыры, ең қастерлі тілектері: бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса, – дейді. Осындай ата-ананы сыйлау сәби шағыңда өзіңді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап, күту қандай ғанибет!
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – әрқайсымыздың ұлы парызымыз.

Назарларыңызға рахмет!!!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ата-ананы? ба?ыты балада

Автор: Урынгалиева Амина Талиевна

Дата: 03.04.2016

Номер свидетельства: 314448


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства