kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашу - д?шпан, а?ыл-дос

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а сабырлылы? пен ?стамдылы? ?асиеттерін т?сіндіре отырып, б?л ?асиеттер адамны? ішкі тынышты?ын сезіне білуге ы?пал ететінін т?сіндіру.

Тілдік ма?сат:

Барлы? о?ушылар «сабырлылы?» пен «?стамдылы?»  ?асиеттерін т?сінеді.

О?ушыларды? басым б?лігі ортада ашы? ж?йелі с?йлейді,іскерліктерін дамыта алады.

Кейбір о?ушылар сабырлы?ты жа?ымды  ?арым –?атынас жасай біледі ж?не сахнада ?здерін к?рсете біледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашу - д?шпан, а?ыл-дос»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп Мерзiм ---------

Тақырып: Ашу - дұшпан ,ақыл-дос

Құндылық: Тыныштық

Қасиеттер: сабырлылық ,ұстамдылық ,төзімділік.

Мұғалiм: Сембекова А.К. Сынып 4 Оқушылар саны_22_


Сабақ мақсаты:

Оқушыларға сабырлылық пен ұстамдылық қасиеттерін түсіндіре отырып, бұл қасиеттер адамның ішкі тыныштығын сезіне білуге ықпал ететінін түсіндіру.

Тілдік мақсат:

Барлық оқушылар «сабырлылық» пен «ұстамдылық» қасиеттерін түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі ортада ашық жүйелі сөйлейді,іскерліктерін дамыта алады.

Кейбір оқушылар сабырлықты жағымды қарым –қатынас жасай біледі және сахнада өздерін көрсете біледі.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)


Ұйымдастыру кезеңі

Қош келдіңдер балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын! Міне, «Өзін - өзі тану» пәні сабағында, бір жұмадан кейін қайта қауышып отырмыз. Бұл сабаққа асыққандарың қуанышқа толы күлімдеген көздеріңнен көрініп тұр.
Қанекей балалар,сабағымызды бастамас бұрын тақтаға қарап мына өлең шумағын хормен айтайық.

Бізге ашық күн керек
Бізге ашық күн керек.

Жеңдіріп біз ашуды
Аспан керек мөп – мөлдір.

Ақылға әркез келеміз.
Қуанышқа тұр бөлеп,

Азамат боп ер жетіп,
Бақытты өмір төккен нұр.

Ағаларға ереміз


ІІ. Әңгімелесу
Өлеңдегі: «Жеңдіріп біз ашуды
Ақылға әркез келеміз», - дегенде нені түсіндіңдер?
-Сендердің ашуланған кездерің болды ма?
-Не себепті ашуландыңдар?
-Сол уақытта қандай күйде боласыңдар?
-Сол күйден шығудың қандай жолдарын іздестірдіңдер?
«Ашу- дұшпан, ақыл - дос» деген мақалды қалай түсінесіңдер? (балалардың жауаптары тыңдалады)
- Адамдардың ойланбай істеген істерінің арты кикілжіңге апарып соқтырады. Кикілжің болған жерде міндетті түрде ашу туындайды. Ашу адамның өзін де, өзгелерге де, айналасына да зиян. Өйткені адамның көңілі түседі, ешнәрсеге зауқы болмайды, жағымсыз сөздер айтады, айналасындағыларды ренжітеді. Ашу үстінде дұрыс шешім табу да қиынға соғады. Сондықтан да қандай жағдайда болмасын ақылға жеңдіріп сабыр сақтап, ұстамды бола білу керек. Біз бүгінгі сабақта ашуланбау, сабыр сақтаудың адами қарым-құатынастағы мәні туралы әңгімелесеміз.


Сабақ барысын талдау:


Сабыр суы аңыз әңгіме

Бір адамның басынан мынадай оқиға өтіпті.Ол сол ауылдың ақсақалына жылап келіп, шағым айтады: маған әрдайым көршілерім тиіседі, біздер ұрысып қала береміз. Көршілермен сөйлесуден қалдым. Мен әбден шаршап, өзіңізден ақыл-кеңес, көмек сұрап келіп отырмын.

-Не амал етсем екен?.

Ақсақал ойланып отырып, келген адамға бірнеше сұрақ қояды. Содан соң бір құты су береді.

«Осы су саған көмектесуі тиіс, — дейді.

Күнде көршілерің жұмыстан келген кезде осы суды ұрттап ал. Бірақ оны бірден жұтып жібермей, аузыңда біраз уақыт ұстауың керек». Арада бірталай уақыт өткенде, әлгі адам ақсақалға тағы жылап келеді.

«Сірә, бірдеңе қосып берген болсаңыз керек, Сіз берген судың көмегі тиген еді. Мен деген көршілеріммен жақсы қарым-қатынас орнатып қалған едім. Бәрі де жақсы болып келе жатыр еді. Менің көңілім көтеріліп, тыныштығым орнап қалған еді. Бірақ ол су таусылып қалды. Таусылғалы бері көршілерім баяғы «жырын» қайта бастады. Менің ішкі тыныштығым бұзылды. Сіздің көмегіңізсіз болмайтын болды» — деп, тағы да су беруін сұрайды. Сонда ақсақал күліп: «Айналайын, ол судың басқа ешқандай қасиеті жоқ, күнде өзің пайдаланып жүрген, кәдімгі су. Оның саған көмегі — көршілерің жұмыстан шаршап келген кезде не болса соны айтуға аузыңның бос болмағаны, үндемей қарсы алуға мәжбүр болғаның. Ендеше, өзіңді-өзің қолға алып, шыдамдылыққа, сабырлылыққа үйренсең, өзіңді-өзің тізгіндей алсаң, бұл жағдайда саған басқаның көмегі керек еместігін түсінген шығарсың» — дейді.

  1. Ақсақалға не үшін келді?

2. Ақсақал қандай ақыл-кеңес берді?

3. Ақсақал не үшін суды ұсынды?

4. Ақсақал неліктен суды бірден жұтып жібермей, аузыңда біраз уақыт ұстауың керек деп айтты?

5. Неліктен көршінің тыныштығы бұзылып, мазасыздана берді?

6. Сіздер үшін сабырлы адам кім?

7. Сабырлы адамды ең бақытты адам деп айтуға болады ма?

8. Сонда сабырсыз адам бақытсыз адам болғаны ма? Ойын «шармен ойнау» ойнатылады


Дәйексөз.

Ақыл – адам көрігі,

ақылдың сабыр серігі

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Оқушылар есте сақтап қалу үшін үш рет қайталаймыз? Дәптерлеріне дәйексөзді жазып аламыз.


Шығармашылық жұмыс ой толғау.

Топпен жұмыс

Мақал –мәтелдер айтып жарысады


Үй тапсырмасы.

«Балалардың көз қуанышы» әңгімесін оқып, талдау.

Дәптердегі 11 сабақтағы тапсырма берілді.


Рефлекция

Соңғы тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар.

Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар.

«Мен сабырлымын , ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін.Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Стикер таратылады оздерінің сабақ қызықты болдыма болмадыма Сау болыңыздар!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашу - д?шпан, а?ыл-дос

Автор: Сембекова Асель Кудайбергеновна

Дата: 10.02.2016

Номер свидетельства: 291092


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства