kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Арт терапия саба?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Арт терапия саба?ы. Арома терапиясы.

Та?ырыбы: «Си?ырлы серуен»

Ма?саты:саба? кезінде психоэмоционалды? ширы?уды т?сіру ж?не белсенді ?рекетті жал?астыру ?шін ?зілістер жасау ?ажеттілігі туындайды.

   Релакциялы? ойындар мен жатты?уларды т?зете дамыту саба?тарында боса?су  да?дыларына ?йрете отырып, шы?армашылы? ?абілеттерін  дамыту.

?дісі:Релакциялы? жатты?у. Арома терапия. Сурет салу.

?ажетті ??ралдар:8 торк?зге б?лінген карточка, т?сті ?арындаштар, ж?мса? ойыншы?тар, ж?й ?уен, майшам, т?рлі –т?сті ?а?аз, желім.Смайликтер.

?йымдастыру кезе?і: О?ушыларды саба??а дайындау.

  1. С?лемдесу. «К??іл-к?йін с?рау».

Мына смайликтерді? ?айсысы сізді? осы кездегі к??іл-к?йі?ізге с?йкес келеді (?здері?ізге ойша белгілеп алы?ыздар).Смайликтерді та?дау.

  1. Тренинг: «К?н шуа?ын шашамыз»

?з тілектерімізді жазып к?ннен жылы шырайлы, жары? с?улелерін шашу?а к?мектесу. ?атысушылар?а жа?ымды эмоция ?алдыру.

  1. «Суретті ??гімелеп бер»

Берілген сурет бойынша ??гіме ??растырамыз.

Ма?саты: баланы? ойлау ?абілетін дамыту, с?здік ?орын молайту.

  1. ??растырыл?ан ??гімені? ішінен бір кейіпкерді? немесе бір затты? бейнесін т?рлі –т?сті ?а?аздардан жапсыру.

   Сергіту с?ті: ?имыл-?оз?алыс жатты?улары жасалады

  1. Релакциялы? жатты?у (жа?ымды иіс, жай ?уен ты?далады)

Ж?ргізуші: Ы??айлы отыры?ыз. Б?гін біз ?ш?ыш кілемімен саяхат?а аттанамыз. Кілем ауа?а к?терілуі ?шін боса?суымыз  ?ажет. Б?л сізді? ?олы?ыздан келеді. к?зімізді ж?мамыз. ?олымызды? сауса?тары жылынады, ?олымыз жылы ж?не ауыр. Жылу ая?-?олдан жо?арылап, іш, кеуде, ар?а?а жылжыды. Беті?із боса?сыды. ?ш?ыш кілем жаймен жо?ары  к?теріліп келеді. міне, ?шып та кетті?із.

     . ?лкен к?лді? ?стімен ?шып барасыз. Ша?алалар ?шып ж?р. Жа?алауда ?айы?тар тербеліп т?р. К?гілдір аспанда б?лттар ж??кілуде. Б?лттарды? кейбіреуі ?лпілдек ?оян?а, біреулері ма?та?а, кішкентайлары а? мысы??а ??сайды. Кілем а?ырындап жерге т?сіп келе жатыр. Міне, сіз ?демі ба?ты? ішіндесіз. Айлана г?лге толы, б?рі сізге басын изеп, с?лем беруде. Сіз ба?та?ы со?па? жолмен ж?ріп, ала??ай?а шы?ты?ыз. Балалар доп ойнап ж?р. Сізді? ая?ы?ыз?а доп домалап келді. Сіз допты к?теріп, жо?ары ла?тырасыз, доп жо?ары ?шып кетті. Б?л немене?Сіз де ?шып барасыз. ?зі?із ?ш?ыш кілемсіз ?шты?ыз. ?олы?ыз екі жа?ы?ызда ??с сия?ты ?шып келесіз. Міне, сізге таныс к?л к?рінеді, ша?алалар ?анаттарын б?л?ап с?лем жолдауда. ?айы?та отыр?ан балы?шы сізге ?ол б?л?айды.

     Сіз ?рі ?арай ?шасыз. ?асы?ызда ?лпілдек  мысы? сия?ты б?лт бірге келеді. Сіз т?мен т?се бастады?ыз. Міне орнымыз?а да келдік. Мысы? сізге ілесіп келеді. Жып – жылы мысы? сізді? алды?ызда отыр. Оны сипа?ыз да ?асы?ыз?а отыр?ызы?ыз. Серуен сізге ?нады  деп ойлаймын. Енді карточканы алып, торк?здерге серуенде к?ргендері?ізді? суретін салы?ыз.

   Неше торк?зге салды?ыз, сана?ыз?

Саба? ая?ында?ы к??іл-к?йлерімізді к?рсетеміз. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Арт терапия саба?ы»

Арт терапия сабағы. Арома терапиясы.

Тақырыбы: «Сиқырлы серуен»

Мақсаты:сабақ кезінде психоэмоционалдық ширығуды түсіру және белсенді әрекетті жалғастыру үшін үзілістер жасау қажеттілігі туындайды.

Релакциялық ойындар мен жаттығуларды түзете дамыту сабақтарында босаңсу дағдыларына үйрете отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Әдісі:Релакциялық жаттығу. Арома терапия. Сурет салу.

Қажетті құралдар:8 торкөзге бөлінген карточка, түсті қарындаштар, жұмсақ ойыншықтар, жәй әуен, майшам, түрлі –түсті қағаз, желім.Смайликтер.

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа дайындау.

  1. Сәлемдесу. «Көңіл-күйін сұрау».

Мына смайликтердің қайсысы сіздің осы кездегі көңіл-күйіңізге сәйкес келеді (өздеріңізге ойша белгілеп алыңыздар).Смайликтерді таңдау.

  1. Тренинг: «Күн шуағын шашамыз»

Өз тілектерімізді жазып күннен жылы шырайлы, жарық сәулелерін шашуға көмектесу. Қатысушыларға жағымды эмоция қалдыру.

  1. «Суретті әңгімелеп бер»

Берілген сурет бойынша әңгіме құрастырамыз.

Мақсаты: баланың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

  1. Құрастырылған әңгіменің ішінен бір кейіпкердің немесе бір заттың бейнесін түрлі –түсті қағаздардан жапсыру.

Сергіту сәті: Қимыл-қозғалыс жаттығулары жасалады

  1. Релакциялық жаттығу (жағымды иіс, жай әуен тыңдалады)

Жүргізуші: Ыңғайлы отырыңыз. Бүгін біз ұшқыш кілемімен саяхатқа аттанамыз. Кілем ауаға көтерілуі үшін босаңсуымыз қажет. Бұл сіздің қолыңыздан келеді. көзімізді жұмамыз. Қолымыздың саусақтары жылынады, қолымыз жылы және ауыр. Жылу аяқ-қолдан жоғарылап, іш, кеуде, арқаға жылжыды. Бетіңіз босаңсыды. Ұшқыш кілем жаймен жоғары көтеріліп келеді. міне, ұшып та кеттіңіз.

... Үлкен көлдің үстімен ұшып барасыз. Шағалалар ұшып жүр. Жағалауда қайықтар тербеліп тұр. Көгілдір аспанда бұлттар жөңкілуде. Бұлттардың кейбіреуі үлпілдек қоянға, біреулері мақтаға, кішкентайлары ақ мысыққа ұқсайды. Кілем ақырындап жерге түсіп келе жатыр. Міне, сіз әдемі бақтың ішіндесіз. Айлана гүлге толы, бәрі сізге басын изеп, сәлем беруде. Сіз бақтағы соқпақ жолмен жүріп, алаңқайға шықтыңыз. Балалар доп ойнап жүр. Сіздің аяғыңызға доп домалап келді. Сіз допты көтеріп, жоғары лақтырасыз, доп жоғары ұшып кетті. Бұл немене?Сіз де ұшып барасыз. Өзіңіз ұшқыш кілемсіз ұштыңыз. Қолыңыз екі жағыңызда құс сияқты ұшып келесіз. Міне, сізге таныс көл көрінеді, шағалалар қанаттарын бұлғап сәлем жолдауда. Қайықта отырған балықшы сізге қол бұлғайды.

Сіз әрі қарай ұшасыз. Қасыңызда үлпілдек мысық сияқты бұлт бірге келеді. Сіз төмен түсе бастадыңыз. Міне орнымызға да келдік. Мысық сізге ілесіп келеді. Жып – жылы мысық сіздің алдыңызда отыр. Оны сипаңыз да қасыңызға отырғызыңыз. Серуен сізге ұнады деп ойлаймын. Енді карточканы алып, торкөздерге серуенде көргендеріңіздің суретін салыңыз.

Неше торкөзге салдыңыз, санаңыз?

Сабақ аяғындағы көңіл-күйлерімізді көрсетеміз.



Краснояр негізгі мектебі






Күйзеліс кезінде психологиялық

тұрғыдан қолдау және сүйемелдеу





































Өткізген: мектеп психологы М.Жарылғасова



Күйзеліс кезінде психологиялық тұрғыдан қолдау және сүйемелдеу.

Оқушылардың өз-өзіне сенімділігін арттыру арқылы күйзелістің алдын-алу.

Психологиялық жаттығулар арқылы топтық және жеке түзету тренингтері арқылы бала бойындағы қоқыныш,күйзеліс,уайымшылдық, агрессияны, күмәншілдік, немқұрайлық, үрейлік т.б. сезімдерді төмендету және игере білуге үйрету.Мысалы: күйзелістің алдын-алу мақсатында оқушылардың өзіне деген сенімін арттыру арқылы, көңіл-күйін көтеру арқылы орындалатын топтық жаттығулар.

«Көршіңді танисыңба?» - жаттығуы.

Мақсаты: оқушылармен танысу, бір-бірі туралы жағымды пікір айту арқылы топты біріктіру, көңіл-күйді көтеру.

Жүргізілу барысы: оқушылар шеңбер бойымен тұрып, әр оқушы оң жағындағы

Оқушының есімі мен оның жағымды жағын айтады. Шеңбер соңындағы оқушы барлық сыныптастарына жағымды сөз айтып, оқушылар бір-бірінің қолын алып амандасады.

«Мен кіммін?» сергіту ойыны

Мақсаты: өз-өзіне деген жағымды қарым-қатынасты дамыту, сенімділік сезімінің көтерілуі.

Жүргізу барысы: топ қатысушылары шеңбер бойы бір-біріне доп лақтырысу арқылы «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап береді. Әрбір сөйлем «Мен», «Мен қызбын», «Мен көңілдімін», «Мен музыканы жақсы көремін» және т.б. сөздермен басталуы қажет. Біз бүгін, әрқайсымыздың жақсы қасиеттеріміздің бар екендігін айтып мақтана аламыз.


«Жарнама» жаттығуы.

Мақсаты: оқушыларды өзін мақтап, жарнамалауға, өз қабілетіне сенуге, өзгелермен коммуникативті қарым-қатынасқа дағдыландыру.

Барысы: әр оқушы өзін барлық қасиеттерін көрсетіп мақтап, жарнамалайды. Жарнаманы тақтаға іліп өзгелер оны бағалайды. Бағаларға қарап жеңімпаздарды анықтаймыз.


«Қошемет» жаттығуы

Мақсаты: оқушылар арасында бір-біріне ілтипат білдіру арқылы жағымды қарым-қатынас қалыптастыру. Өзіне сенімділік деңгейін көтеру.

Барысы: әртіс концерттен кейін өзін қалай сезінетіндігін кім елестете алады? Оқушыларды бір-бірлеп аты-жөнімен ортаға шақырғанда оған барлығы қол соғып қошемет көрсетеді.


«Ақ тілек» жаттығуы.

Мақсаты: балалардың көңіл-күйін жоғарылату, өмірге деген қызығушылығын арттыру.

Барысы: түрлі – түсті шаралардың ішіне түрлі тақырыпта тілектер жазып салынған, оқушылар шараларды таңдап алып, тілектерді оқиды.


«Менің достарым» жаттығуы

Мақсаты: балаға өз достарын еске алу арқылы өмірде жалғыз еместігін сезіндіру.

Барысы:А4 парағына балабақшада, аулада, мектепте, басқа да жерлерде достасқан ұл-қыздардың атын асықпай еске түсіріп жазуды тапсырамыз.

Талдау: өз өміріміздегі барлық достарымыздың қызықты оқиғаларын, естеліктерін айтып беруін өтінеміз.


«Жақсылық бейнесі» жаттығуы

Мақсаты: өз бойындағы жақсы, жаман қасиеттері туралы ойландыру.Іштегі жағымсыз жайттарды сыртқа шығару.

Барысы: қатысушылар өз бойындағы жақсы қасиеттерін түрлі-түсті қағаздардан жасалған гүлдерге жазады да тақтадағы табиғат бейнесін толықтырады. Ал жаман қасиеттерін жапырақтарға жазып, ортада тұрған қоқыс жәшігіне салады.

Талдау:құрметті оқушылар, бүгін сіздер жаман қасиеттеріңізден арылып, жақсы қасиеттеріңізбен табиғатты одан әрі гүлдендірдіңіздер. Өз сезімдеріңізбен бөлісіңіздер.


Күйзелісті басатын тыныс жаттығулары:

1.Денені бос ұстап тұрып, екі аяқ иық тұсында, кеудені тік ұстап барынша терең әрі баяу тыныс аламыз. Одан әрі тыныс алуды жылдам әрі тереңдетеміз. Онға дейін тыныстап, соңғы демімізді іште ұстап жаймен жібереміз.

2. Жарық бөлмеде өзімізге жайлы жерге жұлдыз пішінде, яғни аяқ-қолымызды жан-жаққа созып жатамыз.Көзімізді жұмып, жай ырғақты музыка үнімен бірге демімізді ішке тартып, жаймен музыка ырғағымен сыртқа шығарамыз.Барлық жағымсыз ойларды тоқтатып, тек жағымды музыканың үніне қосылып ыңылдаймыз.

Күйзелісті басатын дене жаттығулары:

  1. Өзіңізге жайлы кең жарық жерде денеңізді төмен қарай иіп еңкейіңіз. Екі қолыңызды ары-бері теңселту арқылы терең тыныс ала отырып жиырмаға дейін санаңыз.

  2. Бір орында тұрып жоғарыға секіріңіз. Өзіңіздің дене салмағыңызды жеңілдетуге тырысып, биігірек секіруге тырысыңыз.

  3. «Аударыспақ» жаттығуы. Балалар екі екіден жұп құрып, теріс қарап тұрып бір-бірінің арқасына тигізіп қолдарын айқастырып ұстап, кезек-кезек бір-бірін көтеріп аударады. Денедегі артық энергияны шығару арқылы іштегі күйзелісті, агрессияны басуға болады. Жаттығу балалар шаршағанға дейін жалғасады. Алдымен қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп кеткен дұрыс.

  4. Жеке қалғанда немесе топпен би арқылы дене агрессиясын шығаруға болады. Ол үшін жағымды ырғақты әуенге қойып барынша билеп ырғаққа қосылу керек. Сөзін білгендер дауыстап айқайлап әннің сөзін айтса да болады.



Арт терапия сабағы

Сиқырлы серуен


















































1 класс оқушылары үшін

Өткізген: М.Жарылғасова


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Арт терапия саба?ы

Автор: Жарыл?асова М?лдір ??байдолла?ызы

Дата: 10.04.2016

Номер свидетельства: 317163


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства