- ыңғайланып отырыңыздар, көздерімізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екеніңізді елестетіңіз. Сіз көл жағасында суда жалаң аяқ жүрсіз. Күннің көзі жер бетін қыздыруда. Сіз гүлдің, шөптің иісін сезесіз. Көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат-анамызды тыңдайық. Көзімізді ақырын ашып, қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және көңіл-күй сыйлаған Табиғат әлеміне «Рахмет» деп айтайық.
Фигура бойынша 4 топқа бөлу. «Психогеометриялық тест». Төртбұрыш, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шеңбер, зиг-заг.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
Сурет салу «Елім деп соғар жүрегім».
4. Дәйексөз.
«Адам – ғалам, ғажайып, жеке дара,
Жан құмары ізденген мәңгі сана.
Өзіңді-өзің танысаң істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана».
Ақжан әл-Машани
5. Мұғалім сыйы. Әңгімелеу.
«Көкжиек». Д.Әбілев
адам ғалам құпиясын ашуға неліктен құштар?
адам өзін қоршаған әлемге ықпал ете ала ма?
«Менің көңіл-күйім» тренингі. Смайликтер арқылы оқушылар өздерін бейнелейді.
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Адам – әлем бөлшегі» тақырыбында жоба қорғау, адам мен әлем байланысын суреттеу, дәлелдеу. «Стикерлі диалог».
Үшбұрыш - көшбасшы, биікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңіске құмар, прагматизм, өз- өзіне сенімді, импульсивті, шешім қабылдағыш.
Тіктөртбұрыш - көңіл- күйі өзгермелі, өз- өзін қадағаламайды, анықталмаған, қозғыш, көп нәрсені білгенді ұнатады, батыл, өзін – өзі төмен бағалайды,өз- өзіне сенімсіз, сенгіш.
Шеңбер – қарым-қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоционалды, сезімтал, сенгіш, тез шешім қабылдай алмайды, бас саясаткер, әңгіме айтқанды ұнатады
Зиг- заг – көңіл-күйі өзгеруге бейім, креативті, білімге ынталы, түйсігі жақсы дамыған, өз идеяларына ұстамды, арманшыл, болашыққа талпынысы жоғары, барлық жаңа өзгерістерге қызығушылығы жоғары.
7. Топпен ән айту.
«Өмір сүр адам деген». Сәт тобы.
8. Үйге тапсырма.
«Біз өмірдің перзентіміз» тақырыбында өлең шығару. Жұмбақ шешімін табу.
Фигураларға тілектерін жазып, «Тілек үйін» құру.
9. Соңғы тыныштық сәті.
- ыңғайланып отырыңыздар. Ауаны еркін жұтып, тыныс алыңдар. Жақсы сөз сөйлейік, жақсы ой ойлайық. Барша әлемді сүйейік!
Рефлексия. «Мен не үйрендім, не қызық болды, сабақ ұнады ма?»
Оқушыларды топқа бөлуде
Дәйексөзді талқылау сәті
«Менің көңіл-күйім» тренингі
Топтық жұмыс: «Адам – әлем бөлшегі» жобасын қорғауда
Анықтама
Қаңтардың 27-сі күні өзін-өзі тану пәнінен «Адам – әлем бөлшегі» тақырыбында 8 «б» сыныбында ашық сабақ өткіздім. Қатысқан оқушы саны-19.
Мақсаты: «Әлем», «Адамзат», «Адам» құндылықтарының мәнін ашу.
Міндеттері:
адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсініктерін кеңейту;
өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, танып-білуге баулу;
сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақ оқушылармен сәлемдесуден, 5Т-ны айтып, сыныпты түгелдеумен басталды. Оқушылар бойындағы мазасыздықты жойып, жақсы көңіл-күй қалыптастыру үшін баяу әуен қойылып «Табиғат үні», тыныштық сәтін ұйымдастырдым. Жаңа тақырыппен таныстырдым.
«Психогеометриялық тест» әдістемесін негізге ала отырып, сыныпты геометриялық фигуралар арқылы 4 топқа бөлдім. Олар: төртбұрыш, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шеңбер. Зиг-заг таңдаған бір оқушы болды,алайда өз еркімен шеңбер тобына қосылды. Тақырыпқа сай топ есімдерін және топ басшысын сайлауға тапсырма бердім.
1-топ: Достар
2-топ: Әсем табиғат
3-топ: Адалдық
4-топ: Жайлау
Үй тапсырмасын топ бойынша тексердім. Әр топ бірінші өз топтарының үй тапсырмасын түгендеп, ішінде жақсы орындалған тапсырманы ортаға алып шығып таныстырды. Бір топ өздері екі жұмысты жақсы деп бағалап та таныстырды.
Үй тапсырмасы бойынша әр топ бір-бірлерін бағалады:
1-топ: Достар 5
2-топ: Әсем табиғат 5
3-топ: Адалдық 5
4-топ: Жайлау 5
Тақырыпқа сай Ақжан әл-Машанидың«Адам – ғалам, ғажайып, жеке дара,
Жан құмары ізденген мәңгі сана.
Өзіңді-өзің танысаң істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана»
дәйексөзін тақтадан барлығына хормен оқытып, талқылауға ұсындым. Әр топ өзара талқылап жатқанда, үй тапсырмасын жеке тексеріп шықтым. Топ басшылары тұжырымдады.
Дәйексөзді қорытындылап, бағаладым:
1-топ: Достар 5 + 5
2-топ: Әсем табиғат 5 + 5
3-топ: Адалдық 5 + 4
4-топ: Жайлау 5 + 4
Мұғалім сыйы. Оқушыларға оқулықты қарап отыруын айтып, өзім оқулықта берілген Д.Әбілевтің «Көкжиек» өлеңін мәнерлеп оқыдым.
Жалпы сыныппен әңгімелеу жүргізілді.
адам ғалам құпиясын ашуға неліктен құштар?
адам өзін қоршаған әлемге ықпал ете ала ма? сұрақтары қойылып, қорытындыладым.
Оқушыларды сергітіп алу мақсатында «Менің көңіл-күйім» тренингін жүргіздім. Смайликтер арқылы оқушылар өздерін бейнеледі.
Шығармашылық жұмыс «Адам – әлем бөлшегі» тақырыбында жоба қорғау тапсырмасы берілді. «Стикерлі диалог» жүргізілді, әр топ стикерге жазып, жұмыстарға баға берді. Спикерлер шығып топ жұмысын қорғады. Әр топ бір-бірлерін бағалады:
1-топ: Достар 5 + 5 + 5
2-топ: Әсем табиғат 5 + 5 + 5
3-топ: Адалдық 5 + 4 + 5
4-топ: Жайлау 5 + 4 + 5
Топқа бөлінген фигуралардың «Психогеометриялық тест» қорытындысын айттым:
Үшбұрыш - көшбасшы, биікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңіске құмар, прагматизм, өз- өзіне сенімді, импульсивті, шешім қабылдағыш.
Тіктөртбұрыш - көңіл- күйі өзгермелі, өз- өзін қадағаламайды, анықталмаған, қозғыш, көп нәрсені білгенді ұнатады, батыл, өзін – өзі төмен бағалайды,өз- өзіне сенімсіз, сенгіш.
Шеңбер – қарым-қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоционалды, сезімтал, сенгіш, тез шешім қабылдай алмайды, бас саясаткер, әңгіме айтқанды ұнатады.
Зиг- заг – көңіл-күйі өзгеруге бейім, креативті, білімге ынталы, түйсігі жақсы дамыған, өз идеяларына ұстамды, арманшыл, болашыққа талпынысы жоғары, барлық жаңа өзгерістерге қызығушылығы жоғары.
Сәт тобының «Өмір сүр адам деген» атты әуенін үнтаспадан қосып тыңдаттым. Тыңдап отырып әр топ фигураларға тілек жазды.
Үйге тапсырма берілді. «Біз өмірдің перзентіміз» тақырыбында өлең шығару. Жұмбақ шешімін табу.
Фигуралардан «Тілек үйін» құрды.
- Ыңғайланып отырыңыздар. Ауаны еркін жұтып, тыныс алыңдар. Жақсы сөз сөйлейік, жақсы ой ойлайық. Барша әлемді сүйейік! деп, соңғы тыныштық сәті ұйымдастырылды.
«Мен не үйрендім, не қызық болды, сабақ ұнады ма?» деген сұрақтардан жауап алдым.