kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Адамгершілік-асыл қасиет"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл тренингтің мақсаты оқушылардың көңіл күйін көтеру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Адамгершілік-асыл қасиет"»

Тренинг

Тақырыбы: «Адамгершілік-асыл қасиет»

(бастауыш сынып оқушыларына арналған)

Міндеті:

  • Топтық құрылым және процестерді дамыту;

  • Сыныпта жағымды топ ішілік ахуалды қолдау;

  • Топтағы психологиялық қысымды алу және жағымды қатынас орнату;

  • Балалар қоғамының бірігуін және ұйымшылдығын дамыту;

  • Әр тәрбиеленушіге жеке қатынас орнату.

Тренингтің жүрісі:

Кіріспе бөлімі:

Қайыр лы күн достар! Сіздер бүгін «Адамгершілік- асыл қасиет» атты тренингке қатысып отырсыңдар. Біздің тренинг сіздерге ұнайды және сендердің көңіл күйлеріңді көтереді деп үміттенеміз! Ал қазір, көңіл – күйлерің қалай? Ендеше, жұмысымызды бастайық.

Қазір сәл бой жазып алайық. Ол «Саяхат» деп аталады. Бұл бой жазуымыздың мақсаты эмоционалды демалу, жағымды ой туғызу , бойымыздағы үрейді алу болып табылады.

Формасы: жүргізушінің кіріспе сөзі.



Процедура: 5 мин.

Көздеріңді жұмыңдар, ыңғайланып отырыңдар, еркін дем алыңыз және көз алдарыңа елестетіңдер. Сіздер көктемнің жадыраған бір күні алма бағында жүрсіздер, алқызыл гүлдердің хош иісіне таңданып, алаң бойымен жайлап келе жатырсыздар. Жіңішке жол бойымен жүріп келе жатып, есікке келдіңіз, оны аштыңыз, хош иісті жасыл алаңға кезіктіңіз. Жер жұп – жұмсақ, жан – жақта құстар үні естіледі, жұмсақ самал жел сенің бетіңді, шашыңды еркелете сипайды.

Алдарыңда көл... Су тап –таза , мөп - мөлдір. Сіз жайлап аралға келе жатырсыз, міне, сарқырамаға жеттіңіз.. Сіз оған кірдіңіз, су ағыны сізді тазалайды, сізге күш, қуат береді. Сарқыраманың асты - үңгір, тып – тыныш, жайлы, сіз онда жалғысыз. Ал енді кейін қайту керек. Ойша манағы жолмен кейін қайтыңыз, алма бағынан шығыңыз, сонда ғана көзіңізді ашыңыз.

Сұрақтар:

  1. Сен көзіңді жұмған кезде, сенің көзіңе не елестеді?

  2. Сен қандай сезімде болдың?

Формасы: аутотренинг 5 мин.

Құралжабдықтар: магнитафон,жәй әуен.







Ойын: «Айтуға тәуекел байла» 8 мин.

Бұл ойнымызда осы себеттегі карточкаларды таңдап алып, аяқталмаған сөйлемнен өзі туралы бір нәрсе айтуы қажет. Сіздердің міндеттеріңіз мағынасына қарай сөйлемді аяқтау . (Бұл ойын балалардың бір – бірін жақсы білуіне көмектеседі.)

  1. Мен ... деп түсінемін.

  2. Қазір мен ... сезінемін.

  3. Бәрінен де мен ...

  4. Менің ең жақсы қасиетім...

  5. Жақсы дос ... ерекшеленеді.

  6. Басқа адамдар мені ...

  7. Мен ... жасай алғым келеді.

  8. Мен ... қол жеткіздім.

  9. Мен ... жек көремін.

  10. Мен көңілсіз боламын...

Формасы: Жаттығу : «Айтуға тәуекел байла»

Қажетті материалдар: тапсырмасы бар карточкілер.



Ойын: «Көршіңе қуаныш сыйла» 5 мин

Рахмет балалар, ал қазір мен сендерге ммына қолымдағы жүрекшелерді таратамын. Ал сендер бұл жүрекшелердің екінші бетіне өздеріңнің жаныңда отырған парталас достарыңа жылы тілектеріңді жазып, оны сыйға тартасыңдар. Ендеше ойнап көрейік пе?

Жарайсыңдар, сендер өте жақсы ойнадыңдар.

Сұрақтар:

  1. Ойын кезінде не сезіндің?

  2. Жақсы сөз айту саған қиын болды ма? Неге?

  3. Сен жақсы сөздерді жиі айтасың ба? Кімге айтасың?

Формасы: ойын «Көршіңе қуаныш сыйла»

Қажетті материалдар: қағаздан қиылған жүрекшелер.

















Хаттама

Тақырыбы: «Адамгершілік - асыл қасиет»

Сыныбы:

Уақыты:

Барлығы:

Қатысқаны:

Қатыспағаны:



Мақсаты:

  • Топтық құрылым және процестерге дамыту ;

  • Сыныпта жағымды топ ішілік ахуалды қолдау ;

  • Топтағы психологиялық қысымды алу және жағымды қатынас орнату ;

  • Балалар қоғамның бірігуінің және ұйымшылдығын дамыту ;

  • Әр тәрбиеленушіге жеке қатынас орнату.

Тренинг қорытындысы:

  1. Процедура, яғни ойша «Саяхат» деп аталады. Оқушыларды ыңғайлатып отырғыздық, өздерін еркін сезіну үшін жай, баяу музыка ойнатып тыныштыұ сәтін өткіздік. угашаоашд алған әсерлерін айтқан кезде біз бала қиялының қаншалықты терең екенін түсіндік. Процедураға бес минут жібердік.

  2. «Айтуға тәуекел байла» ойыны. Бұл ойында оқушыларға аяқталмаған карточка тараттық , оқушылар сөйлемді мағынасына қарай аяқтап жазып берді. Бұл ойын арқылы балалар бір – бірін жақсы тани білді. Ойынға біз 8 минут жібердік. Тапсырмасы бар карточкілер қолдандық.

  3. «Көршіңе қуаныш сыйла» . Бұл ойында балалар орындарында отырып , парталас достарына қағаз бетіне түсіру арқылы жылы тілектерін арнады. Ойын осылай жалғасын тапты, және оқушыларға сұрақ қою арқылы ойыннан алған әсерлерін білдік. Ойынға 15 минут жұмсадық.

  4. Сергіту сәті.

Оқушылардың тренингтен алған әсерлері керемет. Осы тренинг арқылы оқушылар дос боолуды, ешкімді ренжітпеуді үйренді. Барлық оқушылар тренингке белсенді қатысты.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Адамгершілік-асыл қасиет"

Автор: Нугманова Эльмира Едильбаевна

Дата: 20.02.2018

Номер свидетельства: 458700


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства