Р.Кэттелді? ?дістемесі ар?ылы о?ушыларды ж?не де жеке т?л?аларды к?п факторлы зерттеу.Ма?саты мен негізгі б?лімі берілген.
б?л сауалнама жеке т?л?а?а арнал?ан он алты факторды зерттеуге арнал?ан ж?не конституционалды факторлар болып саналатын жеке т?л?а ?асиеттері жайлы к?п а?парат береді.
Б?л сауалнама 187 с?ра?тан т?рады. (8-11 сыныптар аралы?ында). Зерттеуші тіркеу бланкісіне «жо?», «и?», «білмеймін» деген жауап варианттарыны? бірін жазу ?сынылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жеке т?л?аны к?п факторлы зерттеу (Р.Кэттел)»
Тұлғаны зерттеуге бағытталған әдістемелер
Жеке тұлғаны көп факторлы зерттеу (Р.Кэттел)
Мақсаты: бұл сауалнама жеке тұлғаға арналған он алты факторды зерттеуге арналған және конституционалды факторлар болып саналатын жеке тұлға қасиеттері жайлы көп ақпарат береді.
Бұл сауалнама 187 сұрақтан тұрады. (8-11 сыныптар аралығында). Зерттеуші тіркеу бланкісіне «жоқ», «иә», «білмеймін» деген жауап варианттарының бірін жазу ұсынылады.
Нұсқау: сізге бірнеше сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Мұның мақсаты сіздің мінезіңіз, қызығушылықтарыңыз бен склонность анықтауға араналған. Мұнда дұрыс және дұрыс емес деп жауап беретін сұрақтар жоқ. Сұрақтарға әр түрлі зерттелінушілер өз ерекшелігіне байланысты жауап береді. Егерде сіз өзіңіздің әр-түрлі жағдайдағы мінезіңізді сипаттайтын ерекшеліктер жайлы ұсыныстар мен мағлұмат алғыңыз келсе, сұрақтарға нақты және шынайы жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтарға жауап бере отыра сіз берілген үш варианттың біреуін таңдайсыз. Бланкідегі жауап саны сұрақ санына сәйкес келу керек. «а» вариантын таңдай отыра, сол жақ квадратты белгілейсіз, «в» вариантын таңдасаңыз ортаңғы, «с» вариантын таңдасаңыз оң жақтағы квадратты таңдайсыз.
Жауап бере отырып,есте сақтаңыз:
сұрақтар өте қысқа. Сондықтан сұрақ мазмұнына қарай жалпы көз алдыңызға елестетіп, әр-бір кішкене нәрсеге тоқталмаңыз.
ойлануға уақытты көп жібермеңіз. Қандай шынайы жауап ойыңызға келді, солай жауап беріңіз.
бірнеше сұраққа1 минут ішінде жауап беруге тырысыңыз. Сонда сіз 35 минут ішінде тестке жауап беруді аяқтайсыз.
ойда жоқта есіңізге келген, айқын емес жауаптардан қашуға тырысыңыз.
ешқандай сұрақты жібермеңіз. Міндетті түрде барлық сұраққа жауап беру керек.
кейбір сұрақтарды өзіңіздің мінезіңізге байласныстыруға болмайтын жағдайлар кездессе, неғұрлым жуықтау жауптар беруге тырысыңыз. өз жауаптарыңызбен жақсы көрінуге тырыспаңыз. өз ойыңызды еркін түрде көрсетіңіз.
Сауалнама мәтіні.
Мен жаңа оқыған нұсқауды жақсы түсіндім.
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Мен әр-бір сұраққа мүмкіншілігінше шынайы жауап беруге тырысамын.
А)иә
В)сенімді емеспін
С) жоқ
3. Мен кей уақытта ......... орналасқан үйде тұрғанды қалар едім.) қала шетіндегі аймақта
В) осыған ұқсас бір жерде
С) алыстағы орманда жалғыз орналасқан
4.Өз қиыншылықтарымды жеңуге менде жеткілікті күш бар деп санаймын.
А) әрқашан
В) кей-кезде
С) сирек
мен жабайы аңдарды көргенде, тіпті олар мықты торда тұрсада мазасызданамын:
А) дұрыс
В) сенімді емеспін
С) дұрыс емес
Мен басқалар айтқан сындар мен ескертулерге өз-өзімді ұстаймын:
А) иә
В) кей-кезде
С) жоқ
Егер мен өзімнің ойымды дұрыс деп санасам, кейбір адамдарға өте өткір сындар айтамын:
А) ылғи да, үйреншікті
В) анда-санда
С) ешқашан
Маған эстрадалық музыкаға қарағанда, классикалық музыка ұнайды:
А) дұрыс
В) сенімді емеспін
С) дұрыс емес
Егер көрші балалардың төбелесіп жатқанын көрсем, мен:
А) өздері ішінара келісуге мүмкіншілк бере едім
В) сенімді емеспін
С) оларды сөгер едім
Адамдармен қарым-қатынаста мен:
А) сөзге дайындықпен араласамын
В) орташа түрде, осыған ұқсас
С) тыныш қана бір жақта тұрғанды қалаймын.
11. Менің ойымша ең қызықты ........ болу:
А) инженер-құрылысшы
В) сенімді емеспін
С) драматург
Мен көшеде адамдар ұрысысып жатқанда емес, художниктің суретін тамашалауға тоқтар едім:
А) дұрыс
В) сенімді емеспін
С) дұрыс емес
мен мақтанып өздерін жоғары санағандарына қарамай, өзінше болған адамдар мен тіл табыса аламын:
А) иә
В) осыған ұқса, мүмкін
С) жоқ
адамның бет-әлпетіне қарап оның көңілсіз екенін көруге болады:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Егер демалыстар жалғасымды болып және оны әркім орындауға міндетті болса жақсы болар еді:
А) келісемін
В) сенімді емеспін
С) келіспеймін
Мен төмен деңгейдегі, бірақ еңбекақысы тұрақты жұмысқа қарағанда, жоғары деңгейдегі, бірақ еңбекақысы төмен қызметті қалар едім.
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Мен өз сезімдерім туралы айтамын, егер:
А) бұл егер өте қажет болса
В) мүмкін, осыған ұқсас
С) егер мүмкіншілік болса, айтуға болады.
Кей - кездері менде белгісіз себептермен аяқ-асты қорқыныш сезімдері мен қауіптену сезімдері пайда болады:
А) иә
В) мүмкін, осыған ұқсас
С) жоқ
Егер мені кінасыз нәрсеге жазықсыз сынаса, мен:
А) өзіндік кіна сезімін сезінбеймін
В) осыған ұқсас
С) сонда да өзімді кіналы сезінемін.
Ақшаға барлығын сатып алуға болады:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Менің шешімім негізінде .... байланысты:
А) жүрекпен
В) жүрек пен ақыл-ой бірдей деңгейде
С) ойым
Егер адамдар бір-біріне көбірек сенім артатын болса, олар неғұрлым бақыттырақ болар еді:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Кей кездері мен айнаға қарағанда оң жақпен, сол жақты айыру маған қиынға түседі:
А) дұрыс
В) сенімді емеспін
С) дұрыс емес
Сөйлесу үстінде мен қалаймын:
А) мен өз басыма келген ойларды бірден барлығын айтуға талпынамын.
В) осыған ұқсас, мүмкін
С) алдымен өз ойларымды реттеп аламын.
Егер мен бір нәрсе қатты ренжісемін, одан кейін мен өз-өзіме тез келемін:
А) иә
В) осыған ұқсас
С)жоқ
жұмыс уақыты мен еңбекақысы бірдей болатын болса, онда ....... болып жұмыс істеген қызықты болар еді:
А) шебер немесе аспазшы
В) сенімді емеспін
С) жақсы бір дәмханада офицант
Қоғамдық жауапты адамдар қатарына мені таңдады:
А) өте сирек
В) кей-кездері
С) өте көп рет
Күрек күреу деген мағынаға жататын болса, пышақ ...... деген мағынаны береді:
А) жүзді
В) кесу
С) көрсету
29. Кей кездерде менің ойымнан бір ой шықпай қоятын болса, маған ұйықтау ауыр тиеді:
А) дұрыс
В) сенімді емеспін
С) дұрыс емес
30.Өз өмірімде мен әрқашан алдыма қойған мақсатқа жетемін:
А) дұрыс
В) сенімді емеспін
С) дұрыс емес
Ескі заңдарды алып тастау керек:
А) терең негізгі талқылаудан кейін
В) сенімді емеспін
С) тезірек алу керек.
Егер маған өте тез қимылды қажет ететін жұмысты орындау керек болса, және менің нәтижеме адамдар өмірі тәуелді болса, мен өзімді-өзім жаман сезінемін:
А) дұрыс
В) осыған ұқсас,мүмкін
С) дұрыс емес
Менің көптеген таныстарым мені қызықты, әңгімешіл деп санайды:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Епсіз, ебедейсіз адамдарды көргенде, мен:
А) олар қалай болса, мен солай қабылдаймын
В) осыған ұқсас, мүмкін
С) оларға жиіркене қараймын
Егер маған аяқ астынан бір топ адам зейін аударып қалса, мен өзімді бір түрлі сезінемін:
А) иә
В) мүмкін
С)жоқ
Маған бір топ адамдар кешінде, қонақта, биде болу өте ұнайды:
А) иә
В) мүмкін
С) жоқ
Мектепте мен ..... қалаймын:
А) ән айту және музыкамен айналысқанды
В) мүмкін, осыған ұқсас
С) бір нәрсені құйып жасау немесе шеберханада жұмыс істегенді
Егер мені бір жерге басшы ретінде тағайындаса, мен өзімнің шығарған бұйрықтарымның орындалғанын қалаймын, әйтпесе мен бұл жұмыстан бас тартамын:
А) иә
В) кей-кезде
С) жоқ
Ата-аналардың ..... маңызды:
А) балаларға өз сезімдерін дамытуға көмектесуі
В) осыған ұқсас
С) балаларға өз сезімдерін ұстауға үйретулері
Мен топтық іс-әрекетке қатыса отырып, .............. қалар едім:
А) жұмыты ұйымдастыруды жақсартуға талпынуды
В) осыған ұқсас
С) ережелердің дұрыс сақталуы мен нәтижелерді қадағалауды
Уақыт өте келе менің қызықты физикалық қызметке деген қажеттілігім шыға бастайды:
А) иә
В) мүмкін
С) жоқ
42.Мен дөрекі және қарсы келуге даяр тұратын адамдарға қарағанда, қарапайым, сыпайы адамдармен қарым-қатынас жасауды қалаймын:
А) иә
В) мүмкін
С) жоқ
Егер маған бір топ адамдар көзінше сын айтатын болса, мен өзімді унижать еткендей сезінемін:
А) дұрыс
В) мүмкін
С) дұрыс емес
Егер мені басқарма шақырса, онда мен:
А) жағдайды пайдаланып, маған қажетті нәрсені сұрауға тырысамын
В) осыған ұқсас, мүмкін
С) менің жұмысыммен байланысты қандайда бір жаман нәрсе деп қорқамын
Қазіргі уақытта талап етіледі:
А) қарапайым, салмақты, іскер адамдар
В) сенімді емеспін
С) керемет болашақты жоспарлайтын идеалистер
Бір шығарманы оқу барысында мен автордың қай жердегі ойды маған сендіргісі келгенін байқап қоямын:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Кішкентай кезімде мен бірқатар спорттық жарыстарға қатысқанмын:
А) кей-кездері
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Мен әрқашан өз комнатамда тәртіп сақтаймын, заттарым өз орындарында жиюлы тұрады:
А) иә
В) осыған ұқсас
С)жоқ
49.Егер мен күні бойғы өткен жағдайларды есіме алатын болсам, менде мазасыздық пен қысым сезімі пайда болады:
А) иә
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Кей кездері менде, мен араласатын адамдар шынымен-ақ менің айтқандарыма қызығушылықпен қарайтынына күманданатын сезімдер болады:
А) иә
В) сенімді емеспін
С)жоқ
Егер маған таңдау керек болса, онда мен....... болар едім:
А) орманшы
В) сенімді емеспін
С) орта мектептің мұғалімі болар едім
Мейрамдар мен туған күндерде мен:
А) сыйлық бергенді ұнатамын
В) анық ештеме айта алмаймын
С) сыйлық берген жағымсыз жағдай деп есептеймін
«Шаршаған» адамның жұмысқа қарым-қатынасы, «өркөкірек» адамның жұмысқа қарым-қатынасындай болады:
А) «күлу»
В) «сәттілік»
С) «бақыттылық»
Төмендегі заттардың қайсысы негізі жағынан қалған екеуінен ерекшеленеді:
А) шырақ
В) ай
С) электр жарығы
Мені достарым...... сатып кетті:
А) өте сирек
В) кей-кезде
С) өте жиі
Мені басқа адамдардан жоғары деңгейде көрсететін, қасиетім бар:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Егер менің көңіл-күйім жоқ болатын болса, мен оны ешкімге сездірмеуге тырысамын:
А) дұрыс
В) осыған ұқсас
С) дұрыс емес
Мен ойын сауық, көңіл көтеретін шараларға баруға бейіммін:
А) аптасына бір реттен де көбірек
В) аптасына бір рет
С) аптасына бір реттен де аз
Менің ойымша мінез-құлық, жүріс-тұрыстағы ережелерге деген сыйламдылық пен манераларға қарағанда, тәуелсіз, біреудің айтуынсыз жүру мүмкіншілігі маңызды:
А) дұрыс
В) сенімді емеспін
С) дұрыс емес
Мен жасы үлкен, тәжірибесібар, құзіреттілігі жоғары адамдар отыратын болса, көп сөйлемеймін:
А) иә
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Маған үлкен топ алдында сөйлеу қиынға соғады:
А) иә
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Егер мен таныс емес жерде қалатын болсам, мен өзіме жақсы бағдар жасай аламын (маған батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстіктің қайда екенін айту оңай)
А) иә
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Егер маған біреу ренжитін болса, онда мен:
А) оны сабырландыруға тырысамын
В) осыған ұқсас
С) абыржимын, ашуланамын
Егер мен әділетсіздікпен кездесетін болсам, мен оған әсер етуден қарағанда, ұмытуды жөн деп санаймын:
А) дұрыс
В) сенімді емеспін
С) дұрыс емес
Менің есімде жансыз, тривиалды заттар, мысалы, дүкен, көшелердің атары жиі ұмытылады:
А) иә
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Маған жануарлар операциясы мен оларды емдеу, жалпы ветеринар өмірі ұнар еді:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Мен басқа адамдар сияқты асты әрқашан ұқыпты, дәмін келтіріп ішпеймін:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) дұрыс емес
Менде кей-кездері ешкімді көргім келмейтін көңіл-күй болатын кездер болады:
А) өте сирек
В) осыған ұқсас
С) өте жиі
Кей-кездері мені дауысыңда және манераңда қозушылық бар деп ескертіп жатады:
А) иә
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Бала кезімде, егер мен ата-аналарыммен өз ойымды айтып келіспей жатсам, мен:
А) мен өз ойымды қалдырамын
В) осыған ұқсас
С) олардың дәрежесіне байланысты келісіп жатамын
Мен басқалармен бірлескен жұмысқа қарағанда, мен өздік жұмыспен айналысқанды жақсы көремін:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Маған аты шулы сәттілік пен атақ-дәрежеге қарағанда, өз жаныма жақын қарапайым, садмақты өмір неғұрлым көбірек үнайды:
А) дұрыс
В) сенімді емеспін
С) дұрыс емес
Көп жағдайларда мен өзімді ер жеткен адам ретінде сезінемін:
А) дұрыс
В) сенімді емеспін
С) дұрыс емес
Кей-бір адамдардың маған айтатын ескертулері маған көмек болудың орнына, көңіл-күйімді түсіреді:
А) жиі
В) кей-кездері
С) ешқашан
Мен өз сезімдерімнің көрінуін басқаруға қабілеттімін:
А) иә
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Мен қолайлы бір зат жасап шығаруды бастамас бұрын, мен............. қалаймын:
А) оны лабараторияда өңдегенді
В) осыған ұқсас
С) оның практикалық ұйымдастырылуымен айналысар едім
Таң қалушылық біртүрліге жататындай, қорқыныш та ............ жатады:
С) қиыншылықтар қай кезде шықса да, мен олармен жұмыс жасай аламын деп есептеймін
Әр-түрлі қоғамдық іс шараларда маған басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу оңай:
А) дұрыс
В) сенімді емеспін
С) дұрыс емес
Егер бір адамдарды бір қызмет жасауға көндіруге дипломатия мен іскерлік керек болса, әдетте менің көмегімді сұрайды:
А) дұрыс
В) сенімді емеспін
С) дұрыс емес
Маған қызықты:
А) жастарға мандық таңдауға көмек беретін консультант болу
В) осыған ұқсас
С) техникалық мекеменің бастығы болу
Егер бір адам өзін әділетсіз және дөрекі ұстаса, бұл қандай жамандыққа әкелсе де мен оның бетіне барлығын айтып тастағанды жөн көремін:
А) иә
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Кей-кездері мен қалжың үшін жоқ сөздерді, адамдарды тексеру үшін, олар маған не айтар екен деп айтамын
А) иә
В) сенімді емспін
С) жоқ
Маған драма, театр, концерт аймақтарындағы баспа сыншылы болған ұнайды:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Менде жиналыстарда отырған кезде ешқашан қаламмен бір сурет салу немесе бір нәрсені қозғалтып ойнау деген болмайды:
А) дұрыс
В) сенімді емеспін
С) дұрыс емес
Егер маған біреу дұрыс емес нәрсе айтып тұрған болса, мен ол туралы шұғыл түрде былай ойлар едім:
А) «ол-өтірікші»
В) «сенімді емеспін»
С) «менімше ол бұл мәселе туралы дұрыс ақпараттанбаған»
Мен ешқандай жаман нәрсе істемесем дағы, мені бір жаза тосып тұрғандай сезінемін:
А) өте жиі
В) кей-кездері
С) ешқашан
Аурудың барлығы психикалық факторлар, және сонымен қатар физикалық факторлардың әсерінен болады деген тұжырым тым күшті көтерідіп айтылған;
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Әр-түрлі дәстүрлі ырым-жырымдар, салтанаттардың ұлылығын сақтап, қадір тұтуымыз керек:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Мен үшін басқа адамдардың «іс-әрекеті бір түрлі» деген мен туралы ойлары мазасыздандырады:
А) өте қатты
В) көп емес
С) мүлдем ол туралы ойламаймын
Мен қандайды бір істі орындап бастағанда, мен ......... жұмыс жасағанды қалар едім:
А) топ құрамында
В) сенімді емеспін
С) басқалардан тыс, тек өзім жұмыс жасағанды
Мен кей-кездері өзіме деген аяныш сезімінен арылу өте қиынға соғатын уақыттар болады:
А) өте жиі
В) кей-кездері
С) ешқашан
Менің басқа адамдарға жылдам ренжуім жиі болады:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
125.Өзімнің ескі әдеттерімді тастап, оларға қайта оралмау-мен үшін ешқандай қиындық тудармайды:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Егер берілетін еңбекақылар бірдей болатын болса, онда мен .......... қалар едім:
А) адвокат болғанды
В) сенімді емеспін
С) ұшқыш немесе бір кеменің капитаны
Жақсылық қалай жамандыққа жақын болса, мағынасы жағынан «баяу» ...... сөзіне жақын болады:
А) тез
В) өте жақсы
С) сондай жылдам
Төменде келтірілген қосылмдардың қайсысы мына бір әріптік тізбекті жалғастыра алады: РООООРРОООРРР.......
А) ОРРР
В) ООРР
С) РОООО
Егер мен жоспарлаған, мен үміттенген жұмыстарды іске асыратын уақыт келетін болса, менің оны орындауға ниетімнің жоғалғанын байқаймын:
А) дұрыс
В) осыған ұқсас
С) дұрыс емес
Мен ешқандай шуға зейінімді аудармай жұмысымды жалғастыра бере аламын:
А) иә
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Мен басқа адамдарға олар менен сұрамаса да , мен үшін маңызды нәрселерді айта беремін:
А) иә
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Мен бос уақытымның көп мөлшерін достарыммен өткен қызықтарды еске алумен өткіземін:
А) иә
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Мен қалжың, күлкі, көңілділік үшін неше түрлі қауіпті, батылдықты талап ететін іс-әрекеттер жасауға барамын:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Жиналмай жатқан бөлме маған жаман әсер етеді:
А) иә
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Мен өзімді қарым-қатынасқа жақсы, ашық адаммын деп санаймын:
А) иә
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Қарым-қатынаста мен:
А) өз сезімдерімді еркін көрсетемін
В) осыған ұқсас
С) өз уайым қайғыларымды іште сақтаймын
Мен ........ музыканы жақсы көремін:
А) өте жеңіл, әсерлі
В) осыған ұқсас
С) сезімтал
Жақсы жаслған қарудың әдемілігіе қарағанда, мені поэма әдемілігі сүйсіндіреді:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Егер менің сәтсіз айтылған ескертуім, көпшілікпен ескерілмей қалса, мен:
А) бұл жағдаймен келісемін
В) осыған ұқсас
С) оны тағы бір естуге басқа дамдарға мүмкіншлік беремін
Маған фотокорреспондент болып жұмыс жасған ұнар еді:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Басқа бөгде адамдармен қарым-қатынаста қауіптену керек, өйткені олардан бір нәрсе жұқтыруымыз мүмкін:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Өз елімізден тыс саяхатқа шыққанда мен өз маршрутыммен жүргенді емес, экскурсовод басшылығымен жүргенді қалар едім:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Мені еңбекқор, қайсар, бірақ сәтсіздікке көп ұшырайды деп санау әділетті деп ойлаймын:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Мені ңжақсы қарым-қатынасымды басқалар өз қызығушылқтарына пайдаланып жатас мен оған ренжімеймін, және одан кейін ұмытып та кетемін:
А) дұрыс
В) осыған ұқсас
С) дұрыс емес
Егер қандай да бір сұрақ төңірегінде қатысушылардың арасында жанжалдар туып жатса, мен .......... қалар едім:
А) кім жеңеді, соны көргенді
В) осыған ұқсас
С) бұл жанжал екі жақтың бір ортақ ойға келуімен аяқталуын
Мен ешкімнің көмегінсіз жұмысымның барлығын өзім жоспарлағанды қалар едім:
А) иә
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Кей-кездері қызғаныш сезімі менің іс-әрекетіме қатты әсер етеді:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Мен бастықтың әрқашан дұрыс бола бермейтінін білемін, бірақ сонда да оның бастық болуға құқығы барына сенемін:
А) иә
В сенімді емеспін
С) жоқ
Егер мен алдымдағы істелетін нәрселер туралы ойласам, менде қандайда бір қысымдық туады:
А) иә
В) кей-кездері
С) жоқ
Ойын барысында көрермендер маған айғайлайтын болса, мен оларға көп мән бермеймін:
А) дұрыс
В) осыған ұқсас
С) дұрыс емес
Маған ............ болған қызықты:
А) художник
В) сенімді емеспін
С) мәдени шараларды ұйымдастырушы
Төмендегі бір сөздің қайсысы қалған екеуіне мағынасы бойынша жатпайды:
А) әрқайсысы (любые)
В) тек біреулері ғана (некоторые)
С) барлығы (большинство)
«Алау» сөзі «ыстық» сөзіне қалай жақын болса, «роза» сөзі де ..... сөзіне мағынасы жағынан жақын:
А) шип
В) әдемі жапырақшалар
С) аромат
Маған ұйықтауға кедергі болатын анық түстер көретін кездер болады:
А) өте жиі
В) кей-кездері
С) ешқашан болып көрген емес
Егер қандай да бір сәттілікке жетуге бірқатар маңызды кедергілер тұратын болса, мен сонда да талаптанып көремін:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Егер мен бір қандай да бір жұмысты бастағалы жатқан адамдар тобының арасында қалатын болсам, мен қаелайда солардың басшысы болып қалатын кездер болады:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Маған бірден көзге түсетін, дараландырып тұратын киімге қарағанда, қарапайым киіммен салмақты болып жүрген ұнайды:
А)дұрыс
В) сенімді емеспін
С) дұрыс емес
Маған шулы топтың арасында кештерді өткізгенге қарағанда, тыныш ғана өзімнің сүйікті ісіммен айналысқан ұнайды:
А) дұрыс
В) сенімді емеспін
С) дұрыс емес
159. Қандай қажет болар деп ойлағанмен, мен басқалардың айтқан ақыл кеңестеріне зейін аудармаймын:
А) кей-кездері
В) мүмкін ешқашан
С) ешқашан
Мен өзімнің жүріс-тұрыс, мінез-құлқымда жалпыға белгілі ережелерді ұстанғанды жөн көремін:
А) иә
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Мен жұмыс істеп жатқанда қарап тұрғанды ұнатпаймын:
А) иә
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Кей-кездері өз дәлел тұжырымдарыммен нәтижеге жетпей жатсам, күш көрсетуге тура келеді:
А) дұрыс
В) осыған ұқсас
С) дұрыс емес
Мен мектепте ........... қалаймын:
А) орыс тілі және әдебиеті
В) снімді емеспін
С) математика және арифметика
Маған кей-кездері ешқандай себепсіз, көзіме қарап айтқан жағымсыз сөздер, өте қатты мазасыздандырады:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Жалпы қабылданған ережелер мен дәстүрлерге сүйене отырып қарапайым адамдар арасындағы айтылатын әңгімелер:
А) өте жиі мазмұнды және қызықты болып келеді
В) осыған ұқсас
С) олар әр-бір ұсақ-түйекке тоқталатындықтан мені көп қызықтырмайды
Кей бір заттар мені соншалықты ашуландырады, тіпті мен ол тақырыптар жайлы айтқым келмейді:
А) иә
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Тәрбиелеуде маңыздысы:
А) балаға жеткілікті махаббатпен қару
В) осыған ұқсас
С) өмірге деген көзқарасында, қарым-қатынасында бірқатар маңызды дағдыларғүйрету
Мені басқа адамдар тағдырдың ешқандай соққысына мойымайтын салмақты, қарапайым адам деп санайды:
А) иә
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Менің ойымша қоғам ескіден қалған дәстүрлер мен дағыдыларды тастап, ақылдылықпен басшылық жасау керек:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Менің ойымша қазіргі өмірде .............. сұрақтарды шешкен маңызды:
А) адамгершілікке байланысты сұрақтар
В) сенімді емеспін
С) әлемдегі елдер арасындағы қақтығыстар
Мен материалды жақсы меңгеремін:
А) жақсы жазылған кітапты оқи отырып
В)осыған ұқсас
С) сұрақтарды талқылауға қатыса отырып
Мен жазылған, айтылатын ережелер бойынша емес, өз жолыммен жүргенді қалаймын:
А)дұрыс
В)сенімді емеспін
С)дұрыс емес
Мен қандай да бір аргумент айтпас бұрын, өзімдікі дұрыс па жоқ па тексеріп алғанды ұнатамын:
А) әрқашан
В) әдетте
С) егер бұл мақсат бағдарланған болса
Ешқандай мәнділігі жоқ болса да кей-бір ұсақ түйектер менің жуйке-жүйемді қоздырады:
А) иә
В) осыған ұқсас
С)жоқ
Кей бір жағдайлар әсерімен мен артынан өкінетін нәрселерді айтып қоямын:
А) дұрыс емес
В) сенімді емеспін
С) дұрыс
Егер менің басшылық іс-әрекетке қатысуымды сұраса, онда мен:
А) келісер едім
В) сенімді емеспін
С) менің қолым бос емес деп сыпайы түрде бас тартар едім
Төмендегі бір сөздің қайсысы қалған екеуіне жатпайды:
А) кең
В) зигзаобразный
С) тура
«Жуық арада» сөзі «ешқашан» сөзіне қалай мағынасы жағынан жақын болса, «жақын» сөзі де ........ сөзіне жақын:
А) ешқайда жоқ
В) алыс
С) бір жерде
Егер мен қоғам ортасында жүріп қандай да бір ережелерді бұзсам, мен ол туралы тез ұмытып кетемін:
А) иә
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Мені басқа адамдар қандай да бір мәселені шешу барысында әдетте басына бірінші идея келетін адам деп санайды:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Мен өзімді-өзім көрсете алуға қабілеттімін:
А) өз-өзіңді ұстайтын қиын жағдайларда
В) сенімді емеспін
С) басқа дамдармен тіл табысу керек болатын болса
Мені энтузиазмы жоғары адам деп санайды:
А) иә
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Маған қандай қауіпті болса да, әр-түрлі өзгерістерді, ерекшеліктерді талап ететін жұмыс ұнайды:
А) иә
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Мен сондай талап қоюшы адаммын және барлығы дұрыс орындалғанын қадағалаймын:
А) дұрыс
В) осыған ұқсас
С) дұрыс емес
Маған әділетті қарым-қатынасты, нақты дағдылар мен білімді талап ететін жұмыс ұнайды:
А) иә
В) осыған ұқсас
С) жоқ
Мен әрқашан бос болмайтын энергиялы адамдартипіне жатамын:
А) иә
В) сенімді емеспін
С) жоқ
Мен ешқандай сұрақ жібермей барлығына дұрыс жауап бергеніме сенімдімін:
Бұл әдістеме алғаш 1973 жылы И. М. Сеченов атындағы Мәскеулік медицина институтында В. А. Доскин, Н. А. Лаврентьев, В. Б. Шарай және М. П. Мирошников ғалымдарымен өңделіп, ұсынылған. Ғалымдар үш негізгі психоэмоционалды қалып, яғни өзін сезінуі, белсенділік, көңіл-күй әдістемесін өңдеуде қарама-қарсылық бағамен сипаттады. Алайда алынған мәліметтер, яғни өзін сезінуі, белсенділік, көңіл-күй жалпылама мінездеме болып табылады.
Бұл әдәстеменің конструкторлы валидтілігі: дене температура, динамика, хронорефлексометрия көрсеткішін көрсетті және 300 студенттерді таңдап жүргізіліп, стандартизацияланған. Индивидуалды ерекшеліктерін көрсетуде, психофизиологиялық қызметте биологиялық ритмі мен психоэмоционалды реакциясын бағалауда кең қолданылады.
Әдістеме мақсаты: өзін сезінуі, белсенділігін, көңіл-күйін оперативті бағалау.
Әдістеменің мәні зерттелінушіге көпдеңгейлі шкала бойынша өз жағдайын белгілеу және бұл шкала 3210123 индексінен тұрады. Бұл индекстер 30 жұп сөздер мен қарама-қарсы 30 сөздерінің ортасында орналасқан. Белсенділік, жылдамдылық, қозғалу қызметі; күш қуат, денсаулық өзін сезінуі; ал көңіл-күй эмоцианалды қалыпты сипаттайды.
Әдістеме нұсқауы зерттелінуші қазіргі жағдайдағы қалпын кесте бойынша 30 белгілі арқылы бейнелейді. Тек қазіргі жағдайдағы қалыпқа сәйкес келетін, қарама-қарсы 30 жұптан тұратын белгілерден таңдап белгілейді. Деңгейіне байланысты көрінетін сандарды таңбалау керек.
Өзін сезінуі, белсенділігі, көңіл-күйі
1
Өзін-өзі сезінуі жақсы
3 2 1 0 1 2 3
Өзін-өзі сезінуі нашар
2
Өзімді күшті сезінемін
3 2 1 0 1 2 3
Өзімді әлсіз сезінемін
3
Селқос
3 2 1 0 1 2 3
Белсенді
4
Аз қозғалғыштық
3 2 1 0 1 2 3
Қозғалғыштық
5
Көңілді
3 2 1 0 1 2 3
Көңілсіз
6
Көңіл-күйі жақсы
3 2 1 0 1 2 3
Көңіл-күйі төмен
7
Жұмысқа қабілетті
3 2 1 0 1 2 3
Жұмысқа қабілетсіз
8
Қуатты
3 2 1 0 1 2 3
Әлсіреу
9
Баяу
3 2 1 0 1 2 3
Жылдам
10
Салбыраңқы
3 2 1 0 1 2 3
Қайратты
11
Бақытты
3 2 1 0 1 2 3
Бақытсыз
12
Өмірге риза
3 2 1 0 1 2 3
Өмірге түңілу
13
Кернеу
3 2 1 0 1 2 3
Серігу
14
Дені сау
3 2 1 0 1 2 3
Аурушаң
15
Қызықпуашылық
3 2 1 0 1 2 3
Қызығушылық
16
Немқұрайлық
3 2 1 0 1 2 3
Абыржу
17
Қуаныш
3 2 1 0 1 2 3
Мұңды
18
Мәз-мейрам
3 2 1 0 1 2 3
Уайым
19
Демалу
3 2 1 0 1 2 3
Шаршаған
20
Жаңа
3 2 1 0 1 2 3
Ескі
21
Ұйқылы
3 2 1 0 1 2 3
Қозулы
22
Демалуға ықыласы
3 2 1 0 1 2 3
Жұмысқа ықыласы
23
Байсалды
3 2 1 0 1 2 3
Күйгелек
24
Оптимист
3 2 1 0 1 2 3
Пессимист
25
Төзімділік
3 2 1 0 1 2 3
Қажу
26
Тың
3 2 1 0 1 2 3
Босаң
27
Ойлауы төмен
3 2 1 0 1 2 3
Ойлау жоғары
28
Алаңғасар
3 2 1 0 1 2 3
Зейінділік
29
Үміті мол
3 2 1 0 1 2 3
Көңілі қалу
30
Көңілі толы
3 2 1 0 1 2 3
Көңілі толмау
Мәліметтерді өңдеуде, негативті жауаптарды есептегенде 1 балдан, позитивті жауаптарды есептегенде 7 балдан бағалайды. Алайда, шкала полюстары үнемі өзгеріп отырады, бірақ жағымды жақтары әрқашан жоғары балл, ал жағымсыз жақтары төмен балл жинайды. Алған балдар үш категориядағы кілтпен сәйкесінше топтастырылады да, әрбіреуі бөлек-бөлек есептелінеді.
Өзін сезінуі: 1, 2, 7, 8, 13, 14, 19, 20, 25, 26
Белсенділік: 3, 4, 9, 10, 15, 16, 21, 22, 27, 28
Көңіл-күй: 5, 6, 11, 12, 17, 18, 23, 24, 29, 30
Алынған нәтиже әрбір категория бойынша 10-ға бөлінеді. Орта балл 4-ке тең. 4-тен жоғары баға зерттеушілердің сәтті жағдайына, ал 4-тен төмен болғанда керісінше сипатталынады. Орта баға 5,0-5,5 балл диапазонында болады.
«Тұлғаның жабығу сәтіндегі өз мінез-құлқына
баға беру» әдістемесі
Нұсқау: Сұраққа жауап бергенде он жақтағы сандардан өзіңіздің қалыпты жағдайыңызға сай келетін цифрларды дөңгелектен сызып қойыңыз.
Сұрақнама
1. Мен болашағымның жарқындығына сенуге бейіммін 1,2,3,4.
2. Кейінгі кезде көп нәрсе менің ашуыма тие береді. 1,2,3,4.
3. Аз ғана жұмыстың өзі мені шаршатады. 1,2,3,4.
4. Мен кезекті проблемалардың шешімін тез табамын. 1,2,3,4.
5. Кейде бір түсініп болмас мазасыздықтан өзіме орын таппай кетемін
1,2,3,4
6. Егер мен өлсем, менің өлімім айналамдағыларға тек жеңілдік әкеледі. 1,2,3,4
7. Мен жақындарыма қажет екеніме сенімдімін. 1,2,3,4.
8. Менің зеректігім мүлт кетпейді. 1,2,3,4.
9. Маған өткен қуаныштың өзі ұнайды. 1,2,3,4.
10. Кейде тез жылай саламын.1,2,3,4.
11. .Ішім ауырады. 1.2,3,4
12. Менің тағдырым өзімді толық қанағаттандырады. 1,2,3,4.
ІЗ.Тәбетім тайып көрген емес. 1,2,3,4
13.Жабығатын кездерім жиі болады. 1,2,3,4.
15.Тек қана таңертең (кешке) көңіл-күйім дұрыс болады. 1,2,3,4.
Іб.Мемде ұйқысыздық жиі болады. 1,2,3,4.
17.Соңғы уақытта жүдеп барамын. 1,2,3,4.
18.Өзім жақсы білетін дүние тез үйлесімін табады. 1,2,3,4.
19.Маған әдемі бейтаныс қыздардың (жігіттердің) суретін қарастыру
46- ұпайдан жоғары болса - жабығу белгілері бар, қатты мазасыздық
бар.
31-45 ұпай - орташа мазасыздану.
20-30 ұпай - жабығу белгілері мүлде жоқ, аздаған ғана мазалану бар.
Ч.Д. Спилберг және Ю.Л. Ханиннің «Реактивті және тұлға мазасыздық деңгейін анықтау» әдістімесі
Бұл тест сол сәттегі мазасыздық деңгейі (реактивті мазасыздық көңіл күй ретінде) мен тұлғалық мазасыздықты (тұрақты сипат ретінде) бағалаудың сенімді ақпараттық тәсілі болып саналады. Тұлғалық мазасыздық көптеген жағдайларда қауіп ретінде қабылдап, себепсіз мазасызданады. Реактивті мазасыздық қысылу, тынышсыздану, күйгелектеумен сипатталады. Реактивті мазасыздықтың жоғарғы деңгейі зейін мен сезімнің үйлесімін бұзады. Мазасыздықтың өте жоғары деңгейі невротикалық жанжалдың туындауына, эмоциалық немесе невротикалық, психосоматикалық аурулардың қозуына соқтырады.
Дегенмен, мазасыздық барлық уақытта жағымсыз сипатта болмайды. Мазасыздықтың белгілі бір деңгейі белсенді адамның табиғи, өзіне тән мінез ерекшелігі де. Сонымен қатар «пайдалы мазасыздықтың» оптималды жеке деңгейі де болады.
Мақсаты: сол кездегі (реактивті мазасыздық) мазасыздық деңгейін зерттеу және (тұлға мазасыздығы) мазасыздықтың деңгейін анықтау. Тест 16 жастан жоғарыларға пайдаланылады.
Зерттеу тәртібі: эксперимент жүргізуші әдістеме мәтінін оқиды және алдын ала толтырылған парақты сыналушыға береді. Тест 2 мәжеден тұрады: әрқайсысында реактивті және жеке мазасыздықты жеке-жеке бағалаған 20 құптама болады.
Сыналушылар сұрақтың бірінші бөліміндегі (№№1-20) нұсқадағы 4 жауаптың біреуін таңдайды:
жоқ;
болмауы мүмкін;
болуы мүмкін;
иә.
Құптама номірінің қарсысына таңдаған жауап нөмірін жазады.
Екінші бөлім (№№ 21-40) нұсқасындағы жауаптар басқаша:
ешқашан,
кей кезде;
жиі;
әрқашан.
Нұсқау: сіздерге мынадай (1-20) құптамалар берілген. Әрқайсысын мұқият оқып, қалған жауаптарыңызды көрсетіңіздер. Құптама нөмірінің қарсысына таңдаған жауаптың нөмірін жазыңыз:
жоқ;
болмауы мүмкін;
болуы мүмкін;
иә.
Келесі 20 құптама (№№21-40) жауаптары басқаша:
ешқашан,
кей кезде;
жиі;
әрқашан.
Сіз таңдаған жауабыңыздық нөмірін көрсетіңіз.
ҚҰПТАМА
Жауап түрлері
Жоқ
Болмауы мүмкін
Болуы мүмкін
Иә
1 Мен салмақтымын
2. Маған ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ
3. Мен қысылып отырмын
4. мен өкінемін
5. Мен өзімді еркін сезінемін
6. Мен қапалымын
7. Мені кездесер сәтсәздәк қобалжытады
8. Мен демалғандай сезінемін
9. Мен мазасызбын
10. Мен ішкі қанағаттануды сезінемін
11. Мен өзіме сенімдімін
12, Мен ашуланып отырмын
13. Мен өзімді қоярға жер таппаймын
14. Мен күйгелекпін
15. Мен ыңғайсыздықты қысылуды сезінбеймін
16. Мен ризамын
17. Мен уайымшылмын
18. Қатты толқығандықтан өзімді ыңғайсыз сезініп отырмын
19. Мен қуаныштымын
20. Мен жақсы сезімдемін
ІІ бөлім сауалнама мәтіні
ҚҰПТАМА
Жауап түрлері
Ешқашан
Кейкезде
Жиі
әрқашан
21. Мен қанағаттанамын
22. Мен тез шаршаймын
23. Мен жылап қалуым мүмкін
24. Менде басқалар сияқты бақытты болғым келеді
25. Мен кейде тез шешім қабылдамағандығымнан жеңіліп қаламын
26. Әдетте мен өзімді сергек сезінемін
27. Мен салмақтымын, салқын қандымын, жинақымын.
28. Алдағы қиындықтар әдетте мені қатты мазасыздандырады
29. мен ұсақ түйекті қатты уайымдаймын
30. Мен бақыттымын
31. Мен бәрін жүрегіме жақын алып қаламын
32. маған өзіме деген сенімділік жетіспейді.
33. Әдетте өзімді қауіпсіз сезінемін
34. Мен қиын жағдайлардан қашқақтаймын
35. Менде сарыуайымшылдық басым
36. Мен ризамын
37. Кез келген нәрсе мені алаңдатып мазалайды
38. Өзімнің сәтсіздігімді көпке дейін уайымдап ұмыта алмаймын
39. Мен байсалды адаммын
40. Мен өз істерімді ойласам қатты қобалжимын
Алынған деректерді өңдеу және қорытындылау. Құптама тұсына жазылған ұпай қосындысы есептеліп №3,4,6,7,9,12,13,14,17,18, яғни ∑1, содан кейін қалған сандар қосындысы №1,2,5,8,10,11,15,16,19,20, есептеліп ∑2, кейіннен мазасыздық деңгейінің көрсеткіші есептеледі.
РМ=∑1- ∑2+35
Осылайша тұлғаның мазасыздық деңгейіде есептелінеді, онда:
ТМ=∑1- ∑2+35
Онда ∑1 - ұпай қосындысы – ұпай жауаптары №22,23,24,25,28,29,31,32,34,35,37,38,40;
∑2 - қалған ұпай қоысндысы №21,26,27,30,33,36,39.
Егер алынған ұпай 30-дан төмен болса, бұл мазасыздықтың төмен деңгейін көрсетеді, 30,45 орташа мазасыздық деңгейі, 46 және одан жоғары, жоғары мазасыздық деңгейін көрсетеді.
Айзенктің темпераментті анықтау тесті
Нұсқау: Сізге өзіңіздің тәртібіңіз және сезім ерекшеліктеріңізге байланысты бірнеше сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың тұсында «ИӘ» немесе «ЖОҚ» жауабы үшін орын қалдырылған.
Тез және мұқият жұмыс істеуге тырысыңыз. Бір сұраққа ойланып, кеп уақыт жұмсаудың қажеті жок. Сіздің тез қайтарылған жауабыңыз кымбат. Барлық сұрақтарға бірнеше ғана минут арнағаныңыз жөн. Еш сұрақ жауапсыз қалмасын. Парақты аударып, жұмысқа кірісіңіз. Тез қимылдаңыз және жауаптың «жақсы», «жаман» болып бөлінбейтіні естен шықпасын. Бұл Сіздің ақыл-ой немесе қабілет сыны емес, тек темперамент ерекшеліктеріңізді анықтау ғана.
1. Сіздің бұрын кездеспеген әсерлерге еліктеп, көңіл-күйіңізді құбылтып тұруға құмарлығыңыз бар ма?
2. Өзіңізді жақсы түсініп, ақыл айтып, істеген ісіңізді құптап, жұбатып тұратын достардың сізге қажеті бар ма?
3. Сіз өзінізді еш нәрсемен ісі жоқ адаммын деп есептейсіз бе?
4. Өз ойыңыздан (алған беттен) кайту сізге қиын тимей ме?
5. Сіз іске кірісер алдында көп ойланып, артын күтіп барып, іске кірісесіз бе?
8. Сіз кеп ойланып жатпай, тез сөйлеп, жиі қимылдайсыз ба?
9. Алып бара жатқан себеп болмаса да, өзіңізді бақытсызбын деп сезінген кездеріңіз болды ма?
10.Ерегісте сіз еш нәрседен тайынбайтыныңыз рас па?
11.Ұнайтын адаммен сөйлескіңіз келгенде қымсынасыз ба?
12.Қатты ашуланғанда, өзіңізді ұстай алмай кететін жағдай бола ма?
13.Минуттық сезімнің әсерінде кететін жайыңыз жиі бола ма?
14.Істеген ісіңіз бен айтқан сөзінізді артынан ойлап, «әттеген-ай» дейтін уақыттарыңыз жиі кездесе ме?
15.Жұртпен қатысып, сөйлескеннің орнына. оқығанды дұрыс көремісіз?
16.Тез ашуланып қалатыныңыз рас па?
17.Көпшіліктің ортасында жиі болғанды қалайсыз ба?
18.Басқаға білдіргіңіз келмейтін ойларыңыз бола ма?
19. Кейде бастаған істі жылдам орындап тастап, кейде ісіңіздің өнбейтін кездері бола ма?
20.Жаныңызға жақын адамдардың аз болуын қалайсыз ба?
21.Көп армандайсыз ба? (Арманыңыз көп пе?)
22.Сізге біреу айғайлап жатса, сіз де айғаймен жауап беремісіз?
23.Кінәлі екендігіңізді сезіп, мазаңыз кетпей ме?
24.Өз істеріңіздін бәрі дұрыс және орынды деп білесіз бе?
25.Көпшілік арасында сезім тізгінін босатып, қатты көңілденіп, еркінсіп кетесіз бе?
26.Сіздің жүйке жүйеңіз қатты жұқарып кетті деуге бола ма?
27. Сізді көнілді және пысық деуге бола ма?
28.Біткен іске ойша қайта оралып, «дұрысырақ, жасауға болатын еді» дейтін кездеріңіз бола ма?
29. Көпшілік ортасында сіз өзіңізді еркін сезінесіз бе?
30. Біреуден естігеніңізді біреуге жеткізетін әдетіңіз бар ма?
31. Әр нәрсені ойлап, ұйықтай алмайтын уақыттарыңыз бола ма?
32.Бір нәрсені білгіңіз келгенде, достарыныздан сұрап алғаннан да, кітаптан оқып алғанды дұрыс көресіз бе?
33.Жүрегіңіздің қатты соғатын кездері бола ма?
34. Аса үлкен ықтиярлықты қажет ететін жұмыс сізге ұнай ма?
35.Қалтырап кететін жағдай сізде жиі бола ма?
36.Айталық, сіздің бұрын оңаша жерде артық айтқан сөзінізді ешкім есіне алмай-ақ қойсын. Кейіннен, басқа ойда бола тұра, жұрттың дегеніне қосылып жүре беремісіз?
37.Бірін-бірі іліп-шалып, қалжыидап отыратын жұрт арасында болу сізге онша ынғайлы емес. Солай ма?
38.Ешқандай ауыр жұмыс жасамасаңыз да, алқынып қалатын кездеріңіз бола ма?
39.Жиі ашуланасыз ба?
40.Тез қимыл-әрекет қажет ететін жұмыс сізге ұнай ма?
41.Сәтті аяқталғанымен, әртүрлі кемшіліктері болған іс қайта оралып, мазаңызды ала ма?
42.Сіз асықпай, жай қимылдайсыз ба?
43.Жұмысқа, кездесуге кешіккен кездеріңіз болды ма?
44.Сіз сөзшеңсіз, ашықсыз, таныс емес адаммен де тез тіл табысып, сөйлесіп кетесіз, солай ма?
45.Жанға батып жүрген ауруыңыз бар ма?
46.Достарынызды көп уақыт көрмесеңіз, өзіңізді «бақытсызбын» деп сезінесіз бе?
47.Сіз өзіңізді «жүйке жүйесі тозған адаммын» деп есептейсіз бе?
48. Өзіңіз танитындардың ішінде сізге ұнайтын адамдар бар ма?
49. Сіз өзіңізді «сенімді адаммын» деп есептейсіз бе?
50.Сіздің өзіңізді немесе қызметіңізді сынаған кезде тез ашуланып қаласыз ба?
51.Кешкі ойын-сауықтан ләззат алу қиын деп есептеймісіз?
52.Сіз өзіңізді өзгеден кем санап, мазасызданатын кездерініз бола ма?
53.Көпшілік ортасына келіп, әңгіме-думанды жандандырып жіберу сізге қиын емес пе?
54. Өзіңізге беймәлім мәселелер туралы сіз кейде әнгіме-дүкен құрасыз ба?
55.Сіз өз денсаулығыңызды сақтауға тырысасыз ба?
56.Сіз өзге адамды келемеждеуді ұнатасыз ба?
57.Ұйықтай алмай, мазасызданасыз ба?
Нәтижелерін өндеу:
Сұрақтар тізбегін қорытындылау үшін белгілер.
1) «Жалған» өлшемі:
6, 24. 36 - сүрақтарга «ИӘ» жауабы.
12, 18, 30, 42. 48, 54 - сүрақтарға «ЖОҚ» жауабы.
Жалпы балл сандары қосылып есептелінеді (Ж):
Ж — 9-ға тең болған жағдайда қорытынды жасалынбайды.
Ж — саны көбейген сайын нәтижелер растығы төмендей түседі.
Жалпы (Н) — Нейротизм балл косындылары шығарылады. (Н) саны көбейген жағдайда (0-ден 24-ке дейін) адамның эмоциялық тепе-тендік қасиеті (нейротизм) көбейе түседі.
Төменде көрсетілгендей график жасалынады:
НЕЙРОТИЗМ
24
|
4 1 ИНТРОВЕРСИЯ ———— 12 ————ЭКТРОВЕРСИЯ
3 2
|
0
Эмоциялық тепе-теңдік (тұрақтылық)
Бір-біріне перпендикуляр жүргізілген сызықтарға (өлшемдерге) қолдағы бар нәтижелер жазылады - Э және Н. Сызық шетіндегі нүктелер бір-біріне қосылады. Пайда болған (үшбұрыш, сызық, нүкте) фигура сынаққа түскен адамның классикалық қай темперамент түріне жататынын көрсетеді.
Г.Айзенктің анықтамасына орай, қолдағы алынған нәтижелерге сүйене отырып, әр типтің өзіне тән қасиеттері болатынын айта кеткен жөн. Мысалы:
1. Холерик - сезімтал, тынымсыз, агрессивті, шамданғыш, көңіл-күйі өзгергіш, басқамен қарым-қатынаста және сезім қатынасында тұрақсыз, әр түрлі жағдайларда соқпа мінезді, оптимист (болашаққа сеніммен карайды), белсенді, пысык, байқам, сенгіш, ашуланшақ т.с.с.
2. Сангвиник — ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, өмір сүйгіш, уайымсыз, беймаза емес, көтеріңкі көңілді, басшылыққа бейім, т.с.с.
3. Флеглштик— сак, енжар, байыпты, өзгеге жақсылық тілегіш, ынтымақшыл, өз ісін ойлап істейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты т.с.с.
4. Меланхолик — беймаза, ренжігіш, ойлампаз, қырағы, пессимист (өмірден түңілгіш), түйық, ұстамды, көп сөзі жоқ, ригидтік (керітартпа) қасиеті бар, т.с.с.
Темперамент типінің (түрінін) салыстырмалы тұрақтылық, қасиеті жөнінде пікір қорытып, мінез және темперамент ара қатынасын ажыратып алған жөн. Оқушылар мен оқытушылардың мінез ерекшеліктерін анықтау жолындағы әр темпераменттік типтің атқарар ролі орасан зор.
Анкета 27 пункт – түсіндірмелерден тұрады, әрқайсысына үш түрлі жауап нұсқалары берілген, жауаптар тұлғаның бағыттылығына сәкестендірілген. Респондент өзінің ой пікірін білдіретін, шынайы өмірге сәйкес жауапты таңдап алады және керісінше, шындыққа сәйкес емес, өзінің ой пікіріне қайшы келетін жауапты таңдайды. Жауаптар: «көбінесе» - 2 ұпай, «сирек» - 0 ұпай, таңдалмай қалғаны – 1 ұпай. Барлық 27 пункт бойынша жинақьалған ұпай әрбір бағыттылық бойынша жеке есептелінеді.
Әдістеме көмегімен тұлғаның мынандай бағыттары анықталады: «өзіне» (М), «сөйлесуге» (Қ), «іске» (І).
Нұсқау: сұрақ парағы 27 пункттен тұрады әрқайсысында А, Ә, Б деген жауаптың үш нұсқасы бар.
Жауаптардың ішінен өзіңіздің көзқарасыңызды білдіретінін таңдайсыз. Кейбір жауаптардың мазмұны бір-біріне ұқсас көрінуі мүмкін. Алайда, өзіңіздің көңіліңізден шығатынын таңдаңыздар, (А,Ә,Б) әріптің бірін «бәрінен де көп» деген сәйкесті номер тұсына жазыңыздар.
Сіздің көңіліңізден шықпайтынын таңдап «бәрінен де аз» деген пункт тұсына жазыңыздар. Жауабыңызды білдіретін әріпті сәйкес номер тұсына жазып көрсетіңіздер.
Сөйтіп, әрбір сұрақ жауабына сіз 2 әріп қолданасыз және оны сәйкесті бағанаға жазасыз. Қалған жауаптар ешжерге жазылмайды. Барынша шынайы болуға тырысыңыз. Жауаптың «жақсы», «жаман» дегені жоқ. Сондықтан «дұрыс» жауап іздеп әуреленбеңіз. Жауаптың тиісті жерге жазылуын қадағалап отырыңыз. Егер қате кеткенін байқасаңыз айқын көрінетіндей етіп жөндеңіз.
ҚҰПТАМА
Жауап
Көбінесе
Сирек
1. Менің көбінесе қанағаттанатыным:
А. Менің ісімді қолдағандар;
Ә. Жұмыстың жақсы атқарылғанын сезінгендер;
Б. өзімнің достар ортасында екенімді сезінгенде.
2. егер де футбол )волейбол, баскетбол) ойнасам, онда мен:
А. Ойынның тактикасын құрушы бапкер болар едім;
Ә. Белгілі ойыншы болар едім
Б. Команданың таңдаған капитаны болар едім
3. Меніңше, жақсы оқытушы деген мынандай болуы керек:
А: Оқушыларға қызығушылық танытып және әрқайсысымен жеке тіл табыса алатын;
Ә. Балаға білімін тереңдететіндей пәнге қызығушылығын оятатын;
Б. Ұжымда өз пікірін айтуға қорқпайтын жағдай қалыптастыратын.
4. Маған ұнайды, егер адамдар :
А. Атқарға ісіне қуанып жатса;
Ә. Ұжымда бірлесіп жұмыс істесе;
Б. Өз жұмысын басқалардан артық істеуге тырысса;
5. Мен достарымның мынындай болғанын қалар едім:
А. Мүмкіндігінше, бір-біріне қол ұшын беріп көмектессе;
Ә. Сенімді және сенетін адам болса;
Б. Ақылды және қызықты адамдар болса
6. Ең жақсы достарым деп санайтындарым:
А. Қарым-қатынасым жарасындарды;
Ә. Барлық уақытқа сенуге болатындарды;
Б. Өмірде көп нәрсеге қол жеткізе білетіндерді.
7. Маған бәрінен де ұнамайтыны:
А. Бір нәрсе қолымнан келмегенде;
Ә. Достарыммен араздасқанда;
Б. Мені сынағанда.
8. Бәрінен де жаманы, егер оқытушы:
А. Кейбір оқушыларды ұнатпайтынын ашық айтып оларды мазақтаса;
Ә. Ұжымда бақталастық тудырса;
Б. Өз пәнін жеткілікті белмесе.
9. Бала кезімде маған өте қатты ұнайтын:
А. Достарыммен бірге уақыт өткізген;
Ә. Жұмыс атқарғанымды сезінген;
Б. Орындаған ісім үшін мақтаған.
10. Мен ұқсағым келеді:
А. Жетістікке жеткекн адамдарға;
Ә. Өз ісіне шын берілген адамдарға;
Б. Өзінің достық қарым-қатынасымен ерекшелінетін адамдарға.
11. Ең алдымен мектептен :
А. Өмірлік мақсаттарды шеше білуді үйрету керек;
Ә. Оқышының жеке қабілетін жетілдіре білу керек;
Б. Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға көмектесетін қасиеттерді тәрбиелеу керек.
Кілті
№
М
Қ
І
1
А
Б
Ә
2
Б
Б
А
3
А
Б
Ә
4
Б
Ә
А
5
А
Ә
Б
6
Б
Ә
А
7
Б
Ә
А
8
А
Ә
Б
9
Б
А
Ә
10
А
Б
Ә
11
Ә
А
Б
12
Ә
А
Б
13
Б
А
Ә
14
А
Ә
Б
15
Ә
Б
А
16
А
Б
Ә
17
А
Б
Ә
18
А
Ә
Б
19
А
Ә
Б
20
Б
Ә
А
21
Ә
А
Б
22
Ә
А
Б
23
Б
А
Ә
24
Ә
Б
А
25
А
Б
Ә
26
А
А
Ә
27
Ә
А
Б
Нәтижелердің интерпретациясы:
Жауаптар мен түйінін салысытырып дұрыс жауапты табыңыздар (М, Қ, І). Көрсеткіш белгілеріне қарай бағыт бағдар түрін анықтаңыздар:
Өзіне бағыттылық (М) – атқарылған жұмыстың бәрін өзіне аудару, мәртебеге таласу, билік құмар болу, бақталасу, тынышсыздану.
Қарым-қатынасқа бағыттылық (Қ) - барлық жағдайда адамдармен қарым-қатынасты сақтай білу, ортақ жұмыс істеуге бейімділігін көрсету, адамдарға шынайы көмек көрсетуге талпыну;
Іске бағыттылық (І) – іскерлік мәселелерді шешуде, жұмысты нәтижелі орындауға ұмтылу, ортақ мақсатқа жету үшін пайдалы пікірді жақтау.