Баянова Л?ззат Оразбай?ызы 1969 жылы 26 с?уірде д?ниеге келдім. Батыс ?аза?стан мемлекеттік университетіні? "Педагог-психолог" маманды?ы бойынша бітірдім. ?азіргі та?да ?оск?л жалпы орта білім беретін мектебінде психолог болып ?ызмет ат?арамын. Ж?мыс жаса?ан жылдар аралы?ында ауданды?, облысты? олимпиадалардан орындар алдым.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы:"Отбасында ?атыгездікке жол жо?!" »
Қоскөл орта жалпы білім беретін мектебі
Өткізген: психолог Баянова Л
2015-2016 оқу жылы
Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға ,оның жеке басына тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.
Зорлық екі түрге бөлінеді. Тән азабын шектірген зорлық және жан азабын шектірген зорлық.
Тән азабын шектірген зорлық-адамның ағзасына тікелей әсер ету,ұрып-соғу,денесіне зақым келтіру т.б. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.
Жан азабын шектірген зорлық-жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту,адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.
Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар. Әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқындады. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болады екен.
Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі-жанұядағы зорлық-зомбылық.
«Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек.Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң әкесінің немесе шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.
«Жоғарыдағы статистика біздің бұл мәселеге көп уақыт көңіл аудармағанымыздың нәтижесі» деп пайымдайды Н.Гладырь.
Зорлықтың түрлері:
-эмоциялық зорлық-балағаттау,қорлау,сөгу,балалардың жеке өміріне қол сұғу;
-физикалық зорлық-отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоционалдық зорлық;
-қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;
-балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту,қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.
Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобаларының жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 пунктіне сәйкес 2004 жылдың 13-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің тағайындауымен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы әзірленді.
Заң жобасының негізгі мақсаттары:
-Адамның қызығушылығын ,бостандығын заңды құқықтарын қорғауға кепілдеме беруді көтермелеу;
-Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау;
-Тұрмыстық зомбылықтың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізу;
Аталған заңды қабылдау – отбасылық тұрмыстық қатынастардағы азаматтардың қызығушылықтарын және бостандықтарын, құқықтарын қорғаудағы тиімділікті арттыру, осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету.
Тұрмыстық зомбылық қылмыстық іс болып табылады.Зорлық –зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар .Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатал, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.Балалар құқығын қорғау-егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталуы жолында аянбай еңбек етуі керек. Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу-бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті.
«Отбасында қатігездікке жол жоқ!»
/Семинар-тренинг/.
Жоспар:
1.Тренинг «Амандасу»
2.Баяндама «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»
/ Баяндамашы: мектеп психологы: Л.Баянова /
3.Тренинг «Менің көзіммен»
4. «Ойланайық,пікірлесейік»
/ Жағдаяттарды шешу/
5.Тренинг «Асығайық»
6. Түйін: «Жылы сөз- жанға шипа»
Түрі: семинар-тренинг
Семинар-тренингтің мақсаты: Отбасында балаларға жасалған қатігездік жағдайларда көмек көрсету, ата-аналардың педагогикалық-психологиялық құқықтық ақпарат алуын арттыру, білімін көтеру.
Қоғам назарын балаларға жасалып жатқан зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке аудару мақсатында бастау алған кампания жұмысына орай біздің мектебіміздеде іс-шаралар өткізілуде. Соның бір дәлелі бүгінгі ата-аналарға арналған «Отбасында қатігездікке жол жоқ» тақырыбындағы семинар-тренинг.
Барысы:
Жаттығу «Амандасу»
Шарты: Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз үлкен отбасы
Әлемдегі, соның ішінде біздің еліміз бар, 89 мемлекетте отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы қолданылар заң бар. Соған қарамастан , әлемде 0-18 жасқа дейінгі балаларға қатыгездік көрсету жыл санап көбейіп келеді. Көшедегі зорлық бір басқа , бүгінде балалар өз отбасында өзінің туыстары тарапынан жыныстық зорлыққа ұшырауда. Бұрын «қаймағы бұзылмаған» деп, салт-санамыздың алтын қазығы саналып келген ауылға да жеткен азғындықтың құрбаны болған балалар саны көбеюде.Ата-бабамыздың ұстанған дағдысы,қазақы тәрбиесі бастау алатын ауылда өз қызын зорлаған әке, қарындасын зұлымдыққа қиған ағалардың жаман аты шығуда. Бәрінен бұрын судан ақ , сүттен таза сәби өмірінің ойрандалуы, оның жүрегіне мәңгілікке түскен жара қоғамның да жан жарасына айналмаса , кәні ?! Отбасы-шағын мемлекет. Ол-тәлім мен тәрбиенің ,үлгі мен өнегенің , мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Отбасында қатігездіктің орын алуына бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың нашарлығы себеп болуда. Сондай-ақ ішімдікке салынған ата-аналардың мінез-құлқы балаларының қылмыстық жолға түсуіне әсер етеді.
Отбасы – ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы , адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастыруда рухани – адамгершілік бастауы. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Балаларыңыздың балалық шағы бақытты өтсін десеңіздер, бала тәрбиесіндегі қателіктерге жол бермеңіздер !
Ойланайық,пікірлесейік
Жағдаяттар.
Сіздің жанұяңызда үлкен анаңыз бар. Ол кісімен сіздер үнемі келіспей қаласыздар. Сондықтан да жанұяда үнемі ұрыс – керіс туындайды. Үлкен кісіге қатты-қатты сөздер айтасыздар. Бұл бала тәрбиесіне әсер етеді деп ойламайсыз ба?
«Біздің үй үнемі ұрыс-керістен арылмайды. Кейде жанжал аяқ астынан шығады. Шешем күні бойы үйде болмайсың. Тигізер қолқабысың шамалы » деп ұрсудан жалықпайды.Әкем ішіп алғанда талай рет қол жұмсады. Шешем көбінесе екеумізді бөлек тамақтандырады. Мен ата-анаммен бірге тұрудан жүрегім айни бастады. Кейде бір қылмыс жасап түрмеге түскім келеді. Не істерімді білмей жүрмін?
«Мен жанұяда жалғыз бала болдым. Сондықтан ба әке-шешем айтқанымды жасап ерке өсірді. Әке-шешем менен ешнәрсені аямады. Барлық зат оңайлықпен келетін болған соң өмірге жеңіл қарадым. Барлық бұзықтықты жасадым. Ақыр соңы темір тордың арғы бетінен бірақ шықтым.Түрмеге қамалдым. Осы жерде мен өз өмірімді бүлдіргеніме өкіндім»
Тренинг. « Асығайық»
Өмірді мәнді өткізуге ........
Бақытты болуға .........
Жақсылық жасауға .........
Балаларымызды бақытты етуге ............
Түйін:
Жылы сөз – жанға шипа
Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
Баланың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге.
Бала тәрбиесі бесіктен
Баланың жақсысы-қызық , жаманы – күйік
Бала –көңілдің гүлі, көздің нұры
Құс балапаны үшін тозаққа түседі , адам баласы үшін азапқа түседі
Өнеге отбасынан
Тәрбие тал бесіктен
Бала –ата-ананың бауыр еті
Балалы үй –базар, баласыз үй қу мазар
Мынау менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған
Мынау басым ақылды
Бәрін осы басқарған –дей келе бүгінгі семинар тренингімізді аяқтаймыз. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Бала тәрбиесіне байыппен қарайық.