Та?ырыбы:«?аза?ты ?лемге таныт?ан саясат иесі» /форум сценарииі/
Та?ырыбы:«?аза?ты ?лемге таныт?ан саясат иесі» /форум сценарииі/
Баянова Лаззат Оразбай?ызы ?арат?бе ауданы, ?оск?л ауылында д?ниеге келдім. ?оск?л ЖОББМ-де психолог ?ызметін ат?арып келемін. Ж?мыс ат?ар?аныма 3 жыл болды. Осы жылдар аралы?ында психолог ж?не т?лімгер ?ызметін ат?арып келемін. ?дістемелік журналдар?а материалдар жариялап т?рамын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы:«?аза?ты ?лемге таныт?ан саясат иесі» /форум сценарииі/ »
« Қазақты әлемге танытқан саясат иесі»
/форум сценарииі/
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.
Форумның эпиграфы: «...Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты- толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда менің бойымдағы бар қайрат-қабілетімді , білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...»
Нұрсұлтан Назарбаев.
Тренинг «Көңіл-күй»
Жүргізуші -1: Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар « Қазақты әлемге танытқан саясат иесі» атты форумға қош келдіңіздер!
Жүргізуші-2: Қазақстан халқы 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға- Президент күнін атап өтеді.Сол мерекеге Қоскөл орта жалпы білім беретін мектебіде атсалысуда. Алайда мерекенің шығу тарихы ойландырары анық. Тәуелсіз Қазақстанның ірге тасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.
Жүргізуші-1
Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет жалпы халықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен актілерге қол қойылды.
Жүргізуші-2:
1991 жылы 10 желтоқсан күні Алматыдағы Республика сарайында Президентті ұлықтау рәсімі өтті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстанның
Конститутциялық заңы 1991 жылғы 16 желтоқсан күні қабылданды.
Жүргізуші-1
Рас, содан берігі 24 жылда елдің іргесі сөгілген жоқ. Ұлтаралық татулыққа сызат түспеді. Яғни Конститутциялық заңның қабылдануы Қытай, Ресей, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстанмен шекараны реттеуге ықпал етті.
Жүргізуші-2
Шындығы сол, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конститутциялық заңды қабылдау шынайы егемендіктің бастауы болды. Тыңнан түрен салған Қазақстан халқы, оның Көшбасшысы тәуелсіз мемлекетімізді нығайтты. Ең алдымен шынайы егемендікті жария етіп, сыртқы әлемге танылуға қол жеткізілді.
Ендеше, «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы слайдқа назар аударайық.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі, саясаттағы экономикадағы, мәдениеттегі атқарған игі істерін талқылау үшін қонақтарға, оқушыларға, ұстаздарға сөз кезегін береміз.
Жүргізуші-1.
«Біз не білдік?» /оқушыларға сұрақтар беру/
1.Қай елде Елбасымызға ескерткіш орнатылды? /Түркия астанасы Анкарада /
2. «Ұлт көшбасшысы» туралы заң қай кезде қабылданды? / 2008 жылы, 7-қаңтар./
3. «Қазақстанның аты аңызға айналған Президенті» кітабының авторы кім? /Джонатан Айткен, ағылшын жазушысы./
4.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы қандай деректі фильмдер түсірілді?
/ «Жаңа тарих-жарқын тұлға», «Теміртау көктемі», «Нағыз жігіт, нағыз дос»
5.Елбасының анасынан кейінгі тілеулес, тілеуқор ең жақын адамдарының бірі кім?
/ Қарындасы Әнипа /
6.Елбасымыз Н. Назарбаевтың туған жері қай жер? /Алматы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы /
7. «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран ретінде қай жылы қабылданды?
/ 2006 жыл, 7-қаңтар./
Жүргізуші -2
Қорытынды.
Мемлекетіміздегі жоғары лауазым президенттік қызмет-елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметі Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілін, тарихын, мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Түркияның премьер- министрі Т.Ердоғанның «Нұрсұлтан Назарбаев – түрік әлемінің лидері» деген қанатты сөзімен форумды аяқтаймыз.