Просмотр содержимого документа
«психологиядан тесттер »
Қандай жемісті ұнатасыз?
Алма- мінезі қатал, Өмірге икем, қиялшыл емес. Сенімді жан. Әлемдегі ең озық анаалр мен әкелер.
Алмұрт- сиқырлы сөзімен, әдемі қылығымен сізді баурап алмақ, түсінісуге ыңғайлы. Әрқашанда көмек көрсетуге даяр.
Жүзім- құмарланғн дүниесін алмай тынбайтын, жалғыздықтан қорқатын. Наз қылықты жандар.
Құлпынай - қоңыржай, әдемі тірлік қызықтырады. Өзгеден артықшылығын көрсетпей тұра алмайды. Адамдармен тез тіл табысып кетеді.
Апельсин- жігерлі, іске келеді. Топ ішінен жарқырап көрінгенді ұнатады. Адамдарды әсіресе ерлерді тез баурап алады.
Банан - сезімтал, жаны жараланғыш, Өзіне сын айтқанды қаламайтын, өте өкпелегіш, алайда керек кезде өзін құрбандыққа шалуға даяр адамдар
Қай айда туылдыңыз?
Қаңтар- шыдамды әрі жігерлі. Тағдырдың қандай сынағы болса да жақындарына салмақ салмай бәрін өз мойынымен көтереді. Әйелдер ұяң болғанымен ереке мінезді. Олар тәкаппар болғандықтан, еркіндікті сүйеді. Қай салада болмасын биіктен көрінгенді қалайды. Мінездері отбасында жайсыздық танытқанымен , жұбайларын өте жақсы көреді, көмектесуге даяр болады. Тәтті тағам жасауға әуес келеді. Әділ, әрі жігерлі болғандықтан қиын сәттерде оларға әрқаашн иек артуға болады. Олар тәуекелшіл жәен шешеімді тез қабылдайды. Өзінен кішілерге мейірімділікпен қарайды. Өте тәкаппар,әрі және ерік-жігері мықты.
Ақпан- туғандар мінезі тік, бірақ ұстамсыз келеді. Мінезі көңіл күйіне байланысты өзгермелі. Қиындықтан қорқуды білмейді. Кекшіл болғандықтан жәбірлегендерді кешірмейді. Әлсіздерді менсінбейді, ақкөңілдіілк пен мейірімділік таныта алмайды.
Наурыз- Өте сезімтел, және әсершіл, сәтсіздіктерге мойынұсынғыш болғандықтан, қызметте өсуі баяу. Егер ол табандлық пен бірбеткейлік танытса, көп нәрсеге қол жеткізер еді. Жандары жараланғыш, ақкөңіл, бірақ тәуекелге жоқ. Атақ пен даңққа ие болса, қолында көп ұстап тұра алмайды. Біреу жоғарыласа іштарлық танытуы мүмкін. Сыртқы сұлулығына мән береді, үй тұрмысын екінші орынға қояды.
Көкек- қатал, шешеімді тез қабылдайды. Және өз –өзіне есеп беріп отырады. Тұрмыс жағдайы көп толғантады. Тұрмыс құруда есепке жүгінеді. Олар үшін ең бірнші орында - адамгершілік пен сыйластық. Ақылы мен ашық мінезінің арқасында көпшілікке ұйытқы бола алады.
Мамыр- принцпшіл, билікқұмар, бірбеткей. Кекшіл, Жұбайына дұрыс қарамаса да, тұрмыс жағдайы жақсы болғанын қалайды. Бірақ , әлсіздерге көмегін аямайды.
Маусым- Уайымшыл, жараланғыш, істеген істеріне сергекпен, байыппен қарайды. Табиғи дарынды және алғыр, мейірімді. Өз жандарына тұйық көрінгенімен, өзгелермен жақсы әңгімелеседі. Дау- дамайдан қашып жүреді. Қызмет пен махаббатта жолдары болғыш, көрсеқұмар, әр нәрсеге қызыққыш, үй тазалығына ерекше мән береді. Тазалық сүйгіш, әдемі, әрі қымбат ыдыс аяққа қызығады. Мереке сайын болмашы сыйлық сыйлаған адамды өмір бойы ұмытпайды.
Шілде- өзімшіл, ұстамсыздық пен шыдымсыздық мінездер тән. Тәуелсіз, тәкаппар, Әйелдері жұбайларына көңілі толмай үнемі ұрсып жүреді. Сенгіш, жиі қателеседі. Сәтсіздіктерге бой ұсынбайды, өз тағдырына өкінбейді.
Тамыз- әсершіл, бірбеткей, қуатты болады. Еңбегі жемісті, кейде аңғалдығы бар. Әйелдер өздеріне сенімді, қайратты , уайымшыл, кек сақтамайды. Үй шаруасына пысық. Сезімтал, айналасынан мақтау күтеді. Өзін сынағанды жек көреді.
Қыркүйек- қызуқанды, жан-жалға жақын, әсершіл, үнемі алдына мақсат қойып жүреді. Сыйлық бергенді ұнатады. Ақшаны үнемдеп ұстайды. Өз- өзін жақсы көреді, есепке жүйрік. Әйелдер өзінен гөрі ерін көп ойлайды. Шыдамсыз, ұйқыны жақсы көргендіктен жұмыстан көп кешігеді. Үй шаруашылығына пысық, тамақты жақсы істейді, үйді таза ұстайды.
Қазан- Қарапайым, ер адамдар өтірікке бір табан жақын, сөйте тұра өте ақылды. Достықты жоғары бағалыйды. Қаржы мәселесінде байыппен жұмыс істейді. Шешім қабылдауда көп ойланады. Сенімді адамдармен ақылдасады. Өз пікірін әрқашан дұрыс деп есептейді. Әйелдер- принцпшіл, есте сақтау қабілеті жоғары, сатқындар мен екіжүзділерді жек көреді. Өмір бойы шаңырағының шайқалмауы үшін күресі. Үй шаруасының шебері. Өзіне сын айтқанды жақтырмайды.
Қараша-есепке жүйрік, өз тұрмыс жағдайы үшін бәріне барады. Өз –өздерін жақсы көреді, тәкаппар. Отбасында өздерін жетекші санайды. Көпшілік жерде көзге түскенді ұнатады. ,ашуланшақ, қит еткенге тыз ете қалатын шамшыл. Аңқау алданғанға тез көнеді. Өте жомарт. Достыққа адал.
Желтоқсан- өте сезімтал, өте көңілшек. Ер адамдар- ашуланғанда өздерін ұсатай алу қабілеті нашарлайды. Болмашы нәрсеге қабақ шытып, айқай шығаратын әдеті бар. Олар ұрыншақ келеді. Жағымсыз жайлардың себепкері ретінде жиі көзге түседі. Бірқалыпты өмірден тез жалығады, дос- жаранының көп болғанын қалайды. Қызуқанды, ашық мінезді, үйден гөрі түздің жұмысына икемді. Көпшіл, бауырмал. Бала тәрбиесіне ерекше мән береді. Өкпені кешіре алмайды.
Тағдыр белгілері
1- Өте жылдам, қатарластарынан бірінші жүреді. Мінездері тәуелсіз, өздерін қоршаған ортадағылардың бәріне қызығып қарайды. Өздерін құрметтеуді, көңіл аударуды қажет етеді.
2- Сүйкімді, елгезек, біреуді ренжітіп алмас үшін өз ойларын жасыра алады. Достары көп, армандағыш, жылы шырайлы, сыпайы.
3- Зерек, қалжыңның орнын білетін, қырсық емес. Өте адал, жанымен жақсы көре біледі.
4- Жеке заттарының орнын ауыстырғанды ұнатпайды. Кең пейілді сенгіш, өздерін көңілдендіріп, қолпаштап отырғанды қалайды.
5- Икемсіз, өз заттарынан басқа елдің затын да бүлдіріп жүреді. Дене бітімі жақсы, шыдамсыз, ойда жоқта бір нәрсені бүлдіріп қоюы мүмкін.
6- Жалғыздықты қаламайды, үнемі достарымен жүргенді, біреулерге көмектесіп, қыдырғанды ұнатады. Олар біреуге мейірленіп тұрса, екіншісін ренжіте салады. Алайда тез райынын қайтып, кешірім сұрайды. Жауапкершілікті ерте сезінеді.
7 -Өзіне не керек екенін анық біледі, белсенді, адал, шығармашылыққа бейім.
8- Өте күшті, нағыз талап қойғыш, сөзшең емес
9- Жан- жақты, ойлауы терең, салмақты, өз қатарластарымен жиі араласқанды ұнатады.
Қай түсті таңдадыңыз?
Ақ- тазалық пен пәктік түсі. Суықтық пен ресімилік белгісі. Ақ түсті таңдайтын адамдар әрқашан алдыға ұмтылады.
Қара- жұмбақ, ыза, өлімнің түсі. Қара түс әрқашан негативті, қорқынышты, қауіпті, тыйымды білдіреді.
Қызыл- қуаныш, күш, денсаулық, өмір түсі. Агрессия мен мен ынтықтықтың белгісі. Қызыл түсіт таңдаған - қызуқанды, энергиялы, пікірталас пен сөзжарысты сүйетін адам.
Қызғылт түс-қиялшылдар түсі. Махаббат пен нәзіктікті, қамқорлықты қажет ететін адамдар, оларға сенімділік жетіспейді. Сезімтал, жұмсақ, нәзік, осалдау, ашық адамдар.
Жасыл- үміт пен шынайылық белгісі. Тыныштандыратын, жайлылықты білдіретін түс. Қарапайым, сабырлы адамдар.
Сары- қорғаныс түсі. Жақсы көңіл- күй сыйлап, бақыт пен қиял түсі. Аса ақыл иелері мен аналитикалыққабілетті адамдар.
Тоқсары- жүйке жүйесін қоздыратын, көпшіл, әңгімешіл, досышл адамдар.