kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектеп түлектерімен психологиялық тренингтер өткізудің маңызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

   Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет

  Әр оқушының өзіндік оқу әрекеті оның жеке басының әр түрлі ерекшеліктеріне: ойлау қабілетіне, жадына, зейін тұрақтылығына, іс-әрекетінің екпініне, тұлғалық ерекшеліктеріне, оқу мотивациясына байланысты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектеп түлектерімен психологиялық тренингтер өткізудің маңызы»

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы Қарасу ауылы

Қасым Қайсенов мектебінің педагог- психологы

Сукурлыкова Аяулым Исабековна


Мектеп түлектерімен психологиялық тренингтер өткізудің маңызы


Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет

Әр оқушының өзіндік оқу әрекеті оның жеке басының әр түрлі ерекшеліктеріне: ойлау қабілетіне, жадына, зейін тұрақтылығына, іс-әрекетінің екпініне, тұлғалық ерекшеліктеріне, оқу мотивациясына байланысты.

ҰБТ түлектердің қорытынды мемлекеттік аттестациясы мен жоғары оқу орнына тапсыратын қабылдау емтиханын біріктірген үлкен сынақ болғандықтан, бұл бала бойындағы психологиялық күйзеліс жағдайының қайталауын төмендетеді.

Емтиханға дайындық кезінде психологиялық қолдаудың әр түрлі әдістерін қолдануға болады.

«Емтихан» латын сөзінен «сынау» деп аударылады. Дәл сол сынаудан 11-сынып оқушылары әр түрлі өтеді.Бұл жерде ата-ананың бала үшін қолдау көрсетуі ерекше орында. Өйткені, балаларға ата-ананың психологиялық қолдауы қажет.

Міне осы жерде тренингтердің алатын орны айқындалады.

Тренинг – білімді жетілдіруге бағытталған белсенді оқытудың әдісі,оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал

Мемлекеттік емтиханға дайындық кезіндегі стратегия мен өзін–өзі тексеру, өзін– өзі бақылау дағдысына оқыту, өз күшіне сенімін, өзіне сенімдігін жоғарлату мақсатын көздеп,жұмысты жоспарлау керек. Тренинг барысында қаралып шешілетін міндеттер:
- Тиімді қарым-қатынасқа машықтану эмпатиясын дамыту.

-Өзінің қылықтарына жауапкершілігін сезінуге көмектесу.

- Өзіндік талдау жасау
-Сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан арылу.

- Өз күшіне сену дағдыларын дамыту;

-Өзін-өзі құрметтеуді, өзін-өзі сенуді қалыптастыру.

Енді бірнеше тренингті ұсынамын.

«Сағат бойынша достар» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, топ ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Шарты: Қазір әрқайсыларыңа жауап парақтары таратылады. Онда сағаттың суреті бейнеленген. Сендер осы әр сағат нөмірінің қасына сыныптастарыңның есімдерін жазып шығыңдар. 
Әр нөмірге жазылған оқушымен келесі нұсқауларды орындаңдар.
Күлімсіреңіз 
Қолын қысыңыз 
Арқасынан қағыңыз 
Мақтау айтыңыз 
Қол бұлғаңыз 
Көзіңізді қысыңыз 
Қол ұстасып 3 рет секіріңіз 
Бір тілек айтыңыз 
Массаж жасаңыз 
Арқаларыңды түйістіріңдер.
Құшақтаңыз. 


«Менің көңіл-күйім» жаттығуы 
Мақсаты: көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу 
Шарты:Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар


«Досым, қалың қалай?» жаттығуы .

Мақсаты: оқушылардың көңіл – күйін көтеру, бір – бірімен қарым – қатынасын нығайту.

Шарты: оқушылар дөңгелене тұрады, психолог қолды шапалақтап нұсқау берген кезде, берілген тапсырмаларды орындайды.

1 рет шапалақтаған кезде – қолдарын қысады;

2 рет шапалақтаған кезде – бір – бірін құшақтайды;

3 рет шапалақтаған кезде – бір-біріне жақсы тілек айтады.

 «Бәтеңкедегі тас» жаттығу 
Мақсаты: Кедергілерді сезіне біле отырып, оларды болдырмау жолдарын үйрету.
-Ортаға кез-келген белсенді 3 қатысушыны шақырамын.Қазір сендер аяқ киімдеріңді шешіп, ішіне мына ұсақ тастарды салып, аяқ-киімдеріңді қайта киіңдер. Енді ары-бері жүріп көріңдер.Тағы да үздіксіз жүре береміз.
Талдау: Не сезіндіңдер?
Сендерге не кедергі болды?
Оқушыларға жаттығу барысын түйіндеу: Көпшілігіміз басымызға түскен қиын сәттерде, қатты уайымдап, мазамыз кетеді, бойымызды жағымсыз эмоциялар, яғни өздерің жаңа ғана түйсінгендей кедергілер билеп алады.Бұл сезімді біз жеңу үшін ең алдымен бойымызға адамгершілік рухани құндылықтарды дарыта білуіміз керек. Өмір болғаннан кейін ол бізге бақыт пен байлық бере бермейді, алдағы уақытта өмірге шыңдалсын деп, не болмаса сабақ болсын деген ниетпен қиын сәттерді де береді екен. Сондықтан өз өмірлеріңдегі болған қуанышты сәттерді қанағат тұта біліңдер.

  «Ауызша волейбол» ойыны.
Мақсаты: Өзінде бар жақсы қасиеттерді бағалай білуге,өзінің қасында жүрген адамдардың жақсы қасиеттерін білуге ,бір-бірін терең түсінуге арналады 
Шарты:Оқушылар дөңгеленіп отырады.Допты бір-бірне берген кезде балалар адамгершілік қасиеттер туралы айтулары керек.
Мысалы: шыншылдық: мейірімділік; адамдық; адамгершілік әділдік; кішіпейілдік; батылдық; ұстамдылық; жанашырлық.

 «Өз-өзіңе мақтау сөз» жаттығуы
Мақсаты: Өз-өзіне деген сенімділіктерін нығайту.

Шарты: Оқушыларға өз есімдерін жазбай, алдарындағы бетке «Мен» деп басталатын өз-өздерін мақтайтын сөздер жазу ұсынылады. Жазып болған соң оны умаждап, қорапқа салу ұсынылады. Қорапқа жиналған қағаздарды араластырып, әркім бір қағаздан алып, онда не жазылғанын оқып беру.
Талдау: Жаттығу ұнады ма?


«Сенімділік» жаттығуы.

Мақсаты:  оқушыны стресстік жағдайдан арылтып, сенімділікке үйрету.

Шарты: оқушыларға бос парақ таратылады. Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1, 2 деп белгілеп, бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін, ал екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазады, ортасы екіге жыртылып алынады. Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып, жағымсыздарын қатты мыжып, қоқыс жәшігіне салады.

«Өміріңнің бақытты сәттері» жаттығуы
Мақсаты: Өткенді еске алғыза отырып, бойларындағы жағымды эмоцияларды сезіндіру, өздерін сергек сезінуге жағдай жасау.
Жүргізуші:
- Осы уақытқа дейін, яғни өткен шақта өздеріңді өте жақсы сезінген, не өздеріңді сол сәтте бақытты сезінген 2 не 3 сәтті есімізге түсіруге тырысып көрейікші.Бұл оқиға қандай оқиғалармен, не жағдайлармен байланысты екенін есіңе түсіріп, сол жағдай туралы қысқаша жазыңдар.
Талдау: 
-Осы оқиғаларды еске түсіру барысында қандай сезімге бөлендіңдер?
-Жағымды әсер алдыңдар ма?
Қорытынды: Жаттығу барысында бақытты сәттерінің символдары ретінде кілтті ұғымдар айқындалады.Оның бүгінгі күнгі іс-әрекет , көңіл-күйі қарым-қатынас барысында жағымды қалып қалыптастыруда үлкен маңызы бар.

Қорытындылай келе орнымен өткізілген тренингтер маңызды міндеттерді шешіп,оқушылардың бойына сенімділік, жауапкершілік, өзін-өзі бағалау, табандылық, болашаққа сенім ұялатады.ҰБТ кезінде өз мүмкіндігін барынша іске асыруға көмектеседі.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мектеп түлектерімен психологиялық тренингтер өткізудің маңызы

Автор: Сукурлыкова Аяулым Исабековна

Дата: 16.03.2020

Номер свидетельства: 542969

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "ЖАС  ?РПА?  ПСИХИКАСЫН  СА?ТАУ  МЕН ДАМЫТУ- БОЛАША?  КЕПІЛІ "
    ["seo_title"] => string(60) "zhas-u-rpak-psikhikasyn-sak-tau-mien-damytu-bolashak-kiepili"
    ["file_id"] => string(6) "198389"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428403315"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства