kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Б?йыру немесе ба?ыну (психологиялы? тест)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен, Ж?шібай Самал Тасболат?ызы 1983 жылы 5 ?азан к?ні А?т?бе облысы Бай?анин ауданы, Алтай совхозында д?ниеге келдім. 2000-2007 жылы аралы?ында ?.Ж?банов атында?ы А?т?бе мемлекеттік университте о?ып психология маманды?ы бойынша диплом алдым. Бай?анин ауданы ?арауылкелді 1 орта мектебінде 2004 жылы психолог маманды?ы бойынша ж?мыс істедім. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Б?йыру немесе ба?ыну (психологиялы? тест)»

Бұйыру немесе бағыну (ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТ)

Тест 

«Бұйыру немесе бағыну»

«Тест» деген сөз  және оның мағынасы біздің әрқайсымызға да белгілі. Барлығымыз да тесті көңіл көтеруге арналған ойын ретінде қараймыз.

Бірақ та жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып жасалған тестер өзін тануға және обьективті түрде  өмірде табыстарға жетуге  ат салысады.

Сіз кімсіз? Капитан немесе қтатардағы жауынгерсіз бе?  Берілген тапсырманы мұқият оқып, мына сұрақтарға жауап беруге тырысыңыздар.

Берілген үш жауаптың біреуін таңдаңыз:

1. Достық сіз үшін:

А – бірлесіп қызмет жасау,

Б — қолдау көрсету,

В — альтруизм.

2. Ең алдымен нағыз художникте /артист/ болу керек:

А — талант,

Б —  батылдық

В — дайындық.

3. Сіз достармен кездесуде жиі сезінесіз:

А — «әтеш»,

Б — «тауық»,

В — «балапан».

4. Егер сіз геометриялық фигура болсаңыз, онда сіз болар едіңіз:

А — цилиндр,

Б — сфера,

В — куб.

5. Егер сізге қыз /жігіт/ ұнаса, сіз:

А — бірінші қадам жасайсыз,

Б — оның алғашқы қадам жасағанын тосасыз,

В — аздап қадам жасайсыз.

6. Сіз ойламаған жағдайға душар болғанда:

А — сақ жүретін боласыз

Б — сенімділікпен алға ұмтыласыз,

В –  қобалжисыз және  ренжисіз.

7. Егер де сіз ұжымның алдына шығып сөйлегенде, сезінесіз:

А – сізді тыңдайды,

Б – сынайды,

В – сіз қысыласыз.

8. Саяхатқа жолдастарды алғанда ең дұрысы:

А – мықты,

Б – ақылды,

В – тәжірибелі.

9. Шынын айтқанда, Золушка:

А – бақытсыз қыз,

Б – айлакер – мансапқор,

В – көңілсіз, сары уайымшыл.

 

10. Сіз өз өміріңізді қалай шамалайсыз:

А — шахмат партиясы,

Б — бокс матчы,

В — карта ойыны.

Нәтижені өңдеу

Таблицаға сәйкес ұпайларыңызды санаңыз:

жауап

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

А

3

3

3

1

3

3

3

3

1

2

Б

2

2

2

3

2

2

2

2

3

1

В

1

1

1

2

1

1

1

1

2

3

Егер сіз 16 ұпайдан артық алсаңыз, онда қоғамда сіз жай қатардағы жауынгерсіз. Сіз басқаларды сыйлайсыз және жақындарыңыздың әлсіздігіне кешіреммен қарайсыз, сондықтан да бұйрық беруге және бәсекелестікке түсуге қабілетті бола  алмайсыз. Мүмкін сіздің биліктен бас тартуыңыздың  да себебі осында болар. Сондықтан да, қандай-да бір шешім қабылдамас бұрын, қанша рет лидерлікке ұмтылғанда сәтсіздікке ұшырағандығыңызға талдау жасаңыз. Егерде шынына келер болсақ сіз  лидер болмай-ақ та өзіңізді  тамаша сезінесіз, болып жатқан жағдайлардан өзіңізді біршама алшақ ұстаңыз. Шындығында бұл жаман емес, көңіліңіз тыныш болады.

Егер сіз 17-23 ұпай алсаңыз, сіз кіші офицерсіз. Бұл от пен судың арасындағыдай ыңғайсыз жағдай. Сіздің өзіңізге деген сенімділігіңіз жеткіліксіз және шешімді қиындықпен қабылдайсыз, солай емес пе?  Сіз аздап жетекшісіз  және аздап жауынгерсіз… Сіздің сенімсіздігіңізден аргументтеріңіз тыңдаушыларға жете қоймайды. Бұдан шағатын бірден бір жол — өзіңізге деген сенімділікті күшейту керек.

Егер сіз 24 ұпайдан жоғары алсаңыз, сіз – генералсыз.  Сіз бала кезіңізден бастап қажетті істер жөнінде сөз болған жағдайларда   бірінші болып қызмет жасауға даяр тұратынсыз, солай емес пе?  Өсе келе басқа адамдарға деген әсеріңіз нығая түсті, әсіресе қиын кездерде. Егер де сіз ….қиындықтардан қорықпасаңыз,   бұл қабілетіңіздің арқасында  сізді өте жоғары бағалайтын болады. Бас қосуларда елдің алды болып, сізді тамаша жолдас /құрбы/, ақылшы санағанды қанағат тұтпаңыз. Лидер үшін бұл жеткіліксіз. Батыл түрде лайықты мақсаттар қойып, өзіңізбен жұмыс жасауды жалғастырыңыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Тесты

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Б?йыру немесе ба?ыну (психологиялы? тест)

Автор: Ж?шібай Самал Тасболат?ызы

Дата: 11.03.2016

Номер свидетельства: 304294


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства