Просмотр содержимого документа
«Жеткіншектерді? мінез-??лы? ауыт?уында?ы ерекшеліктері (баяндама)»
Баяндама
Тақырыбы: Жеткіншектердің
мінез-құлық ауытқуындағы
ерекшеліктері
Семей 2015-2016 оқу жылы
Жеткіншектердің мінез-құлық ауытқуындағы ерекшеліктері
Жеткіншек шақ – балалық шақтағы ең қиын және ең күрделі кезең. Бұл кезеңді өтпелі кезең деп те атайды.
Себебі, бұл кезде жеткіншектер балалық шақтан ересек шаққа өтеді. Бұл кезде бала бойында көптеген өзгерістер болады. Ол анатомиялық, физиологиялық, интелектуалдық, адамгершілік дамуында және оның әрекет түрлерінде өзгерістер болады.
Өтпелі кезеңде балалар сабағы өзгереді, жақсы оқып жүрген балалар сабағы нашарлайды. Балаларда өзімдік “мен” сезімі пайда болады. Олар еркін жасауға құмар келеді .Тым еліктегіш болады .
Жеткіншектік шақта оларда өзін - өзі тануға күшті болады. Олардың өз көзқарастары мен пікірлері әрекеттері барысында айқын байқалады. Сонымен қатар бұл кезеңде балалар отбасымен, мектептен оқшауланып, өз құрбыларының ықпалында болады. Олар әсіресе өздерін еркін сезінетін ортаға орналасуға бейім болып келеді. Олар спорт секциялары, техникалық үйірмелер болуы мүмкін, тіпті, темекі шегетін, арақ ішетін орын ретінде үйлердің подвалдары болуы мүмкін. Бұл кезеңде балаларды ересектермен, әсіресе ата-аналармен көбірек ерегіске барып, ортақ тіл табыса алмайды. Балалар ата-аналарының тең құрдастай қарым - қатынас жасауын қалайды. Бұл кезде балалар көбірек өз бетінше өмір сүруге тырысады. Олар өзіне кумир (пір) сайлап алады да, соған еліктейді. Басқа балалардан ерекшеленуге тырысады.
Қоғамда қалыптасқан “мінез - құлықтан ауытқыған балаларды “қиын” немесе “тәрбиесі қиын” бала деп санау қабылданған тәрбиесі “қиын” балалардың әрекеті девиация деп аталады. Девиантты мінез-құлықтың пайда болуына көбінесе тұрмыс жағдайының қиын әрі төмен болуынан. Жеткіншек кезеңде бала қалып пен ауытқудың ортасында болғандықтан бұл мәселеге тек педагог емес, сонымен қатар дәрігерлерде көңіл аудару керек.
Девиантты іс-әрекеттің нақты құбылыстарда айқындалуы:
Спирттік ішімдік пайдалану және есірткіге тәуелдену;
Есірткі қабылдау және есірткіге тәуелділік;
Агрессиялық әрекеттер (топ ішінде бәсекелестік, билік үшін күрес, зорлық-зомбылық);
Балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы;
Құқық бұзушылық әрекеттер, қылмыс жасау;
Ауытқудың пайда болыуына жеткіншектің дене құрылуының күрт өсуі, тәрбиенің шарттарына және әлеуметтік орта да әсер етуі мүмкін.
Жеткіншектің тұлға болып қалыптасу мәселесі “жеткіншектер психологиясында” ең күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Бақылаудың нәтижесінде қарасақ балалық шақтан ересектік кезеңге өту қиындаған сайын, оның маңыздылығы арта түседі. Жеткіншек шақ эмоциялық тұрақсыздықпен, көңіл - күйдің тез ауыспалдығымен, қырсықтық, өзбеттілік, өз көзқарасын үлкендерге қарсы шығу арқылы дәлелдеу тағы басқа іс әрекетпен көрініс береді.
Жеткіншектердің денесінің күрт өзгеруі, жыныстық мүшенің дамуы, қаңқаның тез өзгеруі, жеткіншектің санасының өзгеруіне алып келеді. Жеткіншек физикалық еңбекке шаршаңқы келуі мүмкін, немесе өз кемшіліктерін басқа саламен толықтыруы мүмкін. Жүйке жүйесінің, бұлшық еттердің қалыптасуы кешуілдегенде қозғалу координациясы бұзылады. Бұл қопалдықпен көрінеді. Жеткіншектің сырт көрінісі немесе қопалдығы туралы қоршаған ортаның айтылган сыны жеткіншекті ашу - ыза, тіпті аффект жағдайына апарады.
Жыныстық мүшенің даму да мінез - құлық өзгеруіне ерекше әсер етеді. Тез жетілген жағдайда жеткіншектің көңіл - күйі тұрақсыздықпен көрінсе, кеш дамып жатқан жеткіншектерде мінезінің өзгеруі, яғни ашушаң болу, үнемі қарсы шығу тағы басқа көрініс береді. Кешуілдеп дамыған жеткіншектер жай қимылдап, қопал болып, өзіне сенімсіз болады.
Көңіл күйдің тұрақсыздығы ер балаларды 11 - 13 жас, қыздарда13-15 жаста ерекше көрініс береді.
Сонымен қатар, бұл жаста қырсықтық, өзбеттілік көрсетеді. Жеткіншек өмірде өз орнын тапқысы келіп, өмірді өзгерткісі келіп, көбіне дүниеге деген көзқарасы өзгереді. Жыныстық бағыттылығы анықталады. Жеткіншектердің жыныстық мүшесі, әлеуметтік ересектіктен бұрын дамып бітеді. Әлеуметтік ересектілік біркелкі өтпейді. Ол оқуды бітірумен, материалдық тәуелсіздіктен немесе кәмілет жасқа толумен байланысты. Жеткіншек кейбір өмірлік салады өз қабілетсіздігін қиын бастан кешеді. Мысалы: Спортсмендер тобында жеткіншектің абыройы жоғары болғанымен, ол қыздар арасындағы қарым - қатынасы ересектерше болмауы мүмкін .
Мінез - құлқында қиыншылығы бар девиантты мінез-құлықтың бұзылуының ішіне
- гиперкинетикалық мінез-құлықтың бұзылуы
- мүмкіндігі шектеулі отбасындағы мінездің бұзылуы
- әлеуметтендірілмеген мінездің бұзылуы
- әлеуметтенген мінез-құлықтың бұзылуы
- делинквентті мінез-құлық
- ерте кезден ішімділік қолдану, наркомания
- тұлғаның психогенді патологиялық құрылымы
Гиперкинетикалық мінез - құлық, өз дегеніне жете алмау, оқуда табандылық көрсетпейтіндікпен, бала бір тапсырманы аяқтамай екінші тапсырмаға тез өтуімен көрініс береді. Ересектермен қарым - қатынаста аралықты сезінбеу, балалар оны ұнатпайды, олармен ойнаудан бас тартады. Кейде өзін өзі бағалауы төмен болуы да мүмкін .
Мүмкіндігі шектеулі отбасындағы мінездің бұзылуы , бұл әлеуметтік нормаға қарсы немесе агрессивті мінез - құлық (қарсы шығу, дөрекілік) көрсетуі. Мұны тек үйде ата - анасымен қарым - қатынаста, туысқан бауырларына көрсетеді. Кейде үйдегі заттарды ұрлау, заттарды қирату, бұзумен , яғни ,оларға қатыгездік істей , кейде үй өртеу.
Әлеуметтендірілмеген мінездің бұзылуы, бұл әлеуметтік қоғамда қалыптасқан нормаларды бұзу, балаларға қатыгездік істеумен көзге түседі. Және өз құрбы - құрдастарымен жақсы қарым - қатынаста болмауы , олардан шеттеліп қалуы, құрдастарының онымен дос болудан бас тартуы , беделінің болмауы, сонымен қатар достарының болмауы немесе олармен тығыз қарым-қатынаста болмауы. Әдетте үлкендермен қарым – қатынаста оларға қарсы шығады, қатыгез, жақсы қарым - қатынасы өте сирек болғанымен оларға сенбейді. Кейде көңіл күйінің бұзылуы қатар жүреді. Әдетте бала мен жеткіншек жалғыз. Бұл мінез - құлыққа бұзықтық , төбелес құмарлық , өзгенің затын, ақшасын тартып алу, қатыгездік зорлық - зомбылық көрсету, тыңдамау, дөрекілік тән.
Әлеуметтенген мінез - құлықтың бұзылуы. Мұның айырмашылығы антиәлеуметтік тұрақтылық ( үрлау,өтірік айту,сабақ кезінде қыдыру, үйден кетіп қалу, дөрекілік ) немесе агрессивті мінез - құлық қарым-қатынасқа тез түсетін балаларда көрінеді. Аралас мінез - құлық көрсеткенімен , олардың басым көпшілігі ашу-ызақылық , депрессия белгілері көрінеді.Кейде үнемі депрессияда болады, қатты уайымда болу, қорқақтық , өзін - өзі үнемі кінәлау.
Делинквентті мінез - құлық бұл қылмысқа жатқызуға, соттауға болмайтын бұзақылық. Оларға сабақ кезінде қыдыру, әлеуметтік норманы бұзатын топтармен қарым - қатынаста болу, өзінен кішілерге , әлсіздерге күш көрсету, ақша тартып алу, велосипед, мотоциклдарды ұрлап айдап кету, үй заттарын ұрлау т.б. жатады. Мұның себебі - тәрбиенің жетіспеушілігінде.
Ерте кезден ішімділік қолдану, наркомания. Ішкілік наркоманияның басы болып саналады . Алкоголизация мен наркоманияның жартысынан көбі жеткіншек жастан басталады. Делинквентті жеткіншектердің 3\ 1 ішімдік қолданғандар жане наркотикпен де таныс. Ішкілікке салынудың түрткісі - белгілі топқа сіңісу, қызығушылық, ересек болуға ұмтылу немесе өзінің психологиялық күйін өзгерту мақсатында. Жеткіншек көңіл - күйін көтеру үшін, сенімді, өзін еркін сезіну үшін, әрі қарай жеткіншек ішімдікті жиі қолдана бастайды. Жеткіншектің ішімдік қолдануға себеп іздеуі немесе наркотик қолдануға , үнемі құрамында спирт бар сусынды іздеу ,бұл - ерте жастағы алкоголизмнің белгілері.
Тұлғаның психогенді патологиялық құрылымы. Бұл жеткіншектің немесе баланың аномальды түрде есейуі: ата - ананың дұрыс тәрбие бермеуінен; үнем бала психикасын бұзатын жағдайлар; өмірлік қиындықтарды қатты уайыммен бастан кешіру; ұзаққа созылған невроз; сезім немесе дене мүшелерінің кемістігі ;созылмалы аурулар т.б;
Жеткіншектердің дамуында бұрыс тәрбие үлкен роль атқарады, нәтижесінде жеткіншек қиын балалар қатарына қосылады.
Жүргізілген зерттеулер бойынша жеткіншектерде девиантты мінез- құлықпен (әділетсіздік, қылмысты топтарға тәуелділік, заңсыз істерді жасау, есірткіні қолдану, ішімдік, басқыншылық мінез-құлқы, суицидті мінез-құлық) және басқапсихикалық күйзелістермен байланысты.
Зерттеулерге сүйенсек, қызуқанды мінез-құлық отбасы қатынастарында қалыптасады. Осы жағдайлармен қатар қызуқандылықтың дамуына алып келетін мына жағдайларды көрсетуге болады:
-жиі болатын ата-аналар арасындағы ұрыс-жан-жалдар;
-ата-аналардың бірін-бірі және балаларын сыйламауы;
-балаларға қарау мен бақылаудың болмауы;
-жеткіншектердің пікірін елемеу;
-ата-аналардың тиісті жылулықты бере алмауы;
-балалардың ар-намысына тию;
-тәрбие жүйесінің сапасыздығы.
Өкінішке орай, қазіргі таңда болып жатқан қылмыс, бұзақылық , ұрлық, зорлық - зомбылық , жеткіншектер арасындағы суицидтың көбейуі, үйден кету, қыздардың жеңіл жүрістері, бастауыш сыныптағы балалардан ақша алу тағы басқа болып жатқан қылмыс айыптыларының басым көпшілігі 11 - 18 жас аралығындағы жеткіншектер екенін көрсетіп отыр. Дәлірек тоқталсақ, 14 жастағылар - 11% , 15 жастағылар - 7%, 16 - 17 жас аралығындағылар - 42%, көбіне көп 14 жасар балалар қылмыстық істерді топтасып жасайды. Ал қыз балалар тарапынан жасалған жалпы қылмыстың 5% құрайды. Бұл дегеніміз, қазіргі нарықтық қоғамдағы адамдар арасында қарым-қатынас пен психологиялық қысым, әсіресе, жас буын психологиялық денсаулығының бұзылуына алып келуде.
Қазақстан Республиканың өзінде, тіпті әлемдік деңгейде халқымыздың психологиялық , физиологиялық денсаулығын сақтау адамзат алдында тұрған үлкен мәселе болып отыр. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының аймақты бюросының мәліметтері бойынша дүние жүзінде 14 - 24 жас аралығындағы адамдарда өзін-өзі өлтіру соңғы 15 жылда екі есе өскен. ҚР Агенттігінің статистикалық есебі бойынша Республикасы бойынша өзін-өзі өлтіру жағдайы тіркелген, оның ішінде 10 - 18 жас аралығындағы жастардың 154 - і ер балалар, 57 - сі қыз балалар. Ал өзін - өзі өлтіруден дүние жүзі бойынша Қазақстан бірінші орында тұрады екен. Ол әсіресе , 15 - 18 жас аралығындағы қыз балалар арасында көп орын алатынын статистикалық мәліметтер дәлелдейді.
Семей қаласының мектеп арасындағы
Жеткіншек жастағы оқушылардың суицид тіркелу санының көрсеткіші
Жалпы саны:
Ұлдар
Қыздар
Аяқталған суицид
Суицидке іс-әрекет
2011 жылы
3
1
2
3
0
2012 жылы
2
1
1
1
1
2013 жылы
6
2
4
3
3
2014 жылы
13
3
10
2
11
2015 жылы
1
1
0
0
1
Қорытынды:
Меніңше, мектеп жасындағы баланың адам болып қалыптасуы үшін мектеп пен отбасының таразы басын тең ұстау қажет.
Бала үшін ата - анасынан артық адам жоқ . Баланың бас ұстазы ата -анасы. Ендеше, әрбір ата - ана өз перзентін мәдениетті , адамгершілігі мол , білімді , ата -салтын, ана тілін қастерлейтін ұлтжанды адам етіп тәрбиелеу ата - аналық міндеті деп түсінуі керек.
Қорыта айтсам, мынау мектептің жұмысы , анау ата – ананың міндеті етіп бөліп жармай-ақ, жас ұрпақты келешек өмір, елдігіміз үшін бірігіп тәрбиелеген жөн.