kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жетістікке жол" түлектерге арналған іс-шаралар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жетістікке жол. 11 сынып оқушыларына арналған іс- шаралар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жетістікке жол" түлектерге арналған іс-шаралар.»












Жетістікке жол


мектеп түлектері үшiн ҰБТ - ға арналған

психо-педагигикалық іс-шаралар.

(бағдарлама)






Жангабулова Ж.Б.










Жетістікке жол

мектеп түлектері үшiн бырыңғай ұлттық тестке арналған

психо-педагигикалық іс- шаралар.


Мақсаты: бiртұтас мемлекеттiк емтиханға әзiрлену мерзiміндегі мінез құлық стратегиясы мен тактикасын жан-жақты зерттеу; өздiгiнен реттелу дағдыларына үйрену; өзін-өзі бақылау; өз сенiмдiлігі мен күшінің жоғарлатуы;


Әдістер: топтық пікірталас, ойын әдістер, медитизация техникалары


Міндеттер:

  1. Стресске қарсы түрiнгiштiктiң жоғарылатуы

  2. Дәйектi мiнез-құлық дағдыларын жан-жақты зерттеу

  3. Қызу ерікті саласын дамыту

  4. Көңiл ортақтығы, өзіне ықылас аудару және қоршаған ортаға сенімділік сезімдерін дамыту

  5. Ішкі қорды тірекке ала отырып өзiн-өзi бақылаудың дағдыларын дамыту.

  6. Өз қоюларын талдау барысындағы әрекеттерде, меншiктi жауапкершiлiкті ұғыну үшін көмек

  7. Конструктивтiк өзара әрекеттесу дағдыларын үйрету.


Өткізу шарттары: жақсы жарық түсіп тұрған кез келген үлкен үй-жанемесе сынып. Топ бір сынып оқушыларынан жасақталады.



Тақырып №1 «Емтихандарға қалай жақсы дайындалуға болады»


Материалдар: жазба таспалары бар магнитофон, ватман қағазы, әр – түрлі көрнекілік құралдар, А 4 нысандағы ақ қағаз, жұмсақ ойыншық


1. Жаттығу «Мені ата»


Мақсаты: топқа тиістілік сезімдерін дамыту, бір-біріне жақындау

Уақыты: 10 минут

Нұсқама: Қазір мынау көңілді доп сіздердің қолдарыңыздан жүгіріп өтеді. Ол кімнің қолында болса, сол өзінің атын айтуы керек. Айналым біткен сәттен бастап доп кейін қарай домалайды, және сіз тренинг барысында топ қатысушылары айтатын атыңызды айтуыңыз керек. Мүмкіндігінше аттар қайталанбауы керек. Ал енді өз аттарыңызды жазып және карточкаларды толтырыңыздар.


Жаттығуды талдау:

  • Бұл жаттығу сізде қандай сезім туғызды?

  • Сіз қалай ойлайсыз неге біз тренингтің алғашқы күнінде осы жаттығу ды өткіздік?

  • Алдағы өткелі тұрған тренингкке не тілейсіз?


  1. Топ жұмысының ережесі


Мақсаты: тренинг барысында топ ішінде мінез-құлық ережесін жан-жақты әзірлеу және біртұтас жұмыс кеңістігін қалыптастыру.

Уақыты: 10 минут

Нұсқама: Өзіңді ханмын немесе ханшамын деп ойла, ал біздің аудитория сенің хандығың. Сен бұл жерде өзің дұрыс деп ойлайтын және тренинг барысында біздің кез-келгенімізге жайлы болатын сонымен бірге біз сақтайтын кез-келген ереже орната аласың. Өз хандығыңда қандай ережелер орнатасың? Бір ақ қағазға өзің ойлаған ережелер тізімін жаз. Ал енді жалпытоптық біртұтас мінез-құлық ережесін жан – жақты әзірлейік. Сіз маған айтып отырыңыз, ал мен ватман қағазына жазып отырайын.


Хандық ережелері

  • Кешікпеу керек

  • Сөзді бөлмеу керек

  • Бағаламау керек

  • Үндемей қалу мүмкіндігі

  • «Осы жерде және дәл қазір»

  • Құпия

  • Белсенділік

  • Басынан бастап аяғына дейін жұмыс

  • Көтерілген қол ережесі

  • «Тоқта» ережесі

  • «Пирога» ережесі

Сіздің хандық ережелерін қабылдағанымызды білдіру үшін біз шапалақтаймыз.


  1. «Моральдік орнықтылық» тесті

Мақсаты: жас өспiрiмдерге өз өмiр сүру бейнесі туралы және оларға қоршаған ортаның көзқарасы туралы, сонымен қатар күнделікті мінез қылықтарымен қоршаған ортадағы адамдарға келеңсіз жағдайлар туғызбай ма деп ойлануға мүмкiндiк беру

Уақыт: 15 минут

Тест шешіміне кілт

Әр «ИӘ» деген дұрыс жауапқа бір ұпайдан қойып және жалпы есебін шығарыңыз

  1. Мен әрдайым берілген уәдееде тұрып және басқа адамдар алдындағы міндеттерімді орындаймын.

  2. Мен достарыма қуана көмектесемін, және көмекті пайдасыз мақсатта көрсетемін.

  3. Әділетсіздікті көрген, маған жағымсыз.

  4. Адамдардың тәрбиесіздігі мен дөрекілігі менде өкініштің сезімін қалдырады.

  5. Мен кекшіл адам емеспін, басқа адамдарға кек ұстамаймын.

  6. Ақкөңіл болып басқаларға қарағанда ғана емес, өзіме қатысты да болуға ұмтыламын!

  7. Адамдардың қуанышы маған ұнайды, сыйлықтар тарту еткенді жақсы көремін.

Нәтижиені анықтау және оның интерпретациясы

1 – 3 ұпай Сіздің моральдік орнықтылығыңыз өте жоғары емес. Сіз бұл жөнінде әлі ойланып көрмеген шығарсыз немесе басқалардан үлгі алып жүрсіз. Бұл жағдайда сіздің жолыңыз болмаған. Егер өзгергіңіз келсе өзіңіздің күнделікті мінез-қылықтарыңыз туралы ойланып көруіңізге кеңес береміз.

4 – 6 ұпай Өмір сүру ұстанымыңыз Сіздің негізінен қоғамда қалыптасқан моралдік нормаларды ұстанатындығыңызды куәләндіреді. Осы нормалардың сіздің ішкі қажеттілігіңізге айналуы үшін жұмыс істеу керек.

7 – 10 Сіз қоршаған орта үлгі алатын тамаша адамсыз, бірақ сылбырлыққа жол бермей әрі қарай өзіңізбен жұмысты жалғастырыңыз.


4. «Емтихандарға қалай дайындалуға болады» шағын – дәріс


Мақсаты: емтихандарға дайындықты тиімді әдістермен жеткілікті тұрғыда хабарлау

Уақыты: 15 минут.


Психологиялық тұрғыда қалай дайындалу керек?

  • Емтихандарға кішкенеден, бөліммен, ұстамдылық сақтай отырып алдын-ала әзірлену.

  • Егер ойларың мен күштеріңді жинақтау қиын болса, алдымен ең жеңіл, содан кейі қиын материалдарды есте сақтауға тырысып көр.

  • Күнделікті ішкі кернеулігіңді, шаршауыңды, басатын жаттығулар жаса.

Көздерің шаршағанда не істеу керек?

Емтихандарға дайындық барысында көздерге үлкен күш түседі. Егер көздеріңіз шаршаған болса, онда ағзада шаршайды. Оған емтихан тапсырмаларын орындау үшін күш жетпеуі мүмкін. Көздеріңіз демалу үшін былай істеулеріңіз қажет.

Кез келген екі жаттығу жасаңыз:

  • (25 секунд) кезекпен кезек жоғары-төмен, (15 секунд) оңға – солға қараңыз;

  • Көздеріңіз бен өз аты, жөніңізді жазыңыз;

  • (20 секунд) көзіңізді білгілі бір затта ұстап, (20 секунд)содан соң ақ қағазда ұстаңыз

  • төртбұрыш, ұшбұрышты сағат тілі бойынша салыңыз, содан кейін қарай салыңыз


Күн тәртібі


Күнді үш бөлікке бөл:

  • күніне 8 сағат емтихандарға дайындалу;

  • спортпен шұғылдан, таза ауада серуенде би алаңына барып биле – 8 сағат

  • 8 сағаттан артық ұйықта, егер қажет болса түскі астан кейін өзіңе ұйқы демалысын бер.


Тамақтану

Тамақтану 3 – 4 мезгіл болып, калориялы және витаминдерге бай болуы керек. Тамаққа грек жаңғақтарын, сүт өнімдерін, балық, ет, көкөністер, жемістерді, шоколадты қолдан. Тағы бір кеңес: емтихан алдында тоя тамақ ішпе.


Емтиханға дайындалуға арналған орын.

Өз жұмыс кеңістігіңді дұрыс ұйымдастыр. Инттелектуалды белсенділікті арттырғандықтан стол үстіне сары және күлгін түсті заттар немесе сурет картинкаларын қой.


Материалдың көп бөлігін қалай есте сақтауға болады.

Сұрақтар бойынша материалдарды қайтала. Ең алдымен есіңе түсір содан кейін міндетті түрде қысқаша жазып алып, содан кейін ғана негізгі дәйектердің күнінің дұрыстығын тексер. Оқулықты оқып отырып, басты ойларды анықта, бұл жауаптың негізгі тұғыры болып табылады. Әр сұраққа кішкене қағаздарда қысқаша жауап жоспарын құруды үйрен.


Ойлау қабілетін қалай дамытуға болады.

  1. Егер ақылды болғын келсе тыйанақты ойлауды үйрен,зейін салып тында.

  2. Ойлау қабілетін күшейтпей білім алу мүмкін емес, бірақ ойлаудың өзі білімсіз мүмкін емес.

  3. Ойлауды дамыту – бұл өз ақылыңды біліммен толықтыру. Білім көздері әр түрлі болуы мүмкін : мектеп кітаптары, теледидар, адамдар. Олар заттар туралы немесе адамдар туралы,көріністер туралы ақпарат береді.

  4. Ойлау сұрақтан басталады. Барлық ашылған жаңалықтар неге және қалай сұрақтары арқылы жасалған. Сұрақ қоюды және оларға жауап іздеуді үйрен.

Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары.

Есте сақтау қиындылығы көлемге пропорционалсыз өседі.

Көп оқығаннан гөрі еске түсіру арқылы қайталаған тиімдірек.


Жұмысқа қабілеттілік жағдайын көтермелеу.

Гимнастикалық жаттығулар жасау. Көзді сақтандыру (20-30 минут сайын үзіліс жаса ). Теледидар көруді азайту.







5. Шағын топтардағы дискуссия.


Мақсаты: Емтихандарға дайындық бойынша дәрістік материалдарды бекіту.

Уақыты: 25 мин.

Өткізілу техникасы: төрағаны, спикерді, уақыт санаушы мен секретарьды сайлап қатысушылар шағын 4 топқа бөлінеді.

Төраға міндеттері: топтың талқылау тақырыбынан ауытқымауын бақылау, «оймен шабуылдау» қағидасын сақтау, әр қатысушыны мадақтау.

Хатшы міндеттері: топ мүшелерінің идеяларын, сөйлемдерді түсінікті жазу.

Спикер міндеттері: топ шығарған идеяларды және сөйлемдерді қысқа және түсінікті қылып түсіндіру, айтып жеткізу.

Уақыт санаушы міндеттері: дискуссияға бөлінген уақытты қадағалау.

Бастаушы топқа «оймен шабуылдау» қағидасының түсінігі мен қағидаларын түсіндіреді.

  • Көбірек идеялар ойлап шығарындар;

  • Барлық идеялар жазылады.

  • Бірде – бір идея теріске шығарылмайды.

  • Бірде бір идея талқыланбайды, оларға уақыт кетеді.

Материал: 4 ватман, түрлі – түсті қарындаштар.

Нұсқа: мен сіздерді біздің дискуссияға келулеріңізбен құттықтаймын. Жұмыс істеу үшін 4 шағын топқа бөлінуді ұсынамын.

Топтарды құру барысында келесі бөлу техникаларын қолданамыз: таңертең – күн – кеш – түн. Талқылауға тапсырма ұсынамын:

1 топқа тапсырма: Емтиханға қалай жақсы дайындалуға болады?

2- топқа тапсырма: ?Емтихан күнін қалай ұйымдастыру керек?

3 – топқа тапсырма: Емтиханды жақсы тапсыру үшінне істеу керек?

Әр топқа 2 минуттан беріледі.


6. жаттығу «Менімен бірге қайтала»

Мақсаты: Ақпаратты жемісті қабылдау және тарату әсер ету факторларын дамыту.

Уақыты: 15 мин

Нұсқама: Шеңберге тұрыңыздар, қазір бәріміз көңілді әуен ырғағымен билейміз, бірақ оны былай жасаймыз: бастапқыда әрқайсысымыз кез-келген бір қозғалыс жасаймыз, менің шапалағым бойынша оң жақтағы көршіміздің қимылын қайталауымыз қажет. Егер бәріңіз көңіл бөле қарасаңыз, онда әрқайсыңыздың қимылдарыңыз,, шеңберді айналып, өз «иесіне» қайта оралады.

Талдау: Сіздің көңіл-күйіңіз қалай ?

Оның қимыл-қозғалысы кімге оралады?

Ол өзгерді ме? Жоқ па?

Қандай қозғалыс бірінші орындалғаның көрсетіңіз?


7. жаттығу «Өз жұлдызынды тап»

Мақсаты: Демалу мүмкіндігі мен өзіне сенімділікті арттыру мүмкіндігі.

Уақыты: 20 мин

Нұсқама: Шеңберге отырып көздеріңізді жұмыңыз. Үш рет терең демалып, және дем шығарыңыз ( музыка ойнап тұр). Енді көз алдыңызға жұлдызды аспанды елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және қараңғы. Кейбіреулерге бұл қол жететін, жердегі жақын және сансыз жарық нүктелер, ал кейбіреулерге бұл бір немесе бірнеше жұлдыздар. Жұлдыздарға мұқият қарап және ең әдемі жұлдызды таңдап алыңыз. Ол сіздің балалық араманыңызға, ұқсауы мүмкін, немесе ол сізге бақыт, қуаныш, жеңіс минуттарын есіңізге түсірді ме? Тағы бір рет өз жұлдызыңызға сүйсіне қараңыз да, оған қол жеткізуге талпынып көріңіз. Бүкіл күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде өз жұлдызыңызды аласыз. Оны аспаннан алып және өз, алдыңызға қойып жақынырақ қараңыз және оның түрі қандай, қандай жарық шығарып тұрғаның есте сақтауға тырысыңыз. Ал енді алақанынызбен тізеңізді, табаныңызды сипап және тәтті керіліп көзіңізді ашып бір парақ қағазбен түрлі түсті қарандаштар алып өз жұлдызыңыздың сурет салыңыз. Оны қиып алып біздіңғ жұлдызды аспанынызға іліп қойыңыз. Енді бізге жұлдыздар әр тренингтік сабақтарда достықты, жақсылықты білдіре тұрып шашып тұратын болды.Соңғы сабақта оларды өздеріңізбен ала кетесіздер.Олар сіздерге білімге жол көрсетеді және өмірдің барлық емтихандарында бірге алып жүреді. Жұлдыздарға мұқият қараңыздар: олардың арасында бір-біріне ұқсайтын бірде-бір жұлдыз жоқ. Біздер сияқты оларда әртүрлі.


8 жаттығу «Күн қорытындысы»

Мақсаты: тренинг өткен күн туралы топ қатысушыларынан кері байланысты алу.

Уақыты: 10 мин

Нұсқама: Ыңғайлы отырыңыз. Қазір біз бір-бірімізге жұмсақ ойыншықты бере отырып, бүгінгі өткен сабақтан алған жерлерімізді бөлісеміхз және топтың барлық қатысушыларына тілек білдіреміз. Біреу сөйлеп жатқанда сіздерден отырып өз сыныптастарымызды бөлмей, сыйлап мұқият шыңдауыңызды сұраймын.

Талдау:

Сізге бірінші тренингтік күн не әкелді?

Бүгінгі сабақтан алған сіздің әсеріңіз қандай?

Сіз өзіңізге қандай жаңалықтар аштыңыз?

Алдындағы уақытта өзіңізге не алып, қолданасыз?


Тақырып №2 «ҰБТ –дағы мінез- құлқын».

1жаттығу «Сәлемдесу хат»

Мақсаты: қылықты жағдай, топтық ұйымшылдықты көтеру, сезімдерін дамыту.

Уақыты: 5 мин

Нұсқама: Мен сіздерге өз сәлемдемелеріңізді парақ қағазға жазуды және оны жәшікке салуды ұсынамын. Енді оны мен араластырамын, және оны топта оқып бүгінгі біздің кездесуімізді есіңізге сақтап қалыңыз.

Талдау:

Сәлемдеме жазу қиын болды ма?

Сіздің сәлемдеменізді оқығанда, қандай сезімде болдыңыз?

Біздің тренингті жалғастыруға дайынсыз ба?


2 жаттығу «Жарайсың»

Мақсаты: стресс уақытында сенімді көңілді күйді қалыптастыру.

Уақыты: 10 мин

Нұсқама: Сіздерге ішкі- сыртқы қағидасы бойынша екі топқа бөліну қажет. Енді мен сіздерге не істеу қажет екенін айтып беремін. Екі дөңгелек құрыңыздар: біреуі ішкі, ал екіншісі сыртқы. Сыртқы дөңгелек қатысушылары өздеріне ішкі дөңгелек қатысушыларынан жұп таңдап алып, және бір-біріне қарама-қарсы тұрып менің белгім бойынша кезекпен өздері қол жеткізген жетістіктері туралы айта бастауы керек. Кім тындап тұрса сол жұбының әр айтқан жетістігіне «Сен жарайсың! Бір! Сен жарайсың! Екі» сөздері арқылы саусақтарын бүгіп санап тұруы қажет. Солай жалғаса береді. Егер сіз өзіңіз туралы жаман ойласаңыз да, бәрібір өзіңіз туралы жақсы әдеттерді жария етіңіз. Осы жаттығуды орындау барысында сіздердің кез-келгеніңіз ұялу мен сенімсіздікті сезсе, ішіңізден: «Мен өзімді жақсы көремін, кереметпін және қайталанбаймын» - деп қайталаңыз. Сіздің басыңызға өзіңіз туралы кері әсер беретін бағалаулар келген сайын, сізге даму керектігін еске түсіріңіз. Менің белгім бойынша ішкі дөңгелек қатысушылары өз орындарында қалады, ал сыртқы дөңгелек қатысушылары солға бір қадам жасап және жұптарын ауыстырады. Ойын жалғасады.

Талдау: Өзіңіз туралы көптеген жақсы естеліктерді есіңізге түсірдіңіз бе?

Кей уақытта өзіңізге: «Бұл менде ойдағыдай жасалды!» - деп айтасыз ба?

Өзі туралы жақсы айтудың маңызды екенін түсіндіріп беріңіз

Өз жұбыңыздан не үйрендіңіз?


3 жаттығу «Мен неге қол жеткіздім?»

Мақсаты: жетістікке талпындыру, актерлік шеберлігін дамыту.

Уақыты: 15 мин

Нұсқама: Бір сәт тыныштықта отырып өзіңіздің неге қол жеткізгіңіз келетіні туралы ойланыңыз. Неге үйренгіңіз келеді?

Осы туралы топтағыларға сөйлемей, мимикалар мен жесттар көмегі арқылы айтып беруді ойланыңыз. Қалғандардың міндеті не туралы мәселе болып жатқаның ойлап табу.

Талдау:

Маңызды мақсатты таңдап алу қиын болды ма?

Өз мақсатыңызды сөйлемей айтып жатқанда қандай сезімде болдың?

Осы мақсатқа қол жеткізетіңізге сенесіз бе ? Ол үшін не істеу керек?

Басқа қатысушылардың неге талпынатының біліп алып, сіз не үйрендіңіз ?

Сіздің мақсатыңыз өте ауқымды емес пе?


4 тест «Сіз өзіңізді бақылай аласыз ба?»

Мақсаты: қатысушыларға олардың қандай бақылауды меңгергенің, жағдайдың өзгергенін қалай қабылдайтын, алдын-ала көре алатынын, айналасындағыларға қандай әсер қалдыратынын көрсету.

Уақыты: 15 мин

Нұсқама: Айтылғандарды оқып шығыңыз «иә» және «жоқ» деп жауап беріңіз.

    1. Басқа адамдарға ұқсау маған қиын сияқты.

    2. Айналамдағылардың көңілін аудару үшін немесе оларды күлдіру үшін, мүмкін болса мен өзімді ақымақ сияқты көрсеткім келеді.

    3. Менен жаман емес актер шығуы мүмкін.

    4. Кейбір адамдарға қай уақытта мен бір нәрсені терең уайымдап жүрген сияқтымын, бірақ бәрі дәл солай.

    5. Компания арасында мен көзге жиі түспеймін.

    6. Әртүрлі жағдайда және әртүрлі адамдармен араласқанда, мен өзімді жиі әртүрлі жағдайда ұстаймын.

    7. Мен өзімді нақты неге сенімді болсам, соны ғана қорғай аламын.

    8. Істерде және адамдармен қарым-қатынаста жетістікке жету үшін, мені көргісі келсе, солай көрінуге тырысамын.

    9. Өзіме ұнамайтын адамдармен, достық қарым-қатынастыа бола аламын.

    10. Мен қалай болсам, үнемі солаймын.

1,5,7 сұрақтарды «жоқ» жауабына өзінізге бір баллдан есептеңіз, және «иә» жауабы мен қалғандарынада ұпайларды санаңыз. Егер сіз шын жауап берсеңіз, онда сіз туралы келесілердіайтамыз.


0-3 ұпай.Сіздің бақылауыңыз төмен, және жағдайға байланысты оны өзгерткіңіз келмейді. Қарым-қатынаста сіздің шын ашылуыңызға мүмкіндігіңіз бар. Сіздің тік міңезіңізден кейбіреулер сізді қарым-қатынаста ебі жоқ деп ойлайды.

4-6 ұпай. Сіздің бақылауыңыз орташа. Сіз шыншылсыз, бірақ өзіңіздің көңіл күйдің эмоцияларыңызда ұстамдылық бар. Қоршаған адамдармен өз тәртібіңізбен көбірек келісіңіз.

7-10 ұпай. Сіздің бақылауыңыз жоғары, сіз кез-келген рольге еркін кіресіз, жағдайдың өзгеруне жеңіл көңіл бөлесіз.









5 Шағын дәріс «Емтихан барысында өзіңізді қалай ұстауың керек»


Мақсаты: түлектерді емтиханға дейін және емтихан барысында тәртіп ережелерімен таңыстыру.

Уақыты: 15 мин

Киімдерді қалыпты жағдайда болу керек. Емтихан барысында қатынасқа түсетін адамдардың кері әсер беретін көңіл- күйі туғызбау мақсатында ашық түсті, костюмдерді киюден бас тартқаныңыз жөн. Артық ештеңе керегі жоқ. Ал емтиханнан кейін не кигіңіз келсе соны киіңіз.

Емтиханға дейін және емтихан уақытындағы тәртіп бойынша кепілдемелер.

  1. Емтиханға бір күн қалғанда, еш нәрсе істемеуге тырысыңыз. Егер сен бірдеңені оқымай қалсан, әдемісі талпынбай-ақ қой. Демал, көңіл көтер және болатын емтихан туралы ойламауға тырыс.

  2. Емтихан алдында міндетті түрде ұйқыңды қандыр.

  3. Міне сен сынып есігі алдындасың. Тыныштал! Бірнеше рет: «Мен тынышпын» - деп қайтала. Бірінші қатарда жауап беруге тырыс. Уайымдап, көңіл күйлері кеткен сыныптастардың ортасында неғұрлым көп болсаң, соншалықты қорқыныш, сенімсіздік сезімдері арта түседі.

  4. Өз көңіл күйіңізді қалпына келтір, және ойларыңызды жинақта.

  5. Бәрі жақсы болады деген сенімділікпен сыныпқа кір.

  6. Ыңғайлы отыр, арқаңды тік ұста. Сен өзіңнің бәрінен жоғары екеніңді, айлакер және сенде бәрі жақсы болады деп ойла. « Мен тынышпын» -деген сөйлемге бағыттал. Оны асықпай бірнеше рет қайтала. Сонында саусақтарынды жиып жұдырық қыл.

  7. Демалу жаттығуларын жаса:

  • ыңғайлы отыр

  • мұрын арқылы терең демал (4-6 секунд)

  • деміңді ұста (2-3 секунд)

  1. Тестті орындау барысында артық сұрақтар қоймау үшін және алдағы уақытта басқаға көңіл аудармау үшін ұқыпты тыңда.

Саған бланкті қалай толтыру керектігін, қандай әріптермен жазуды, мектеп номерін кодтауды т.с.с барлығын түсіндіреді.

  1. Қоршаған адамдарды ұмытуға және ойламауға тырыс. Сен үшін тесті толтыруға арналған уақыт пен сұрақтар тапсырмалар берген бланктер ғана маңызды. Асықпай тез жаз. Тапсырманы аяғына дейін оқы. Асығу сені тапсырманың басын түсініп, аяғын өзің құрастыруға әкеліп соқтырмауы керек.

  2. Барлық сұрақтарды қарап шықта, өзің күмән келтірмейтін жауаптардан баста. Кез-келген тестілерде сен жақсы білетін сұрақтарға жауап бар, тек қана ойларыңды жинақта.

  3. Жаңа тапсырманы орындауға кіріскен кезе, алдында не болғаның ұмыт тестідегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес.

  4. Алып тастау тәсілімен әрекет жаса, кезекпен келмейтін жауаптарды сызып таста.

  5. Егер сен жауаптар дұрыстығына күмән келтірсең, өзіңнің сезімділігіңе сенім артқаның жөн.

  6. Қателерді байқау үшін, өз жұмысыңды тексеруге уақыт қалдыр.

  7. Барлық тапсырмаларды орындауға тырыс, бірақ іс жүзінде оның мүмкін еместігін есте сақта. Тест тапсырмалары неғұрлым жоғары деңгейге бағытталған, ал жақсы баға үшін 90% тапсырманы орындауға жарайды.











6 жаттығу «Мен өзімді .................. үшін мақтан етемін».

Мақсаты: Эмпатияны дамыту, өз-өзі бағалауын көтеру.

Уақыты: 10 мин

Нұсқама: мен сіздерге өздеріңізді бір нәрсе үшін мақтауыңызды сұраймын. Қазір көп мақтауды қажет ететін уақыт туып отыр, бірақ бұл сирек кездеседі. Және сізде де өзіңізді не қаласаңыз соған мақтайтын мүмкіндік болып отыр. Сонымен «Мен өзімді ....... үшін мақтаймын», -деген сөзді жалғастыруыңыз керек.

Талдау: Өзіңізді мақтау қиынға соқты ма ?

Сол үшін сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз?


7 Шағын топтағы дискуссия

Мақсаты: емтихандарға дайындық бойынша дәрістік материалдарды бекіту.

Уақыты: 15 мин

Өткізілуі: қатысушылар 4 кішкене топтарға бөлініп, өздеріне хатшыны, спикерді, таймерді және төрағаны сайлайды. Әр топқа талқыға салу үшін тапсырма беріледі.

Материал: 4 дана тарақ, фломастерлер.

Талқыға салатын тапсырмалар:

1 топ тапсырмасы: емтихан уақытындағы тәртіптің плюстері мен минустері.

2 топ тапсырмасы: емтихан уақытында қалай жинау керек.

3 топ тапсырмасы: емтихан уақытындағы олжасыздықтан қалай құтылу керек.

4 топ тапсырмасы: емтихан уақытында мұғалімді өзіңе қалай орналастыруың керек.

Нұсқама: топтың корольдік ережелерін және мидың шабуылдау ережесін сақтай отырып жемісті жұмыс істеуге тырысыңыз. Талқылауға 2 минут


8 жаттығу «Таңғажайыптардың ғажайып орманы»

Мақсаты: Сенімділік сезімдерін дамыту.

Уақыты: 20 мин

Нұсқама: қазір біз әртүрлі ғажайыптар және онда жақсы әсерлер болатын таңғажайып орманға айналамыз. Орман және алаңкай қағидасы бойынша екі топқа бөлініп, екі қатарға тұрамыз. Біздің қолымыз орманда жүремін адамға нәзік тиетін ағаш бұталары. Енді сіздердің әрқайсыңыз кезекпен осы таңғажайып орман ішімен жүріп өтіңіз, ал бұталар басыңыздан, арқаныздан сипайды.

Талдау:

- Орман ішінен өтіт бара жатқанда, және топ қатысушылары сізді аймалағанда қандай сезімде болдыңыз?

- Сіз ағаш болғандағы, сіздің сезіміңіз?

- Өзіңіздің көңіл күйіңіздің жаттығуға дейінгі және кейінгі қалпын айтып беріңіз

Тақырып №3 «Жүйке жүйесіндегі кедергілерді жою жолдары».


1жаттығу «Сыйлыққа сәлемдеме және мақтау»

Мақсаты:

Уақыты: Мен музыка қосқан сәтте, сіздер сынып ішімен қозғала отырып, бірі-біріңізге жақындап, көз арқылы қатынас орнатып, амандасыңыз, мақтау сыйланыз, кімге арналғанын қағазға жазыңыз. Жаттығудан кейін әркім өзіне арналған мақтауларды оқиды.

Талдау:

-Мақтау қиын болды ма?

- Не жақсы – беру ме ? әлде алу ма?

- Жаттығудан кейінгі сіздің көңіл-күйіңіз?






2 жаттығу «Суретті аяқта және әрі қарай бер»

Мақсаты: психофизикалық қалыпты шешу, топтың бірігуі.

Уақыты: 10 мин

Нұсқама: Бір парақ қағаз алып және қарандашты ең әдемі түрін таңданыз. Мен қалай қолымен шапалақ ұрған кезде сурет салуды бастаңыз. Шапалақ бойынша өз парағыңызды қарандашпен бірге сол жақ көршіңізге беріңіз, ол суретті салып бітірсін. Содан кейін шапалақты тағы соғамын, парақ тағы да дөңгелек бойынша иесіне келгенше жіберіледі. Мүмкін сіздер өз суреттеріңізді аяқтағыңыз келетін шығар, мүмкін онда бірдеңе өзгерткің келетін шығар немесе жаңа сурет салғың келе ме?

Талдау:

Не шыққаның сізге ұнады ма?

Өз сезіміңіз, көңіл күйіңізбен бөлісіңіз?

Өзіңіздің қандай жерлеріңізді өзгерткіңіз келеді және неге?


3. Тест «Менің көңіл-күйім»

Мақсаты: Жек бас ерекшеліктерің өз әдеттерің, өзі туралы ойлануға мүмкіндік беру.

Уақыты: 15 мин

Нұсқама: Сізге төмендегі көрсетілген бекімелерге «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек. Неғұрлым ашық болуға тырыссаңыз. Тестілеу қорытындысы бойынша алынатын ақпарат бәрінен бұрын сізге қажет. Ол сізге тренингтік жаттығуларға қатысқанда, жеке бас ерекшеліктерің, өз әдеттерің, өзің туралы ойлауға мүмкіндік береді.

Тест бекімелерін талдай отырып, «ереже бойынша» қағидасын қолдануыңыз, яғни аталған бекіме сіздің қарапайым тәртіп мәнеріңізді мінездесе, онда сіз «иә» деп жауап беріңіз.

Тест сұрақтары:

1.Менің көңіл күйім жиі жаман болады, мен жылаймын

2.Адаммен кездескенде, оның көзіңе тіке қараудан қашамын

3.Үнемі басыңқы, ашулы көрінемін

4.Мен білетін немесе бұрыннан білетін адамдар, менің көңілімнен шықпай қалды.

5.Мен көптеген адамдар өмірінде маңызды болып табылатын нәрселерге қызығушылық танытпаймын (спорт, жұмыс, қоршаған ортадағы қарым-қатынас)

6.Соңғы уақытта менің көңіл күйімнің көтеріңкі болуы өте аз болады

7.Әлсіздікті жиі сезінемін, өзімнің жақындарыма және таныстарыма өмір туралы шағымданамын.

8.Қазіргі уақытта көптеген мәселелер бойынша менің жеке ұстанымым жоқ.

9.Мен міндетті түрде ақырын сөйлейтінім соншалық, менің әңгімелестерім мені өте қиын түсінеді.

10Әңгімелесіп отырған адамның сұрақтарына қалай жауап беретінімді білмей, мен жиі ыйығымды көтеремін.

Тест кілті:

«Иә» деген әр жауапқа бір ұпайдан қосып, оны санаңыздар.

1-2 ұпай. Өмірдің кейбір қиын сәтеріне қарамастан, сіз өмірді жақсы көзқараспен көресіз. Бұл соншалықты жаман емес, бірақ белгілі бір шектеуге дейін.

3-6 ұпай. Сіздің өмірге деген көзқарасыңыз жалпы қалыпты жағдайда, бірақ шаршаудың белгілері сезіледі. Ерте емес пе?

7-10 ұпай. Өзіңізбен болып жатқан жағдайлардың бәрін сіз теріс қабылдайсыз. Сіздің өміріңізде қуанышты сәттердің болмағаны ма?

Сіз алынған нәтижелер тізімімен келіспеуге құқылысыз. Бірақ алынған ақиқаттар туралы ойлануға мән бар.







4 Шағын дәріс «Жүйке жүйесіндегі кедергілерді жою жолдары».

Мақсаты: Өзің-өзі реттеу түсінігімен таңыстыру және жүйке жүйесіндегі кедергілерді жою жолдарын шешу әдістері.

1.Релаксация- напряжение – релаксация – напряжение и т.д.

2. Спорттық сабақтар

3. Контрастық душ

4. Кір жуу

5. Ыдыс жуу.

6. Саусақпен сурет салу (бір қасық ұн, су, сыр). Сиялар содан кейін олар туралы әңгімелесу.

7. Газетті бүктеп және оны лақтырып жіберу.

8. Жарыс: газетке өзініздің кедергінізді салып, оны түйіршек істеп лақтырып жіберу.

9. Газетті ұсақтап жыртып, қоқысқа лақтырып жіберу керек.

10. Газеттен өз көңіл-күйінді жасап шығару.

11. Газеттің келесі бөлігін сырлау.

12. Сүйікті әңінді қатты дауыспен айту.

13. Біресе қатты, біресе ақырын айқайлау.

14. Тыныш музыкаға, жылдам музыкаға билеу.

15. Жанып тұрған май шамға қарау.

16. 10 рет терең демалу.

17. Орманда қыдырып, айқайлау.

18. Тістеріңді ішкі жағынан тіліңмен санау.


5 Жаттығу «Қош бол кедергі»

Мақсаты: Кедергіні тиімді әдіспен шешуге үйрету.

Уақыты: 10 мин

Нұсқама: Біз қазір сізбен жарысын көреміз. Газет парағын алып, оны бүктеп және оған өзіңнің бүкіл кедергілерді салыңыз. Алысырақ лақтырыңыз.

Талдау: Өзіңді қалай сезінесіз?

Өз кедергінізбен қош айтысыңыз ба?

Жаттығуға дейінгі, және кейінгі көңіл күйіңіз ?

Сезіміңіз жаттығуға дейін және кейін.


6 Шағын топтағы дискуссия.

Мақсаты: Қатысушылардың өзін жақсы түсінуін, көзқарасын, сезімдерін түсінуге көмек беру.

Уақыты: 25 мин

Материал: 4 ақ парақ, фломастерлар.

Нұсқама: Теңіз –көл - өзен – бұлақ қағидалары бойынша 4 кішкене топқа бөлінеміз. Төрағаны, спикерді, хатшыны, таймерді сайлаңыз. Қазір мен сіздерге талқылауға сұрақтар беремін. Дискуссия жүргізу барысында мимен шабуылдау қағидасын және топ ережесін сақтаңыздар. Жұмысқа сіздерге 2 минут беріледі.

1- топқа тапсырма: Өз күшіне, өзіне сенімді адам портретін құраңыздар.

2- Топқа тапсырма: Өз көңіл-күйіңді көтеруге қандай тәсілдер қолдану керек?

3- Топқа тапсырма: емтиханда пайда болған кедергіні қалай шешуге болады.

  1. Топқа тапсырма: емтиханға дайындық кезіндегі сыныпқа кірердегі қобалжуды қалай жеңуге болады?

Ал енді мен спикерді талқылау барысында пайда болған топтық идеялар туралы баяндауын сұраймын.

7. «Ааааа и Иииии» жатығуы»

Мақсаты: «Мен» деген позитивті түрді дамыту, көңіл-күйді көтеру, оптимизм қондыру.

Уақыт: 10 минут

Өткізу техникасы: топ қатысушылары шеңберде тұрады.


«Аааааа» дыбысынан қуат


Нұсқама: Мен Сіздерге жаңа күш толтыру үшін көмектескім келеді. Тұрыңыз және терең демалып, деміңізді сыртқа шығарыңыз. Содан кейін өкпеңізді ауаға толтырып алып дыбыс шығарып шығарып жіберіңіз. Дем шығару барысында үнемі «Аааааа» деп әндетіңіз. Осы кезде Сізден шаршау, қажу, т.с.с сезімдер шығып жатыр деп елестетіңіз. Ал дем алған кезде деммен бірге көңілді және шаттықты ойларды жұтып жатырмын деп ойлаңыз. Барлық шаршаған сезімдеріңіз бітпейінше әр дем шығарған кезде «Ааааааа» дыбысын қатты қайталаңыз. (1 минут)


«Иииии» дыбысынан қуат

Нұсқама: Орныңыздан 1 минутқа тұрып «Жедел жәрдем» автокөлікінің дабыл сиренасына айналыңыз. Қолыңызды басыңызға қойып қатты жоғарғы созыңқы «Иииии» дыбысын айтыңыз. Осы дыбыстан өз басыңыздың қатты дірілдегенін сезініңіз. Ал енді шынымен де осы дыбысты төмен немесе жоғары,осы сиренаға ұқсайтын етіп қатты қайталаңыз. Біраз уақыттан кейін Сіз өз күшіңізді сақтап қалғаныңызды сезінесіз.

Қандай дыбыстар күш бергенін сезіну үшін, Сіз басқа дауысты дыбыстарды қодану арқылы тәжірбие жүргізуіңізге болады. «Ааааа» және «Иииии» «Ооооо» немесе «Ууууу» дыбыстарымен Сіз дабыл сиренасын ойнауыңызға болады. Бұл дыбыстар жаттығу барысында төмен немесе жоғары әндеттілгені маңызды.

Талқылау: Өз жағдайыңыз туралы әңгімелеп беріңіз.


8. «Жұлқы» ойыны

Мақсаты: керек емес, кедергі келтіретін, келеңсіз теріс сезімдерден арылу.

Уақыты: 10 минут

Нұсқама: Мен Сізге өзіңізді тез және жай қалыпқа келтіруіңізді сонымен қатар келеңсіз сезімдерден арылуды көрсеткім келеді. Біз өзіміздің көп күшімізді алатын ауыр және кішкене ауыртпалықтарды өзімізбен бірге алып жүреміз. Мысалы: Сіздің басыңызға «Тағы да мен жасай алмадым» «Мен емтиханға жақсы дайындала алмадым» деген ойлар келуі мүмкін. Кейбіреулеріңіз өздеріңізді емтихан тапсыра алмау күйіне келтіріп, көп қате жіберіп және міндетті түрде екі алады. Ал кей біреу өзіне «Мен басқалар сияқты сондай ақылды емеспін, мен құр бекерге талпынамын» деп айтуы мүмкін. Айналаңызда жеткілікті орын бар жерге тұрыңыз және алақандарыңызды, шынтақтарыңызды және иығыңызды жұлқи бастаңыз. Қаздан су кеткен секілді өзіңізден келеңсіз жаман сезімдер, ауыр нәрселер және басқа жаманшылықтар ұшып кетіп жатыр деп елестетіңіз. Аяқтағы саусақтарыңыздан бастап жамбасыңызға дейін аяқтарыңызды жұлқыңыз. Содан кейін басыңызд сілкіңіз. Осы кезде белгілі бір дыбыстар шығарып отырсаңыздар тіпті маңызды болады. Енді бетжүзіңізді жұлқыңыз және сіздің дауысыңыз аузыңызды жұлқылап жатқан кезде күлкілі жағдайда өзгеріп жатқанын естіңіз. Жаңа туған сияқты бүкіл ауыр жүк өзіңізден түсті деп, көтеріңкі көңілді өзіңіз елестетіңіз. Жаттығу орындағаннан кейінгі Сіздің көңіл күйіңіз?


9. «Күн алаңы» жаттығуы

Мақсаты: Қоршағандардың түсінігі мен сенімі негізінен құралған жылы, достық жағдайын құру, кернеулікті алу.

Уақыты: 15 минут

Материал: күн, шөп, алаңның суреті салынған ватман қағазы. Түрлі-түсті және ақ қағаз, қайшы, әр түрлі көрнекілік құралдар.

Нұсқама: Қараңыздар, біздің топта қандай жарық! Ол біздің жүректен шыққан жылумен, күн шуағымен толтырылған. Біз көп гүлдер өсетін күн алаңында тұрмыз деп есептеңіз. Бұлар раушангүлдер, розалар, және бәйшешектер. Және әр қайсыңыз осы алаңнан өз гүліңізді тауып аласыз. Ал енді өз қиялыңыздағы гүлді фломастер немесе карандаш алып суретін салыңыздар. Осы суретті бояпқиып алып онда топқа тілек жазып біздің күн алаңына жабыстырып қойыңыздар. Қараңыз, қандай тамаша гүл алаңы пайда болды. Егер біз оған жақынырақ келсек біз тілектерді оқып ертегі гүлдердің тамаша иісін сезінеміз.

Талқылау:

Осы жаттығуды орындағаннан кейін Сізде қандай сезім пайда болды?

Өз көңіл күіңізбен бөлісіңіз.

11. «Келесі кездескенше!»

Мақсаты: топ қатысушыларынан кері байланысты алу, сенімділікті және өзара түсінушілікті дамыту

Уақыты: 5 минут

Материал: «күн» жұмсақ ойыншығы

Нұсқама: Менің қолымда таңғажайып гүл. Ол бүгінгі күннің жарығын, жылуын, қуанышын, бақытын шашады. Бұл таңғажайып күнді Сіздер бір-біріңізге бере отырып, топ қатысушыларына өз тілектеріңізді тілеп, бүгінгі тренинг күніндегі алған әсерлеріңіз туралы бөлісесіздер. Бүгінгі тренинг күні аяқталуға жақын. Қоштасуға тура келеді, бірақ біз ертең кездесу үмітімен қоштасамыз.

Талдау:

Бүгінгі сабақ Сізге не берді.

Не жаңалық білдіңіз?

Алдағы өміріңізге нені қолданасыз?


Тақырып № 4 «Стресспен қалай күресуге болады»

Материалдар: жазбалары бар магнитофон, ватман қағазы, әр түрлі көрнекілік құралдар, А 4 нысандағы ақ қағаз, тәсілдемелер мен тестер өткізуге бланкілер, «Бауырсақ» жұмсақ ойыншығы


1. Жаттығу «Топтық сәлемдесу»

Мақсаты: комуникативті дағдыларды, өзара әрекет етуді дамыту, басшылық тенденцияларды анықтау, кернеулікті алып тастау.

Уақыты: 10 минут

Нұсқама: Бүгінгі күнде Қыс – Көктем – Жаз – Күз қағидаларын ұстана отырып 4 кішкене топқа бөліну арқылы бастаймыз. Әр топтың тапсырмасы болып сәлемдесуді ойлап тауып ым және мимикалардың көмегімен басқа топтарға көрсету болып табылады.

Талдау:

  • Жаттығу қаншалықты сізге ұнады?

  • Сіздің тобыңыз тапсырманы қалай орындады?

  • Сәлемдесу тәсілін ойлап табу жедел шықты ма?

  • Топтан кім қандай қандай сәлемдесу керектігін ойлап табу идеясы туралы, ұсыныс айтты?

  • Қандай сәлемдесу басқалардан өзгеше ұнады?

  • Бір-біріңізбен ерекше түрде сәлемдескенде қандай сезімде болдыңыз?


2. Жаттығу «Ашығын айтқанда»

Мақсаты: қоршағандарға топтық сенімді нығайту, ішкі кернеулікті, қорқынышты шешу, ашықырақ болу.

Уақыты: 15 минут

Материал: аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар

Нұсқамалар: Сіздің алдыңызда ортада карточкалар топтамасы жатыр. Қазір Сіздердің әр қайсыңыз ортаға шығып аяқталмаған сөйлемі бар карточкаларды бір-бірден алады. Сіз ойланбастан аяқталмаған сөз мәтінін аяқтауыңыз керек. Ашықырақ және шыншыл болуға тырысыңыздар. Егер топ мүшелері әлдекімнің шыншылдығына күмән келтірсе, ондай жағдайда оған жаңа мәтіндегі басқа карточка алып жауап беруге тура келеді.

Карточкалардың жобамен мазмұны:

  • ашығын айтқанда, мен алдағы емтихандар туралы ойлаймын...

  • ашығын айтқанда, мен емтихандарға дайындалғанда...

  • ашығын айтқанда, алдағы емтихан стрессі туралы ұмытқанда...

  • ашығын айтқанда, мен үйге келгенде...

  • ашығын айтқанда, менің ата-анамның алдағы емтихандар туралы уайымдағаны туралы ойлағанда...

  • ашығын айтқанда, қашан менде бос уақыт болғанда...

  • ашығын айтқанда, мен көшеде серуенге шыққанда немесе биге барғанда...

  • ашығын айтқанда, мен тренингке қатысқанда...

Талдау:

  • аяқталмаған сөйлемдерді аяқтау қиынға түсті ме?

  • топ қатысушылары туралы жаңа мәлімет таптыңдар ма?

  • Қазіргі уақытта сіздің өмірдегі маңызды мақстаттарыңыздың бірі?


3. «Емтихандарға дайындалу. Стресске қалай қарсы тұруға болады»

Мақсаты: аталған сұрақ бойынша қатысушылардың хабарлылығын анықтап, мәселелерді тауып алу.

Уақыты: 10 минут

Анкета сұрақтары:

  1. Қалай ойлайсың сен стресске ұшырағансың ба?

  2. Бұрын-соңды стресс туралы оқыдың ба?

  3. Сенің көзқарасың бойынша стресстің себебі неде?

  4. Стресс белгілерін білесің бе?

  5. Сен қалай ойлайсың стресс неге әсер етеді?

  6. Сен қалай ойлайсың қандай азық-түлік зерделі қызмет белсенділігін арттырады?

  7. Сен стрессті бейтараптандыратын қандай жаттығуларды білесің?

  8. Алдағы болатын емтихандарға байланысты қандай сезімдесің?

  9. Оқу материалын жақсы есте сақтау үшін сенде өзіңмен тексерілген тәсілдер бар ма? Қандай?

  10. Емтиханға дайындалу барысында қандай еңбек тәртібі күшті деп ойлайсың?


4. «Стресс - тест»

Мақсаты: Мектеп бітіруші стресске ұшыраған ба?

Уақыты: 15 минут

Нұсқама: Сізге бекімелерді оқып шығып келесі шкаланы пайдаланып өз келісім деңгейіңді білдіру.

  • ешқашан (1 ұпай)

  • сирек (2 ұпай)

  • үнемі (3 ұпай)

  • әрқашан (4 ұпай)

  1. Мені ұсақ-түйек сирек түршіктіреді.

  2. Біреуді күткенде, мен кейимін

  3. Мен епсіз жағдайға ұшырағанда, қызарып кетемін.

  4. Мен ашуланғанда, біреуді ренжітуім мүмкін

  5. Сынағанды жек көремін, өзімнен шығып қатты ашуланамын.

  6. Егер қоғамдық көлікте мені итеріп жіберсе, менде оған солай жауап беремін, немесе дөрекілік көрсетемін.

  7. Бүкіл бос уақытымның бәрін мен бір нәрсемен айналысамын.

  8. Тыңдауды білмеймін,

  9. Тәбет жоқтықпен қиналамын.

  10. Кездесуге алдын-ала келемін немесе кешігемін

  11. Еш себепсіз жиі абыржимын.

  12. Таңертеңгілік өзімді жаман сезінемін

  13. Өзімді шаршаңқы сезініп, жаман ұйықтаймын

  14. Ұзақ ұйқыдан кейін өзімді жақсы сезінбеймін

  15. Менің жүрегіммен бәрі дұрыс деп ойламаймын.

  16. Менде мойнымда және арқамда аурулар сезінемін

  17. Столда отырғанда саусақтарымды столға ұрғылаймын және аяғымды ырғалтамын.

  18. Мені танығанды армандаймын, және менің істеген істерімді мақтағанды қалаймын.

  19. Көп адамдардан артықпын деп ойлаймын!

  20. Мен диета сақтамаймын.



Бағалар шкаласы:

30 ұпай және одан төмен. Пайда болған мәселелерді шешуге үлгере отырып, Сіз абыржымастан ақылды өмір сүріп жатырсыз. Сіз шамадан тыс сыпайылықпен, жалған атаққұмарлықпен азап шекпейсіз.Бұл адамдар өздерін үнемі қызғылт түсте көреді.

31 – 45 ұпай. Сіздің өміріңіз қызметтілік пен кернеулікке толы, жақсы жағымен алғанда да (бір нәрсеге қол жеткізу талпынысыңыз бар), кері жағынан алғанда да стресс пен азап шегесіз. Қысқасын айтқанда Сіз өмір сүру тәртібіңізді өзгермтпейтін шығарсыз, бірақ өзіңізге де уақыт бөлгеніңіз дұрыс болады.

46 – 60 ұпай. Сіздің өміріңіз – тоқтаусыз күрес. Сіз атаққұмарсыз және баққұмарлық туралы армандайсыз. Сіз үшін басқалардың көзқарасы маңызды, және бұл сізді стресс жағдайында ұстайды. Егер осы қалыптан таймасаңыз көп нәрсеге қол жеткізесіз, бірақ бұл сізге қуаныш әкеле қоюы екіталай. Артық даулардан қашып, ұсақ түйектен пайда болған өз ашуыңызды басыңыз. Әрдайым ең жоғарғы нәтижиеге қол жеткізуге тырыспаңыз. Уақыт өте келе өзіңізге толық демалыс беріңіз.

61 ұпай. Сіз бір мезгілде тежегішті де басатын, газды да басатын автокөлік жүргізуші сияқты өмір сүріп жатырсыз. Өмір сүру қалпыңызды өзгеріңіз. Сіз ұшыраған стресс өміріңіз бен болашағыңызға қауіп төндіреді.


5. Жаттығу «Досқа дос»

Мақсаты: жанасу қабылдауларды дамыту, бір-біріне деген мейiрбан, ықыласты қатынасты қалыптастыру.

Уақыт: 10 минут

Нұсқама: Сіздерге үй-жайда еркін қозғалып және менің әмірлерімді орындау керек.Мен «Бір-біріңе» - деп айтқанда сіздер өз жұптарыңызды табуларыңыз керек.Жұптарыңызды тапқаннан кейін мен тапсырма беремін. Сонымен бастаймыз «Бір-біріңе!» енді бір-біріңізге қолдарыңызды қысыңыздар, бір-біріңіздің аяқтарыңызды аяқтарыңызға, мұрындарыңызды мұрындарыңызға, бастарыңызды бастарыңызға ж.б тигізіңіздер.

Тағы да залмен қозғала отырып жаңа жұп іздеңіздер. Ойын жаңа жұптармен қайта жалғасады.

Талдау

  • Өз көңіл күйіңізбен бөлісіңіз.

  • Аталған ойын неге бағытталған

  • Кімге және қай уақытта қолдануға болады?

6. Мини дәріс «Стресспен қалай күресуге болады»

Мақсаты: стресті шешетін және бейтараптандыратын жатығуларды ұсыну және оларды теориялық тұрығыдан жарықтандыру.

Уақыт: 10 минут

Әдебиеттерде стрестің пайда болуы туралы себептерді көп жазады. Бұл кінәлілік сезімі, құндылықтарды жоғалту, оқуға жек көрушілік т.с.с.

Стресс фактілері болып табылатын мектепті көп адамдар жек көреді. Не істеу керек? Өзгеру іс-шарасы: өмір сүріу стилін өзгертіп, өзіңізде өзгеріңіз. Уолтер Росселдің сөзін айтқымыз келеді: «Егер өзіңіз жек көретін істі істесеңіз ағзада жек көрушіліктен ағза жұмысын бұзатын токсиндер пайда болады., нәтижиесінде сіз ауруға ұшырайсыз. Сіздер істейтін істеріңізді жақсы көрулеріңіз қажет, немесе жжақсы көретін істеріңізді істеңіз. Ежелгі шығыс даналығы осылай дейді. Барлық істерді жақсы көретін тәсілмен, және қуанышпен істеңіз. Сізге орындауға тура келетін оқуға деген махаббат, сіздің физикалық және көңіл қорыңызды толтыра отырып «Зерігу» деп аталатын аурулардан, қажулардан құтқарады. Өзіңіздің физикалық және психикалық денсаулығыңыздың қалпына назар адарыңыз. Стресстің физиологиялық белгілері: ұйқы қашу, бас аурулары, жүрек соғысы, арқадағы, асқазандағы, жүректегі ауру. Стресстің психологиялық белгілері болып аңқаулық, есте сақтау қабілетінің бұзылуы, үрейлілік, жылауқорлық, шамадан тыс сабырсыздық, себепсіз қорқыныштар, ашуланғыштық болып табылады. Бұл өзіне деген сенімділіктің жоғалуына әкеліп соқтырады және әр түрлі аурулардың пайда болуына әсер етеді.


Стрессті бейтараптандыру үшін не қажет.

Біріншіден, стресс барысында ағзадағы дәрумендер қоры тез шығындалады, әсіресе В тобындағы. Көптеген дәрігерлер күнделікті дәрумендер қабылдауға кеңес береді., бірақ көп мөлшерде аспауымыз керек. Бәрі шамаға сәйкес болуы керек.

Екіншіден, денешынықтыру жаттығулары өте маңызды. Спортзалдарына барыңыздар, жаттығулар жасаңыздар., билеңіздер, ән салыңыздар, қала ішінде қыдырып, бассейн, моншаға барыңыздар.

Үшіншіден, психикалық және физикалық релаксация қажет. Келесі тәсілдерді қолданып көріңіздер: босаңсытатын әуен тыңдап, түнгі аспанға, бұлтқа қараңыздар, армандаңыздар.

Төртіншіден, гармониялық өмірге жанұя, достар қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге барыңыздар, жанұялық іс-шаралардан ауытқымай, қызықты жаңа адамдармен танысыңыздар. Ата-анаға, ата-әжеге, әпкеңе немесе ағаңа көңіл бөл, , олар сенің махаббатыңа, ықыласыңа өте зәру.


7. Шағын топтардағы пікірталас.

Мақсаты: теориялық материалды бекіту.

Уақыт: 25 минут.

Материал: 4 парақ ватман қағазы, фломастерлер, қатысушылардың саны бойынша стресті бейтараптандыратын төрт қадамды білдіретін төрт әр түрлі сөзі бар карточка.

Нұсқама: Келесі түрде Сіздер төрт кішкене топқа бөлінулеріңіз қажет. Менің қолымда сөздері бар карточкалар жатқан шкатулка бар. Әр қайсыңыз шкатулкадан карточканы алып, осындай сөз жазылған карточкасы бар адамдарды тауып алады. Аузша емес тәсілдермен тыныш іздеу қажет. Әр топ өздері тауып алған сөзге пантомимум көрсетеді.

Сөздер: дәрумендер, жаттығулар, релаксация, жанұя.

Ал енді 4 топ құрып, төрағаны, спикерді және таймерді таңдап алыңыздар. Топ ережесін сақтай отырып пікірталас өткізу барысында ақылдасу қағидасын қолданыңыздар. Жұмысүшін сіздерге 2 минут уақыт беріледі.

1 топқа тапсырма: «Стресс – бұл...» сөйлемін аяқтаңыздар.

2 топқа тапсырма: Стресске қалай қарсы тұруға болады?

3 топқа тапсырма: Стресстік жағдайлар туралы мысал келтіріңіздер.

4 топқа тапсырма: Егер Сіз стресстік жағдайға ұшырасаңыз не істеу керек?

Ал енді спикерлерді талқылау барысында пайда болған топтық иделар туралы баяндауын сұраймын.


8. Жаттығу «Джунглидегі жаңбыр»

Мақсаты: Иық, мойын, омыртқа тұстарындағы бұлшық еттерде орналасқан құрысуларды жазу.

Уақыт: 10 минут.

Нұсқама: Бір біріңнің артынан тығыз шеңберге тұрамыз. Өздеріңізді джунглиде жүрміз деп елестетіңіздер. Алғашында ауа райы өте тамаша болған, күн шығып, өте ыстық және тымырсық болған. Енді міне жеңіл самал жел соқты. Қодарыңызбен жеңіл қозғалыс жасап алдыңызда тұрған адамның арқасына сүйеніңіз. Жел қатая түсті (арқаға қысым күшейе түсті). Дауыл басталды. (қатты айналма қозғалыстар). Содан кейін ұсақ жаңбыр жауа бастады. (әріптесіңіздің арқасы жеңіл қаға бастаңыз). Ал енді жауын басталды. (алақан саусақтарымен жоғарғы – төмен қозғалыстар) Тағы да жауын жауа бастады, ұсақ жаңбыр жауа бастады,дауыл соға бастады, қатты жел соқты, содан кейін ол әлсіз бола бастады, және бәрі тынышталған сияқты болды. Тағы да күн шықты.

Ал енді 180 градусқа айналыңыздар және ойынды қайта жалғастырамыз.

Талдау:

  • Осындай уқалаудан кейін өзіңізді қалай сезінесіз?

  • Осы әрекеттерді орындау сізге жақсы әсер етті ме, әлде керісінше ме?

  • Өзіңіздің көңіл күйіңізбен алған әсерлеріңіз жайлы бөлісіңіз.




9. Жаттығу «Біздің топтың жүрегі»

Мақсаты: сенімділік, көңіл ортақтығы, бірлік сезімдерін дамыту

Уақыт: 15 минут

Материал: ватман қағазы, түрлі түсті қағаздар, қайшылар, фломастерлер, карандаштар, желім немесе скотч.

Нұсқама: ватман қағазынан үлкен жүректі қиып алып және оны қабырғаға бекітіңіз. Ал енді әрқайсыңыз түрлі түсті қағазды алып, одан жүрекше ісеп топ қатысушыларына тілектерін жазады.

Мына үлкен жүрекке көңіл аударыңыз. Ол тірі емес, ол соқпайды, ол дірілдемейді. Бірақ біз оны қазір тірілтіп алып оған өмір сыйлаймыз. Ол үшін бізге көп нәрсе қажет емес. Тек қана өздеріңіздің кішкене жүректеріңізді алып мынау үлкен жүрекке бекітіңіздер. Қараңыздар Сіздердің көз алдарыңызда ол қалай тіріліп келеді және бұл біздің топтық жүрегіміз бүкіл тренинг барысында соғып тұратын болады.

Талдау:

  • Осы жаттығу барысында қандай сезімдер мен эмоцияларға бөлендіңіз?

  • Осы жаттығу Сізге ұнады ма?

  • Жағымды бір нәрсе айтқан Сізге жеңіл болды ма?

  • Басқа жүрекшелерде жазылған тілектер Сізге ұнады ма?


10. Жаттығу «Қымбаттым, саған не тілесем болады?»

Мақсаты: тренинг өткен күн туралы топтың қатысушыларынан керi байланысты алу

Уақыты: 10 минут

Материал: «Бауырсақ» ойыншығы

Нұсқама: Үлкен шеңбер жасай отырып ыңғайлы орналасып отырыңыздар және менің қолымдағы мына тамаша бауырсаққа қараңыздар. Қазір ол көңілді түрде Сіздің қолдарыңызға сырғанай бастайды. Бауырсақ кімнің қолында болса сол алған әсерлері туралы айтып береді және топ қатысушыларына тілек тілейді. Қалғандары сыныптастарын құрметтей отырып оны ықыласпен сөзін бөлмей тыңдайды.

Талдау:

  • Сізге бұл күн не әкелді?

  • Өзіңіз үшін қандай да бір түйіндеме жасадыңыз ба?

  • Сіздің бүгінгі тренинг бойынша алған әсерлеріңіз?


Тақырып № 5 «Эмоциялар мен мінез-құлықтар»

Материал: Жазба таспалары бар магнитофон, ватман, әр түрлі көрнекілік құралдар, А 4 нысандағы ақ қағаз, әдістемелер мен тесттер өткізуге арналған бланкілер, әр түрлі эмоциялары бар карточкалар, шырақ..


1. Жаттығу «Менен кейін қайтала»

Мақсаты: топтық жұмстарға қатыс жоқ мәселелерден арылу, толық түрде «осы жерде және енді» жағдайына ауысу.

Уақыты: 10 мнут

Нұсқама: Жартылай шеңбер болып отырыңыздар. Қазір әр қайсыңыз кезекпен ортаға шығып, бетімен топқа қарап, өзінің атын айтып, барлығымен кез келген тәсілдермен бұрын қайталанған тәсілдерді қолданбай амандасасыздар. Біз бәріміз бірлесіп адам атын және әр ұсынылған сәлемді қайталап айтамыз.

Талдау:

  • Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?

  • Сіздің есіңізде қандай сәлемдесу ерекше сақталып қалды?

2. «Менің түрлерім»

Мақсаты: Өзіңіздің сезіміңізді ойластыруға көмектесі және оларды басқалармен талдау

Уақыты: 10 минут

Материалдар: суреттері бар бланкілер және фломастерлер

Нұсқама: Қазір мен Сіздерге адам түрлері кескінделген парақтарды таратып беремін. Суреттердегі кескіндерді ұсынылған жоба бойынша аяқтап салып беріңдер. Ал енді қалай болғаны туралы әңгімелесейік.

Талдау:

  • осындай тұлға сенде қашан болады?

  • Саған көңілсіз екнін қоршағандар қалай түсінеді?

  • Өз қайғыруыңды қалай айқындайсың?

  • өз сезімдеріңді көрсеткенді жақсы көресің бе әлде өзіңде ұстағаның дұрыс па?








Мен бақыттымын Маған көңілсіз Мен ашулымын Маған қорқынышты


3. Жаттығу «Миллион қызғылт раушангүлдер»

Мақсаты: Топта өзара махаббатық жағдайды сонымен қатар достық қарым қатынасты құру.

Уақыт: 10 минут.

Материал: әуенді бақылау магнитофоны (байсалды әуен)

Нұсқама: Қазір таңдауларың бойынша жұп-жұпқа бөлініңіздер. Бір-біріңе қарама қарсы тұрып, көздеріңді жұмып 3 рет терең демалып және тыныстаңыз. Қолдарыңызды алға созып және қолдарыңыз әдемі гүлдермен оранып тұр деп елестетіңіз. Әр қайсыңызда өз гүлдеріңіз болады. Бұлар раушангүлдер, дала гүлдері, тағы басқа гүлдер болуы мүмкін. Сіз олардың иісін сезіп және олардың таңғажайып жапырақтарында мөлдір шықтардың құбылжығанын көріп тұрсыз. Мен қазір Сіздердің бір-біріңе біздің сабақ барысында қандай жақын болғандарыңызды көрсеткендеріңізді қалаймын. Бұл үшін Сіздер қазір бір-бірлеріңді махаббат, нәзіктік, еркелік, мейірбандылық гүлдерімен бөлеңіздер. Ең алдымен өз алақандарыңызды дайындаңыздар , оларды бір-біріне үйкелеңіздер Олардың жылыған үстіне жылып келе жатқанын сезініңіз. Алақандарыңызды үйкелеу барысында біздің жүрегімізде мейрбандылық пен махаббат қандай көп деп ойлаңыздар. (15 секунд)

Енді алақандарыңызды алға созып және оларға кішкене демалыс беріңіз. Олардың қандай жылылығын сезініңіз.Жеңіл шанши ма? Олар қуатқа толы ма№ Енді өз жүрегіңізден махаббат жіберіңіз және ол алқан арқылы қолдармен ағып өтіп, оларды толтырсын. (5 секунд) Бұл махаббатты өз алақаныңызда сезініңіз. (5 секунд) Алақандар махаббат, нәзіктік, еркелік, мейірбандылық гүлдерімен бөленіп жатқанын сезініңіздер. (5 секунд) Ал енді көздеріңізді ашып бірінші болып қандай жұп гүлмен бөлейтінін анықтаңыздар. Мұны әуен ырғағымен орындаңыздар. Өз әріптесіңіздің басының үстіне қолыңызды қойыңыз. Егер Сіз шынымен оны гүлдерге бөлеп жатсаңыз, оған нәзік және мейрбандылық ойларын жіберіңіз. Өзіңіз, оны толықтай махаббат пен мейрімділік гүлдеріне бөлеп жатырмын деп ойлаңыз. Басынан бастап және ақырындап төмен түсіңіз. Гүлдермен құлақтарын, содан соң мойнын, бетін бөлеңіз. Ыйық арқылы қолға өтіп алақанға келіңіз. Соңында жамбастан аяққа түсіп тізеге, табанға өтіңіз. (30 – 60 секунд) Енді орындармен ауысыңыздар. (Нұсқама қайта қайталанады). Жеңіл қол қозғалыстары арқылы бастан, иықтан, қолдардан, денеден, аяқтардан жоғары төмен сырғанаңыздар. Сайып келгенде сенімсіздік, түсінбеушілік мұздарын еріткен сияқты боласыздар. Бір-біріңе ол үшін қандай гүл таңдап алғаныңызды айтыңыз. Енді сіздерде өз сезімдеріңізді талқылайтын бірнеше минут бар.

Талдау:

  • Сізді гүлге бөлеп жатқанда нені сезіндіңіз?

  • Өз әріптесіңізді гүлге бөлеп жатқанда нені сезіндіңіз?

  • Әріптесіңіз Сізді гүлге бөлегенде сол гүлдерді көрдіңіз бе?

  • Өз әріптесіңізді гүлге бөлеп жатқанда алақаныңызда белгілі бір сезімдерді сездіңіз бе?

  • Өз әріптесіңізге қандай нәзік және мейрімділік ойларын жібердіңіз?

4. Эмоциялар тесті.

Мақсаты: негативтi мiнез-құлықтың әр түрлi түрлерiне бейiмделуін анықтау

Уақыты: 15 минут.

Нұсқама: Келесі реакциялардың қаншалықты өзіңе тән екендігін бағала.Бланкідегі сұрақтардың өзің «ия» - деп жауап беретіндерін қоршап қой. Қоршалған номерлердің санын белгіле және кесте жаса.

Тест сұрақтары:

  1. Егер мен ашулансам біреуді соғып жіберуім мүмкін.

  2. Кейбір уақытта мен қатты қозғанда, бір затты лақтыруым мүмкін.

  3. Мен жеңіл қозып, бірақ тез орныма түсемін.

  4. Мені жақсылап сұрамаса, мен тілек-талапты орындамаймын.

  5. Маған менің тағдырым әділетсіз сияқты болып көрінеді.

  6. Мнің сыртымнан адамдардың не айтатынын білемін.

  7. Егер менімен адамдар келіспесе мен дауласудан тайынбаймын.

  8. Егер мен біреуді алдасам, ол үшін қатты ұяламын.

  9. Маған мен адамдарды ұра алатын сияқты көрініп тұрады.

  10. Мен қозғанда есіктерді тарсылдатып жабамын.

  11. Кей кезде адамдар өздерінің сол жерде болуымен мені қоздырады.

  12. Егер маған белгілі бір ереже ұнамаса мен оны бұзғанды жақсы көремін.

  13. Оны көрсепесемде, кей кезде мені күндеушілік кеміреді.

  14. Көп адамдар мені жек көреді деп ойлаймын.

  15. Мен адамдардың менің құқықтарымды құрметтегенін талап етемін.

  16. Кей кезде менің ойыма мен ұялатын ойлар келеді.

  17. Мен, мені қатты ашуланғанымнан төбелеске дейін апратын адамдарды білемін.

  18. Кей уақытта мен өз ашуымды столды соғу арқылы білдіремін.

  19. Оқ дәрілер бөшкесі сияқты, мен кей кезде жарыламын.

  20. Егер кімде кім мені басқарғысы келсе мен ұрыс керіске барамын.

  21. Мен жек көрушілік сезімін сезінетін адамдар бар.

  22. Көптеген адамдар маған қызыға қарайды.

  23. Егер мен ашулансам, ұрысуым мүмкін.

  24. Жұмыстан қашатын адамдар өздерінің кінәсін сезінуі керек.

  25. Егер мені біреу ренжітсе мен қарымта қайтара аламын.

  26. Кей кезде қолыма түскен затты сындырып тастаймын.

  27. маған ұнамайтын адамдарға дөрекілік көрсетуім әбден мүмкін.

  28. Менімен менсінбей сөйлескен жағдайда, менің ештеңе істегім келмейді.

  29. Адамдарға жаман қарым қатынасымды білдіргім келмейді.

  30. Кей кезде маған күлетін сияқты болып көрінеді.

  31. Егер біреу мені қоздырса, ол туралы не ойлайтынымда толық айтып бере аламын.

  32. Өз ата-анама аз көмектесетінім мені қатты ашуымды келтіреді.

  33. Егер кімде кім бірінші болып мені соқса мен оған сонымен жауап беремін.

  34. Дау барысында мен жиі дауыс көтеремін.

  35. Ұсақ-түйектен мен қозып кетемін.

  36. Кімде кім өзін бастықпын деп сезінсе мен оны тез орнына қоямын.

  37. Мен көптеген мақтаулар мен ықыласты қажет етемін.

  38. Маған зиян келтіретін менің жауларым бар.

  39. Мен қатер төндіре аламын, бірақ оны іске асыруға жол бермеймін.

  40. Көптеген заттарды істеп артынан өкінемін.








Шкалалар.

Сенің басқыншылығың – басқа адамдарға тимейінше, өзіңнің жеке ісің.


Жауаптарға арналған бланк


Шкалалар Сұрақтар номерлері


Физикалық басқыншылық (Ф) 1 9 17 25 33

Жанама басқыншылық (Ж) 2 10 18 26 34

Тітіркендігіштік (Т) 3 11 19 27 35

Негативизм (Н) 4 12 20 28 36

Өкпешілдік (Ө) 5 13 21 29 37

Күдіктілік (К) 6 14 22 30 38

Ауызша басқыншылық (А) 7 15 23 31 39

Кінәні сезіну (Ж) 8 16 24 32 40


1.Физикалық агрессия – басқа адамға бағытталған физикалық күш
2.Жанама агрессия-басқа адамға тікелей бағытталмаған немесе ешкімге бағытталмаған күрт туған агрессия.

3. Тітіркенушілік - кішкентай тітіркену өзінде кері сезімдерді көрсетуге даярлық (ашуланшақтық, дөрекілік).

4. Негативизм - мінез-құлықтағы оппозициялық күй пассивты қарсылықтан қалыптасқан заңдылықтар мен дәстүрлерге қарсы, күреске дейін жеткізетін күй.

5. Өкпелеу - қоршаған адамдарға деген нақтылы және ойдан шығарылған іс-әрекеттерге қызғанушылық пен жеккөрушілік.

6. Күдіктенушілік - адамдарға қатысты сенбеушілік және сақтықтан басқа адамдар зиян келтіруді жоспарлайды дегенге сенушілік.

7.Вербальді агрессия - негативты сезімдерді форма (айқай)
арқылы және сонымен бірге сөздік жауаптар мазмұны арқылы (қарғау)
керсету.

8. Кінәні сезіну - субъектінің өзінің жаман адам екендігіне
сенімділігі, сонымен бірге ар-ұятының жоқтығын сезінуі.

Дискомфорт сезімі сонда қайдан, бірдеңеге кінәлі сияқты сезінемін. Өз эмоцияларыңа жауапты болсаң, яғни сен оларды басқара аласың. Мұнымен не істеуге болады. Түсіну үшін, табиғаттың сені бұл сапамен ерекше сыйлағанын білу маңызды. Маңыздысы үйде кімнің қожайын екендігін еске түсіру, сен бе? Немесе сенің эмоцияларың ба?

Эмоциялар жуасыту барысын, жабайы жылқыларды жуасытумен теңестіруге болады. Оларға толық бостандық беріп шауып өтуге болмайды немесе керісінше үнемі қамшыны қодану арқылы. Екі жағыда сәтсіздікке әкеліп соқтырады. Бір жағынан өзіңе жабайы жылқыны үйрету талпынысын жүзеге асыру мүмкін емес деп айтуға болмайды. Екіншіден біз жылқының жабайы екенін мойындауымыз керек және оны үйрету барысында төзімділік көрсетуіміз қажет. Ең бастысы, оның бізді, өзін бағындырушы тұлға ретінде түсінуінен құралады.


6. «Өз эмоцияларыңды қалай басқаруға болады» шағын – дәріс

Мақсаты: эмоцияларды басқаруды үйрету

Уақыт: 10 минут

«Негативтi эмоцияларды қалай сейiлтуге болады»

Өз эмоцияларыңды өзіңді түсінетін және қолдайтын достарыңның арасында айту арқылы сейілтуіңе болады. Егер сен жалғыз болсаң өз ашуыңды жастықты соғып немесе құрғақ болса да сүлгіні сығу арқылы тарқатуыңа болады.Ашу қуатының басым бөлігі иық бұлшық еттерінде, қолдың жоғарғы бөліктері мен бірге саусақтарда жиналады. Кезкелген дыбыстар шығар, кернеу тамаққа тығылып қалуы мүмкін. Спорттың кез-келген түрімен айналысу ең толық сейілтуді береді. Сондықтан шын спортшылар физикалық денсаулықтан басқа, жан денсаулығымен жарақтанған.

Табиғат адамға жақсы әсер етеді. Орманда серуендеу, өзен қозғалысын немесе айдын көлдің байсалдылығын пайымдау, орман дыбыстары және иістері қиын жағдайларда жұмысқақабілетілік пен көңiл тепе-теңдiгін қайтаруға қабілетті.

Кертпештермне тыныс алу. Үш-төрт рет қысқа сырқта дем шығару, содан кейін сол сияқты қысқа дем алу. Осының нәтижиесінде стресс барысында өте маңызды, терең дем алу барысындағы миға баратын импульстардың ағыны бөлінеді. Табиғат біздің миымызға психикалық шамадан тыс жүктеулерден демалатын тамаша қорғану құралы, күлкі мен жылауды берген. Күлкі жүйке жүйесінің өзіндік қорғану құралы болып табылады. Оны қысқа дем шығарулардың сериясы ретінде қарастыруға болады. Осы дем шығарулар импульстардың қауіпті ағынын бөлшектейді. Бұл жаттығуда күлкі мен жылаудың емдік қасиеттері бірігеді.

Ал енді эмоциионалдық кернеулікті шешу үшін бірқатар жаттығулар жасаймыз:

  1. Үлкен саусақтарыңды ішке бүгу арқылы саусақтарыңды жұдырық қылып түйістіріңдер. Асықпай дем шығару арқылы күшпен жұдырықтарыңызды жазыңыздар.Содан кейін жұдырықты қысуды әлсірете отырып, дем алыңыздар. 5 рет қайталаңыздар.

  2. Екі – екіден грек жаңғағын алып олармен бірге әр алақаныңызда дөңгелек қозғалыстар жасаңыздар.

  3. Шынашықтың ұшын сәл сылаңыз.

  4. Жаңғақты алақаныңызға шынашаққа жақын орналастырыңыз, оны екінші қолыңыздың алақанымен қысып, 3 минут бойы жаңғақпен айналма қозғалыстар жасаңыз.


8. Кіші топтардағы пікірталас.

Мақсаты: теориялық материалды бекіту.

Уақыты: 25 минут

Материал: 4 ватман қағазы, фломастерлер

Нұсқама: Келесі түрде Сіздерге 4 кішкене топтарға бөліну қажет. Сіздердің әр қайсыңызға құлақтарыңызға мен бір сөз айтам. Бұл эмоцияның атауы болады. Міндет: осы сөз айтылған адамдарды тауып алу. Кез-келген тәсілмен үнсіз тауып алу керек. Әр тауып алған топ өз сөздеріне пантомимо көрсетеді.

Сөздер: таң қалу, қорқыныш, рахат, қуаныш

Ал енді кішкен 4 топ құрыңдар, таймерді, хатшыны, спикерді, төрағаны сайлаңыздар.Қазір мен сіздерге талқылауға салу үшін сұрақ беремін. Пікірталас өткізу барысында ақылдасу қағидасын ұстаныңыздар және топ ережесін сақтаңыздар. Жұмыс үшін сіздерге 2 минут уақыт беріледі.

1 топқа тапсырма: қорқынышты қалай жеңуге болады?

2 топқа тапсырма: сәтсіздікке көңіл бөлудің оң және теріс тәсілдері.

3 топқа тапсырма: «Жол болады, қашан» және «Жол болмайды, қашан» сөйлемдерін аяқтаңыздар

4 топқа тапсырма: өз эмоцияларыңды қалай басқаруға болады?

Ал енді пікірталас барысындағы пайда болған топтық идеяларды спикерлердің баяндауын сұраймын.


11. Жаттығу «Емтиханда кездескенше!»

Мақсаты: тренингтік сабақтар туралы қатысушылардың пікірін тыңдау

Уақыты: 5 минут

Материал: жанып турған шырақ

Нұсқама: Менің қолымда жанып тұрған шырақ. Мен әрқашан Сіздердің қолдарыңыздағы барлық заттардың жанғанын қалаймын, қалай ойласаңыздар солай болып шыққанын қалаймын. Шырақ кімнің қолында болса , сол тренинг барысында өзі жеткен жетістіктре туралы айтып беруі қажет.

Талдау:

  • Бұл күн Сізге не әкелді?

  • Жаңа не білдіңіз?

  • Өзіңізге қандай қортынды жасадыңыз?



12. Жаттығу «Өз жұлдызыңды тап»

Мақсаты: дем алу мүмкіндігі, оптимизмді толтыру, мақсатқа жету барысындағы сенімділік

Уақыт: 5 минут

Нұсқама: Ал, енді қоштасатын уақыт келіп жетті, бірақ бізде барлық тренинг барысында жарқырап сәуле шашып тұрған жұлдызымыз қалды. Бұл жұлдыздар бізбен бірге 1 ай бойы болды. Олардың қалай жарық болып жанып тұрғанын қараңыздар. Егер жұлдыздар жанып тұрса, яғни бұл әлдекімге керек. Олар біздің ертеңгі күнге деген сенімділігімізбен, қуатымызбен, мейрімділігімізбен, жеңістерімізбен және жетістіктерімізбен толтырылған. Енді әр қайсыңыз даналық , білім, бақыт, махаббат жолына жарық түсіріп бағыттайтын өз жұлдыздарыңызды қолдарыңызға алыңыздар, олар Сіздерге дұрыс жол көрсетіп сіздер жолыққан қиындықтарды шешуге көмектеседі.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
"Жетістікке жол" түлектерге арналған іс-шаралар.

Автор: Жангабулова Жанагуль Балсулыковна

Дата: 05.04.2017

Номер свидетельства: 406837


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства