Просмотр содержимого документа
«Жастар берген т?рбие жас шыбы?ты игендей /психологиялы? тренинг ата-аналар?а/»
Тренинг тақырыбы: «Жастай берген тәрбие,Жас шыбықты игендей»
Күні: 30.10.2015ж
Қатысқандар: Бастауыш сынып ата-аналары Мақсаты: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы алтын ұясы екенін түсіндіру,ата анамен бала арасындағы жағдайларды ақылмен шешуге жағдай туғызып,ата ананың баласына деген сенімін ояту,оқу тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру. Көрнекілігі: Интерактивті тақта Барысы: 1. «Өрмекші торы» жаттығуы 2. Бала біздің гүліміз. «Бала деген кім?» 3. Бақытты жанұяның модельін құру. 4.«Қызықты сұрақтар»
7.Рефлексия -Құрметті ата аналар ,ұстаздар!Сіздер бүгінгі «Жастай берген тәрбие жас шыбықты игендей» атты тренингімізге қош келдіңіздер. Ата аналар мен ұстаздар қауымы үшінжас ұрпақты тәрбиелеп,білім беріп,қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе.осы мәселеге ата аналармен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ,онда асуымыздың биік болары сөзсіз.Ата анаға баладан басқа ешкім керегі жоқ,сондықтан да баласының әдепті,білімді болып өсуін армандаймыз.Қазіргі қоғамда ата ана баладан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді?Ата ананың бақыты неде?Баққыты жанұя қандай болмақ? Міне осы тұрғыдан сөз қозғаймыз Танысу жаттығуы:Ата аналар бір бірін таныстырып, жақсы тілектер айтып жіплақтырады.
Психолог:
Әрқашанда осындай тор арқылы татулығымыз берік, ешқашан үзілмесін! Бала әр ата ананың болашағы,бақыты -ол оның өмірінің жалғасы.Бала біздің гүліміз. «Бала деген кім?» гүлдің бейнесін келтіру. Біздің өз ұрпағымыздан күтеріміз мол.Олай болса,біз тәрбие үрдісінде баламыздың жат қылықтардан аулақ болуын қадағалауымыз керек.Жағымсыз мінез деген сөзге мән беріп көрейік.
Ата аналарға сауалнама:
-Сіз балаңызды қандай жат қылықтардан сақтандырған болар едіңіз?Күнделікті өмірде ашуланшақ, әдепсіз балалар кездесіп жатады.Меніңше әр бәр баланың іс әрекеті,тәрбие от басында ата ананың жағымды іс әрекетімен қалыптасады.Ата- анан өз баласының тәрбиесі үшін ел, халық алдында жауапты екенін естен шығармау керек. Әр бір бала дара тұлға.бала тәрбиесінде ата ана балаға қысым көрсетуден аулақ болып,үлгі болуы керек.Ендеше, «Бақытты жанұяның моделін құрып көрейік»
Енді сіздермен «Қызықты сұрақтар» айдары бойынша сергіту сәтін жасап көрейік.Сіз балаңыз туралы қаншалықты білесіз? Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріп көрейік: 1. Балаңыздың туылған күні? 2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні? 3. Балаңыздың аяғының өлшемі? 4. Балаңыздың парталасы кім? 5. Балаңыздың сүйікті асы қандай? 6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді? 7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды? 8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз? 9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі? 10. Балаңыздың ең жақын досы кім? Проблемалық парақ. Оқушылар ата-анасынан қандай көмек күтеді? /слайд арқылы көрсету.
«Қол көмек» жаттығуы Нұсқау:Ақ параққа оң қолыңызды басып саласыз. Содан кейін «балаңызға қандай көмек бере аласыз?» деген сауалға жауап жазамыз.
Ата-аналарға арналған тест
Балаларды ата-аналар тәрбиелейді. Ал ата-аналарды ше? Бұл күрделі сұраққа жауапты ата-аналардың өздері біледі. Берілген тұжырымдардың қайсысына келісесіз, соны белгілеңіз. 3 жауаптың біреуін ғана белгілеуіңізді сұраймыз.
а) қолымнан келеді, әрі әрқашанда осылай жасаймын. (3 ұпай).
б) қолымнан келеді, бірақ әрқашанда олай жасамаймын (2 ұпай).
в) қолымнан келмейді (1 ұпай).
Тест сұрақтары:
1. Қандай жағдай болмасын өз жұмысымды тастап баламмен айналысамын.
2. Баламның жасына қарамастан мен онымен кеңесемін.
3. Егер қате жіберген жағдайымда баламнан кешірім сұраймын.
4. Баламмен қарым-қатынас арасында жіберген қателігімді оның алдында мойындай аламын.
5. Егер баламның әрекеті өте қатты әсер етсе де , мен өзімді ұстай алар едім.
6. Баламның орнына өзімді қоя аламын.
7. Мен өзімнің баламды 1 минут болса да, “сұлу перизат” немесе “мейірімді сұлтан” ретінде сезіне аламын.
8. Мен өзімнің балалық шағымдағы қолайсыз болып көрінетін бейнемді немесе басымнан кешкен сабақ болатындай жағдайды айтып бере аламын.
9. Бала жанына ауыр тиетін сөздерді көп қолданатын сияқтымын.
10. Мен баламның жақсы тәртібі үшін, оның тілегін орындауға сөзіме берік боламын.
11. Балаға не істегісі келсе, соны істеуге, өзін қалай ұстаса, солай ұстауға, яғни еркіне жіберіп, өзім араласпауға, бір күнді соған бөлемін.
12. Егер менің балам біреудің баласын себепсіз жәбірлеп, ренжітіп, қол жұмсап, дөрекі мінездерін көрсетіп жатса, мен үндемеймін.
13. Егер баламның ерке қылығын көрсетіп жылағанына немесе баламның көз жасымен әр нәрсені сұрауына қарсы тұра аламын.
Тестің кілті:
30-39 ұпай аралығында - өміріңіздегі, жанұяда ең үлкен әрі қымбат адам – балаңыз деп санайсыз. Сіз балаңызды түсініп қана қоймай, оны тереңірек білгіңіз келеді және оған үлкен құрметпен қарайсыз. Сіз ең таңдаулы озық тәрбиелік әдістерді және тұрақты тәртіп жолдарын ұстанасыз. Сіз өте дұрыс бағыттасыз және болашақта жақсы нәтижеге ие боласыз.
16 ұпай мен 30 ұпай аралығында – бала Сіз үшін бірінші орындағы маңызды мәселе. Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қасиет қалыптасқан, бірақ өмірде оны жүйелі және мақсатты түрде қолдана бермейсіз. Кейде өзіңізді қатал ұстайсыз, кейде жұмсақ ұстайсыз, тіпті кейде тәрбиелік тиімділікті әлсірететіндей келісімге де барасыз. Сізге бала тәрбиесі жөніндегі өз әдісіңіз жөнінде кеңірек (тереңірек) ойлану қажет.
16 ұпайдан төмен – бала тәрбиесі сз үшін үлкен қиыншылық туғызады. Сізге ия білім жетіспейді, ия болмаса балаңызды жеке тұлға ретінде жасауға ниетіңіз, ұмтылысыңыз жетіспейді. Сол себептен сіз педагогтан және психологтан кеңес алғаныңыз жөн.
Рефлексия: «Ағаш»
-Құрметті ата-аналар бүһгінгі тренингте қандай әсер алдыңыздар, соны ағашқа жапсырамыз
Ұнады- алма
Ұнаған жоқ- жапырақ
Қорытындылау. Тренинг соңында оқушылар ата-аналарына арнап концерт ұсынды.