kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жас?спірімдер арасында ?зіне ?зі ?ол ж?мсауды? алдын алу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жасоспиримдер арасында озине ози кол жумсаудын алдын алу балалармен сойлесу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жас?спірімдер арасында ?зіне ?зі ?ол ж?мсауды? алдын алу»

Жасөспірімдер арасында өз – өзіне қол жұмсаудың алдын алу жолдары

  03 февраля, 15:51

Жасөспірімдер арасында өз – өзіне қол жұмсаудың алдын алу жолдары

     Өз – өзін өлтіру – өзін өмірден қасақана айыру. Өз – өзін өлтірудің себептері әр түрлі. Көп жағдайда өз-өзін өлтіруге себеп болатын нәрсе өмір жағдайының шынайы қиындылығы және өмір оңалмайды деп есептеу. Күйзелісті жағдайлар жиналып соның салдарынан өз-өзін өлтіру болуы мүмкін.

     Өз – өзін өлтіру нашақорларға, жазылмайтын аурумен ауыратындарға, қылмыскерлерге тән қасиет.

     Ғылым тілінде «өз-өзіне қол жұмсау» деп аталатын, бұл құбылыстың біздің қоғамымызда  қарқынды түрде етек ала бастауы алаңдатпай қоймайды. Өз – өзін қасақана өлтіру – қазіргі күннің ең басты шешімі табылмай жатқан мәселелердің бірі болып отыр. Өз – өзін өлтіруді зерттеу нысаны етіп қарастыраған ғалымдар оның шығу төркінінің психологиялық, әлеуметтік және рухани себептерге тікелей байланысты екендігін айтып отыр.

     Өз – өзін өлтіру деген термин XVII ғасырда пайда болған, бірақ XVIII ғасырдың ортасына дейін бұл ұғым қоғамда кеңінен пайдаланынлған емес. Тек XX ғасырдың басында адамдардың өз – өзіне қол жұмсауының етек алуына байланысты ғылымда «суицидология» атты дербес зерттеу саласы қалыптасты. Қазіргі кезде «Суицидология» деп аталатын үлкен бір ғылыми бағыты бар, ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда болып осындай әрекетке баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысты.

     Суицид оқиғаларының жиілеуіне көбінесе, отбасылық және қоғамдық тәрбиенің жоқтығы, зорлық-зомбылық, есірткі қолдану, әртүрлі компьютерлік ойындар, атыс-шабыс, қантөгіске толы фильмдердің тікелей әсері бар.

      Өз – өзіне қол жұмсау деректерінің жасөспірімдер арасында да аса көп белең алып отырғаны жанға батады. Мұның себептерін әркім әр тараптан іздеуге тырысқанымен бар пікірдің айналып келіп түйісер жері тәртіп пен тәрбие екені де даусыз. Осы екі мәселенің – тәртіп пен тәрбиенің босаңсыған тұсында тәртіпсіздікке жол беріліп, оның арты қылмысқа, ал, оның арты өз – өзіне қол жұмсауға алып келуі әбден мүмкін.

     Осы тұрғыда жасөспірімдер арасында  өз – өзіне қол жұмсаудың алдын алу жолдарына келетін болсақ, ата-аналар мен педагогтарға келесі төмендегі кеңестерді ұсынуға болады:

- Балалардың отбасылық және ішкі мәселелерін ашық талқылау;

- Отбасылық жанжалдарға балаларды араластырмау;

- Баланы тыңдау, оның сұрақтарына жауап беру, оның мәселелерін талқылай білу;

- Оның өмірінде немқұрайлы емес, шынайы қатысу;

- Оған сену, кездейсоқ еркелігін кешіру;

- Балаларыңызға шынайы мақсаттарды қоюға және оларға қол жеткізуге ұмтылуға көмектесу;

- Кедергілерді жеңуге міндетті түрде жәрдемдесу;

- Баланың үйдегі, мектептегі және даладағы құқықтары мен міндеттерін нақты анықтай білу. Бұл жерде дөрекілік емес, табандылық көрсету;

- Оны кемшіліктер үшін айыптамау, кінәламау, оны қорқыныш, жалғандық, жауласу әлеміне жолатпау;

- Жастардың кез – келген құнды оң бастамаларын сөзбен және іспен қолдану;

- Ешқандай жағдайда күш қолданатын жазалауды қолданбау;

- Өсіп келе жатқан балаларыңызды жақсы көріп, қамқоршыл болу және өте маңыздысы, олармен әдепті болу;

- Бір – біріңізді балаға билік етуге бопсаламау.

      Өз – өзіне қол жұмсау ишараларына жете қарау қажет. Көмек сұрау айғайы, жалғыздық күйзелісіне араласудың бірден – бір мүмкіндігіне ие көмек беруші адамның қарсы әсеріне мұқтаждығына күмән келтіруге болмайды.

      Жасөспірім жастардың көңіл – күйі түскені және басқа да депрессивті жағдай байқалса, баланың бұл жағдайдан шығуына көмектесу үшін дереу шаралар қолдану қажет. Кәмелетке толмаған жастардың депрессияның алдын алу өз – өзіне қол жұмсаудың алдын алуда өте маңызды болып табылады. Жасөспірім жастардың депрессияның алдын алуда ата – аналары маңызды рөлге ие.

      Баламен сөйлесу, оның жағдайы туралы сұрақтар қою қажет, болашақ туралы әңгімелесу керек, жоспарлар құру қажет. Бұл әңгімелесулер позитивті болу керек. Балаға оптимистік ықпалды «иландыру» қажет, сенім орнатып, оның алға қойған мақсаттарға жете алатындығын көрсету керек.

     Баланы «үнемі ризасыз кейпі» және «жылауықтығы» үшін кінәламаңыз, одан да оң жақтары мен оның тұлғасының ресурстарын көрсетіңіз. Оны одан жетістікті, қайырымды, ширақ басқа балалармен салыстырмаңыз. Бұл салыстырулар жасөспірімнің онсыз да төмен өзіндік бағалауын түсіреді. Бүгінгі жасөспірімді кешегі жасөспіріммен салыстырып, ертеңгі жасөспірімнің позитивті бейнесіне бағыттауға болады.

      Баламен бірге жаңа істермен айналысқан жөн. Күнде жаңа бір нәрсені біліп, бұрын істемегенді істеу керек. Қалыпты өмірді түрлендіру қажет. Тренажер залына жазылу немесе таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдыру, жаңа серуендеу бағыттарын таңдау, демалыс күндері тартымды экскурсияға бару, үй міндеттерін орындаудың жаңа әдістерін іздеу, кинотеатрға, көрмелерге бару, үйді жинастыру. Үй жануарларын – ит, мысық, тотықұс алуға немесе балықтарды өсіруге болады. Қорғансыз жанға деген қайырымдылық баланы жұмылдыруға және оны оң әсерге бағыттауға көмектеседі.

    Жасөспірімге күн тәртібін сақтау қажет. Оның ұйқысы жақсы қанып, жақсы тамақтануы, таза ауада қажетті уақыт болуы, спортты қозғалмалы түрімен айналысуы қажет.

       Депрессия – психофизиологиялық жағдай. Бұл кезеңде жасөспірімнің физикалық жағдайын қолдау керек.

       Адамда, соның ішінде жасөспірімде, антисуицидтік, өмірге табандылық факторларының саны көп болса, оның «психологиялық қорғаныс» және өзіне деген ішкі сенімі мықты болса, оның антисуицидтік тосқауылы берік болады. Олар төмендегідей:

- Баламен қамқорлық қарым – қатынастарлы орнату;

- Зейінді тыңдаушы болу;

- Қатынаста шынайы болу, қорқынышты жағдай туралы байыпты және түсінікті сұрау;

- Психикалық ыңғайсыздық көзін анықтауға көмектесу;

- Барлық мәселелерді дұрыс шешу үшін сенім орнату;

- Балаға оның тұлғалық қорларын тануға көмектесу;

- Баланың осы шақта сәтті орнығуы үшін қолдау көрсетіңіз және болашақтағы бағытты анықтауға көмектесу;

        Елдің ертеңі мен келешегінің дәнекері бұл біздің жас ұрпағымыз. Болашақты қалыптастыру жас ұрпақпен тікелей байланысты. Сондықтан біздің жастардың дені сау ұлағатты ұрпақ болып өсіп жетілуін қалыптастыру қажет.

Жастардың өз – өзіне қол жұмсауының алдын алу шараларының бірі, мектептерге психология пәнін енгізіп немесе мектепте психологтың аптасына екі, үш рет балалармен кездесу ұйымдастырып тұрақты түрде балалармен қарым – қатынас орнатса жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында жүргізілген тәрбие жұмыстары жақсы нәтижесін береді деген сенімдемін.

Цитировать

теги: Психология, жасөспірім, суицид




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жас?спірімдер арасында ?зіне ?зі ?ол ж?мсауды? алдын алу

Автор: Кашауова Гулсара Жумабаевна

Дата: 30.06.2016

Номер свидетельства: 336650


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства