kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жас?спірімдер арасында?ы ?зіне-?зі ?ол ж?мсауды? алдын алу шаралары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жеткіншекті? ?зіне-?зі ?ол ж?мсауыны? себептері:

Депрессиялы? к??іл-к?й; Жеткіншекті? жаныны? жаралан?ышты?ы; Психикалы? аурулар?а шалды?уда ?серін тигізеді. Отбасында?ы шиеленіскен ?арым-?атынастар ?серін тигізеді; О?уда?ы ?иынды?тар (м??аліммен орта? тіл табыса алмауы да ?серін тигізеді);

Суицидті тудыратын факторлар:

  1. ?зін-?зі ?лтіруге деген талпыныс;
  2. Тікелей ж?не жанама т?рде суицидке ?атер;
  3. Жан?яда суицидті? болуы;
  4. Ауруды? т?рлерін білу;
  5. Ішімдік;
  6. Депрессия
  7. Жа?ын адамын жо?алту;
  8. Жан?ялы? ?а?ты?ыс немесе ажырасу;
  9. ?зін-?зі ба?алау?а байланысты;
  10. Стереотиптерді? б?зылуы;

Суицид- б?гінгі к?нде жастар ?ліміні? немгізгі себептеріні? бірі болады. Жиі жас?спірімдерді? басынан ?тетін психологиялы? ?иынды?тар оларды? ?зін-?зі ба?алауыны? т?мендеуіне, ма?ызыны? жо?ты?ы мен ?ор?алмау. Сезімдеріні? пайда болуына, стреске т?ра?тылы?ыны? жо? болуына ?келіп со?ады.Балаларды? жас ж?не психологиялы? ерекшеліктері туралы ата-аналарды а?параттандыру?а ба?ыттал?ан арнайы айдарлар мен о?ушыларды? ?ызы?ушылы?тары туралы алын?ан анонимді сурауды? мониторингісі орналастырылды. К?нделікті мектеп о?ушылары саба?тан тыс уа?ытта ?йірме, секциялар?а, спорт ?йірмелеріне, мектеп ішілік ?йірмелерге баруы ?амтамасыз етілген. К?мелетке толма?андарды? психологиялы? т?ра?тылы?тарын ?алыптастыруда уа?ытында о?ушылармен т?рлі ж?мыстар жеткілікті ж?ргізілуде. Мектепте жас ерекшеліктеріне с?йкес іс-шаралар ?немі ж?ргізілуде.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жас?спірімдер арасында?ы ?зіне-?зі ?ол ж?мсауды? алдын алу шаралары»


                  Өмір , сен  маған  қымбатсың !

    

мақсаты :

өмір  адам  баласына  бір ақ  рет  берілетін  қымбат  сый  екеніне ықпал  ету.

- адам  бойында  болатын асыл  қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік  сезімдерін  дамыту . Жақсы  қасиеттерді  үйрету, жаман  қасиеттерден  жиренту .

- балалардың  ойын  ашу , өмірге  деген  көзқарастарын  қалыптастыру .

көрнекілік  :           “ Өмір  -  қымбат  сый ”.

                       “...Әрбір  қиын  мәселенің  шешілетін  жолы  бар .”

                       “ Өз  өмірің , өз  әлемің  өз  қолыңда .”

                       “ ...Өмірдің  барлық  сәтсіздіктері  бақытсыздық  емес .”

                      деген  нақыл , мағаналы  сөздер  жазылды .

 Бірінші  біз  іс – шарамызды  бастамас  бұрын  Ереже  қабылдап алайық.

    Ереже :   - біз  тыныштықты  сақтаймыз ;

-         бір – бірімізді  тыңдаймыз ;

-         өз ойларымызбен  бөлісеміз;

-         сезімдерімізді  сыйлаймыз ;

-         бір – бірімізді  мазақ  етпейміз ;

-         уақытымызды  үнемдеп , қысқа да  нұсқа  жауап  береміз;

-         тәртіппен , өз кезегімізбен  сөйлейміз ;

-         мектеп  ережесін  бұзбаймыз ;

Психолог сөзі :  - Өмір – ол  адамға  бір – ақ  рет  берілетін  баға  жетпес  қымбат  сый . Осындай  сыйды  саған  сыйлаған  кім ?...

  Әрине  саған осындай  баға  жетпес  сый  сыйлаған  ең  қымбат  адамдарың ,

ол  сенің  ата – анаң .Сондықтан  оларды  ренжітпеуіміз  керек ,айтады – ғой,

“Анаңды  үш  рет  Меккеге  арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың”  -деп. Себебі , біріншіден  ол  саған  “өмір”  сыйлады , саған  жарық  дүние көрсетті , сені  өсірді , сенің  ыстығыңа  күйді , суығыңа  тоңды, түн ұйқы-

сын  төрт  бөліп  сені  аялады , тәрбиелеп  өсірді .

   Егер  саған  анаң  осындай  баға  жетпес  сый  сыйласа , сен  соған  лайықты  өмір  сүруге  тиіссің.

    Өз  өмірің , өз  әлемің  өз  қолыңда ! Біреуге  ренжіп ,біреуді  кінәлап , мін

тағу  дұрыс  емес . Өмірдегі  қайғыны , қиындықты , сәтсіздікті  көтере  білу  керек. Жаңа , жақсы  ойлар  ойлау  керек.

 Адам  өмірі  жеңіс пен  жеңілістен , сәттілік  пен сәтсіздіктен , қайғы  мен  қуаныштан  құралады . Міне  өмірдің  өзі  біле – білсең  сонысымен  қымбат.

  Енді  осы  өмір  туралы  ойларымызды  тренинг – жаттығу  жасау  арқылы  жалғастырайық .

Ойлануға  арналған  балықтар ” жаттығуы.  ( сұрақ – жауап  түрінде )

-         Өмір  дегеніміз не , қалай  түсінесің ?

-         Өмір  сүру  жақсы ма ,әлде  жаман ба ?

-         Сен  бақыттысың ба ?

-         Сені  не  қобалжытады , сондай  кездерің  болады  ма?

-         Өз - өзіне  қол  жұмсау  ерлік пе ,әлде  әлсіздік  пе ?

-         Егер  саған  біреу  қатты дауыс  көтеріп  ұрысса , сен  не  істейсің ?

-         Сенің  мінезіңнің  жаман , жақсы  жақтары  қандай ? 

-         Келешекте  сен  өз  өміріңді  қалай  құрар  едің ?

Психолог сөзі :  Сонымен  өз  ойларыңмен  бөлісіп , пікірлестіңдер,өмір  сүру  үшін  күйретуші  ойлардан  аулақ  болуымыз  керек  екен  ұқтыңдар.

Мазасыз  жаман , жағымсыз , мағынасыз  ойлар  адамды  психикалық , тәндік  жарақатқа  шалдықтырып , тіпті  өлімге  әкеліп  соғады .

Өздерің  ойлаңдаршы ? Сонда  не  өзгереді ? Одан  сен  не  ұтасың ?

Оның  кімге  пайдасы  , кімге  зияны  тиеді ? ...

 Ештеңе де  өзгермейді , ештеңе де ұтпайсың , еш  пайдасы  жоқ , керісін -

ше  өзіңе   жақын  адамдарыңа  зияныңды  тигізесің .

Әрине  дұшпаныңа  күлкі , достарыңа , ең  қымбат  адамыңа , ата – анаңа,

бауырларыңа  орны  толмас  қайғы ,  қасірет  әкелесің , одан  басқа  ештеңе  жоқ. Өмірдегі  кездесетін  сәдсіздіктерді  уақытша  қиындық  деп  қабылдау  керек. Әр  нәрсенің  ақырын  шыдамдылықпен  күтіп ,не  істесеңде  ойланып  істеуге  үйрену  керек.  Сабырлы , шыдамды , төзімді  болуды  үйрен .

  Өмірде  бәріде  өткінші  екенін  ұмытпа . Ерте ме , кеш пе ол  дүниеге бәрі- бір  барарымыз  анық ,  сондықтан  асықпа .Сол  өлшеулі  уақытқа  дейін бә-

ріне  төзуіміз  керек.

Мысалы : Дінде  “ Алла  саған  өмір  берді , сол  Алланың  бұйрығымен өмір- іңді  Алла  ғана  алады .” делінген.  Өз -өзіне  қол  жұмсау  кешірілмес  үлкен  күнә болып  есептелінеді  Міне сондықтан  ондай  ойлардан  аулақ  болайық.

   Әрі қарй  ой  бөлісу , пікірлесу  үш  тағы  жаттығу  өткіземіз.

Сөйлемді  жалғастыр ”  жаттығуы .( жазылған  сөйлемді  өз  сөзімен толық-

тырып  жазып , ой  қорту .)

           -  Жақсы  өмір  - бұл   .....

           -  Баққытты  адам  - ол  ......

Психолог сөзі : Әрине  өмірдің  барлық  сәтсіздіктері  бақытсыздық  емес .

 Өмір - өзен  ағып  жатыр , тынбайды ,

 Өмір  болмас  қасіретсіз , мұң  қайғы ,

 Сондықтан да , өз - өзіңе  абай  бол ,

Өмір  сені  сонда  ғана  шыңдайды .  - деп  ақындар  жырлағандай , Өмір - арнасы  кең  өзен , сол  өзеннен  өз  арнаңды  тауып  ағу  сенің  басты мақсатың. Ал өз мақсатыңа  жету  оңай  емес , ол үшін  қандай да бір қиын-

дықтарға , кедергілерге  кездесуің  мүмкін .Ал  енді  біреулерге  қиындықтар

кездеспеуі де  мүмкін . Сондай  кездерде  біреулерге  қызғаншақтық , көреал-

маушылық  танытпа ,өз  мақсатың  үшін  күресе  біл .Өзіңнің  күшті  жақта-

рыңды  көрсет , әлсіздік , шарасыздық  танытпа . Сен  өз  өмірің  үшін  өмір  сүруге  тиіссің . / “Екі  бақа” аңызы  мысалға  келтіріледі ./

  Ал сен  біреуге  ренжіп  неге оп оңай  өле  салуың  керек , бақа  ғұрлы  жоқ-

сың ба ? Бақа да  өз  өмірі  үшін  күресіп  ақыры  жеңіске  жетті .

Адам  өзін - өзі  тәрбиелеуі , алдына  мақсат  қоя  білуі  керек. Сол  мақсатқа

жету  үшін  адами  құндылықтарды  бағалай  отырып , “өз  өмірім  өзіме  құнды ” деген  қағиданы  басты  назарда  ұстауы  қажет .

 Біз  өмірде  өзімізге  мақсат  қоя  білеміз бе ?  осыны  тренинг  жаттығу  жүргізу  арқылы  тексеріп , дәлелдеп  көрейік .

       “ Егер  сен  ағаш  болсң ” тренинг . балалар ,(жапырақ , діңгек , тамыр) біреуін  таңдаулары керек , неге  таңдағандарын  айтып  түсіндірулері  қажет.

       жапырақ  - ол  көктейді , гүлдейді;

      діңгек  -  барлық  ауыртпашылықты , жпуапкершілікті  көтереді ;

      тамыр – ол арқылы  бүкіл  ағаш  қоректенеді ;

Келесі  тренинг  “ Менің  мақсатым .”  Сендер  әрбіреуің  бір – бір  үйдің  гүлісіңдер , сондықтан өз  мақсаттарыңды   берілген  гүлдерге  жазып  осы   ағашқа  ілулерің керек .

Психолог  сөзі :  Осы  мақсатымызға , арманымызға  жету  үшін  не істеуіміз  керек.?  Ол үшін  ең  бастысы  денсаулығымызды  сақтауымыз  керек.

Өмір  арпалыс , күрес .Бұл  табиғат  заңдылықтары .Өмірде  мойымағандар

тарихта  аттарын  қалдырып  кеткен , ел  есінде  сақталған  адамдар .

Сондықтан  осындай  адамдарды  өздеріңе  үлгі  тұтыңдар .

     Қане  кімде  осындай  үлгі  тұтар  адамдарың  бар ? ( қысқаша  өнегелі  өмірлерін  айтып  беру .)

Адам  өзіне - өзі ,өз ісіне  сенімді  болуы  керек , олай  болса  келесі  жаттығуымызды  жасайық .

Өзіндік  бағалау  маршы ”  жаттығуы .

мақсаты:  өзіне  деген  сенімділігін   дамыту .

Психолог  сөзі :   Қымбатты  балалар !

                             Өмір – көпір , от  үстіне  салынған ,

                             Діңгектері  зәндем  отқа  малынған .

                             Қоқу  білме , аяқтарың  таймасын ,

                             Ойнап  отпен , шарпу  көрме  жалыннан !  дей  келе  сендерге  мынадай  психологиялық  кеңес  беремін , етеріңе  ұстаңдар .

 Психологиялық  кеңес :  қызықты  өмір  сүру  үшін   ...      - ай сайын  жаңа  кітап  оқы , оқығандарыңды  көңіліңе  тоқы ,

   - икемің  бар  іспен айналыс , мыс. (ән  айту , би  билеу , шеберлік істер )

   - әрбір  демалыс  күніңе  жоспар  жасап, қызықты  өткізуге  тырыс ,

   - ертеңгілік  жаттығу  жаса , сергек  жүресің ,

   - ата – анаңа , бауырларыңа т.б. жақындарыңа  көмектесіп  тұр.

   - әр айдың бір  күнінде  өзіңді  басқа  біреудің орнына  қойып  көр , содан     

    өзгеше  ойлап , тәлім  алуға  тырыс ,

   - әр  күні  кешке “ мен  бүгін  не істедім?” деп  өзіңе  есеп  беріп  үйрен ,

    - күнделік  жазуға  дағдылан , ол  сенің  ең  сенімді  серігің  бола алады .

Енді  осы  бүгінгі  іс – шарамыздың  соңында   “ Өкпені  еріту ” және 

 “ Тазару ”   жаттығуларын  жасайық.

 Олай  болса  балалар  бүгінгі  күнімізге  ризамыз ба ?

      Бәріміз    РИЗАМЫЗ  деп үш рет  қайталап  айтамыз.

 

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жас?спірімдер арасында?ы ?зіне-?зі ?ол ж?мсауды? алдын алу шаралары

Автор: Аджиева Заида Н?рлан?ызы

Дата: 29.03.2016

Номер свидетельства: 311680


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства