Просмотр содержимого документа
«Ы.Алтынсарин-т???ыш а?артушы ?стаз»
Ы.Алтынсарин-тұңғыш ағартушы ұстаз
Ы.Алтынсарин-шын мәніндегі тұңғыш ағартушы ұстаз,тамаша тарихшы,фольклоршы-этнограф ғалым,тіл білімпазы,осы күнгі әліпбиімізде жазылған ең алғашқы оқулықтың туындыгері,халық ағарту ісінің шебер ұйымдастырушысы.Демек, "сегіз қырлы,бір сырлы" дарын иесі.Ыбырай- өз халқының жарқын болашағы мен кемел келешегі жолында қызмет еткен үлкен ақыл-ойдың,биік саналы сезімнің адамы. "Қыран ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі" дейді халық даналығы.Бұл сөздің растығын Ыбырайдың өмір- өнегесінен де байқағандаймыз.Өйткені оның өскен ортасы-халықтың сол кезеңдегі озық ойлы зиялы қауымы,тәрбие алған мектебі - алды сонау атақты шешен Жиренше,Абыз,Әнет баба,Төле би,Қаз дауысты Қазыбек,Әйтеке би,Байдалы,Досбол шешендердің мектебі,Асан қайғыдан бастап Қазтуған , Доспамбет, Жиембет, Ақтамберді, Үмбетей,Дулат секілді дала даналарының мектебі. Балғожа бидің "үміт еткен көзінің нұры" - бала Ыбырай атасының замандас достары-Досбол шешен,Наурызбай,Мұғал би секілді от ауызды,орақ тілді үлкен ақыл-парасат иелерінің үлгі-өнегесін көріп өсті,ғибрат алды.Болғожа би Орынборда оқуда жүрген шәкірт Ыбырайдың ел арасындағы дау- жанжалдарға төрелік айтуға,билік шешім қабылдауға баулып отырған.Ел аузын да " Ыбырайдың айтқаны ","Ыбырайдың шешімі","Ыбырайдың тоқтамы" деген тұрғыда ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып тарап келеді. Қазіргі ұлттық ояну,өзін-өзі тану,үйрену ,халқымыздың мәдени-әдеби мұралары мен әдет-ғұрпы,игі дәстүр-салттарының қайта оралуы- бәріде алдағы мақсат -міндеттерімізді айқындауға мүмкіндік жасап отыр.Осы орайда елдің дербестігі мен оның өркендеп дамуының негізгі шарты-оқу-білім екендігі белгілі.Ілім-білім қай ғаламда да игілікті,қасиетті дүние болып есептеледі. Ыбырай атының әлемге мәшһүр болуына әсер еткен жағдай сол заманның қиын-қыстау кезеңі,халықтың тарылған тағдыр - талайы, Ұлы ұстаз еліне қажетті бар байлық та, бақыт та, жақсылық та оқу менен,білім менен келетінін бір сәт жадынан шығармай насихаттады. Кел, балалар,оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар, Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар,- деген Ыбырай атамыздың өлең жолдары әр ұрпақтың,бар буынның жадында жатталып қалған жан серігіндей Тәрбилеу-халықтар бойынша білімге негізделген этекиялық ізгіліктер мен өнерді дамыту ісі .Осы мақсатта Ы.Алтынсарин қазақ халқының өміріне мәдини жағынан іргелі өзгеріс кіргізуді армандап бірнеше мектеп ашты.Бұл мектептер жастарды білімге,өнерге,тазалыққа,еңбекке,адалдыққа халықты сүюге,қызмет етуге, ата-анасына жәрдем беруге баулыды. Ы.Алтынсаринның құрған мектептері сол кездегі қазақ қоғамына қажетті,зайырлы оқу орны болды: бағдарламалы,жүйелі,сатылы,пәндік,т.б ерекшіліктері бар еді.Тәрбие үрдісінде жеке тұлғаның сана сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер ету,оның дүниетанымының дамуына,ерік-жігері мен моралдық бейнесінің қалыптасыуна оң ықпал етеді. Ы.Алтынсаринның ұстанған басты қағидасы баланың жеке басын қадірлей отырып оны ізгілікке , қайырымдылыққа,ынтамақтастыққа жұмылдыру болды. Тұңғыш ағартушы,рухани ұстаз Ы.Алтынсарин балаларды тәрбиелеуде,оқытуда ой-санасына қозғау салып, дамытуда өзінің педагогикалық идеясын іске асыру үшін көп ізденген. Оқудың пайдасын, оқу арқылы ғылым мен техниканың жетістіктеріне қол жеткізуге,көп нәрседен хабардар болатындығы айтылады."Дүниедегі ескірмейтін де, өзгермейтін де, өмірдегі сүйеніш те,сарқылмас дәулет те өнер-білім...","білім еш арымайды,жұтқа ұшырамайды,ол мәңгі бақыт кілті" деп білім алуға шақырады. Ы.Алтынсарин шығармаларындағы басты тақырыптың бірі - еңбек. Ол өзінің "Еңбектің тәрбиелік маңызы жөнінде" мақаласында "Ерікті ебек адам- ның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады,еңбексіз адам өзінің барлық құнынан айырылады.Адам өзінің жеке еңбегінсіз бір адым ілгері баса алмайды ,қайта кері кетеді" деген."Өрмекші,қарлыған,құмырсқа" әігімесін де балаларды ұшқан құс,жүгірген аңдар тіршілігімен таныстырып,еңбек ету керектігін айтады Ыбырай мұрасының құндылығы - оның рухани бастау көздерінің күрделілігінде.Ол өзі өсіп - өнген қазақ жұртының халықтық рухын , сана -сын,мұрасын терең меңгеріп,асылын бойынына жинақтаған . Бүгінгі егемен елдің жастарының ойы еркін,рухани парасаттылығы толысып жетілген , адамгершілік ізгілік қасиеттері мол азамат етіп тәрбиелеуде Ы.Алтынсаринның тұлғасы мен оның прогрессивтік идеяларының мәні аса зор.