kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Вербалды және вербалды емес қарым-қатынаста коммуникацияның алатын рөлі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Городком семинаре использовалась для педагогов.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Вербалды және вербалды емес қарым-қатынаста коммуникацияның алатын рөлі»

Елеуова Куралай Каныбековна


Республикалық жоғары медицина колледжі

«Психология негіздері және коммуникативті дағдылар» пәнінің оқытушсы


Тақырыбы: Вербалды және вербалды емес қарым-қатынаста коммуникацияның алатын рөлі


Жас ұрпақтың рухани саулығы мен тұлғалық өсуі, жүйелі ойлаудың , кәсіби мәдениеттің шығармашылық белсенділіктің, еңбек нәтижелері үшін жоғары жауапкершілік пен дербестікті қалыптасуы, алған білімді үнемі жаңғыртып отыру қажеттігін қазіргі заман талап етеді. Оқу орындарында нағыз маманның қалыптасып, оның тұлғасының дамуындағы күрделі процесте оқытушының атқаратын рөлі ерекше. Бұл мәселені зерттеушілерге (А.А.Бодалев, З.Ф.Есарева, Н.Ф.Кузьмина) жоғарғы оқу орындарындағы оқытушылардың кәсіптік іс – әрекетінің көзі тәрбиелік қарым – қатынас болып табылады. Оқытушылардың студенттермен тәрбиелік қарым – қатынасы нәтижесі студенттің тұтас, жан – жақты әлеуметтік – белсенді тұлға ретінде қалыптасуы, оқу орнын жетістікпен аяқтау мақсатының орындалу дәрежесін анықтайды.

Сонымен студент тұлғасының қалыптасуында науқаспен пен медицина қызметкерінің өзара дұрыс қарым – қатынас орнатуы үлкен рөл атқарады. Болашақ медицина қызметкерлері үшін науқаспен қарым-қатынаста вербалды және вербалды емес қарым-қатынастың алатын орны ерекеше.

Қарым-қатынас негізінде ақпарат берудің және алудың екі формасы болады:

Сөз арқылы (вербалды) коммуникация дегенде сұхбаттасушылардың ой-пікірімен, ақпаратымен, көңіл - күй әсерімен бөлісуін білдіретін тілдік қатынасты айтамыз. Тіл –сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды сөзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.

Сөзсіз (вербалды емес) қарым-қатынас – “дене тілі”, “ым-ишара тілі” деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция.

Сөзсіз (вербалды емес) қарым - қатынас келесі ғылымдарды зерттейді:

Кинесика - адам сезімі және эмоцияның сыртқы көрінісін; Мимика – бет бұлшықетінің қозғалысын; Жестика - дененің жеке бөлігінің қол қимылдары; Пантомимика- бүкіл дененің моторикасын - қалып, тұла бойы, иілу, жүрісті.

Такесика – қатынас кезінде жанасушылық жағдайын: қол алысу, сүйісу, тису, сипау және т.б.

Проксемика – қатынасу кезінде адамның ортаға орнығуы.

Визуалды қатынасу (көз жанасуы) көзқарас арқылы контакт, вербалды коммуникацияның әсерін күшейте түседі. Көзбен жанасу – вербалды емес қатынасу әдісі, басқа адам туралы біршама ақпарат жинауға мүмкіншілік береді. Өзара көзқарасы адамнан туындаған ситуацияға араласуға құштарлығын, немесе керісінше, қарсылығын айқындайды. Мысалы, шашыраңқы қарау немесе тік емес, шетке қарау адамның қатынасуға назарының немесе ниетінің жоқтығын білдірсе, ал тік қарау оның құштарлығын, даярлығын білдіреді.

Дене қимылдары, дене қалпы қарым-қатынас үстінде науқастан қосымша ақпарат жинастыруға мүмкіншілік береді. Мысалы, науқастың жүру мәнері оның физикалық жағдайын, көңіл-күйін сипаттайды. Қол сермеу (жест) және дене қалпы (поза) пациенттің мінезі мен көңіл-күйін көрсетеді. Толқу үстінде науқас үнемі басының, бетінің әр жеріне қолымен тиіп кетіп немесе уқалап, сипалап тұрады. Науқастың қолын төсіне айқастыру, қолын арқасына ұстауы сияқты жестілер оның қорғаныш реакцияларын білдіреді. Ал қолдарын беліне таянуы, алақанын төмен қарап ұстауы, саусақтарын жоғары бағытта ұстауы сияқты жесттер науқастың қарсылығын білдіреді. Егер науқас дәрігерді мұқият тыңдаса, мынандай дене қалпы байқалады: қолдары иегінде, басы сәл еңкейінкі, қолдарының саусақтары төмен бағытталған.

Науқастың бет әлпеті, мимикасы қарым –қатынас кезінде маңызды орын алады. Бет әлпет науқастың психологиялық құбылыстарын сипаттайды: назалануы, қорқуын, қайғыруын және т.б. мысалы, еріннің бұрыштары төмен түсіп тұрса, науқастың қайғыру үстінде екенін, шаршауын көрсетеді. Ал ерін бұрыштары жоғары қарай бағытталса – медициналық қызметкерге тәуелділігін, оның мақылдауын, демеуін күтіп тұрғанын білдіреді. Ауыз сызығы тік болса-науқастың жағдайы жақсарған деп болжауға болады.

Жабық позалар – науқастың қатынасуға қарсылық жағынан сездіреді. Оларға жататындар: кеудесіне қолдарын айқастыра тұруы – “Наполеон позасы”, аяғын айқастыра отыру, қол ұшын қалтаға салуы немесе қолдарын арқасына жасыруы,басын және денесін басқа жаққа бұрып ұстауы,

Ашық позалар – науқастың ара қатынасқа және әрекетке даярлығын көрсетеді. Оларға жататындар: басы және денесі қатынасушыға қарай бұрылған, бетке тіке қарау.




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Вербалды және вербалды емес қарым-қатынаста коммуникацияның алатын рөлі

Автор: Елеуова Куралай Каныбековна

Дата: 30.05.2018

Номер свидетельства: 471570


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства