Баланы? мектептегі ?лгермеу себебін к?п жа?дайда мектеп ?міріні? басынан – бірінші сыныптан іздеуге болады. Бала ал?аш мектепке жеті жасында келеді. Мектепке дейінгі жастан кіші мектеп жасына ?ту кезе?ін ?дебиетте да?дарыс деп атайды.
Кіші мектеп жасында баланы? жетекші ?рекеті о?у болып табылады. Жеті жаста?ы да?дарыс бір са?атта ?тіп кете ?оймайды, біра? та мектеп бірінші сынып о?ушысынан мектеп о?ушысы р?лін т?йсініп, мектеп ?міріні? ережелері мен талаптарына ба?ына білуді к?теді: тек осы жа?дайда ?ана ол о?у ба?дарламасын тиімді ме?геруіне кепілдік береді. Егер ?андай да бір себептермен бала ?лі да?дарыстан ?тпеген болса ж?не ?ажетті психологиялы? ?асиеттерді иеленбесе, онда жемісті о?у ?рекетіні? ?алыптасу м?мкіндігі ?те т?мен.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Үлгерімі төмен оқушыларға психолого-педагогикалық қолдау көрсету
Мектептегі үлгермеу мәселесі.
Баланың мектептегі үлгермеу себебін көп жағдайда мектеп өмірінің басынан – бірінші сыныптан іздеуге болады. Бала алғаш мектепке жеті жасында келеді. Мектепке дейінгі жастан кіші мектеп жасына өту кезеңін әдебиетте дағдарыс деп атайды.
Кіші мектеп жасында баланың жетекші әрекеті оқу болып табылады. Жеті жастағы дағдарыс бір сағатта өтіп кете қоймайды, бірақ та мектеп бірінші сынып оқушысынан мектеп оқушысы рөлін түйсініп, мектеп өмірінің ережелері мен талаптарына бағына білуді күтеді: тек осы жағдайда ғана ол оқу бағдарламасын тиімді меңгеруіне кепілдік береді. Егер қандай да бір себептермен бала әлі дағдарыстан өтпеген болса және қажетті психологиялық қасиеттерді иеленбесе, онда жемісті оқу әрекетінің қалыптасу мүмкіндігі өте төмен.
Оқу әрекеті бала үшін өте жаңа әрекет түрі. Психологтар Г.В. Бурменская, О.А. Карабанова, А.Г. Лидерс мыналарды жатқызады.
Жаңа күн тәртібімен байланысты қиындықтар. Бұлар балабақшаға бармаған балаларға қатысты. Мұндай балаларға мектепке бару үшін ерте тұру қиын.
Баланың сынып ұжымына, құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуге бейімделуінің қиындығы. Бұл жағдайда олар балалар ұжымында болмаған және отбасында дұрыс тәрбиеленбегендіктен, құрдастарымен қарым-қатынасында проблема бар балаларда жақсы байқалады. Кейбір балалар әрең тіл табысады (ұяң, өз-өзіне сенімсіз балалар), басқалары сыныптастарымен тең қатынас орната алмайды (дау-жанжалды, төбелескіш балалар).
Мұғаліммен өзара қатынаста байқалатын қиындық. Ең жиі кездесетін мәселе оқушы мен мұғалімнің өзара қатынасы баланың субъективті қабылдауында мұғалімнің «жақсы оқушы» түсінігіне сәйкес келмейді. Өкінішке орай, мұғалім балаға мектеп өміріне бейімделуіне мүмкіндік пен уақыт, көмек берместен оны өзінің санасында «нашар оқушы» қатарына жатқызады.
Баланың үй жағдайының өзгеруіне байланысты қиындықтар. Баланың жаңа әлеуметтік жағдайына ақырындап кіруін білдіреді: баланың «күн тәртіптік» міндеттері пайда болады және үлкендер бұрынғыға қарағанда қатал, үй тапсырмасын орындауды талап етеді, ойын әрекетін шектейді. Егер үй жағдайы аяқ асты өзгерсе, бала оны эмоционалды қабылдай алмайды. Осы себептен пайда болған уайымдаулар оқуға қызығушылықтың болмауына әкеледі.
Бала неге нашар оқиды? Оқушылардың үлгермеуінің себебі не? Неге үлгермейтін балалар мектептің басты мәселесі? Педагог-ғалымдар үлгермеудің негізгі себебін ең алдымен оқыту әдістемесінің шыңдалуынан көреді. Көптеген мұғалімдер нашар үлгерімді балалардың еріктік және кейбір адамгершіліктік қасиеттердің жеткіліксіздігі деп түсіндіруге бейім. Осыдан барып үлгермейтін балаларға ата-аналарын шақырту сияқты репрессивті шаралар қолданылады.
Оқытудың бірінші кезеңінде кіші мектеп жасында бір жағынан білуге құмарлық, қоршаған ортаға тікелей қызығушылық, ал екінші жағынан қоғамдық маңызды әрекетті орындауға тырысу, оқуға жағымды қатынасты және алған бағаға эмоционалды қайғыруды анықтайды.
Жеткіншектер оқу пәндеріне өте аз көңіл бөледі. Олардың өмір әрекетінің сферасы кеңейе түседі. Олар әр түрлі үйірмелерге қатысады, спортпен шұғылданады, көп уақыттарын ойынға жібереді. Жеткіншектердің көбісі оқуға немқұрайлы қарайды және орта сыныптарда үлгерім әдетте төмендейді.
Жоғары сынып оқушылары өздерінің кәсіптік көзқарастарына байланысты оқу пәндеріне дифференциалды қатынаста болады. Бұл әр түрлі пәндерден алған бағаларына әр түрлі қатынаста болумен түсіндіріледі.
Педагогикалық көмектің барлығын тәжірибе жүзінде екіге бөлуге болады: дәстүрлі (сабақтағыдай) оқыту әдістері қолданылатын қосымша сабақтар ұйымдастыру және оқушыға әр түрлі мөлшерде қысымдық көрсету. Бұл құралдардың барлығы тек әсерлігі аз ғана емес, үлгермеу себебіне ешқандай әрекет етпей, үлгермеушілік «ауруын» тудыратын зиянды болып табылады.
Үлгермеушіліктің негізінде жатқан психологиялық себептерді біз екі топқа біріктірдік. Оның біріншісіне танымдық әрекеттің жетіспеушілігі жатады, ал екіншісіне – балалардың мотивациялық сферасының дамуындағы жетіспеушілік.
Үлгерімі төмен оқушылармен психологиялық жұмыс
Үлгермеуші оқушыларды ғылыми зерттеу жұмысының көрсеткіштері бойынша үш категорияға бөлуге болады.
Барлық пәндерден үлгермейтін оқушылар.
Негізгі пәндерден ұзақ уақыт үлгермейтін оқушылар.
Кей кездерде үлгермейтін оқушылар.
Үлгермеуші оқушылардың типологиясы туралы құнды материал Л.Славинаның еңбектерінде бар. Осыған сүйене отырып, зерттеу жұмысында үлгермеуші оқушылардың не себепті үлгермеуіне байланысты себептері көрсетіліп, оқушының жеке басының ерекшелігіне баса көңіл аударып, бес топқа бөлінді.
Оқуға қатынасы дұрыс емес оқушылар.
Оқу материалын қиындықпен игеретін оқушылар.
Оқу жұмысының дағдысы мен тәсілдері қалыптаспаған оқушылар.
Еңбек ете білмейтін оқушылар.
Танымдық және оқуға деген қызығушылығы жоқ оқушылар.
Үлгермеуші оқушылардың қасиеттері неге байланысты: 1) ойлау қасиетіне; 2) жеке адамның бағытылығына.
Бұл қасиеттердің арасында бір-бірімен байланысты үш сәйкестік бар. Олар төмендегілер:
Оқушының ойлау әрекетінің, санасының төмендігі, оқуға деген дұрыс қатынасының сай болуы және оқушының бағытының сақталуы.
Оқушының ойлау әрекеті сапасының жоғарлығы, оқуға деген теріс қатынасының болуы және «оқушының бағыттылығы» толық немесе жарым-жартылай жойылуы.
Оқушының ойлау әрекетінің сапасының төмендігі, оқуға деген теріс қатынасының болуы және оқушының бағыттылығы жарым-жартылай немесе толық жойылуы.
Осы ерекшеліктер үлгермеуші оқушылардың типтерін анықтайды және үлгермеушіліктен құтылудың жолын көрсете алады.