?лгермеушілік – жалпы?а бірдей білім берудегі мектеп ба?дарламасын игере алмау, т?сіндіріліп ба?ыт берілген саба?ты ?ана?аттанарлы? де?гейде игере алмау.П?н м??алімдеріне ?лгерімі т?мен о?ушылармен ж?мыс жасау барысында ба?ыт-ба?дар беруге арнал?ан материал. ?лгерімі т?мен о?ушылармен ж?мыс жасау ерекшеліктерін ?зара т?жірибе алмаса отырып тал?ылап, ?з ж?мыстарына ?атысты ?осымша ма?л?маттар ала алады.Я?ни, ?лгерімі т?мен о?ушылар?а т?н ?асиеттер:
vАнализ,синтез процестеріні? балада онша дамымауы;
vО?у материалдарыны? м?нісіне тере?деп бара бермеу;
v Ж?й жаттап алып ,?з бетінше пікір айту?а орашола? келу.
Балаларды? осындай ?асиеттерін ескере отырып, ?лгермеушіліктеріні? себептерін аны?тау ар?ылы ?з ж?мыстарын д?рыс жол?а ?ою?а ба?ыттау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Пәндер бойынша үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстар мен үлгермеушіліктің ішкі және сыртқы себептерін талдау;
Оқушылардың оқу мотивациясы төмен болу себептерін анықтап,ой толғау
Шаттық шеңбері
Ынтымақ — бұзылмайтын қорған,Қосылып еккен ағаш — орман.
Топтық жұмыс
1-топ: Үлгермеуші немесе мотивациясы төмен оқушы қандай?
2-топ: Үлгермеушіліктің себептері неде?
2-топқа ортақ : Үлгермеушіліктің алдын алу жолдары?
Кез – келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарап, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала біл…
Бір кісінікі — мақұл,
Екі кісінікі — ақыл.
Үлгермеушілік – жалпыға бірдей білім берудегі мектеп бағдарламасын игере алмау, түсіндіріліп бағыт берілген сабақты қанағаттанарлық деңгейде игере алмау.
Үлгерімі төмен оқушыларға тән қасиет:
Анализ,синтез процестерінің балада онша дамымауы;
Оқу материалдарының мәнісіне тереңдеп бара бермеу;
Жәй жаттап алып ,өз бетінше пікір айтуға орашолақ келу.
Мүкіс еститін балалар
Организмі әлсіреген,ауру
балалар
Мұғалім бақылауынан біраз уақыт шығып қалған оқушылар(ауырған)
Оқу тәсілдері мен бағдарламалар-дың олқылық-тары
Нашар мінезді
(сотқар,қасарыспа,
қыңыр)
Үлгермеу-шіліктің себептері
Ақыл-ойы кем балалар
Үлгермеушіліктің алдын алу
Сабақтың сатылары
Оқыту түрлері
Қиындық туғызатын сұрақтарды меңгеруін бақылау. Жазба жұмыстарында, бақылау жұмыстарында жіберілген қателерін жүйелі талдау
Оқушылардың дайындығын бақылау
Оқушылардың сабақ үдерісіндегі өзіндік жұмысы
Өзіндік жұмыс орындауға машықтандыруда күрделі және қиын тапсырмалар негізінде үлгермеушілер үшін тапсырмалар іріктеу. Неғұрлым аз жаттығу беріп, соғұрлым жоғары нәтижеге жету. Өзіндік жұмыс мазмұнына жауап барысында жіберілген қателіктерді есепке ала отырып, тапсырмалар беру.
Жұмысты орындау ретінің нұсқаулығымен таныстыру. Оқушылардың өзіндік дағдысын қалыптастыруға, жоспарлы түрде тиімді нәтижеге жету үшін жұмыс істеуге баулу.
Үй жұмысын орындауда өтілген тақырыптардың қиындық туғызатын тұстарымен қамтамасыз ету.Қатемен жұмыс жүргізуге баулуды жүйелі жолға қою. Үйге берілетін тапсырмалардың көлемін басқа пән мұғалімдерімен келісе отырып белгілеу.
Сыныптан тыс өзіндік жұмысты ұйымдастыру
Пәндер бойынша мотивациясы төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс
ЖОСПАРЫ
Үй тапсырмасын тексеру барысы бойынша жеке жұмыс дәптерін ұйымдастыру
Үй тапсырмаларының орындалу барысы бойынша консультациялар өткізу
Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
Оқушыларымен қалыпты білім деңгейіне машықтандыратын сабақтар жүргізу
Оқушы ата-аналарымен консультациялар жүргізу
“Сиқырлы заттар дүкені”
психологиялық
тренинг
Қиял адамның мінез-құлқы жайлы көп ақпарат бере алады. Елестетіңіз, сіз сиқырлы заттар сатылатын дүкенде жүрсіз.Дүкен сөрелерінде әртүрлі ғажайып заттар сатылады.Өзіңізге ұнаған затты сатып алыңыздар!
1.Көрсетпейтін қалпақ (шапка невидимка)
2.Кілем-ұшақ
3.Болашақты көрсететін айна
4.Уақыт машинасы
5.Қабырғаның ар жағындағыны көруге мұмкіндік беретін сұйықтық
6.Басқа адамдарға немесе жануарларға айналдырып жіберетін жақпамай
7. Бөгде адамдардың ойын оқуға мүмкіндік беретін кәмпиттер
8. Алыста тұрған адамдардың әңгімелерін естуге көмектесетін сұйықтық.
Көрсетпейтінқалпақ - сізбасқа адамдар байқамайтын көп нәрселерді көре аласыз.Сіз қырағысыз және болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарамайсыз.Үнемі достарыңыз бен таныстарыңыздың жұмыстарына араласып жүресіз.
Кілем-ұшақ - Сіздіңсақтық қабілетіңіз аса жоғары емес, көзге көріне бермейтін мәселелерді жіберіп аласыз.Бірақ сіздің логикалық ойлау қабілетіңіз жақсы дамыған.
Болашақты көрсететін айна-сіздің өмірде алға қойған міндетіңіз –барлығына бір уақытта қол жеткізу.Сіз көп күте алмайсыз,яғни шыдамсызсыз.Соған қарамастан көп нәрселерге қол жеткізе аласыз.Сіз -бірегей емес шешімдер қабылдау мен шынайы іс-әрекеттердің шеберісіз.
Уақыт машинасы-сіздің басты артықшылықтарыңыз-кез-келген нәрсеге талдау жасау қабілетіңіз,қиын жағдайлардан тез шығып кетуіңіз және өзіңізге жауапкершілік жүктей алуыңыз.Сіз болып жатқан оқиғаларға ,тіпті тарихқа әсер ете аласыз.
Қабырғаның ар жағындағыны көруге мүмкіндік беретін сұйықтық-сіз шешім қабылдамай тұрып, мәселені жан-жақты талдап аласыз.Тіпті кей жағдайларда өсек айтудан да бас тартпайсыз.Ал егер біреулер сіз туралы талқылайтын болса,ренжіп қалуыңыз мүмкін.
Басқа адамдарға немесе жануарларға айналдырып жіберетін жақпамай- сіз кикілжің жағдайларды ұнатпайсыз.Сіздің басты ұстанымыңыз- “Үлкенге –құрмет,кішіге-ізет”.Егер іс маңызды болып табылса,өз қалауыңызды ұзақ қорғайсыз.Жаңа жағдайларға, адамдарға тез бейімделесіз.Сіз ашық,көпшіліктің назарын аудара алатын адамсыз.
Бөгде адамдардың ойын оқуға мүмкіндік беретін кәмпиттер-сізді алдау оңай емес.Өйткені сіз адамдарды тани білесіз, ойын оңай сезінесіз.Сіз ақылға емес ,көбінесе интуицияға жүгінесіз.Сіз айналадағы адамдармен достық қарым-қатынасты сақтап қалуға тырысасыз.
Алыста тұрған адамдардың әңгімелерін естуге көмектесетін сұйықтық -сіз өте ашық адамсыз.Сіздің достарыңыз көп.Кез-келген адамның көңілін тауып, сенімдеріне кіресіз.Бірақ құпия сақтай алмайсыз.Сондықтан жиі ыңғайсыз жағдайларға түсіп қаласыз.Кез-келген ақпаратты тез қабылдай аласыз.
Үлгерімі төмен оқушыларға арналған ережелер:
Үлгермейтін оқушыға бірден жағдаятты сұрақ қойып, тез жауабын талап етуге болмайды;
Оқушының ойлану мен дайындалуына жеткілікті уақыт беру қажет;
Міндетті түрде жауап жазбаша болғаны жақсы;
Аз уақыт ішінде үлкен материалды меңгеріп алулары мүмкін емес, сондықтан қиын материалды шама шарқынша бөлімдерге бөліп беру керек;
Жаңа өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берулерін талап етпеу керек, одан да келесі сабаққа қалдыру керек;
Оқу қызметінің жетістігін қамтамасыз ету үшін мұғалім жұмыс жүйесін ойластыру керек;
Мұндай оқушылардың өзіне деген, біліміне, күшіне деген сенімділігін қалыптастыру қажет.