Ма?саты:М??алімдер ?зара бір бірімен пікір алмас, ойларын ашы? жеткізу.Бір-біріні? ж?мыста?ы ?иыншылы?тарын б?лісу.
?стаз! Осынау с?зде ?аншама м?н-ма?ына жатыр десе?ші. ?ла?атты ой иелері де, арман оты ж?регінде алаула?ан жеткіншектер де, парасатты ?о?ам ?айраткерлері де бір адам?а ?арыздар. Ол-?стаз. Ал?аш ?ліппені? бетін ашып, ?ріп таныт?ан, ?мірді? ?ырын-сырын білуге, сан ?илы ??былыстарды тере? т?сінуге м?рынды? болып, жан д?ние?е н?рлы шуа? т?сіріп, адамгершілікке баулы?ан м??алімні? бейнесі к??іл т?рінен орын алады ?ой. ?стаз да ди?ан сия?ты. Ол ?р адамны? жанына білім д?нін себеді. ?р ш?кіртін аялап ?сіріп, ?мір атты шексіз ?алам?а топшасын ?атайтып ?шырады. Сол ?шін бойында?ы асыл ?асиеттерін ш?кірттеріне сі?іріп, тер т?геді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты:Мұғалімдер өзара бір бірімен пікір алмас, ойларын ашық жеткізу.Бір-бірінің жұмыстағы қиыншылықтарын бөлісу.
Баяндама:
Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңші. Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол-ұстаз. Алғаш әліппенің бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қырын-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшасын қатайтып ұшырады. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Ұстаз еңбегі-ұлы еңбек. Сондықтан да ұлы Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға,-деп айтуында терең мағына жатыр. Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол-мұғалімнің еңбегі. Сол нұрлы жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңші. Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә!
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Ұстаз жүгі-ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы, жас буынға дұрыс бағыт-бағдар беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.
Мұғалім-зор тұлға. Мен ұстаздарымды күннің құдіретті сәулесіне теңеймін. Мұғалім-әділ де турашыл, жоғары мәдениетті, салмақты, әдепті, кішіпейіл, мәңгілік нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.
.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, бүкіл бір ұлттың көсемдері, ұлт ұстаздары болып саналады. Мысалы: Абай, Шоқан, Ыбырай, Алаш көсемдері- Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, 20 ғасырдағы заңғар ойшылдар-Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев. әрине, бұлардың бәрі заманалық биіктіктен өз орнын иемденген ұлғаттылық иелері. Осы кезде Шәкәрім Құдайбердиевтың нақыл сөздері еске түседі.
Еңбекпенен, өрнекпенен өнер ойға тоқылса,
Қайнар өмір, жайнар көңіл, ар ілімі оқылса.
Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек
Ұстаз деген...
Ұстаз - жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрсенің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Әл-Фараби
Маған жақсы мұғалім - бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин
Адамның адамшылдығы - жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбаев
Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.
Мұхтар Әуезов
Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.
Ғабит Мүсірепов
Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.
Мәлік Ғабдуллин
Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады.
Жүсіп Баласағұни
Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.
Серке Қожамқұлов
Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.
Спандияр Көбеев
Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.
К.Д.Ушинский
Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз.
Ыбырай Жақаев
Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол - нағыз ұстаз.
Л.Н.Толстой
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болады. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шығады. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов
Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.
Мағжан Жұмабаев
Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Ж.Ж.Руссо
Ұстаз – ұлы есім.
М.Әуезов
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д.Ушинский
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу.
В.А.Сухомлинский
Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес,оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.
Ы.Алтынсарин
Ортаға ой-сауал?!
Ғалым да шахтер де қарапайым жұмысшы да бас иетін мұғалімдердің бүгінде қалі нешік?
1.Дәл қазір балаңыз не істеп отыр?Сізбен бірге теледидарға телміріп, я компьютер алдында немесе планшет шұқылап отыр ма?
2.Жетістікке жетсе, «өзім берген тәрбиенің арқасы» деп соғамыз да, бұзақылық жасап жер қылса, «бәріне мұғалім мен мектеп кінәлі» деп шығамыз.Ақиқаты сол.бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем беруді естен шығарғалы қашан?!
3.Ғалым да шахтер де қарапайым жұмысшы да бас иетін мұғалімдердің бүгінде қалі нешік?Иа, мұғалімдер айта-айта айлықты жүректері шайлықты. «Отчет» деп қағазға көміліп жүр.Қазіргі мұғалімнің басты жұмысы бітпейтін есептер мен бітпейтін қағаздар.Шындық осы. Егер бір мұғалімнің бір жылғы қағазын есептейтін болсаңыз,бәлкім тонна қағаз шығуы мүмкін.
4.Бұрын мұғалім келе жатса, ығысып жол беретін, именетін жұрт бүгінде оларды итеріп өте шығатын халге жетті.Тіпті балама жекідің деп мұғалімді соққыға жыққандарды, қоқан-лоққы жасап қорқытқандарды да көріп жүрміз.Ал ұстаздың құқығын кім қорғайды, әлеуметтік жағдайы қалай, бұл басы ашық күйінде қалып тұр.
5.Оқушылар дәптерін тексеру, ертеңгі сабақ жоспарын жазу, сынып журналын толтыру.Бұл кез келген мұғалімнің негізгі міндеті.Бірақ одан өзге керек-керексіз есептер жетіп артылады.Министірлік, білім басқармасы, жергілікті әкімдік сұрататын бума-бума қағаз мұғалімнің жұмысын 2-3 есеге көбейтіп отыр.
6.Айтарлықтай мектебімізде іс-шара саны жиілеп кетті.Бәлкім бұл дұрыс та шығар,бірақ оқушыларды жалықтырып алмаймыз ба?
Қорытынды:
Ұлт Ұстазы Мағжан Жұмабаев «Алты алаштың басы қосылғанда, төрдегі орын мұғалімдікі».Қатысқандарыңызға көп рахмет.Сау болыңыздар.