Просмотр содержимого документа
«?лтты? біры??ай тестілеуге арнал?ан психологиялы? ж?мыс »
Оқушылармен жүргізілген психологиялық қолдау жаттығуы
Тақырыбы: «Мені ата» жаттығуы
Мақсаты:өзінің топқа қажеттілік сенімін арттыру,бір-біріне жақындастыру .
Өткізілген мерзімі:
11а сыныбы
Нұсқама:Қазір мына доп сендердің қолдарынан өтеді.Кімнің қолында доп қалады сол адам өзінің атын айту керек.Доп шеңберді 1 рет айналып болған соң оны кері жіберіп айналдырады.Сол кезде
сіз тренинг барысында қатысушылар атайтын есіміңізді айтуыңызға тиістісіз.
Қорытынды:нұсқама берілгеннен кейін оқушылар ойынға кірісті,бір сәт барлық қорқынышты ұмытып балалық шаққа оралғандай өте көңілді әсерде болды.Допты шеңбермен жүргізіп отырды,бәрі асығып доптан тез құтылғысы кеп келесі адамға тез-тез жіберіп отырды,сөйтіп жаттығу жақсы көңіл-күйде өтті.
Бұл жаттығу сендерге ұнады ма?Ұнаса несімен ұнады? Деген сұраққа берген жауаптары:
Ақмаржан:Өте көңілді,допты соңғы рет қолымызға қашан алғаным есімде жоқ,бір сергіп қалдым деп әзілдеп қойды.
Қаламқас:Жаттығу өте ұнады.Жақсы сергіп,дем алып қалдым деді.
Жәнібек:Маған өте ұнады,қызықты болды.
Тақырыбы: «Психологиялық жағынан қалай дайындалу керек?»дәріс
Мақсаты:оқушылардың өзін ұстай білу дағдыарына көмек.
Өткізілген мерзімі:
11а сыныбы
Психологиялық жағынан қалай дайындалу керек?
*Емтиханға алдын ала асықпай тыныштық сақтай отырып дайындалудан баста.
*Егер де саған өз ойыңды жинақтау қиын болса, ең оңай деген сұрақтарды есіне түсір,содан соң ақырындап қиын сұрақтарға өтуге болады.
*Күн сайын шаршағанда,ішкі қобалжу сезімін басатын жаттығу жаса.
*Ең алдымен сабақ оқитын орынды дайындау қажет.Үстел үстінен артық заттарды жинап алып,оқулықтарды,дәптер,қағаз,қарындаштарды қой.
*Бөлме интерьерінде сары және күлгін түсті енгізу керек,себебі бұл түс адамның интеллектуалды белсенділігін арттырады.Ол үшін осы түстес сурет іліп қою да жеткілікті.
*ҰБТ-ге дайындықтың жоспарын құрып ал.Осыған орай таңғы және кешкі сағаттарыңды тиімді пайдалануға тырыс.Әр күнге құрылған жоспарда бүгін нақты не оқитыныңды анықтап ал. «Кішкене оқи тұрайын» деген принцип жарамайды.Сондықтан қандай тақырыпты,қандай бөлімді оқитыныңды нақты белгілеу керек.
*Ең қиыннан баста!Қай бөлім,қай тақырыпты нашар білесің соны оқудан бастау керек.Егер көпке дейін көңілін қаламаса,өзіңді қызықтыратын тақырыптан баста,бірте-бірте төселіп,жаттығып кетесің.
*Оқу мен демалуды кезектестіріп отыр.Айталық 40 минут-оқу,10 минут-демалыс.Демалыс кезінде гүл суаруға,ыдыс жуып,дене жаттығуларын жасауға,ваннаға немесе душқа түсуге болады.
*Оқулықтың барлығын жаттап алуға тырыспа.Оқыған матертиалыңды жоспар,кесте түрінде қағазға түсіріп,есте сақтауға тырыс.Бұндай әдіс қайталау кезінде де өте тиімді.
*Сол пәнге арналған тест сұрақтарына жауап беріп дайындал.
*Секундомер арқылы уақытты санап отырып дайындал.
*Емтиханға дайындық кезінде ешқашан «құлап қалам» деп ойлама,керісінше жеңіске жетуіңді елестет.
*Емтихан алдындағы 1 күнді барлығын қайталап шығуға арна.Тағы да ең қиын сұрақтарға толық тоқтал.
Тақырыбы: «Егер көзің ауырса не істеу керек?»қысқаша дәріс
Мақсаты:Көздің шаршауын болдырмау
Өткізілген мерзімі:
11 а сынып
Егер көзің ауырса не істеу керек?
Емтиханға дайындық кезінде көзімізге салмақ түседі.Көздің шаршағаны,бұл ағзаның шаршағаны:оған емтихан тапсырмаларын орындауға күш жетпеуі мүмкін.Көзіміз
демалатындай жағдай жасауымыз керек.
-Ауыспалы түрде жоғары,төмен қара (25 секунд)оңға-солға (15 секунд);
-Көзінмен өз атынды,тегіңді жаз;
-Алыстағы затқа ауыспалы түрде көзіңмен тік қарап (20 секунд) сосын алдыңдағы қағазға (20 секунд)
-Сағат тілінің бағытымен төртбұрыш,үшбұрыш сал,сосын керісінше жаса.
Тақырыбы: «Бір күндік кесте»
Мақсаты:оқушылардың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруына көмек көрсету.
Өткізілген мерзімі:
11а сыныбы
Бір күндік кесте
-Бір күнді үшке бөл;
-Емтиханға бір күнде 8 сағат дайындал;
-Спортпен айналыс,таза ауада серуенде,дискотекаға барып биле (8 сағат);
-8 сағаттан аз ұйықтама,егер қажет болса түстен кейін ұйықтап ал.
Тақырыбы: «Сау бол!»
Мақсаты:қолайлы әдіспен күш салуды қалай төмендетуге болатынын үйрету.
Уақыты:10 минут
Өткізілген мерзімі:
Өткізілген сынып:11 а сынып
Нұсқау:Қазір біз сіздермен сайысымыз.Газетті уқалап,оған өзіңіздің бүкіл зейін
Күшіңізді салыңыз да,алыс жерге тастаңыз.Келесі газетті алып оны ұсақ-ұсақ бөлшектерге бөліп жыртыңдар,жыртып жатқан кезде барлық жамандықтар сонымен бірге кетіп жатыр деп елестетіңдер.
Оқушылар нұсқау бойынша газетті уқалап бар ынтасымен жарыса алысқа лақтыруға тырысып жатты.Көңілдері бір көтеріліп мәз мейрам болып қалды.Содан соң газетті жыртуға кірісті.Онда да жақсы белсенділік көрсетіп газетті ұсақтап жыртып тастады.
Талдау:Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?
Өзіңізге түскен күштен айырылдыңыз ба?
Жаттығудың алдында,жаттығудан кейін болған көңіл-күй туралы не айта аласыз?
Оқушылардың жауаптары: өте көңілді сезінемін,бір сергіп қалдым.Жаттығудан кейін көңіл күйіміз көтеріліп қалды деп жауап берді.Ал,газетті жырту барысында шынымен жамандықтың барлығы сонымен бірге кетіп жатқандай сезініп беріліп кеттік деді.
Қазіргі кезде еліміздің оқушылардың мектеп бітіруі,яғни жалпы орта білім алуды аяқтауы,яғни оның бағалануы ҰБТ-нің шарасы бойынша жүргізіледі.ҰБТ тек оқушының мектептен алған білім деңгейін бағалап қана қоймайды,сонымен қатар түлектердің мектептен кейінгі жоғары оқу орындарына түсуі-түспеуінде,мемлекеттік оқу грантының иегері болуы-болмауында шешуші рөл атқарады.Оқушыларды мектеп аяқтауы ҰБТ рәсімімен аяқталады.ҰБТ оқушылар үшін ең маңызды кезең болып табылады.Себебі:ҰБТ оқушылардың орта білімін жалпы бағалау көрсеткіші болып саналады.Бір ұпайдың жетпей қалуынан оқушылар мемлекеттік оқу грантынан,көп жағдайда ЖОО ақылы түрде оқуға түсу мүмкіндігінен айырылады.Оқушылар үшін келесі оқу жылына қайта тапсыру ұғымы мүлде мойындалмайды,өздеріне қажетті ұпай санын жинай алмау-үлкен психологиялық дағдарыс болып табылады.Жалпы жыл аяғында ҰБТ-ға дайындық –көп жағдайда балаларды жағымсыз психологиялық соққыға әкелуде.ОқушылардыңтҰБТ жағдайындағы жеке басының психоогиялық
күй-жайы оларды нашар күйзеліске,стресске әкеліп соқтыруы мүмкін.Кейде тестті жақсы,ойдағыдай орындап,қажетті ұпайын жинаған жағдайдың өзінде,
жоғары көрсеткіш иегерлері біраз уақытқа дейін психологиялық жағымсыз күйді бастан өткізеді.Мұның себебін балалардың қарқынды дайындалуымен
байланысты болатын уақыт кестесінің қысымдығымен,жеке бастарындағы уайымдауларымен,жыл бойы бастан кешірген ҰБТ-ға деген қорқыныш,үрей сезімдерімен,алынған тестің нәтижесінде ұзақ уақытқа дейін сенбеуінен туындайтын «түсініксіз» сенімдермен және т.б.психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіруімізге болады.Ал нәтижелері теріске шыққан оқушылардың психологиялық күй-жағдайы мүлдем нашарлайды деуге болады.Жалпы ҰБТ жағдайына дайындық оқушылар арасында ғана емес,олардың отбасы,ата-анасы,мектепте,психолог мамандар арасында,мектеп пен жанұялық өзара қарым-қатынаста жүреді.Мұның өзі оқушылардың ішкі жағдайына теріс әсерін береді,себебі балалар өздерін үнемі бақылау астында сезінеді,кейде өзіне бағытталған үлкендер тарапынан көптеп бөлініп жатқан көңіл аударушылықты қатты сезінеді,содан «егер осыны ақтай алмасам», «ойдағы үмітті ақтай алмасам» деген ойдан туындайтын қорқыныш сезімдері де болады.Балалар көбінесе,бұрын-соңды өздеріне деген үлкен жауапкершілікті сезініп көрмеген,сондықтан өздеріне отбасы тарапынан айтылатын «балам,жақсылап дайындал» деген сияқты сөздерді жауакершілік тұрғыдан қабылдап,алдын ала үрейлене бастайды.Тек отбасы жағдайында ғана емес,кейде мектепте оқушылар үшін педагог мамандар тарапынан болатын «жақсылап дайындалайық!» деген сөздер де жеткілікті
Атығай жалпы орта білім беретін
мектебінің ҰБТ тапсырушы оқушылардың
ата-аналарымен жұмыс
Тақырыбы: «Балаңызды психологиялық тұрғыдан қалай дайындаған дұрыс»
Мақсаты:Ата-аналарға балаға психологиялық қолдаудың маңыздылығын түсіндіру.
Өткізілген мерзімі:
Оқушыларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету барысында мамандар үшін ең маңызды мәселе-оқушылардың психоогиялық денсаулығын қамтамасыз ету,жағымсыз жағдаяттарды сақтау және болдырмау болып табылады.
Мамандар арасындағы соңғы мәліметтерге қарағанда,оқушы балалар арасында суицидтік мінез-құлық пайда болуда.Яғни балалардың әлеуметтік-психологиялық қолайсыз жағдайларда өз-өздеріне қол жұмсаулары,сол арқылы өз өмірлеріне нұсқан келтірулері.Суицидтік мінез-әрекеттің көптеген себептері болады.Көптеген келеңсіз жағдайларда өз-өздерінің психологиялық-эмоциялық күйлерін басқара алмай немесе шиеленістен шығудың жолдарын таба алмай,ауыр эмоциялық жағдайларды көтере алмай,аяқ жағы қайғылы оқиғаларға ұшырап жатады.Оның ішіндегі ең өзекті және жиі кездесетін себеп-салдарды мысал ретінде келтіре кетейік.
Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдағы себептері:басындағы қатыгездік,қарым-қатынастың бұзылуы,психологиялық климаттың балаға жағымсыз әсер етуі,отбасындағы басқару стилі,үлкендер тарапынан күш көрсетуі,әке-шешесі тарапынан балаға тиісті көңіл бөлінбеуі,құрбы-құрдастары,көше мен ауланың жағымсыз әсерлері мен қысымдары және т.б.
Педагогикалық-психологиялық тұрғыдағы себептері:оқушылармен жүргізілетін педагогикалық-психологиялық дайындық жұмыстарының жоқтығы немесе нашарлығы (балалардың проблемалары жағдаяттарды өз-өздерін басқара алмауы,жағымсыз жағдаяттарда өз-өздерін дұрыс бағыттай алмауы,өз-өзінің ішкі мәселесі мен жағдайын реттей алмауы,кері әсерлерге қарсы тұра алмауы,өзіндік ішкі қорғаныс бағытының жоқтығы,алға жетелейтін мақсат қоя алмауы,сол мақсатқа жетудегі өзіндік стратегияларының жоқтығы немесе оны құра алмауы,қиын жағдайлардан шыға алмауы,ішкі эмоциялық күйлерінің тұрақсыздығы,фрустрацияға,стресске бейім мінез-құлық,емтихан,ҰБТ жағдайларында,әсіресе теріс немесе төмен нәтижеге ие болғанда өздерін ұстай алмауы және т.б)мамандар педагогикалық-психологиялық біліктілігін төмендігі,яғни нақты балалар суицидіне байланысты зерттеу,түзету,алдын алу жұмыстарының педагогикалық және психологиялық әдіснамасының жоқтығы,сондай-ақ арнайы жұмыс бағдарламасының жасалмағандығы (арнайы тәрбие жұмысының ұйымдастырылмағаны) және т.б.
Экономикалық-психологиялық тұрғыдағы себептері:балалардың құрбы-құрдастары қатарынан қаржы-қаражат,киім киісі,ақша жарату,материалдық-тұрмыстық жағдай жағынан жетіспеушілік көруі және
Тақырыбы: «Ойлау қабілетін қалай дамытуға болады?»дәріс
Мақсаты:Ойлау қабілетін жақсартуға кеңес.
Өткізілген мерзімі:
Сынып:11 а
Кең ауқымды материалды қалай есте сақтауға болады?
Материалды сұрақ бойынша қайтала.Бірінші есіңе түсір және өзің не білесің соны қысқаша жазып ал,содан кейін басты деректердің дұрыстығын тексер.Кітап оқу барысында сүйенетін негізгі ойларды белгілеп отыр.Қағазға жеке-жеке әр сұрақ бойынша жауаптар жоспарын жаса.Емтихан алдында жауап жоспары жазылған қағаздарды қарап шық.
Ойлау қабілетін қалай дамытуға болады?
1.Ақылды болғың келсе,сұрақты ойланып қоюды,зейін қойып тыңдауды,асықпай жауап беруді және айтатын еш нәрсе болмаса үндемей отыруды үйрену керек.
2.Білімді ойланбай алуға болмайды,бірақ ойланудың өзі білімсіз болмайды.
3.Ойлау қабілетінің дамуы-өз ақылыңды біліммен толықтыру.Білім көзі әртүрлі болады-мектеп,кітаптар,теледидар және адам туралы ақпарат береді.
4.Ойлану сұрақтан басталады,барлық ашылулар «Неліктен?», «Неге?» деген сұрақ арқылы жасалынады.Сұрақ қойып және сұраққа жауап беруді үйрену керек.
5.Дәстүрлі дайын шешімдер күткен нәтижеге жетуге мүмкіндік бермегенде,ойлау қабілеті белсенді жұмыс жасайды.Сондықтан заттар мен құбылыстарды жан-жақты қарастыру немесе үйреншікті де жаңалықты байқау,ойлау қабілетінің дамуының негізін қалыптастырады.
6.Заттар мен құбылыстардың әр түрлі белгілері мен байқау және оларды салыстыра білу-ойлау қабілетіне қажетті қасиет.
7.Адам қарап тұрған объектісінің көп қасиеттерін көре қалса,соншалықты оның ойлау қабілеті жетік және ойлау икемділігі жоғары болады.Бұл іскерлікті зеректік ойындар арқылы ,логикалық есептер мен ребустарды шешіп жаттықтыруға болады.
8.Ойлау мен сөйлеу үзіліссіз.Ойлау қабілетінің дамуына жағдай жасау,оқылған тақырыпқа мазмұндама жазу,пікір сайыстарға қатысу,жазбаша сөйлеу қабілетін дамыту,өзінің толығымен түсінбегенді басқаға мазмұндап айту.
Тақырыбы: «Менің өзіндік құндылығымның декларациясы»
Мақсаты: Өзін-өзі бағалауын жоғарлату,өз күшіне деген сенімін арттыру.
Уақыты:15 мин
Сынып:11 а
Өткізілген мерзімі:
Нұсқау:Қазір мен сендерге «Менің өзіндік құндылығымның декларациясын»оқып шығамын.Бұл әркімнің өзіндік ән ұраны.ал қазір барлығымыз қосылып оқимыз.
«МЕН-бұл МЕН.Бүкіл әлемде Мен сияқты ешкім жоқ.Маған ұқсайтын адамдар бар,бірақ дәл Мен сияқты адамдар жоқ.Сондықтан менен шығатының бәрі-ол шын менікі,өйткені Мен осыны таңдаймын.
Менде бардың бәрі маған тәуелді:соның бәрі менікі:менің денем,оның жасаған барлық әрекетімен;бүкіл менің жоспар ойларымды қамтитын менің санам;барлық көрген бейнелерімді қамтитын менің көзім;сезімдер,олар қандай болса да үрей,рахат,күш салу,махаббат,түршігу,қуаныш;менің аузым және ол айта алатын сөздері,-жылы,қатаң,жаман,сүйкімді,дұрыс және дұрыс емес;менің даусым-қатты немесе ақырын;менің әрекеттерім-маған немесе басқа адамдарға аударылған.
Бұл менің елестерім,армандарым,үміттерім және қорқыныш сезімдерім маған тәуелді.Маған бүкіл менің жеңістерім мен жетістіктерім тәуелді.Бүкіл менің қателерім мен жеңілістерім.
Осының бәрі маған жатады.Сондықтан МЕн өзіммен өте жақын таныса аламын.МЕН өз-өзімді жақсы көре аламын және өз-өзіммен татуласа аламын.Менің ішімдегінің бәрі менің қызығушылықтарыма сәйкес келетіндей.Мен істей аламын.
Мен білемін,менің ішімдегілер мені толғандырады және менің білмейтінім БАР.Бірақ та,МЕН өз-өзімен татулықта өмір сүріп,мені не толғандырып жатқанын МЕН бірте-бірте абайлап,соның шешімін табамын және өзім туралы көп жаңадан ақпарат ала аламын.
Дәл қазіргі уақытта МЕН нені түсінемін,нені сезінемін,айтамын,ойлаймын,-бұның бәрі менікі.Бұның бәрі қазіргі уақытта МЕНІҢ кім екендігімді және МЕНІҢ қайда екендігімді білуге көмектеседі.МЕН өзімнің өткен өміріме қараған кезде,өзімнің нені түсінгенімді,нені көргенімді,МЕН не ойладым,МЕН нені сезінгенімді бағалаған кезде, бұл МЕНІ толығымен қанағаттандырмайтынын байқаймын.МЕН маған қажетті емес нәрсемен айырыла аламын,керек нәрсені сақтай аламын және өз-өзімде жаңадан бірдеңені аша алатынымды білемін.
МЕН түйсіне аламын,көре аламын,айта аламын,ойлай аламын,сезіне аламын,әрекет жасай аламын.Басқа адамдарға жақын болу үшін,мені қоршаған адамдар мен заттарға тәуелдімін.Сондықтан МЕН өзімді құрастыра аламын.
МЕН-бұл МЕН,және әлеміне мән мен тәртіп кіргізу үшін менің бойымда соның бәрі бар.МЕН тек қана өзіме МЕН-бұл керемет!»
Тақырыбы: «Зейін,есте сақтау қабілетін жақсартуға арналған жаттығулар»
Мақсаты: Зейін мен есте сақтауды жақсарту.
Сынып:11 а
Өткізілген мерзімі:
Ең бірінші интербелсенді тақтада әр түрлі түстер көрсетіліп тұрады.Сол түстерді бір сәт көріп есте сақтап қалу қажет болды.Келесі әр түрлі геометриялық фигуралар салынып тұрады.Соларды есте сақтап қалып жазу,келесі фигураларды түстерімен бірге есте сақтау,жануарлардың суретін есте сақтап қалу,сандар,сөздер,сөйлемдерді есте сақтап қалу және сақиналардың үзіктерін санап табу.
Бұл тапсырмалар оқушыларға өте қатты ұнады,қызыға ынтамен орындады.Бір-бірімен жарысып бір сәт кішкентай балаларша жадырап күліп алды.
Қорытынды:бүгінгі жаттығулардан не алдыңдар?дегенде біраз көзімізді жаттықтырып алдық және миымызды жұмыс жасатып сергіп қалдық деді.
Тақырыбы: «Жадыда сақтау қабілетінің бірнеше заңдылықтары»дәріс
Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілетін жақсартуға кеңес.
Сынып:11 а
Өткізілген мерзімі:
Жадыда сақтау қабілетінің бірнеше заңдылықтары.
1.Есте сақтаудың қиындылығы көлемі жағынан пропорционалды емес дамиды.Қысқа дәйек сөздерді жаттағанша,үлкен бөлікті оқу тиімді немесе өлеңдердің қысқасын тұтастай,ұзақ өлеңдерді үзінділерге бөліп жатта.
2.Жұмыс барысында бірдей есте сақталғанның саны көбірек болса,түсінгеннің дәрежесі
Ауқымды болады.
3.Реттеліп жаттаған құрамадан тиімді.Үзіліс жасап оқу,қатарынан оқығаннан жақсы,ал бірден оқығаннан,аздап оқыған жақсы.
4.Көбірек қайталап оқығаннан,жадында қалдырғанды еске түсіруге көп уақыт жұмсаған тиімді.
5.Егер екі материалмен жұмыс жасасаңыз-үлкен және кіші,үлкенінен бастаған жөн.
6.Адам түсінде есіне сақтамайды-бірақ ұмытпайды
7.Ынтамен,мақсат қойып оқу керек.
8.Күніне 7 сағаттан оқығанша,7 күнде 1 сағаттан оқы.
9.Міндетті түрде оқығаныңды қайтала.
10.Есте сақтау қабілеттеріңде бұлшық еттерің сияқты жаттықтыр.
Неғұрлым көп оқысаң,соғұрлұм есте сақтауың да жақсы болады.
11.Математикадан кейін тарихты,физикадан кейін әдебиетті оқы.
12.Оқу барысында естің барлық түрін қолдануға тырыс:
көру,есту,жазу,сызбалар,диаграммалар,графиктер,салыстыру арқылы бекітіп отыр.
Адамның есте сақтау қабілеті жатқан кезде күшті болады екен,себебі миға қанның жылдам баруы.
Тақырыбы: «Жұмыс істеу қабілетін жақсартуға жағдай жасау» дәріс
Мақсаты:Жұмыс істеу қабілетін жақсартуға кеңес.
Сынып:11 а
Өткізілген мерзімі:
Жұмыс істеу қабілетін жақсартуға жағдай жасау.
1.Ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегін алмастыру.
2.Гимнастикалық жаттығу жасағанда баспен тұру,секіріп айналу жаттығуларына көп көңіл бөлу керек.Өйткені осы жаттығулар негізінде ми клеткаларына қан көп келеді.
3.Көзді қорғау керек.20-30 минут сайын үзіліс жасап отыру керек.
4.Теледидар хабарларын көруді қысқарту қажет!
Тақырыбы: «Кинезиологиялық жаттығулар»
Мақсаты:Қимыл координауиясын дамыту.
Сынып:11 а
Өткізілген мерзімі:
Кинезиологиялық жаттығулар
Нұсқау:Қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен екінші қолдың әр саусағын тырнақ фалангысынан бастап,бірінші алақанның қырымен сосын саусақтар аралығын қатты басу керек.Содан соң қолдарымызды ауыстырамыз.
Оң қолдың үлкен саусағымен сол алақанымыздың ортасын басамыз.Алақанның ортасынан саусақтарға қарай қаттырақ басып айналу қимылдарын спираль түрінде бас бармаққа қарай шығуын жасау.Содан осы қимылдарды екінші қолмен жасаймыз.
2.Қолыңызды бір уақытта оңнан солға қарай айналдырыңыз.Аяқтарыңызды керісінше айналдырыңыз.Содан кейін екінші қолыңызбен аяғыңызды дәл солай айналдырыңыз.
3.Қолдарыңызды айқастырып тізелеріңізге қойыңыз,команда берілгенде алақандарыңызды соғып,тағы бір рет соғып қолдарыңызды ауыстырыңыз.
4.Оң қолмен әскери түрде амандасу,ал сол қолыңыздың бас бармағын көрсетіп алға тартып «Міне» деп айтыңыз.Содан соң қолдарыңызды ауыстырып дәл сол қимылдарды қайталаңыз.
Тақырыбы: «Мыналар ауысады»жаттығуы.
Мақсаты:Танымдық қабілеттерді ынталандыру.
Сынып:11 а
Өткізілген мерзімі:
«Мыналар ауысады» жаттығуы
Мен қазір кімде бар затты айтамын солар,орындарын ауыстырады.(Қара,ақ блузка кигендер,джинсы кигендер,кімде қол бар.....).Бір орындық алынады,кімде-кім отыра алмаса сол ортаға шығады.
Тақырыбы: «Менің хал-ахуалым»
Мақсаты:Өзінің жеке ерекшеліктері,қылықтары туралы ойлануға мүмкіндік беру.
Уақыты:15 мин
Сынып:11 а
Нұсқау:Төменде келтірілген бекітулерге «иә», «жоқ» деп жауап беріңіз.Шындықты айтуға тырысыңыз.Өйткені тестілеу қорытындысындағы ақпарат сіздер үшін өте қажет.Оның көмегі тренингтің жаттығуларын орындағанда көрінеді:өзіңіз туралы ойлану,жеке ерекшеліктеріңіз және қылықтарыңыз жайында ойлануға мүмкіндік береді.Тестегі бекітулерді талқылағанда әдетте өзіңіз қолданатын қағидаларға сүйеніңіз,яғни осы бекіту сіздің қылығыңызды мінездегенде «иә» деп жауап беріңіз.
Тест сұрақтары:
1.Менің көңіл-күйім жаман болып,мен жылаймын.
2.Адаммен кездескенде,оның көзіне тура қараудан қашқалақтаймын.
3.Мен өте жиі ашуланып және басылып жүремін.
4.Мен білген және білетін көп адамдар менің көңілімді қалдырады.
5.Басқалар үшін өмірдегі өте маңызды мені қызықтырмайды (спорт,жұмыс,айналадағылар қатынасы)
6.Соңғы кезде мен көңілді болмай,мүлдем күлмеймін.
7.Мен жиі әлсіздік сезініп,жақындар мен таныстырға өмірімнің мұңын айтамын.
8.Қазіргі уақытта көп сұрақтар бойынша өзімдік позициям жоқ.
9.Мен әдетте ақырын сөйлеймін,сондықтан әңгіме барысында мені түсіну қиынырақ болады.
10.Мен өте жиі сөйлескен адамның сұрақтарына жауап бере алмағандықтан жай ғана иығымен қағамын.
Тест кілті:Әр «иә» деген жауапқа 1 ұпайдан беріп,барлығын санаңыз.
1-2 ұпай.Өмірдің кейбір қиын жағдайларына қарамастан сіз өмірді жеңіл қабылдайсыз.
3-6 ұпай.Сіздің өмірге көзқарасыңыз нормаға сай,бірақта біраз белгілі күмәнділік байқалап,шаршағандық сезіледі.Бұл ерте емес пе?
7-10 ұпай.Өзіңізбен болып жатқан барлық жағдайларды теріс қабылдайсыз.Сіздің өміріңізде қуанышты сәттер болмаған ба?
Қорытынды:тесттің қорытындысы бойынша Алпысбаев Махаббат 5 ұпай жинады.(Өмірге көзқарасы нормаға сай).Үсен Жәнібек 1 ұпай.(Өмірді жеңіл қабылдайды).
Тілеген Ақмаржан 3 ұпай.(Өмірге көзқарасы нормаға сай).
Тест сұрақтары:
1.Менің көңіл-күйім жаман болып,мен жылаймын.
2.Адаммен кездескенде,оның көзіне тура қараудан қашқалақтаймын.
3.Мен өте жиі ашуланып және басылып жүремін.
4.Мен білген және білетін көп адамдар менің көңілімді қалдырады.
5.Басқалар үшін өмірдегі өте маңызды мені қызықтырмайды (спорт,жұмыс,айналадағылар қатынасы)
6.Соңғы кезде мен көңілді болмай,мүлдем күлмеймін.
7.Мен жиі әлсіздік сезініп,жақындар мен таныстырға өмірімнің мұңын айтамын.
8.Қазіргі уақытта көп сұрақтар бойынша өзімдік позициям жоқ.
9.Мен әдетте ақырын сөйлеймін,сондықтан әңгіме барысында мені түсіну қиынырақ болады.
10.Мен өте жиі сөйлескен адамның сұрақтарына жауап бере алмағандықтан жай ғана иығымен қағамын.
Тест кілті:Әр «иә» деген жауапқа 1 ұпайдан беріп,барлығын санаңыз.
1-2 ұпай.Өмірдің кейбір қиын жағдайларына қарамастан сіз өмірді жеңіл қабылдайсыз.
3-6 ұпай.Сіздің өмірге көзқарасыңыз нормаға сай,бірақта біраз белгілі күмәнділік байқалап,шаршағандық сезіледі.Бұл ерте емес пе?
7-10 ұпай.Өзіңізбен болып жатқан барлық жағдайларды теріс қабылдайсыз.Сіздің өміріңізде қуанышты сәттер болмаған ба?
А)Ақ қағаз бен ең жағымды түсті қарындашты алыңыз.Менің шапалақ соққанымды естігеннен кейін сіздің ойыңызға кез келген суретті саласыз.Келесі шапалақтан кейін сіз қарындашпен суретті сол жақтағы көршіңізге бересіз.Ол суретті жалғастырады.Солай әр шапалақ естіген сайын сурет көршілерге жылжи береді де,кейін өзіңізге қайтып келеді.Сурет өзіңізге қайтып келген соң,оны толықтырып немесе өзгертуге болады.
Ә)Орындарынан тұрып,бір-бірінің арқасына саусақтарымен сурет салады.Екінші адам не түсінді сол суретті келесі адамның арқасына салады.Соңында бірінші оқушы не салғанын айтады.
Тапсырманы орындау барысында оқушылардың көңілі көтеріліп,күліп-ойнап өте көңілді қалыпта орындады.
Талдау:Сізге қайтып келген сурет ұнады ма?
Өзіңіздің көңіл-күйіңіз және сезімдеріңіз бен бөлісіңіздер?
Басқа адамның суретінің тақырыбын қолдау қиын болды ма?
Қорытынды: Сурет салуды Махаббат бастады.Өзі бастаған сурет қайтып келгенде,сурет ұнады ма? дегенде өзі мүлде басқаша салмақ ойы болғанын айтты.
Тақырыбы: «Менімен бірге қайтала»жаттығу
Мақсаты:Ақпаратты жеткізіп және қабылдаудың жетістігіне әсер ететін факторларды дамыту.
Уақыты:15 мин
Сынып:11 а
Өткізілген мерзімі:
Нұсқау:Шеңбер түрінде тұрыңыздар,қазір біз көңілді музыка қойып,билейміз.Билегенде келесі тәртіп бойынша:біріншіден әрқайсымыз қандай да бір қимылдар жасаймыз,ал мен қолыммен шапалақ соққанда оң жақтағы көршінің қимылын орындаймыз.Егерде сіздер мұқият орындасаңыздар әрқайсыңыздың қимылыңыз шеңберден айналып өтіп «авторға» қайтып келеді.
Талдау:
Сіздің көңіл-күйіңіз қалай?
Кімге өзінің қимылы қайтіп келді?
Ол өзгерді ме,әлде өзгерді ме?
Қай қимыл бірінші болғанын көрсетіңіз?
Бұл жаттығудан кейін оқушылар жақсы сергіп қалды.Билеу барысында көңілдері көтеріліп,жақсы көңіл күйде болды.
Тақырыбы: «Өз жұлдызыңды тап»жаттығу
Мақсаты:Өзіне сенімділікті сезінуге және босансуға мүмкіндік жасау.
Сынып:11 а
Өткізілген мерзімі:
Жаттығу жүргізілген сынып:11 а сыныбы
Нұсқау:Шеңбер бойында отырып көзіңізді жұмыңыз.Үш рет демалып,үш рет дем шығарыңыз..............(музыка ойнап тұрады).
Ал енді көз алдыңызға жұлдызды аспанды елестетіңіз.Жұлдыздар үлкен және кішкентай,жарық және сығырайған.Біреулерге бұл бірнеше жұлдыздар ал басқаларға-сан жетпейтін біресе жақындап біресе алыстайтын жарық нүктелер.
Сол жұлдыздарға қарап өзіңе ең көріктісін таңдап ал.Мүмкін ол сіздің арманыңызға ұқсайды,әлде бақытты,қуанышты,шабытты балалық шағыңызды есіңізге түсірді ме?Тағы да жұлдызыңызға қарап оны ұстап көруге тырысыңыз.Бар күшіңізді салыңыз!Сіз міндетті түрде оны аласыз.Жұлдызыңызды ақырын ұстап алдыңызға қойыңыз,жақсылап қарап,оның қандай екенін және оның жарықтығын есіңізге сақтап қалыңыз.
Ал енді алақандарыңызбен тізелеріңізді ұстап,төмен қарай аяқтарыңызды сипап,керіліп көздеріңізді ашуға болады.Қолыңызға түрлі-түсті қарындаштар,қағаз алып,жұлдызыңыздың суретін салыңыз.Қиып алып біздің жұлдызды аспанымызға жабыстырып қойыңыз.
Енді бізге жұлдыздарымыз әр тренингте өзінің шуағын шашып,достығымызды нығайтып отырады.Соңғы сабақта сіздер оны өздеріңмен алып кетесіздер.Олар сіздерге білім жолында,барлық емтихандарды және өмір бойы көмектеседі.Жұлдыздарға мұқият қараңыздар,олардың барлығы әр түрлі сіздермен біздер сияқты,бір-біріне ұқсамайды.
Оқушылар жақсылап босаңсып,шынымен жұлдызды аспанды көріп отырғандай күйде болды.Өз жұлдыздарын бар ынтасымен жасап,көңілін сергітті.
Тақырыбы: «Бір күннің қорытындысы»жаттығу
Мақсаты:Өткен күннің тренингі жөнінде топ мүшелерінен керісінше байланысын алу.
Сынып:11 а
Өткізілген мерзімі:
Жаттығу жүргізілген сынып:11 а сыныбы
Нұсқау:Жайланып отырыңыздар.Біз қазір бір-бірімізге жұмсақ йыншықты береміз,өзіміздің өткен тренингтен алған әсерімізді айта отырып,бір-бірімізге тілек тілейміз.Бір кісі сөйлеп отырғанда басқаларын мұқият тыңдау,сөзді бөлмеу,сыныптастарыңды құрметтеуді сұраймын.
Оқушылар ойлана келе өз өміріндегі ең есте қалған күнін талдап,не үшін дәл сол есте қалғанын жақсылап бір-біріне әңгімелеп берді.Бір байқалғаны оқушылар өзін бос ұстауға дағдыланып,ішіндегісін сыртқа шығаруды үйреніп келе жатыр.
Бір-бірімен ой бөлісіп,пікір алысып,дисскуссияға түсіп,қызықты әңгімелер орын ала бастады.
Тақырыбы: «Біздің топтың жүрегі»жаттығу
Мақсаты:Өткен күннің тренингі жөнінде топ мүшелерінен керісінше байланысын алу.
Сынып:11 а
Өткізілген мерзімі:
Жаттығу жүргізілген сынып:11 а сыныбы
Қажетті құралдар:ватман қағазы,түсті қағаз,қайшы,маркер,қарындаш,желім
Нұсқау:Ватман қағазынан үлкен жүректі қайшымен қиып,қабырғаға жабыстырамыз.Осыдан кейін әрбіреуіміз түсті қағаздан кішкентай жүректі жапсырамыз да,үлкен жүрекке өмір (жылы лебізбен)беріп,тірілтеміз.Енді бұл топтың жүрегі бүгінгі тренингте бізбен бірге болады.
Талдау:Бұл жаттығу сіздерге қандай сезімдер мен эмоциялар туғызды?
Сіздерге бұл жаттығу ұнады ма?
Бұл жүректе не ұнады?
Жылы сөз айту сіздерге оңай болды ма?
Басқа жүректерде жазылған сөздер ұнады ма?
Бұл жаттығуды жасау барысында бір-біріне тілек жазып,бұл тапсырмаға деген үлкен жауапкершілік танытты.Жәнібек жүрекшелерін үлкен етіп жасап,сол жүрекшені ізгі тілектерге толтырды.Тілектерді бір-біріне оқу барысында қыздар көңілдері босап бір жылап алды.
Мақсаты: стресстік жағдайда өзін-өзі ұстауды үйрету
Сынып:11 а
Өткізілген мерзімі:
Жаттығу жүргізілген сынып:11 а сыныбы
Өткізу техникасы:Әрбір қатысушыға карточкалар беріледі.Осы карточкаларда әріптер ретсіз жазылған.Берілген мәтінді оқу керек.
Нұсқау: 30 секунд ішінде 3 жалғанбалы үзінділерді оқып шығуыңыз керек.
Бірінші сұраққа оқушылар былай деп жауап берді.Алғашында сөздер түсініксіз сияқты боп көрінгенмен кейін зейін салып оқыса сөздер бірден белгілі бір мағыналар бере бастады.
Адам өзін-өзі бақылау үшін сабырлы болу керек.Сонда ғана оқушы өзін қолына алып бақылай алады.
Эксперимент
Мақсаты: стресстік жағдайда өзін-өзі ұстауды үйрету.
Сынып:11 а
Өткізілген мерзімі:
Жаттығу жүргізілген сынып:11 а сыныбы
Өткізу техникасы:Әрбір қатысушыға карточкалар беріледі.Осы карточкаларда әріптер ретсіз жазылған.Берілген мәтінді оқу керек.
Нұсқау:сіз 30 секунд ішінде 3 жалғанбалы үзінділерді оқып шығуыңыз керек.
Бірінші сұраққа оқушылар былай деп жауап берді.Алғашында сөздер түсініксіз сияқты боп көрінгенмен кейін зейін салып оқыса сөздер бірден белгілі бір мағыналар бере бастады.
Адам өзін-өзі бақылау үшін сабырлы болу керек.Сонда ғана оқушы өзін қолына алып бақылай алады.
Тақырыбы: «Сенімді және сенімсіз мүсін»жаттығуы
Мақсаты: Сенімділік туралы білімдерін нығайту.
Сынып:11 а
Өткізілген мерзімі:
Жаттығу жүргізілген сынып:11 а сыныбы
Нұсқау:Мектептің алдына екі мүсін қою керек,деп елестетіп көріңіз.Біреуі «Сенімділік»,екіншісі «Сенімсіздік».Біз бүгін мүсіншінің роліне енеміз.Екі топқа бөлініп,бір топ «Сенімділік» мүсінін,екінші топ «Сенімсіздік» мүсінін жасаймыз.
4 минуттан кейін әр топ өз мүсінін көрсету керек.Содан соң «өзіне-өзі сенімді адамды»сипаттап,ватманға жазу керек.
Жаттығу «Менің ресурстарым»
Мақсаты:Емтихан үстінде өзінің сенімділігін арттыратын жеке қасиеттерін ашу.
Нұсқау: «Парақты екіге бөліп,бір жағына «Менің жақсы қасиеттерім»-деп жазыңдар.Осы графаға өздерінің мақтанарлық жақсы қасиеттерін жазыңдар,тапсырманы орындап болған соң,парақтың екінші жағына «Емтихан үстінде маған тиер көмегі»-деп жазып,әр қасиетіңіз емтихан кезінде саған қалай көмектесетінін жазыңыздар.Тапсырманы орындап болған соң,қалауынша,оқушылар топқа өз жазғандарын таныстыра алады».
Жаттығу «Қуана еске аламын»
Мақсаты:Оқушылардың өз-өзіне сенімділігі төмен болған жағдайда,өзін сендіруге үйрету.
Нұсқау: «Бұл жаттығуды өзіңе сенімсіз болған жағдайда орындау қажет.Бұрын болған ұқсас жағдайларды есіңізге түсіріп: «Мен одан да қиын жағдайлардың шешімін тапқанмын.Осыны да шеше аламын!»-деп өзіңізді сендіріңіз.
Тақырыбы: «Стреспен қалай күресуге болады?»
Мақсаты: Оқушылардың осы тақырыпқа байланысты білімдерін анықтау.
6.ҰБТ туралы ойлағанда сенде қандай сезім пайда болады?
Психолог:Оқушы емтихан үстінде қатты мазасызданады,уайымдайды,қорқады.Осының бәрі ойын жинақтауға,зейінін шоғырландыруға кедергі келтіреді.Бірақ,бұның бәрін реттеуге болады.Бүгін біздер емтихан үстіндегі стресті жеңуге көмектесетін жаттығулармен танысамыз.
Мазасыздануды төмендетуге арналған бірнеше тәсілдер бар,соның бірі-аутотренинг.
6.ҰБТ туралы ойлағанда сенде қандай сезім пайда болады?_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тақырыбы: «Миллиондаған раушан гүлдер»жаттығу
Мақсаты: топта өзара махаббат сезімі мен достық қатынасты орнату.
Сынып:11 а
Өткізілген мерзімі:
Жаттығу жүргізілген сынып:11 а сыныбы
Қажетті құралдар:магнитафон,баяу музыка
Нұсқау:Қазір жұптарға қалауыңыз бойынша бөліңіздер.Бір-біріне қарама-қарсы тұрыңдар да,көздерінді жұмып,үш рет терең тыныс алыңдар.Қолдарыңды алдарыңа шығарыңдар да,олар әр түрлі әдемі гүлдерге толы екенін елестетіңдер.Әркімнің өзі таныған гүлдері болады.Олардың ішінде раушангүлдер,түймедақтар,астралар басқа дала гүлдері.Гүлдердің жұпар иісін сезініңдер,гүл бетіндегі ышық тамшылары күнмен шағысып тұрғанына қараңыз.
Қазір,бүкіл өткен сабақтардан кейін бір-біріне қалай жақындасқандарыңды көрсетіңдер.Ол үшін бір-біріңді махаббат,мейірімділік,нәзік сезімдері толған гүлдерді бір-біріңе шашып,сол сезімдерге бөленесіздер.Ең алдымен өздеріңнің алақандарыңды ұқалап,олардың жылулығын сезінген кезде,жүректеріңдегі махаббат пен мейірімділік туралы ойланып тұрыңдар.
Жақсы сезімдерді есіңе сақтап,алақандарыңды алдына шығарыңдар да,оларды кішкене демалтыңдар.Олар қандай екенін сезініндер....Жылы ма?Сәл шымшылған сезіне ме?Энергияға толды ма?Енді өз жүректеріңнен махаббатты өздеріңнің алақандарыңа жіберіңдер 5 секунд.Осы махаббаты алақандарыңда сезініңіздер 5 секунд.Алақандар қуанышқа ,махаббатқа толған гүлдерге толған сезінесіздер. 5 секунд
Ал енді көздеріңді ашып,жұпта кім бірінші гүлдерді шашатынын таңдаңыз.Осының барлығын музыка ойнағанда жасаңыз.
Қолдарыңды жаныңда тұрған адамның басына қойып,оған ең жақсы тілектер мен сезімдерді ойлап жіберіңіз.Сіз оған махаббатқа толы гүлдерді шашқанын елестетіңіз.Басынан бастап,төменге қарай түсіңіз.Құлақтарына,бет әлпетіне,жақтарына,желкесіне......иығына төмен қолына,алақандарына,саусақтарына.........Содан соң санынан аяқтарына,тізесіне,табанына..........30-60 секунд.Енді ролдермен ауысыңыз да,нұсқау қайталынады.
Қолдың жеңіл қозғалыстарымен достың бүкіл денесін жоғарыдан төменге қарай сипаңдар.Бұл сипап сезу арқылы сіз түсінбеушілік,сенбеушілік мұздарын ерітесіздер.Қандай гүлдерді тандағаңдарынды бір-біріне айтыңдар.Енді бірнеше минут өздеріңнен сезімдерін туралы бір-біріңмен ой бөлісіңіздер.
Талдау:
Сіздерге гүл шашқан кезде не сезіндіңіздер?
Сіз өздеріңнің досыңа гүл шашқан кезде не сезіндіңіздер?
Сіздің досыңыз шашқан гүлдерді көрдіңіз бе?
Өзіннің досыңа қандай жақсы ойларды жібердіңдер?
Досыңа гүл шашқан кезде алақандарыңда не сезіңдіңіз?
Тақырыбы: «Мен неге қол жеткізгім келеді?»жаттығу
Мақсаты:Өз мендігін түсіну,махаббат,жылулық,сенімділік арқылы өз мендігін дамыта,өздеріне жағымды қарым-қатынас орнату.
Өткізілу түрі:тренинг
Өткізілген мерзімі:
Жаттығу жүргізілген сынып:11 а сыныбы
Өтілу барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Амандасу
2. «Бип»
Барлығы топ болып,дөңгеленіп отырады (орындықтарда).Бір оқушы топтан жүргізуші болып,ортаға шығады,көзі байлаулы болады.Жүргізуші бала топтағы отырған біреуінің алдына отырады.Оның міндеті:отырғанда,кімнің алдына отырғанын табу,орындыққа отырғандай отыру.Орындықта отырған,алдындағы жүргізуші бала отырғанды тауып алса кім екенің,алдында отырды сол жүргізуші болып ауысады.Ары қарай жалғасады.
Мен күн сәулесіндемін.
Өз атынды жазып қой.Сендердің міндеттерін өздерін туралы,көбірек жақсы сөз жазу.Біз өзімізді не үшін жақсы көру керекпіз,өз әлсіздігімізді,кемшілігімізді жеңе білуге күш жинау.Яғни алда тұрған қиыншылықтарды сабырлықпен жеңуге көмектесу.
*Топ болып бір-бірімізді бағалау;
*Бір-бірімізді қолдау,қолпаштау;
*Кешірімді болу;
*Сүйіспеншілік сыйлау өзіңді жақсы көрудің ашық жолы.
Нұсқау: «Жағымсыз,негативті ойлардан айырылу үшін оңай тәсілмен таныстырғым келеді.Алақандарыңызды,қолдарыңызды,иықтарыңызды сілкіп қағыңыз.Каққан кезде барлық жаман ойларды,сезімдерді сілкіп түсіріп тастап жатырмын деп ойлаңыз.Содан кейін аяқтарыңызды сілкіңіз.Басыңызды сілкіңіз,бетіңізді сілкіңіз.Барлық жағымсыз ойлардан,сезімдерден айрылдым деп ойлаңыз.
Анализ:Жаттығуды орындағаннан кейін өзіңізді қалай сезініп тұрсыз?
Рефлексия
Жаттығу «Келесі кездескенше»
Мақсаты:Қорытындылау,қатысушылардан жауап алу.
Нұсқау: «Менің қолымдағы күн төңірегіне шуағын,жылуын,шапағатын шашып тұр.Сіз бір-біріңізге осы күнді сыйлап бүгінгі сабақ туралы өз ойларыңызбен,сезімдеріңізбен бөлісуге болады.Жылы тілектеріңізді айтуға болады.