kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Т?зету- дамыту сынып ерекшелігіне байланысты саба? т?рлері" та?ырыбында?ы баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бір п?ндік саба? ?р біріктірілген сыныптарда бір ?ана ?аза? тілі саба?ын ?ткізу саба?ы. Б?л саба?ты ?ту кезінде м??алім бір салада ж?мыс істегендіктен, ол назарын бір сыныптан екінші сынып?а о?ай к?шіруге септігін тигізеді. Бір та?ырыпты? саба?тар дегеніміз ?атар ?ткізілетін сыныптарда м?мкіндігінше бірдей та?ырыптарды та?дау ?ажет болатын саба?тар. Бір та?ырыпты? саба?тарда о?ушыларды? ?зіндік ж?мыстарын да тиімді бас?ару?а болады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Т?зету- дамыту сынып ерекшелігіне байланысты саба? т?рлері" та?ырыбында?ы баяндама»

Түзету- дамыту сынып ерекшелігінебайланысты қамтитын мынадай сабақ түрлері бар: бір пәндік, бір тақырыптық сабақтар.

Бір пәндік сабақ әр біріктірілген сыныптарда бір ғана қазақ тілі сабағын өткізу сабағы. Бұл сабақты өту кезінде мұғалім бір салада жұмыс істегендіктен, ол назарын бір сыныптан екінші сыныпқа оңай көшіруге септігін тигізеді. Бір тақырыптық сабақтар дегеніміз қатар өткізілетін сыныптарда мүмкіндігінше бірдей тақырыптарды таңдау қажет болатын сабақтар. Бір тақырыптық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыстарын да тиімді басқаруға болады. Жалпы оқытушының ортақ әңгімесін оқушылар ықыласпен тыңдап, өз ойларын айтып, сабаққа белсенді қатысуға тырысады, сонымен бірге бір пәндік, бір тақырыптық сабақтар ретінде біріктіріп өткізуге де болады. Мұндай ортақ сабақтардан оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, сабақтың сапасы артады. Оқушылармен бірге отырып, көрнекі құралдар, кестелер, суреттер, диафильмдер мен кинофильмдер, үнтаспа т.б. құралдарын қарауға болады. Түзету дамыту сырыптарында сабақтың жабдықталуына ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Қатар оқытылатын сыныптарда әр түрлі құралдарды қолдану жан-жақты ойластырылған болуы тиіс. Себебі, бір сыныпқа арналған құрал екінші сыныпқа кедергі жасауы мүмкін. Түзету дамыту сыныптарында соңғы кездері сабақта оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру барысында техникалық оқыту құралдары кенінен қолданылуда. Бір тақырыптық, бір пәндік сабақтар кезінде бұл құралдарды пайдалану өте тиімді.(мысалы; диафильм, кинофильм, сюжетті суреттер). Бір диафильм бойынша әр сыныпқа тапсырма беріп, жас ерекшеліктеріне қарай талдау жұмыстарын жүргізуге болады. Мұғалім оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыс түрлерін пән ерекшелігіне, тақырыптың ауыр-жеңілдігіне қарай ұйымдастыруы қажет.


Өзіндік жұмысты ұйымдастырғанда, оқытушы оқушылардың дара ерекшелігін ескеріп, соған қарай беретін тапсырмаларды өзгертіп отырғаны жөн, орындалған жалпы жұмыстың қорытындысын, қалай қорытқанын тексеру керек.

Өздік жұмыстарды ұйымдастыру үшін, мұғалім мынадай үш жағдайды ескерген жөн:

  1. Оқушылардың өздік жұмысының мазмұнын анықтау (берілетін білім және оны міндеттері).

  2. Өздік жұмысты ұйымдастырудың жоспарын жасау, қолданылатын амал-тәсілдерді белгілеу.

  3. Оқушыларға жұмысты ойдағыдай аяқтауға бағыт беріп көмектесу (жұмыстың жүйелі барысына басшылық ету, тиісті түзетулер жасап отыру).

Өздік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

    • жұмыстың көлемін шамадан асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • оқушылардың өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыру білу;

    • оқушылардың дербестігін арттырып, өз бетімен білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту.

Өздік жұмыстың мазмұнына мүмкіндігінше күнделікті өмірден алынған материалдарды, мәліметтерді, хабарларды енгізіп пайдалану.

Түзету- дамыту сыныптарында оқу-тәрбие ісінде уақытты дұрыс пайдалану −Бұл жерде уақытты үнемдеудің оқушылардың сабаққа деген ынтасына да елеулі ықпалы барын ескерген жөн. Мысалы, балалар бірден жұмысқа кірісіп кету үшін 5-10 минут шамасында тапсырма берілді. Бұл кезде басқа сынып оқушылары өздігінен орындайтын жұмыстармен айналысады. Ал өздігінен орындалатын тапсырманың мақсаты айқын болуы тиіс. Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастырғанда оқушының білімін бағалау, жеке жұмыс жүргізу, тапсырманы өздігінен қалай орындағандықтарын бақылап, жұмыстарын тексеріп отыру да педагогикалық шеберлікті, жете мән беруді талап етеді ең маңызды мәселелердің бірі . Енді осы екі жағдайды салыстырайық: 1-слайд

2-сынып

3-сынып

4-сынып

М

Ө

Ө

Ө

М

Ө

Ө

Ө

М


(М − мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс, Ө − өздігінен орындалатын жұмыс).


2-сынып

3-сынып

4-сынып

Біріктірілген (ортақ) бөлім

( жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі)

Сараланған бөлім

(жаттықтыру кезеңі)

Біріктірілген (ортақ) бөлім

(бекіту кезеңі)

Төменгі сынып:

Жоғары сынып:

1.Балалардың өздігінен істейтін жұмыстары. Өткенді пысықтау, қайталау, үйге берілген тапсырманы әрі қарай жүргізу; мұғалімнің басшылығымен өткізілетін сабаққа даярлану − 10 мин

1. Мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыс. Өткенді өздігінен қайталау немесе пысықтау үшін берілген тапсырманы тексеру үшін бақылау жұмысы − 10 мин.


2. Мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыс. Балалардың өздігінен істеген жұмыстарын тексеру, өткенді қайталауға

немесе пысықтауға байланысты жаттығулар жасау немесе әңгіме өткізу; сыныпта немесе үйде балалардың өздігінен орындауы үшін тапсырма беру − 20-25 мин.

2. Балалардың өздігінен істейтін жұмыстары Өткенді пысықтауға немесе қайталауға, балалардың білімін тексеру мақсатымен берілген мұғалімнің тапсырмасын орындау (сынып бойынша оқу, жаттығу жұмысы т.б.) − 20-25 мин.

3.Балалардың өздігінен істейтін жұмыстары. Өткенді пысықтау және

қайталау үшін берілген мұғалім тапсырмасының біразын орындау (жазбаша жаттығу, кітап оқу) − 10 мин.

3. Мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыс. Балалардың өздігінен істелетін жұмыстарын тексеру; балалармен өткенді қайталау − 10 мин.

1.Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;

  1. Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;

  2. Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;

Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек


Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе. а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену).

ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар).

Өздік жұмысқа мынадай талаптар қойылады:

1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.

2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ болмайды).

3) Міндетті түрде тексерілуі керек.

4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.

5) Өздік жұмыстың мақсаты, орыдау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.

6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.

жасайды Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстары бастауыш сыныптарда ұзақ болмауы керек және көлемі шағын, мазмұны оңай болуға тиіс. 2-сыныпта − 5-10 минут, 3-сыныпта − 10 минут, 4-сыныпта 10-15 минуттық тапсырмалар беріледі. Біріктірілген 4 сыныпқа арналған сабақ кестесінің үлгісі 3-cлайд


2 сынып

4 сынып

Дүйсенбі

1

Қазақ тілі

1

Қазақ тілі

2

Математика

2

Математика

3

Сурет

3

Сурет

4

Дүниетану

4

Дүниетану



5

Ана тілі



Сейсенбі

1

Ана тілі

1

Ана тілі

2

Орыс тілі

2

Орыс тілі

3

Математика

3

Математика

4

Қазақ тілі

4

Қазақ тілі

5

Еңбек

5

Еңбек



Сәрсенбі

1

Қазақ тілі

1

Қазақ тілі

2

Математика

2

Математика

3

Музыка

3

Музыка

4

Ана тілі

4

Ана тілі

5

Еңбек

5

Еңбек



Бейсенбі

1

Ана тілі

1

Ана тілі

2

Орыс тілі

2

Орыс тілі

3

Математика

3

Математика

4

Дене шынықтыру

4

Дене шынықтыру

5

Дүниетану

5

Дүниетану





Жұма

1

Математика

1

Математика

2

Қазақ тілі

2

Әліппе

3

Дене шынықтыру

3

Дене шынықтыру

4

Орыс тілі

4

Орыс тілі

5


5

Ана тілі








4 cлайд біріктіре жүргізген қазақ тілі сабағының жоспары.

1-СЫНЫП

Әліппе

2-СЫНЫП

Қазақ тілі

3-СЫНЫП

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Өлең жолдарын баспа түрден жазба түрге аударып жазу

Зат есімнің көпше түрі


Зат есімнің барыс септігінде септелуі


Сабақта көзделген мақсат:

Оқушыларды жазуға үйрету; тілін дамыту, сауаттылығын арттыру

1)Оқушылардың зат есім туралы білімдерін толықтыру;

2) Көптік мағынасын білдіретін жалғауларды түсіндіру.

Барыс септігінің сұраулары мен жалғаулары, жай және тәуелді түрі, түбір сөздің соңғы буынына орай жалғаулардың түрлері

Сабақтың көрнекілігі:

Түрлі заттардың суреттеі, көрсеткіш сигналдық карточкалар, «Мақтақыз бен мысық» ертегісінің күйтабағы

Жеке және көп затты бейнелейтін суреттер, әр оқушыға арналған тапсырмасы бар конверт, кесте

Барыс септігінің кестесі, зат есімді септеуге арналған перфокарта-лар, барыс септігінің сұрақтары

Сабақтың барысы:

Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы. 1) жеке заттардың доп, шар, гүл, балық, бала және т.б. суреттер бойынша диктант жазуы



Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыстар.

(2-3- сыныптарға ортақ қайталау)

Зат есім туралы өткен ұғымдар сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады. Сұрақ екі сыныпқа ортақ қойылады:

  • Зат есім дегеніміз не?

Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді? Оқушылар зат есімнің анықтамасын айтып, сигналдық карточкаларынан сұрақтарын көрсетті. Содан соң екінші сынып оқушыларына өздігінен орындайтын жұмыс тапсырылды, ал үшінші сынып оқушыларына ауысып, сұрақтар жалғастырылды.


. ОҚУ ПӘНДЕРІНЕН ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР (Слайдтар түрінде)

Мұнда қазақ тілі тапсырмалар ұсынылып отыр.

ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ БАҒДАРЛАНҒАН ЖАҒДАЯТТЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

1. Дыбыс пен әріп туралы алған біліміңді пайдалана отырып, жағдаяттан шығып көр.

Дыбыстар мен әріптердің бірлескен жиналысы болды. Үзілісте ән айтып сергіп қалғысы келген дыбыстар «Ән айтайықшы» деген ұсыныс жасады. «Біз ән айта алмаймыз»,– деп сыбырлады әріптер.

Ізденуді ұйымдастыр. Әріптерді неге айтуға, тыңдауға болмайтынын дәлелде.

2. Сөз құрамы туралы алған біліміңді пайдаланып, жағдаяттан шығып көр.

  Саяхаттап жүрген балалар судың жанына келгенде айтысып қалды.

– Бұл – көл! –деді Самат.

– Жоқ, бұл көл емес, көлшік! – деді Мақсұт.

Қалай ойлайсың, балалар «көл» және «көлшік» сөздері үшін неліктен айтысты?

3. Сөйлем түрлері туралы алған біліміңді пайдаланып, жағдаяттан шығып көр.

Бір топ бала «Қонақтар келді» деген сөйлемге таласты да қалды. Марғұлан бұл сөйлемді хабарлы сөйлем десе, Жәмила лепті сөйлем дейді. – Мұны сұраулы сөйлем деуге болады, – дейді Гүлназ.

Сендер қалай ойлайсыңдар?


Тіл дамыту тапсырмалары

1. Төмендегі сызба бойынша әңгімелеу мәтінін құрастыр.












. Тірек сөздерді қолданып, сипаттау мәтінін құрастыр.


дәмі түрі түсі


3. Туған күн, басқа да мерекелерге шақыру қағаздарын алып көрдің бе?

Шақыру қағаздарын не үшін және қалай жазады? Ата-анаңа «Алтын күз» мерекесіне шақыру қағазын жазып дайында.


Логикалық ойлау тапсырмалары

  1. Түбірлес сөздерді топта.

  2. Берілген сөздердің сын есім екенін дәлелдеп көр.

Жылы, әдемі, жіңішке, көк.


3Сызбаға қарап жалқы және жалпы есім туралы қорытынды жаса.

4. Ребусты дұрыс шешсең, төмендегі жұмбақтың жауабын табасың.


Ақпараттық ізденіс тапсырмалары

1. Оқулық соңында берілген түсіндірме сөздіктен бұрыш, хикая, шіл, түбіт, суат, қой, құрақ сөздерінің мағынасын қарап ал. Мысалы: суат – өзеннің, бұлақтың мал суаратын жері.

Берілген сөздердің ішінен бірнеше мағынасы барларын іріктеп көшіріп жаз.

2. Керісінше сөзжұмбақ. Сөзжұмбаққа тапсырма-сұрақ жаз. Ол үшін оқулық соңында берілген түсіндірме сөздікті басшылыққа ал.

Көлдеңенінен:

1. ______________________

________________________

2. ______________________

________________________

Тігінен:

1. ______________________

________________________

2. ______________________

________________________





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Т?зету- дамыту сынып ерекшелігіне байланысты саба? т?рлері" та?ырыбында?ы баяндама

Автор: Жетписова Райхан Ерболатовна

Дата: 25.01.2016

Номер свидетельства: 282896


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства