Психикалы? ж?не физикалы? денсаулы?ы мен дамуы жа?дайында?ы ауыт?ушылы?тар, жас ерекшелік да?дарыстарында?ы, мінез акцентуациясы ж?не бас?а да физиологиялы?, психоневрологиялы? ерекшеліктер себептері;
Ішкі ж?не сырт?ы белсенділігіні? саналы к?ріністеріне, ?зін-?зі к?рсетуіне жа?дай жасалма?анды?ынан, іс-?рекеттерді? пайдалы т?рлерімен айналыспайты?ынан, жа?ымды ж?не ма?ызды ?леуметтік, сондай-а?, жеке ?мірлік ма?саттары мен жоспарларыны? болмауы;
?араусыз ?алумен, ?орша?ан ортаны? кері ы?пал етуімен ж?не осыны? негізінде дамитын ?леуметтік-психологиялы? дезадаптациямен, ?леуметтік ж?не жеке ??ндылы?тарыны? жа?ымсыз т?рде ауысуы ж?не жа?ымсыз жайттар.
Сонымен девиантты мінез-??лы?ты жас?спірімдерді педагогикалы? мінездемелері жа?ынан т?рт топ?а б?леміз:
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«тренинг: «Мінез-??лы?та?ы ауыт?ушылы?тар ж?не ?алыптасу себептері»»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы экономикалық колледжі»РМҚК
БЕКІТЕМІН
Директордың әлуметтік
және тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары
___________Б.Ж.Бахтиярова
«____»__________2016жыл
Тақырыбы: «Мінез-құлықтағы ауытқушылықтар және қалыптасу себептері» тренинг
Дайындаған: Байбатшаева Г.С.
2015-2016 оқу жылы
Жалпы білім беретін пәндер циклдық комиссиясы отырысында қарастырылды
Төрайымы __________К.Б.Қуанышева
Хаттама №
« »наурыз 2016ж
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мінез-құлықтағы ауытқушылықтар және қалыптасу себептері»
Тәрбие сағатының мақсаты: Тақырыптың мәнін аша отырып, мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту. Мінездің өмірлік азықтығын ұғындыру. Рухани байыған тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
1 Мінездегі жетістіктер мен міндеттерді ажырата білу.
2. Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету.
Тәрбие сағатының түрі: тренинг
Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд
Тәрбие сағатының жүру барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі.
1.Орындықта тұрған аңдардың қайсысы өзіне ұнайды, сол аң тұрған орындыққа отырғаннан кейін, сол аңды неге таңдағанын айтады.
2. Танысу «Көршісін таныстыру» / көршісінің жақсы қасиетін айтып таныстырады/
3. Келісім шартқа отыру / Тренинт ережесімен таныстыру/
1. Бір –бірімізді бөлмей тыңдаймыз.
2.Кезектесіп сөйлейміз.
3.Нақты пікірімізді айтамыз.
4.Өз ойларымызды айтамыз.
5. Басқаның пікірін құрметтейміз
6. Айтылған пікірден ,ойлардан болашақта нақты қорытындылар шығарамыз.
7. Уақытымызды тиімді пайдаланамыз.
II Кіріспе бөлім
«Мінез-құлықтағы ауытқушылықтар және қалыптасу себептері» деген тақырыппен жұмыс істей отырып, мағынаны ашу.
Жақсы мінез, жылы сөз жан дәруі,
Жігіттің керек мұны аңғаруы
Бейпіл сөз, тік мінез танытқанның,
Тіптен оңай адасып сандалуы.
Мінездер бар жақсы – жаман, әр алуан,
Әдептілік, әділдіктен нәр алған.
Кең болғанның кем болғанын көрмедім,
Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан
Өлеңді тақырыппен байланыстыру мақсатында оқушылардың назарын өлеңнің мазмұнына аударады. Өлеңнің сөзі жақсы мінез-құлыққа тән қасиеттерге толы екенін оқушылар өз сөзімен айтып шығады.
Тапсырма
Ұлағатты сөздерді оқып , олардың мәнін түсіндіріңіз
1. Мен егер закон қуаты қолында бар адам болсам мінезін түзепболмайды деген кісінің тілін кесер едім. Абай Құнанбаев
2. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Әл-Фараби
3.Мінез-құлық әркім өзінің кейпін көрсететін айна. И. Гете
4. Адамның мінез-құлқы айналасындағылардың пікірлеріменшарттасып жатады. Осы арқылы адам өзін-өзі бағалай білугеүйренетін болады. А.В. Петровский
5. Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы У. Гэзлит
6. Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі де жайма шуақ болады.
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТАҒЫ АУЫТҚУЛАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Мінез-құлықтағы ауытқулар - әлеуметтік, мектептік, отбасылық жағдайларға байланысты адамның қоғамдағы қалыптасқан нормалар мен ережелерді бұзуы.Зерттеушілердің мәліметтеріне сүйенсек, ауытқушылықтардың төмендегідей критерийлері мен белгілерін бөліп көрсетуге болады:
Отбасылық сәтсіздік;
Оқыту және кәсіби мекемелердегі ауытқушылықтың алдын алатын жұмыстардың аздығы;
Тұлғаның тұлғалық компоненттерінің төмендігі;
Қарым-қатынастағы дискомфорт
МІНЕЗІНДЕГІ АУЫТҚУШЫЛЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫ:
Дұрыс тәрбиеленбегендерінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығы, мінез-құлқындағы жағымсыз топтардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар;
Жайсыз отбасылық өзара қарым-қатынастар, жағымсыз психологиялық ахуал, оқудағы жүйелі сәтсіздіктер, сынып ұжымдарындағы құрбылармен өзара қарым-қатынастың орындамағандығы, ата-аналарының, мұғалімдердің сыныптас жолдастарының дұрыс емес (әділетсіз, дөрекі, қатал) қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтар;
Психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы жағдайындағы ауытқушылықтар, жас ерекшелік дағдарыстарындағы, мінез акцентуациясы және басқа да физиологиялық, психоневрологиялық ерекшеліктер себептері;
Ішкі және сыртқы белсенділігінің саналы көріністеріне, өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасалмағандығынан, іс-әрекеттердің пайдалы түрлерімен айналыспайтығынан, жағымды және маңызды әлеуметтік, сондай-ақ, жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарларының болмауы;
Қараусыз қалумен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік-психологиялық дезадаптациямен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрде ауысуы және жағымсыз жайттар.
Сонымен девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді педагогикалық мінездемелері жағынан төрт топқа бөлеміз:
Бірінші топқажататын девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің мінез-құлқында дөрекілік, қатігездік, мейірімсіздік, үлкен-кішіні сыйламау сияқты әдет-дағдылар толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс-тұрыстары мен іс-әрекеттеріне баға бере алмайды. Бірақ өз мінез-құлқын түзетуге талаптанады.
Екінші топқа жататындар адамгершілік қадір-қасиеттерді төмендей бастаған, әлеуметтік бағдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады. Бұлар қатігездік қылықтарымен қатар, ұрлық, тонау, зорлық-зомбылық жасау, темекі мен наша тарту, уытты сұйық заттарды иіскеу сияқты әдеттерге икемдене бастаған.
Бұл топқа тәртібі нашарлаған, құқық тәртібін бұзушы жасөспірімдер жатады, бірақ бұл балалар әлі бұзыла қоймаған, өз жүріс-тұрыстарын түзетуге мүмкіндік – қабілеті бар, тек педагог тарапынан басқаруды талап етеді.
Үшінші топқа өз мінез-құлықтарын басқара алмай, өзін-өзі тәрбиелеуге бейімділіктері жоқ жасөспірімдердің шағын тобы жатады. Қоғамға жат мінез-құлықтары қалыптаспағаны сонша, олар өздерінің теріс қылықтарына талдау бере алмайтын жасөспірімдер. Бұл топқа қатігездік, зорлық-зомбылық көрсетумен қатар ұрлық, тонау, ішімдік және наша тарту істеріне әбден машықтанған жасөспірімдер енеді
Төртінші топқа жұйке ауруларына (невроз, неврастения, кісіні мезі қылатын әдет) шалдыға бастаған балаларды жатқызамыз. Мұндай жасөспірімдерге педагог-психологтар мен дәрігерлер тарапынан дербес қарым-қатынас, ілтипат, сый-құрмет, жылы лебіз қажет.
Девиантты мінез-құлықты емдеу жалпы мемлекеттік міндет және оның тиімді дамуы педагогтар, психологтар, заңгерлер, дәрігерлер, әлеуметтік жұмыскерлер, журналистердің біріккен әрекеттерінің нәтижесінде іске асуы мүмкін. Бұл жұмыс бірінен соң бірі және кезең бойынша жүргізілуі тиіс.
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА КЕРІ ӘСЕР ЕТЕТІН СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАР:
1.ҚОҒАМДАҒЫ ӨТІП ЖАТҚАН ҮРДІСТЕР:
Қоғамдық құндылықтар иреархиясын өзгертуге бағытталған айқын жағымды мемлекеттік идеологияның жоқтығы;
Заңдардың және құқық қорғаушы орындардың жетілмегендігі, қылмыстардың жазаланбауы;
Жұмыссыздық (нақты және жасырын);
Экономикалық тұрмысы төмен балалы отбасыларға әлеуметтік кепілдіктермен және мемлекеттік қолдаудың жоқтығы;
Өскелең ұпақтың әлеуметтенуінің дәстүрлі институттарының күйреуі мен дағдарысқа ұшырауы;
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зорлық-зомбылық және қатігездікті насихаттау;
Балалардың денелік және психикалық денсаулығының бұзылуын дер кезінде ауытқудың, соған сәйкес көмек көрсетудің және квалификациялық диспансеризациясының болмауы