Мен ?аза?стан Республикасы, ?ызылорда облысы, Жа?а?ор?ан ауданы, Бесары? бекетіндегі №247 орта мектебіні? психологымын. Есімім - Сейтова ?міт. Копилка уроков сайтына ?зімні? "Мен ж?не мені? достарым" атты психологиялы? тренингімді жариялап отырмын. Мектеп о?ушылары ?шін м?ндай тренингтерді? ма?ызы зор деп ойлаймын. Алда?ы уа?ытта та?ы саламын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тренинг по психологии "Мен ж?не мені? достарым"»
Сейтова Үміт №247 орта мектеп психологы
оқушылармен өткен тренинг
Тақырыбы: «Мен және менің достарым»
Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді анықтау, дамытуға бағыт беру.
Кіріспе Құрметті оқушылар бүгінгі сабағымызда біз өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын анықтаймыз. Данышпан философ Фалес айтқандай Дүниедегі ең үлкен нәрсе - кеңістік Бәрінен жүйрік - ой Бәрінен дана - уақыт Бәрінен жеңілі - басқаға ақыл айту Бәрінен қиыны - өзіңді өзің тану.
Іскерлік ойыннан бір-бірімізге комплимент айтудан бастаймыз. Гүлім, сен бүгін ерекше көріктісің Ұлжан, көркіңе ақылың сай. (т. б сол сияқты бір-біріне жылы сөздер айту соңғы оқушыға дейін жалғасады). - Рахмет, балалар! Әрбір жүректен шыққан жақсы сөз біз үшін жайлы атмосфера қалыптастырды. 1-тапсырма: Қазір сендер әрбір столда тұрған геометриялық фигураға назар аударып әркім өзіне ұнаған фигураға барып отырады. Міне, біз топқа топталдық Әрбір топ мүшелері өздері таңдаған фигураның нені білдіретінін, неге осы фигураны қалағандарыңды айтасыңдар. (оқушылардың болжамдарынан кейін, мұғалім осы тесттің мақсатын түсіндіреді) И. Панарин тесті бойынша. Үшбұрыш - өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар. Төртбұрыш - жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар. Дөңгелек - осы 5 фигураның ішіндегі өте мейірімді, басқаның қайғысын қуанышын да бөлуге даяр тұратын жандар. Міне, балалар, әркім өзін Панарин тесті бойынша да тануға болатынына көзіміз жетті.
2-тапсырма: 1-топқа:Ең алдымен әр қатысушы өзіне сай, бір жақсы әдемі сөз айтады, мыс: ( әдемі, нәзік т.с.с) . Содан кейін, « Менің жағымды, жағымсызқасиеттерім» жаттығуы бойынша, өзінің бойындағы жағымды , жағымсыз қасиеттерін айтып шығады. Әр оқушыға 3 мин. беріледі.Бұл жаттығуда оқушының өзін-өзі бағалау деңгейін анықтауға болады.Өз ойын толық жеткізуге үйретеді.
2-топқа:Сенің қиындықпен қуанышта қасыңда болатын, сені түсіне білетін жан досың барма? Болса , оның қандай ерекше қасиеттерін ерекше бағалайсың?
3-топқа: Жағдаятты талдау:
1. Сен математикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға , ол «5» деген баға алды. Сен бұдан қалай шығасың?
- Рахмет балалар, әрбір топ өз белсенділіктерін көрсетті.
Сергіту сәті:«Шаңырақ» Балалар: Көтеріліп шаңырақ, Уықтары шаншылар. Керегелер керіліп, Өрімдей боп өрілер. Бәріміз жүрсек айналып, Киіз үй боп көрінер. 3-тапсырма: «Суреттерді аяқтайық» жаттығуы Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту. Алдын-ала тақтада мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады. Оқушылар кезек-кезек шығып, бірі денесін, бірі басын салса, бірі аяғын салады, осылайша жалғаса береді. 1. Суретті аяқтау қиын болды ма? 2. Жаттығу ұнады ма?
4-тапсырма: Балалар, сіздерге қазір сұрақтарқойылады. Сол сұраққа осы өз кластастарыңнан үш адамның есімдерін жазасыңдар.
1. Кіммен дос болғың келеді?
2. Партада кіммен бірге отырғың келеді?
3. Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?
Қорытынды:
Жүректен жүрекке
Гүлдерді бір - біріне сыйлай отырып тілек тілеу.
Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен,
Өмір сәуле көрсетер судай тұнық.
Жарамды әнді тыңдасаң жаным еріп,
Жабырқаған көңілің көтерілер», - деп
әрдайым ән тыңдап көңіл – күйімізді түсірмей көтеріп жүрейік.
Көңіл – күйімізді көтеріп жүру өз қолымызда екенін ұмытпайық.