kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тоқта!Ойлан!Әрекет ет!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:Өз ісіне,өзіне жауапкешілігін қалыптастыру.

Міндеті: Дұрыс шешім қабылдауға,құқық бұзушылыққы итермелейтін қысымға қарсы тұруға қалыптастыру;

Жастардың өзіндік сапалы қорғанарлық қабілеттерін шығару:өздеріне сенімділік,гармоналдық өзіне және өзгеге деген қарым-қатынасты дұрыс қылу,дағдарысты жағдайдың алдын алу;

Психотехникалық медиактивті жаттығуларды үйрету;

Осы ойын тренинг арқылы өзіне және қатысушыларға сенімділік пен жақсы көңіл-күй  сыйлап үйренуді қалыптастыру;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тоқта!Ойлан!Әрекет ет!"»

Тренинг тақырыбы Тоқта!Ойлан!Әрекет ет!

Сыныбы: 6,7,8,9

Психолог: П.П.Рахметова

Мақсаты:Өз ісіне,өзіне жауапкешілігін қалыптастыру.

Міндеті: Дұрыс шешім қабылдауға,құқық бұзушылыққы итермелейтін қысымға қарсы тұруға қалыптастыру;

Жастардың өзіндік сапалы қорғанарлық қабілеттерін шығару:өздеріне сенімділік,гармоналдық өзіне және өзгеге деген қарым-қатынасты дұрыс қылу,дағдарысты жағдайдың алдын алу;

Психотехникалық медиактивті жаттығуларды үйрету;

Осы ойын тренинг арқылы өзіне және қатысушыларға сенімділік пен жақсы көңіл-күй сыйлап үйренуді қалыптастыру;

Тренинг барысы:

Сәлемдесу. (2 мин)

Сәлеметсіңдер ме?

- Сіздер тренингтің ағылшынның «Тот Райн» - ойын, жаттығу деген сөзінен шыққандығын, яғни сабақ емес екендігін білесіздер. Бүгінгі топтық-психологиялық тренинг тәжірибелік-психологиялық әдіс ретінде, коррекцияның негізгі құралы ретінде де қолданылады. Мақсатыдұрыс шешім қабылдауға,құқық бұзушылыққы итермелейтін қысымға қарсы тұруға қалыптастыру.Сондықтан тренингке барлықтарыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын. 

Жаттығу: «Орын алмастыру......»

Орын алмастыру

  • Кімнің көңіл-күйі жақсы?

  • Кімнің өмірінде өзін және жақындарын ренжіткен жағдайлар болды?

  • Кімді қолайсыз жағдай қайталанатын сезімі қорқытады?

  • Кім өзіне сенімді,орын алмастырсын?

Негізгі бөлім.

Не үшін адамдар құқық бұзушылыққа барады?Әрбір адам өмірден өз таңдауын жасауғақабілетті:адал жолмен жүру,адал еңбекпен ақша табу немесе жеңіл ақша табайын деп қылмысқа бару.Ұрлық жасау, ренжіту, төбелесу – жаман екенін барлығыңызға белгілі.Осыған қарамастан жеткіншектер арасындағы құқұқ бұзушылық артып барады.Не үшін?Қалай ойлайсыңдар?

Бүгінгі тренингімізді сіздерге өмірлік мақсат болады деген оймен «Тоқта!Ойлан!Әрекет ет!» деп алып отырмыз.

Миға шабуыл!

Қайда және қандай жағдайда біз өзімізге «ТОҚТА» деп айтамыз?

Топпен бірігіп талқылауға болады,топ болып жауап беру.

Суреттерге қарап жауап беру.

Талқылау: Талқылаудан қандай жауап алдыңдар? Бұл тізімді немен толықтырар едіңдер?

Қорытынды:Қандай жағдайда адам өзіне «ТОҚТА » деп айтуы керек.

Біз не үшін кейбір жағдайларда талап – тілектерімізден бас тартып,қандайда бір әрекет жасаудан бас тартамыз?

1. Әкімшілік құқық бұзушылық—мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін әкімшілік, қаржылық, жер және басқа құқық салаларының нормаларымен реттелетін, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік.Мұндай құқық бұзушылықтар атқару және билік етудің қалыпты қызметіне кедергі келтіреді, жалпы қоғамдық тәртіпті бұзады (жол ережесін бұзу, өндірістегі қауіпсіздік ережесін бұзу жәнет.б.), азаматтардың құқықтарымен занды мүдделеріне нұқсан келтіреді.Әкімшілік құқық бұзушылықтар тек объектілерінің жалпы сипаты және мемлекеттік басқарудың құқық тәртібіне қарсы бағытталғандығы мен ғана емес, жазалау сипатында қолданылатын санкцияларменде ерекшелінеді. Мәселен, ескерту, айыппұл, жүргізу куәлігін алып қою және т.б.

2.Тәртіптік құқық бұзушылық қызметтік қатынас саласында бағынушылық тәртібін бұзуға бағытталатын, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол өндірістің қызметтік, әскери және оқу тәртібін бұзып, олардың алдында түрған шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, басқару және де мақсаттар мен міндеттерді орындауға кедергі болады. Бұл үшін мынадай санкциялар қолданылуы мүмкін: ескеру, сөгіс, жұмыстан шығару, оқу орнынан шығару жәнет.б.

Тәртіптік жауапкершілік. Тәртіптік жауапкершілікті бұзу салдарынан жауапкершілік пайда болады. Оның үш түрі кездеседі:

— ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес;

—  бағыну тәртібіне байланысты салалардағы ережелерге байланысты қорғаныс;

— темір жол, су, әуе транспортының ережелеріне сәйкес.

3. Азаматтық құқық бұзушылық —азаматтық құқық нормаларымен реттелетін мүліктік және оны мен байланысты жекелеген қатынастарға зиян келтіретін, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол шарттық және шартсыз деп екіге бөлінеді. Шартты—азаматтық құқықтың шартқа қатысушы субъектілерінің әрекетінен туындаса, шартсыз—азаматтық құқықтың нормаларының талаптарын сақтамау және орындамаумен байланысты болады.

4). Қылмыстық және өкімшілік құқықтық жауапкершілік заң нормаларында көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін қолданылады. Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартушы субъект болып табылады. Қылмыстық жауапкершілік әр кез жекелік сипатқа ие болады. Яғни, қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасаған адам ғана тартылады. Әкімшілік жауапкершіліктің түрлері: ескерту, айыппұл, қатаңсөгіс.

Қатысушыларға тапсырма.

Жағдаяттарды шешу.

№1.Асқар мен Айбек аулада доп ойнап жатыр еді.Балалар добымен көршісінің терезесін сындырып алды.Балалар қандай құқық бұзушылық жасады?

№2.Данияр мен Ақылбек автобуста келе жатыр,дауыстары қатты шығып сөйлесіп,күліп,айналасындағы адамдардың ескертуіне ашулана қарап жауап беріп тұр.

№3.7 сынып оқушылары дене шынықтыру пәніне дайындалу үшін киіну бөлмесінде еді.Қоңырау соғылғаннан кейін сынып спорт залға кетті,ал Дамир кідіріп қалды,ол сыныптасының ұялы телефонын ұрлап алды.Жеткіншек қандай құқық бұзушылыққа барды? Бұл құқық бұзушылыққа қанша жастан бастап жауапқа тартылады?

№4 Жасөспірім көшеде сағат 23.40 үлкендердің қадағалауынсыз жүр.Оған қандай жаза қолданылады?

Заңды бұзбайтын азамат болу үшін, өз іс – әрекетіңе деген жауапкершілікті жақсы түсіну керек.

Біз өмірлік жоспардағы келесі баспалдаққа көшеміз – «ОЙЛАН!»

Темекі шешу, арақ-шарап,есірткі

Қандай жағдайда темекі шешу, арақ-шарап,есірткі біздің өмірімізде пайда болады?

Олар қандай құқық бұзушылыққа алып келеді?

Сіздер сондай психотропты заттар қолданатын адамдардың орнында болуға дайынсыңдар ма?

Қорытынды: Бұдан не түсіндіңдер? Психотропты заттарға жауаптарыңыз қандай «иа» не «жоқ»?

Адамның әрекеті

Адам психотропты заттың әсерінен ғана емес басқа адамның әсер етуінен,қысым жасауымен де құқық бұзушылыққа барады.

Жаттығу «Марионетка»

Қазір сіздерге марионетканың рөлінде болу қандай болатынын сезініп көрулеріңізді ұсынамын.

Ортаға 3 оқушы шығады. Оларға тапсырма беріледі: 2 адам актер,ал біреуі марионетка болады.Алдыларына 2 үстел ара қашықтығы 1,5 метрден қойылады.Актердің міндеді – марионетканы бір үстелден екінші үстелге алып бару.Қуыршақтың рөліндегі адам қарсыласпауы керек.

Талқылау:

  • Қуыршақтың рөлінде болғанда не сезіндіңдер?

  • Бұл сезім сіздерге ұнады ма,ыңғайлы болды ма?

  • Өзіңіз бір әрекет жасағыңыз келді ма?

Қорытынды: Ойланыңдар,осы жаттығуды талдап,қорытынды жасаңдар. «Марионетка» болған жақсы ма?

Құқық бұзушылықтың түрлері:

Жаттығу «Иа», «Жоқ»

Мақсаты: адамның қаншалықты топтағы көңіл – күйге тәуелді екенін көрсету.

Топтан екі қатысушы таңдалып алынып,сыртқа шығуы сұралады. Ал топта қалғандары олар шығып кеткенде бірінші кірген адамның сұрағына «жоқ», ал екінші кіргенге «иа» деп жауап беруге келісіп алады.Таңдалған адамдар кезекпен бөлмеге кіреді.Жүргізуші жабық сұрақтан топқа сұрақ қоюды сұрайды, жауабы «иа» не «жоқ» болатын.Жаттығудан кейін талқылау жүргізіледі.

  • Сұрақ қойғанда қандай сезімде болдыңыз?

  • Жауап бергенде қандай сезімде болдыңыздар?

Қорытынды: Өтірік айту жағымсыз әрі өтірік кінәсіз адамды құрдымға апарады.

Жаттығу «Аукцион»

Өздеріңің жаман көңіл-күймен қалай күресетінін айтып,басқалармен бөліседі.

Қорытынды: Біз маңызды деген тақырыптардың бірін алдық,әр бір адамның ойланатын тақырыбы,өміріңіз дұрыс мәнді,ал өзіңіз сол өмірге лайықты болуыңыз керек. Бұл үшін әрект ету керек!

ӘРЕКЕТ ЕТ!

Жаттығу «Жауап «Жоқ»

Қандайда жағдайдан шығу жолын таба білу,ұсыныстарға жоқ деп айта білу.

Жұппен жұмыс.

Сенің досың саған:

  • Сабақтан қашайық;

  • Үйден кетіп қалайық;

  • Сыра ішейік;

  • Темекі шегу;

  • Біреуді ұру;

  • Қыздардың телефонын тартып алу;

Талқылау:

Рөлде болғанда қалай сезіндіңіз?

Бас тарту оңай болды ма?

Біз біреуді ренжітіп алудан қорқып оның айтқанын жасаймыз,ал ондай жағдайдан шығу үшін «жоқ» деп айта білу керек.

Қорытынды бөлім:

Баяғыда бір данышпан өмір сүріпті.Оған кеңес сұрап келген адамдардың мәселесі шешіліп ,жақсы болып кетіпті.Адамдар оның жасын,өмірлік тәжірибелерін,даналығына құрметпен қараған екен. Бірде бір қызқаншақ адам данышпанды адамдардың көзінше жерге қаратпақ болыпты. Қу әрі қызғаншақ адам үлкен бір жоспар жасапты: «Мен көбелекті ұстап алып,алақаныммен жауып алып келемін,сосын данышпаннан көбелектің тірі ме әлде өлі ме деп сұраймын. Егер данышпан тірі деп жауап берсе мен алақаныммен көбелекті өлтіріп тастаймын.Ал егер өлі десе мен алақанымды ашып көбелекті ұшырып жіберемін сонда данышпан қателеседі». Қызғаншақ дәл солай жасайды,көбелекті ұстап данышпанға келеді.Ол сонда данышпаннан көбелек өлі ма әлде тірі ме деп сұрайды. Данышпан былай деп жауап береді: «Бәрі өзіңнің қолыңда».

Бұдан шығатын қорытынды адам өзі таңдау жасау арқылы өзінің тағдырын айқындайды.

«Мен саған не тілеймін» рефлексия.

1.Тақырып қаншалықты маңызды мәселеге жатады? 5 4 3 2 1

2.Ұсынылған ақпараттар түсінікті болды ма? 5 4 3 2 1

3. Тренингтан алған мәліметтер сіз үшін қаншалықты маңызды? 5 4 3 2 1

-Бүгінгі сабақ сіз не алдыңыз?

-Болашақта не қолданасыз?

Бүгінгі тренинг осымен аяқталды.Сау болыңыздар!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Тоқта!Ойлан!Әрекет ет!"

Автор: Рахметова Перида Парахатовна

Дата: 13.02.2018

Номер свидетельства: 457032


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства