Тақырыпқа байланысты көрініс, рөлдік ойындар көрсетеді
«Мінез»
Бір – бірі туралы пікір жазады
Ортаға өз ойларын жеткізеді
Мен және менің әлемім әдістемесі
ІІІ. Ой толғаныс
Тірек сөздер арқылы ойларын қорытады
Дауыл, бесік, алтын, болашақ, мектеп, ақыл, мейірім, парасат, құрмет
Бағалау.
Үйге тапсырма: Сыныптағы бір оқушыға мінездеме жазу.
Тренинг жоспары
Тақырыбы: «Баланы жазалауға бола ма?»
Мақсаты: Бала психологиясына зиянын тигізбейтіндей, тиімді
тәрбие жолдары туралы ой бөлісу.
Міндеттері: 1. Психологиялық ахуал орнығады, әр топ бір – бірімен
танысады.
2.Әр топ ситуациялық сұрақтарға жауап береді, өз
ойларын сурет арқылы қорғайды.
3. Өз ойларын топта талқылайды, қорытады.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, көрнекілік стратегиясы
І Қызығушылықты ояту
1. Танысу тренингі
Топқа бөлінеді
Өздерін таныстырады
«Баланы жазалауға бола ма?»
Әр топ өз ойларын қағаз бетіне түсіру
Өз жұмыстарын қорғау
ІІ Мағынаны тану
2. Сағат тілі тренингі
сағат суретін салады
жұптасады
сұрақ қойылады
өз ойларын айтады
12.00 – Балаңыз сабақтан «екі » алып көңілсіз, ренжіп тіпті жылап келді. Сіз кімді кіналайсыз?
15.00 – Ата – аналар жиналысында сынып жетекшісі балаңыз жөнінде келеңсіз пікірлер айтты. Сіз қандай күйде боласыз?
18.00 – Ауладағы көршілер балаңыз жөнінде көп ескертпелер айтты. Мысалы: «Менің қызымның шашынан тартты, менің баламның ойыншығын тартып алды.» - деген сияқты. Сіз қалай қабылдар едіңіз?
21.00 – Сізге ең жақсы араласып жүрген көршіңіз балаңыздың темекі тартып жүргендігін ескертті. Не істей алар едіңіз?