kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» педагогтармен тренинг

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті»

                           педагогтармен тренинг

Мақсаты: педагогикалық ұжымды жұмылдыру, мұғалімдердің шығармашылық жұмысқа деген белсенділіктерін арттыру.

Міндеттері: эмоционалдық ауыртпалықтан арылту, шығармашылық жұмысқа дайындыққа икемдеу, өзінің кәсіби рөлін сезіну, жалпы міндеттерді шешудегі педагогикалық ұжым мүшелерінің өзара әрекет дағдыларын бекіту.

Барысы:

  1. Қызығушылықты ояту

 

Психолог: Бүгінгі біздің кездесуіміз әрбіреуіңізге қызықты, әрі қажет болады деген сенімдемін. Бүгін бір – бірімізді тыңдауға, өз – өзімізге сенімді болуға, әрі өз ойымызды еркін айтуға атсалысамыз. Слайдқа назар аударайық.

Слайдтан суреттер көрсетіледі. /Мұғалім бейнесі/ Бетховеннің шығармасының әуенімен/

Енді «Мен үшін «мектеп» сөзі нені ұқтырады?» деген сұраққа жауап беріп көрейік.

Қазір мен сіздерден көп ойланбастан осы сұраққа жауап берулеріңізді өтінемін. Ойларыңызға алғаш келген жауапты беріңіздер.

Мысалы: «Мектеп мен үшін-менің кәсіби мүмкіндерімнің іске асуы».

  1. Мағынаны тану

/Музыка әуенімен көз алдымызға елестетеміз/. «Елестету» стратегиясы.

Енді көздеріңізді жұмып мектепке келген сәттеріңізді, ойларыңызды, сезімдеріңізді еске түсіруге тырысыңыздар. Жұмысқа алғаш келген күніңізде журналистер сізді суретке түсіріп алды делік, сол суреттегі өзіңізді бейнелеуге тырысыңыз.

Ал, сол журналистер сізді қазір суретке түсірсе, сіздің фото суретіңіз қалай  болар еді.

Талқылау: не өзгерді?

             ІІІ. Релаксациялық жаттығу. «Сарқырама».

      «Жайланып отырыңыз және көзіңізді жұмыңыз. 2-3рет деміңізді шығарыңыз, дем алыңыз. Өзіңізді сарқыраманың жанында тұрмын деп елестетіңіз. Бірақ бұл басқа сарқырамаларға ұқсамайтын ерекше сарқырама. Судың орынан бұл сарқырамадан жұп-жұмсақ аппақ жарық ағуда. Енді өзіңізді осы сарқыраманың астында тұрмын деп ойлаңыз және осы сарқырамадан сіздің басыңыздан төмен қарай ақ жарықтар ағып жатыр деп ойлаңыз. Өзіңіздің маңдайыңыз, ауызыңыз, бетіңіз бен  мойныңыздан ағып жатқан ақ ұлпа жарықты сезініңіз. Ақ жарық сіздің иықтарыңыз бен арқаңыздан ағып жатыр, бұл сізге өзіңізді жайлы, сергек сезінуіңізге көмектеседі. Арқаңыздан аққан ақ жарық сіздің арқаңыздағы ауыртпалықты алып кеткендей болады.

      Сонымен қатар жарық сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздан және саусақтарыңыздан ағып жатыр. Сіз өзіңіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздың жұмсақ әрі сергек болғандығын сезіндіңіз. Жарық сіздің аяқтарыңыз бен өкшеңізден ағып кетіп жатқандығын сезіндіңіз. Бұл жарық сіздің денеңіздегі қысымды өзімен бірге алып кетіп, денеңізді жұп-жұмсақ әрі сергек етуде. Сіз өзіңізді жайлы сезінудесіз, сіздің денеңіз жағымды күштер мен қуаттарға баюда».  (30секунд)

        Ал енді, сіздің бойыңызды тазартқан сарқырамаға өз алғыстарыңызды білдіріңіздер. Денеңізді тік ұстап, көзіңізді жәймен ашыңыз.

 «Күлкі – адам жанының емшісі» күлкітерапия

«Суретші»

Мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады:

  • Кеше сабақта сіздің ұлыңыз  партаға шыбынның суретін салып қойыпты.Мен оны шын екен деп қолымды ұрып алдым.
  • Сіз оны айтасыз,-дейді әкесі.Бірде ол ваннаға крокодилдің суретін салыпты.Зәрем ұшқаны сондай,тұра қашамын деп қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым.

 «Формула »

Мұғалім бір оқушыны тақтаға шығарып :

  • Судың формуласын жазып көрсет,- дейді.Ештеңе білмейтін оқушы  бір нәрсені шатпақтап жаза салды.

Мұғалім:

  • Сен не жаздың, бұл судың формуласы емес,- дейді.

Оқушы :

  • Мен лай судың формуласын жаздым,- дейді.
  • Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері. Сан алуан қосымша мамандықтарын  меңгеруде.

Қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық  жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады – ау деймін..

«Өз-өзіне деген сенімділік» жаттығуы Өзіндік анализ. Қатысушылар интерактивті тақтадағы тұжырымдарға сәйкес келесі түстерді таңдайды: 
Жасыл – иә, мен бұған сенімдімін. 
Сары – мен сенімді емеспін. 
Қызыл – бұл мен үшін мәселе. 
Талқылау: 
Егер де түстер спектірінде жасыл түс басымырақ болса –онда мұғалімдер өзіне сенімді, мақсатқа бағытталғыш тұлға. Сары түс - өзіне деген сенімділіктің жетіспеуін білдіреді. Қызыл түс – индивидуалды дамуы кедергі келтіретін мәселелер барын білдіреді және өзіңе көңіл қоюды талап етеді. 

Психолог: Мінеки ұстаздық еңбектеріңіз, қарым- қатынастарыңыз табысты, жемісті болуы үшін айтылған кеңестерге көңіл бөліп,әрқайсысымыз бұл дүниеде тек қонақ екенімізді ұмытпай сыйластықпен,жақсы қарым – қатынаста болып,кемшіліктерімізді ақылмен түзете  біліп, өз қателіктерімізді көбірек көре білсек, сонда ғана еңбектеріңіздің жемісін көріп, алға жылжисыздар.

            Егер проблемаңыз көбейсе онда жауабын тек өзіңізден іздеңіз.

 «Ең түйін сөзді мен айтамын» стратегиясы

  • Бүгін тренинг Сізге ұнады ма?
  • Қандай әсер алдыңыз?
  • Ой қосыңыз.

 «Ұстаз» туралы ән / қағазға сөзін жазып таратып, хормен айту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» педагогтармен тренинг»

Бекітемін

Күні


Тақырыбы: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті»

педагогтармен тренинг


Мақсаты: педагогикалық ұжымды жұмылдыру, мұғалімдердің шығармашылық жұмысқа деген белсенділіктерін арттыру.


Міндеттері: эмоционалдық ауыртпалықтан арылту, шығармашылық жұмысқа дайындыққа икемдеу, өзінің кәсіби рөлін сезіну, жалпы міндеттерді шешудегі педагогикалық ұжым мүшелерінің өзара әрекет дағдыларын бекіту.


Барысы:


  1. Қызығушылықты ояту


Психолог: Бүгінгі біздің кездесуіміз әрбіреуіңізге қызықты, әрі қажет болады деген сенімдемін. Бүгін бір – бірімізді тыңдауға, өз – өзімізге сенімді болуға, әрі өз ойымызды еркін айтуға атсалысамыз. Слайдқа назар аударайық.

Слайдтан суреттер көрсетіледі. /Мұғалім бейнесі/ Бетховеннің шығармасының әуенімен/

Енді «Мен үшін «мектеп» сөзі нені ұқтырады?» деген сұраққа жауап беріп көрейік.

Қазір мен сіздерден көп ойланбастан осы сұраққа жауап берулеріңізді өтінемін. Ойларыңызға алғаш келген жауапты беріңіздер.

Мысалы: «Мектеп мен үшін-менің кәсіби мүмкіндерімнің іске асуы».

  1. Мағынаны тану

/Музыка әуенімен көз алдымызға елестетеміз/. «Елестету» стратегиясы.

Енді көздеріңізді жұмып мектепке келген сәттеріңізді, ойларыңызды, сезімдеріңізді еске түсіруге тырысыңыздар. Жұмысқа алғаш келген күніңізде журналистер сізді суретке түсіріп алды делік, сол суреттегі өзіңізді бейнелеуге тырысыңыз.

Ал, сол журналистер сізді қазір суретке түсірсе, сіздің фото суретіңіз қалай болар еді.


Талқылау: не өзгерді?



ІІІ. Релаксациялық жаттығу. «Сарқырама».

«Жайланып отырыңыз және көзіңізді жұмыңыз. 2-3рет деміңізді шығарыңыз, дем алыңыз. Өзіңізді сарқыраманың жанында тұрмын деп елестетіңіз. Бірақ бұл басқа сарқырамаларға ұқсамайтын ерекше сарқырама. Судың орынан бұл сарқырамадан жұп-жұмсақ аппақ жарық ағуда. Енді өзіңізді осы сарқыраманың астында тұрмын деп ойлаңыз және осы сарқырамадан сіздің басыңыздан төмен қарай ақ жарықтар ағып жатыр деп ойлаңыз... Өзіңіздің маңдайыңыз, ауызыңыз, бетіңіз бен мойныңыздан ағып жатқан ақ ұлпа жарықты сезініңіз... Ақ жарық сіздің иықтарыңыз бен арқаңыздан ағып жатыр, бұл сізге өзіңізді жайлы, сергек сезінуіңізге көмектеседі. Арқаңыздан аққан ақ жарық сіздің арқаңыздағы ауыртпалықты алып кеткендей болады...

Сонымен қатар жарық сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздан және саусақтарыңыздан ағып жатыр. Сіз өзіңіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздың жұмсақ әрі сергек болғандығын сезіндіңіз. Жарық сіздің аяқтарыңыз бен өкшеңізден ағып кетіп жатқандығын сезіндіңіз. Бұл жарық сіздің денеңіздегі қысымды өзімен бірге алып кетіп, денеңізді жұп-жұмсақ әрі сергек етуде. Сіз өзіңізді жайлы сезінудесіз, сіздің денеңіз жағымды күштер мен қуаттарға баюда». (30секунд)

Ал енді, сіздің бойыңызды тазартқан сарқырамаға өз алғыстарыңызды білдіріңіздер. Денеңізді тік ұстап, көзіңізді жәймен ашыңыз.


«Күлкі – адам жанының емшісі» күлкітерапия


«Суретші»

Мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады:

  • Кеше сабақта сіздің ұлыңыз партаға шыбынның суретін салып қойыпты .Мен оны шын екен деп қолымды ұрып алдым.

  • Сіз оны айтасыз,-дейді әкесі.Бірде ол ваннаға крокодилдің суретін салыпты.Зәрем ұшқаны сондай ,тұра қашамын деп қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым.


«Формула »

Мұғалім бір оқушыны тақтаға шығарып :

  • Судың формуласын жазып көрсет,- дейді.Ештеңе білмейтін оқушы бір нәрсені шатпақтап жаза салды.

Мұғалім:

  • Сен не жаздың, бұл судың формуласы емес,- дейді.

Оқушы :

  • Мен лай судың формуласын жаздым,- дейді.

  • Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері. Сан алуан қосымша мамандықтарын меңгеруде.

Қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады – ау деймін.......

«Өз-өзіне деген сенімділік» жаттығуы Өзіндік анализ. Қатысушылар интерактивті тақтадағы тұжырымдарға сәйкес келесі түстерді таңдайды: 
Жасыл – иә, мен бұған сенімдімін. 
Сары – мен сенімді емеспін. 
Қызыл – бұл мен үшін мәселе. 
Талқылау: 
Егер де түстер спектірінде жасыл түс басымырақ болса –онда мұғалімдер өзіне сенімді, мақсатқа бағытталғыш тұлға. Сары түс - өзіне деген сенімділіктің жетіспеуін білдіреді. Қызыл түс – индивидуалды дамуы кедергі келтіретін мәселелер барын білдіреді және өзіңе көңіл қоюды талап етеді. 

Психолог: Мінеки ұстаздық еңбектеріңіз, қарым- қатынастарыңыз табысты , жемісті болуы үшін айтылған кеңестерге көңіл бөліп,әрқайсысымыз бұл дүниеде тек қонақ екенімізді ұмытпай сыйластықпен,жақсы қарым – қатынаста болып,кемшіліктерімізді ақылмен түзете біліп , өз қателіктерімізді көбірек көре білсек, сонда ғана еңбектеріңіздің жемісін көріп, алға жылжисыздар.

Егер проблемаңыз көбейсе онда жауабын тек өзіңізден іздеңіз.


«Ең түйін сөзді мен айтамын» стратегиясы

  • Бүгін тренинг Сізге ұнады ма?

  • Қандай әсер алдыңыз?

  • Ой қосыңыз.


«Ұстаз» туралы ән / қағазға сөзін жазып таратып, хормен айту




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Тақырыбы: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» педагогтармен тренинг

Автор: Бүркітбаева Гүлнар Бектұрғанқызы

Дата: 09.04.2017

Номер свидетельства: 407825


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства