kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таби?ат?а ??штармын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?легенова Салтанат 08.09.1992 жылы  туылдым.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таби?ат?а ??штармын»

Трениг сабақ
Тақырыбы: «Табиғатқа құштармын» 
Мақсаты: «Табиғат» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.
Міндеттері:
- «табиғат» ұғымын түсіндіру;
- Балалардың табиғатқа аялап қарым- қатынстарын дамыту;
- Табиғатты сүюге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: дәйек сөз, жазылған плакат, дәптер, стикер, маркер. 
Әдіс- тәсілдер: сұхбат, әңгіме, шығармашылқ ізденіс.
Шаттық шеңбері: 
- Сәлеметсіздер ме балалар, сендермен кездесуге қуаныштымын. Бүгінгі күн біз үшін қызықты да , қуанышты да болатынына сенемін. Махаббат періштесі баршамызды шеңберге шақырады. 
Шеңбер бойлап жүреміз,
Әр гүлге көңіл бөлеміз.
Сұлулықпен махаббатқа ,
Сеніп біз өмір сүреміз.
Әңгімелесейік
1) Қазақстан жері, табиғаты туралы не білесіңдер? 
2) Сіздер табиғат дегенді қалай түсінесіздер?
3) Неліктен табиғатты анаға теңейміз?
Балалардың жауаптары
-Қазақстан елінің табиғаты бай және ерекше. Өйткені бізде кең байтақ дала да, шалқыған өзен көлдер де, жайқалған орман да, асқар биік таулар да бар. 
- Біздің асыраушымыз Жер- ана табиғат ана, біз өзімізге қажетті нәрселерді табиғаттан аламыз. 
- Табиғат дегеніміз ? Таза ауа, ашық аспан, дәнді – дақылдар.
Шығармашылық тапсырма
Айналадағы қоршаған табиғат қандай болады? Өлі, тірі.
Балалар өлі ,тірі табиғат заттардың суретін салады. Суреттерді пайдаланып сөйлемді аяқтайды. 
1. Егер мен тау болсам, .....
2. Егер мен күн болсам,....
3. Егер мен өзен болсам, ....
4. Егер мен қыран болсам,...
Мысалы: Егер мен тау болсам, асқақ болар едім. 
Егер мен күн болсам ,шуақ нұрын төгер едім. 
Сергіту сәті:
Ойын- тренинг «Қырықаяқтың саяхаты.»
Балалар бір – бірінен соң тұрып әр түрлі орталықтарға қарай жылжиды. Бір- бірінен айырылмай қиындықта қалай көмектесетінін көрсетеді. 
Дәптермен жұмыс: 
Балаларға өздеріне ұнаған табиғат көріністерінің суретін салу ұсынылады. 
Қорытынды: - Балалар, табиғатқа қарап тамсанып бір қарандаршы: Алуан түсті сурет салып қойғандай. Осы алуан түсті көріністен ағаш та, шөп те, гүл де, өзен- көл де, тау мен тас та мен мұндалап тұрғандай.Бұлардың бәрі «табиғат» деп аталады. Осы дүниенін ішінде сендерде барсыңдар. Табиғат қандай әсем де сұлу болса, біз де соңдай әсем де сұлумыз. Осындай сұлу дүниені жаратқан -табиғат -ана.
Жүректен жүрекке.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Таби?ат?а ??штармын

Автор: Т?легенова Салтанат Ке?ес?ызы

Дата: 30.05.2016

Номер свидетельства: 331244


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства