kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Суицидтің алдын-алу жағайы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталғаны: тұтастай алғанда көп жағдайларда жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы, парықсыздық, арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімнен, өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Суицидтің алдын-алу жағайы»

«Суицидтің алдын алу жағдайы»


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, Қазақстан суицидтің саны жағынан үшінші орын алады. Әсіресе, елімізде жастар арасындағы өзін-өзі өлтіру оқиғалары кез-келген басқа елден үш есе көп дейді сарапшылар. Бірақ, отандық ресми статистика мұндай мәліметтерді жарияламайтыны белгілі. Бүгінгі күні бұл қауіпті феномен қорқынышты деңгейіне жетті, өкінішке орай, суицидке баратындардың көпшілігі 18-ге толмаған жастар. Бұл  деректердің  ар жағында қаншама адам тағдыры, отбасы қайғысы, елдің болашағы сияқты мәселелер тұр. Сондықтан да осындай теріс оқиғалардың себептерін зерттеп, салдарының алдын алу міндеті күн тәртібінен түспей келеді.

Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталғаны: тұтастай алғанда көп жағдайларда жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы, парықсыздық, арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімнен, өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді...

Өзіне-өзі қол жұмсау көбінесе көктемде, яғни адамның бас қайғысы табиғаттың гүлденуімен сәйкеспеген мезгілде, болады. Қыстың күңгір бояуы қандай да бір шамада ішкі жан дүниесінің күйзелісімен үйлесімін табады, ал керісінше көктемнің шуақты күндеріне сәйкес келмей қарама-қайшылық туындайды.

Ғалымдар өзіне-өзі қол жұмсаудың себептері мен түрткілері адамның өмірдің мәнін жоғалтуына байланысты деп санайды. Жан-дүние құлазып, кеудесі бос қалғандай аңырып қалған адам үрей мен өзін-өзі кіналауға бой алдырады. Өзін ешкімге қажетсіз сезініп, жан жарасы тереңдей түседі. Осындай түпсіз терең шыңыраудан шығудың жолы тек өмірмен қош айтысу деп түсініп, жаңылыс қадамға баратындар жиі кездеседі.

Бұл арада жақын жандарыңның күнделікті мінез-құлқында, қарым-қатынасында байқалатын өзгерістерге мән беру аса қажет. «Өзін-өзі өлтіру жөнінде шын ойлап жүрген адам өзінің осындай ойы туралы қайткенде де айналасындағы адамдарға әйтеуір бір белгі береді дейді ғалымдар (Гроллман Э. «Суицид: превенция, интервенция, поственция»). Суицид аяқ астынан пайда болмайды, ол біртіндеп, импульсивті түрде келеді. Яғни, ушығып тұрған жағдайдың күндердің күнінде шектен шығары сөзсіз.  Суицид жасағандардың 70%-ы өз мақсаттарын қандай да бір түрде білдіреді екен. Олар ашылып әңгімелескісі келеді, біреудің оны тыңдағанын қалайды. Кейбір суицидті жоспарлаған адамдар аяқ астынан достарына, туыстарына заттарын беріп, сыйлықтар үлестіре бастайды. Тіпті, өзі үшін қымбат, құнды саналатын заттарын да оңай қия салады. Не болмаса, ештеңеге мән бермей, қызығушылығы жоғалып, сүлесоқ, немқұрайды қалыпқа енеді. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай көріністер алдағы бақытсыздықтың белгісі. Осының бәрінде адаммен ашық сұхбаттасып, сырласу керек.

Жалпы, суицидті дер кезінде танып, осындай теріс жайттардың алдын алу үшін жан-жақты ақпарат беру, түсіндіру, мәселенің мәніне бойлау, талдау, сараптама жасау қажеттігі сөзсіз.

Суицидке барудың себебі неде дегенге келсек, оның ішінде, эмоциялық күйзелістер, отбасы проблемалары, қаржы тапшылығы және т.с.с. себептер бар екені анық. Сонымен бірге, өзін-өзі өлтіру – психикалық аурудың нәтижесі деп есептеу де негізсіз емес.

Өзіне-өзі қол жұмсауға оқталған балалар көбінесе ата-ана назарына және қамқорына зәру, 75% олардың ата-аналары ажырасқан немесе бөлек тұрады, көбіне балалар интернаттарда немесе асырап алған ата-аналарымен тұрады.


Суицидке кімдер бейім


  • Суицидке көбінесе келесі топтағылар бейім:


  • Алдында суицидке оқталғандар (аяқталмаған). Кейбір мәліметтерге қарағанда пайыздық көрсеткіші 30% құрайды

  • Суицидтік қорқытулар, тура немесе жасырын

  • Өзіне-өзі зиян келтіруге бейімділік (аутоагрессия)

  • Отбасында болған суицид


Өзін-өзі өлтіру идеясы туралы сөз қозғап жүрген балаларға назар аудару керек. Агрессиялық көңіл-күй, ашу-ызаға тым жиі берілу, қатыгездік, тітіркенгіштік сияқты сәттердің көп болуы оған көмек керек деген айқай іспетті. Ал, керісінше, одан оқшаулану, жақтырмай қарау теріс нәтижеге әкеп соғады, яғни, суицидті тездетеді.

Өкінішке орай, бұны көп жағдайда елеусіз қалдырамыз. Кейде адамның жанында жақын адамы болып, оған жағдайды түсіндіріп, ашық сөйлесуі жетпей жатады. Мұның бәрі суицидтік қауіп-қатердің алдын алу үшін ескерілуі тиіс.

Жасөспірімдердің эмоциялық жағдайына назар аударып, мінез-құлқын мұқият бақылап, қадағалап жүрсе, суицид белгілерін дер кезінде тануға, демек, оның алдын алуға болады деп ойлаймын. Оның ішінде күйзелістік жағдаятқа тап болуы, эмоциялық көңіл-күйі, мінезі, сырт бейнесі, құрдастарымен, достарымен қарым-қатынасына, қызығушылықтарына және т.б. назар аудару керек. Оған қоса, интернеттегі парақшасы, күнделіктері және т.с.с. бәрі анық ақпарат бере алады. Өйткені,  «Өмірінде тым болмаса бір рет өзін-өзі өлтіру туралы ойланбаған бір де бір саналы адам жоқ шығар» (У.Джеймс)

Жалпы алғанда, айналасымен қарым-қатынасы кемшін, әсіресе, аяқ астынан жалғыз қалған адам қиындыққа шыдамай, өз өмірін қиюға баруы әбден мүмкін. Яғни, суицидтік үрдістерде психологиялық факторлар жетекші орын алады.  Бала жасында ашу-ыза, үрей, жазалау, жанжалдар және т.с.с. жағымсыз жайттар көп болса, бірте-бірте суицидтік мінез-құлық басқа да проблемалармен қабаттасып, теріс оқиғаларды тездетеді. Өйткені, бала жаны сезімтал, сенгіш, көңіл-күйі ауытқымалы болып ерекшеленеді. Ата-ананың, ұстаздардың осы факторларды ескеруі өте қажет.

Жалпы, адамның жастық кезеңі ересек атану, бір кезеңнен  басқасына өту сияқты жас шамасына ғана байланысты емес, сондай-ақ бір әлеуметтік-мәдениеттік кезеңнен келесі сатыға өтуді, алдыңғысының шектеулерінен шығуды білдіреді. Сондықтан, дәл осы өтпелі кезеңде жастардың бойына ешқашан ажырағысыз мәңгілік құндылықтар дәнегін еге білу, ең алдымен, отбасының міндеті. Себебі, адамның әлеуметтенуі үдерісі дүниеге шыр етіп келген кезден басталады және оның тұлға ретінде  қалыптасуына ең басты ықпал ететін – ата-анасы, одан кейін білім беру мекемелері. Мұнда оның денсаулығы, білімі іспетті шарттарға баса назар аударымен қатар, мейірім, жанашырлық сезімдерін егу маңызды. Қоршаған ортасындағы әлеуметтік ахуал, отбасындағы психологиялық климат, ата-анасымен, ұстаздармен өзара қарым-қатынас – осның бәрі баланың бойынан көрініс табады.


Көмектесу үшін не істеуге болады?


Суицидтен құтқару тек достарының қамқоры мен қатысуынан ғана тұрмайды, сонымен бірге төнген қауіптің белгілерін тез арада аңғара білуге де байланысты. Сіздің сол қауіп туралы біліміңіз, ақпаратты меңгеруге деген ұмтылысыңыз біреудің өмірін құтқарып қалуы мүмкін.

Болатын қауіптің белгілерін іздеңіз: өзіне-өзі қол салуға әрекеттенген суицидтік қорқытулар, депрессиялар, жүріс-тұрысындағы немесе мінез-құлқындағы айырықша өзгерістер, сонымен қатар ақырғы тілек-талаптарын білдіруге әзірлену. Шарасыздық пен үміті үзілгендіктің көрініс беруін бірден байқап, жалғыздыққа ұшырап, оқшауланып қалған адам емес пе екенін анықтау керек.


Өзіне-өзі қол жұмсау сияқты маңызды мәселені жан-жақты қарастырып, шеше алатын жауап табу қиын. Бірақ егер сіз өмірден түңілген адамды түсіне біліп, оның жанын ұғына білуге тырыссаңыз, үлкен қадам жасағаныңыз. Әрі қарайғы жағдай сіздің өзара қарым-қатынасыңыздың сапасына байланысты болады. Оны тек сөзбен ғана емес, сонымен бірге вербальді емес эмпатиямен де білдіруге болады; мұндай жағдайда ақыл үйрету емес, қолдау көрсете білу тиімдірек болады.

Суицидке баратын адамдар әсіресе қатты оқшаулану сезіміне берілгіш болады. Соған байланысты олар сіздің ақыл-кеңестеріңізді қабылдауға құлықтары болмайды. Олар көбінесе өздерінің жан жарасын, уайымдарын талқылауды қажет етеді, яғни «Менде өмір сүруге тұрарлықтай ештеңе жоқ» деген сияқты сөздерімен жеткізеді. Егер адам депрессияға ұшыраған болса, онда онымен әңгімелескеннен гөрі оған өзі туралы көбірек айтқызған дұрыс болады. Сіз ол адамның жан жарасын білдіретін сөздерін, мейлі ол уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу-ыза болсын, тыңдай білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жай ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады.





Абай атындағы орта мектебі

Педагог-психолог Бекбаева Д.Д.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Суицидтің алдын-алу жағайы

Автор: Бекбаева Динара Дулатқызы

Дата: 11.04.2019

Номер свидетельства: 506794


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства