kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ситуациялы? жа?даяттар кезінде психотехниканы? ?олданылуы.»

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? жа?даяттар кезінде психотехникалы? жатты?улар орындату ар?ылу шешу. О?ушылар арасында жа?ымды ?арым-?атынас орнату.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ситуациялы? жа?даяттар кезінде психотехниканы? ?олданылуы.»»

Сабақтың тақырыбы: «Ситуациялық жағдаяттар кезінде психотехниканың қолданылуы.»

Мақсаты: Ситуациялық жағдаяттар кезінде психотехника арқылы шешу.

Міндеті:

-Қатысушының жеке тұлға ретінде өз бойындағы кемшіліктерін жоя білуге дағдыландыру.

- Оқушыларды шиеленіс жағдайдан шыға білуге,топта жұмыс істей білуге үйрету.

- Басқа адамдармен қарым-қатынасын бағалай білуге баулу.



1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Топқа бөлу.

3. Келісім шартқа отыру



Кіріспе:

Психотехника  - грек тілінен аударғанда — өнер, шеберлік деген мағына береді. — Психотехниканың бағыты - психологиядағы адамның психикасы туралы білімді еңбек іс-әрекетіне тікелей байланысты практикалық мәселелерді шешуге қолданумен шұғылданатын бағыт. Психотехника терминін 1903 ж. неміс психологі В. Штерн (1871—1938) ұсынды. Ғылым ретінде қалыптастыруға әрекеттенген Г. Мюнстерберг болды.

Эксперименталды диалог”, “диссоциырды диалог”. Бұл психотехника негізінен «Бос орындық» әдістемесі деген атпен белгілі. Негізінен аланың ішіндегі қиындықты жеңуге бағытталған болып табылады. Техника негізінен екіжақтама позициялық, яғни жәбірленуші мен агрессор арасында болады. Бұл жерде диалог клиенттің өзімен жүргізіледі, яғни клиент өзін екі жақты психологиялық позицияға қойып, ішкі шиеленісін шешуге тырысады.

Шеңбермен жүру” – бұл өте танымал психотехника қатарына жатады, бұл жұмыс негізінен топпен жүргізіледі. Мұнда бір оқушыға топқа бағытталған іс-әрекет жасауға, оларға бағытталған сөздер айтуға рұқсат етіледі және осы жерде топ мүшелерінің оның айтқан сөзіне немесе іс-қимылына жауап беруге рұқсат етіледі. Бұл әдіс оқушылардың ішінде жатқан эмоциясын шығаруға, ішкі агрессия қалыбын трақтандыруға көп мұмкіндік береді.

Техника “наоборот” (“перевертыш”) – бұл психотехниканың негізгі бағыты – оқушылардың өз мінез-құлқын бағдарлауға бағытталған психотехника болып табылады. Яғни бүл жерде оқушы өзінің позициясына қарама-қарсы іс-әрекет жасайды. Мәселен, егер ол тым жайбасар болса – ширақ қимылдауға, ширақ қимылдайтын бала – жайбасарлық іс-әрекет асауы қажет.

Экспериментальды әсірелеу – бұл техника незінде жеке жүргізуге болатын техникалардың бірі болып табылады. Мәселен оқушының бойында қиын жағдай өтіп, оны ол ұмытқысы келсе және жиналып қалған эмоцияларын шығаруға бағытталған техникалардың бірі. Бұл жерде балаға даусын қатты шығаруға, жестикуляция арқылы эмоциясын білдіруге рұқсат етіледі.

Мен оған жауаптымын” – бұл әдіс негізінен оқушының не үшін өмір сүріп жатқандығын түсіндіретін, оның өмірге, өзіне және қоршаған орта адамдарының алдындағы міндетін арттыруға бағытталған. Бұл жерде психолог сұрақтар қоятын болса, оқушы міндетті түрде ...... мен оған ауаптымын деген сөздерді қосып отырады.





Негізгі бөлім:

«Марионетка» жаттығуы.

Мақсаты: Дененің бұлшық еттерін босаңсытуға бағытталған жаттығу.

Нұсқау: Сіз өзіңізді куклка-марионетка ретінде қабылдауыңыз қажет. Ол үшін жайлы жер, қажет болғанда релаксациялық музыка қолдануға болады. Марионетке кукла секілді өзіңізді ілгішке ілінендей сезініп, біреу сізді басқарып отырғандай қимылдар жасап, қалған дене бөліктеріңізді босатуға болады.

«От пен мұз»

Мақсаты: оқушылардың өз эмоциясын дер кезінде шығарып, тез қайтуына мүмкіндік береді.

Нұсқау: Бұл жерде психотехниканы жүргізуші адам музыка қойып балаларға «от » десе олар алау секілді қимылдар жасаса, ал «мұз» дегенде сол жерде тоқтап қалуы қажет.


Ситуациялық сұрақ

Айнұр 11 сыныпта оқиды. Сабақтан келіп тестке дайындаламын деп үй жинауға уақтысы болмай қалды. Анасы жұмыстан келген соң Айнұрға үйді неге жинамадың деп ұрысты. Айнұр анасымен ренжісіп қалғанын оған үнемі ұрса беретін айтып сізден көмек сұрады

1.Сіз Айнұрға психолог ретінде қандай көмек берер едіңіз?

2. Кандай психотехниканы қолданар едіңіз?

Бес саусақ» жаттығуы.

Мақсаты: Жағымсыз әрекеттерден арылту.

Нұсқау: Ақ А4 параған алып оған өзінің бес саусағының суретін салады.

Бала: Әр суасақтың ішіне анасының жағымды қасиеттерін жазады. Ал саусақтардың сыртына жағымсыз қасиеттерін жазады.

Ана: Керісінше саусақтың ішіне баласының жағымда қасиеттерін, сыртына жағымсыз қасиеттерін жазады. Жазып болған соң парақтар бір-біріне беріледі.

Талдау: Өзіңіз жайлы жағымды қасиетті оқығанда қандай сезімде болдыңыз?

Жағымсыз қасиеттерді оқығанда қандай сезімде болдыңыз?


Ой қозғау. Мен үшін қымбат ананың деген сұраққа оқушылар

Бала деген кім? Деген сұраққа аналар өз ойларын жазады.

Мақсаты: Ана мен бала арасындағы бір – біріне деген қарым-қатынасты нығайту










А н а н ы ң

Ананың





















Б а л а

Ананың















Талдау: Аналарың жазған сөздерін оқығанда қандай көңіл күйде болдыңыздар?

Балаларыңыздың жазған сөздерін оқығанда қандай көңіл күйде болдыңыздыр?


Қорытынды:

Қатысу екі топқа ватман қағаздары таратылады. Екі топтағы қатысушылар сабақтан не ой түйгендерін және өз ой пікірлерін жазады.





Психотехника






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
«Ситуациялы? жа?даяттар кезінде психотехниканы? ?олданылуы.»

Автор: Жумабекова Гульжан Маратовна

Дата: 31.05.2016

Номер свидетельства: 331551


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства