kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Рахымжанова Перизат Саметжановна

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қыздар мен аналары арасындағы достық қарым- қатынасты нығайту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Рахымжанова Перизат Саметжановна»

Тақырыбы: 

Мақсаты:

- Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттықылық, кішіпейілділік, сұлулықт.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу;

І. Шарашы көлемінде тыныс алу

Мақсаты

1. Қарым-қатынас барысында эмоционалдық жайсыздықты тыныс алу арқылы жою.

2. Тыныс алу арқылы көңіл – күйін көтеру, алдыға ұмтылысын арттыру.

Нұсқаулық

Бұл әдістеме нәтижелі болу үшін бөлмедегі ауаны кеңейту мақсатында терезені ашамыз. Терезе ашу барысында бөлмедегі ауа тазарып, кеңейіп сергектік әсері бар екені сезіледі. Терезеге қарап, терең тыныс алып, бойымызға күн шуағымен позитивті энергия жинаймыз.

ІІ. Баяндама. «Ата-анамахаббаты»

«Қыздың жолы жіңішке», «Қызға қырық үйден тыю» деген тәсілдердің күні бүгінге дейін айтылып,мәнін жоймауы жайдан –жай емес. Осының өзі қыз бала тәрбиесінің жауапкершілігі зор екендігін аңғартады. Өйткені қазақ қызы- ұлттың абыройы. Осыны қазақ қыздары жақсы түсінуі керек. Жастайынан жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта әдептілігінен, инабаттылығынан танбасы анық. Халқымыз ерте кезден –ақ адамгершілікті, әдепті бағалай білген. Отбасы –қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазынасы –әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі өнеге көрген қыз бала қайда болсада көрегендігін көрсетеді.

ІІІ. Жағдаят

    1. Сізге мұғалім хабарласып қызыңыздың сабақта

3 күн болмағандығын хабарлады, сіз үйге келіп қызыңыздан не себепті сабаққа бармадың деп сұрағанда ол сабаққа бардым деп жауап береді. Сіздің іс-әрекетіңіз?

2. Сіз қызыңызға жұмыстан жәй шығатыныңызды ескертіп, тамақ истеп қоюды тапсырдыңыз. Сіз үйге келгенде тамақ дайын емес, қызыңыз ұялы телефонда отыр. Тіпті сіздің үйге кіргеніңізді байқамады. Сіздің іс-әрекетіңіз?


3. Түнде бәрі ұйқыда жатқан кезде қызыңыздың үйде жоқ екенін байқадыңыз.

Сізге ескертпей туған күн кешіне кетіп калды.

Сіздің іс-әрекетіңіз?

4.Үйдегі отбасылық кикілжің барысында, қызыңыз үйден қашып шығып кетті. Сіздің іс-әрекетіңіз?

5.Қызыңыз сыныптас қыздармен тіл табыса алмай, үйге жиі жылап келеді. Сіздің іс-әрекетіңіз?


VІ . Ата-аналарымен бірге би қимылдарын орындау.


VІІ. Түйіншек

Мақсаты: Ата- анамен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту. Ата-ананың балаға деген махаббатын, сүйіспеншілігін, жауапкершілігін дамыту.

Нұсқау: Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Бір-біріне жылулық танытып, қарама-қарсы отырып, қолындағы жіпті түйген сайын жылы сөздерін айтып отырады. Бала тәрбиелеудегі жүрек жылуы, жақсы сөздер арқылы мейірімді жүрекке айналуы қажет.



Анарларға психологиялық кеңес.

Анасы мен қызының арасында келіспеушілік туындауы. Қазіргі таңда көп кездесетін проблемалардың біріне айналды десек те болады. Ал, мұндай жағдай орын алса оны қалай реттеуге болады?
Аналар, қыздарын қорғау мақсатында, бір қателікке ұрынып қалмауы үшін ақылын айтып отырады, ал қыздары болса анасынан өздеріне қолдау күтіп, аналарының мұнысын өздерін түсінбейді және сынға алып отыр деп ойлайды. Осындай жағдай орын алғанда өз ара түсінісу қаншалықты қиын сияқты көрінсе де, шешудің жолдары бар екенін естеріңізге салайық.


  1. Жыныстық жетілу кезеңі басталмай тұрып жақсы ара қатынас сақтауға тырысыңыз.
    Қыздар жыныстық жетілу кезеңінде сезімге бой алдырғыш болады. Аса сезімталдық, болмашы нәрсеге ашушаңдық сияқты кез-келген сезім жоғары деңгейде болады. Егер сіз қызыңыз бен ара қатынасыңызды осы бір кезең басталмай тұрып өзара реттеп алсаңыз, оның сізге деген сенімі артып, бұл кезеңді жеңілдеу өткізеді.


  2. Бір-біріңізді тыңдап үйреніңіздер  
    Тыңдай білу – кез-келген мәселеде жақсы бір шешім жолы. Бір-біріңізді тыңдай білулеріңіз керек. Осының арқасында арадағы түсініспеушіліктер мен қате пікірлерден туындаған мәселелер өздігінен реттеледі.


  3. Эмпатия мен оның жан дүниесін ұғынуға тырысыңыз
    Эмпатия бір адамның өзін басқалардың орнына қойып, мәселеге соның көзімен қарап көру дегенді білдіреді. Өзіңізді қызыңыздың орнына қойып, ақыл-кеңестерді солай беріп көріңіз.


4. Шектен тыс бақылау жасауға тырыспаңыз 
Мақсатыңыз қызыңызды қорғау болса да, тек сіздің қалауыңызды орындап, сіздің көзқарастарыңыз бен пікірлеріңізге қосылуын күтпеңіз. Қателік жасамастан, жасаған қателіктерінен өзі сабақ алмастан оның қате екенін ұғыну әрдайым мүмкін емес. Кейбір нәрселерді бастан кешіріп, қателік жасап жүріп үйренуіне мүмкіндік беріп, қандай жағдай болмасын өз қолдауыңызды көрсетіп, қасынан табылуға тырысыңыз.


5. Араңыздағы өз ара құрметті сақтаңыз
Қызыңыз сіздің көңіліңізге келетін жаман сөз айтып, ауыр сөйлегенін өзіңіз қалай қаламасаңыз қызыңызға да солай айтудан аулақ болыңыз. Мұндай сөздер айту арадағы шиеленісті одан сайын арттырып, қызыңыздың сізден алыстауына апарып соғады.


6. Сыртқа шығатын және келетін уақыты туралы өз ара келісіп алыңыздар
Әрбір бойжеткен өзінің достарымен уақыт өткізуді қалайды. Кіммен, қайда, не істеп жүргенін білсеңіз жеткілікті, белгілі бір шекарадан аспай басқасына араласа бермеңіз. Көңіліне келмейтіндей түсінікті тілмен үйден ерте шығып не кешкелуін қаламайтыныңызды, сіздің шешіміңізге құрмет пен қараса сіз де оған құрметпен қарайтыныңызды білдіріңіз.


7. Бір-біріңізді демеп қолдау көрсетіңіздер 
Егер сіздің пікіріңіз бен санаспай қателікке ұрынып жатса одан сайын қарсылық көрсетпеңіз. Болған нәрсе болды бояуы сіңді дегендей енді оны өзгерте алмассыз. Қателескенін өзі де түсінетін болады. Сіз тек оған алдын-ала ескерткеніңізді, егер сіздің сөзіңізге құлақ асқанда осындай нәтиже болмас еді, бірақ соған қарамастан сіз оған қолдау көрсететініңізді айтыңыз. Қызыңызға ешнәрсеге қарамастан өзі сенім арта алатын анасы бар екенін сезініп ұғынуына жолашыңыз.


8. Басқалармен салыстырмаңыз
Біреуді өзіне үлгі етіп көрсетуді, тек қыздар емес, негізінде кез-келген адам қаламайды. Түсіністік танытуыңызды қажет ететін мәселелердің бірі осы. Жолдасыңыз сізге біреуді үлгі етіп салыстыруын өзіңіз қалай қаламасаңыз, қызыңызға да мұны жасауға өзіңізге жол бермеңіз.


9. Қол жұмсамаңыз
Қызыңызға қол жұмсау дегенді тіпті соңғы бір әрекет ретінде де ойламаңыз. Егер осылай ша қызыңызға ақыл кіреді деп ойласаңыз өкінішке орай қателесесіз. Бұл әрекетіңіз оған психологиялық травма әкеліп қана қоймай, сізден алыстап, тіпті үйден кетіп қалуына да апарып соғуы мүмкін.

10.«Жұрт не дейді»
Кез-келген оңтайлы сәтте осы бір сөзді қолданып қалуға тырыспай, керісінше мүлде ойдан шығарып тастаңыз. Аналардың көбісі басқалар не ойлайды деген ойды өз пікірінен де жоғары қояды. Егер сіз бір нәрсені дұрыс деп қабылдасаңыз, басқалардың не ойлайтыны сіз үшін маңызды болмау керек. Өзіңізге ұнамайтын тұстарды сізге ұнамайтынын айтып, басқалар не ойлайды, жұрт не дейді деген сияқты әңгімелерді қозғамаңыз.



Постер қорғау. «Мен қызымнан не күтемін»

«Мен анамнан не күтемін» .

Мақсаты: Өз ойын еркін жеткізу.


Қорытындылау.

Тәрбиенің көзі-әдеп сақтап, инабаттылық таныту.Қыз бала сән қумай-ақ, ашық-шашық киінбей, жүріс-тұрысына мән берсе, сыпайы сөйлеп, баяу үнімен –ақ, жібектей көркем мінезімен талай жігіттің арманы бола алады. «Қыз қылығымен көрікті» деген аталы сөз бекер айтылмаса керек.






0




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Рахымжанова Перизат Саметжановна

Автор: Рахымжанова Перизат Саметжановна

Дата: 09.01.2020

Номер свидетельства: 534921


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства