kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Пандемия жарияланған кезде колледж студенттері мен ата-аналарына арналған кеңестер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пандемия жарияланған кезіндегі ата-аналар мен жасөспірімдерге арналған кеңестер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Пандемия жарияланған кезде колледж студенттері мен ата-аналарына арналған кеңестер»

ПСИХОЛОГТЫҢ КЕҢЕСІ


Пандемия жарияланған кезіндегі колледж студенттері мен ата-аналарына арналған кеңестер










Коронавирусқа байланысты карантин кезінде үйде отырған жасөспірімдердің ата-аналарына арналған психологтың кеңестері










Коронавирусқа байланысты мазасыздықты сезінетін жасөспірімдерге арналған ұсыныстар








Уақытша қашықтықтан оқытылатын балалардың

ата-аналарынаұсыныстар









Құрастырған: Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің педагог-психологы У.Джакубаева


Балаңызбен бірге кез-келген қандай да бір нақты мазмұнды іс-әрекетпен айналысыңыз, қандай да бір тағам әзірдеңіздер. Бірге ойыншық жасаңыздар, бірлесіп сурет салыңыздар, біраз тағам дайындаңыз. Бала ата-анасының қасында болған кезде және олар бірлесіп бір нәрсе жасаса, бұл қобалжуды тоқтатады.

Бұл уақытты балаңыз екеулеріңіз бір-біріңізді жақсырақ тану үшін

пайдалануға тырысыңыз. Спорттық жаттығуларды бірге жасауға болады.

Үйреншікті өмір тәртібін сақтау маңызды, өйтпеген жағдайда баланың

бұрынғы тәртіпке оралуы қиынға соғады.

Әдеттегі күн тәртібін сақтаңыз (колледждгідей сабақтар ұйымдастырыңыз, «үзілістер» ұйымдастырыңыз).

Егер бала вирус туралы алаңдаса және сұрақтар қойса, сізге шамамен мынаны айту керек: «Егер барлық ережелерді сақтаса (қол, бет жуу, қажет болғанда – көшеден келгеннен кейін, дәретханадан кейін, тамақтанар алдында; бөлмені желдетіңіз; көшеде қолғап кию; күн тәртібін орындау; уақытында ұйықтау; дәрумендер ішу; қалыпты тамақтану және т.б.), сонда бәрі сау болады! ».

Жауаптарды нақты ұсыныстарға аудару маңызды.

Қолды үнемі жууға мәжбүрлеудің қажеті жоқ, тек қана қажет болған кезде ғана, әйтпесе бұл беймазалыққа әкелуі мүмкін.

Егер бала ауырып қалудан қатты қорқатын болса, оған: «Микробтар әр уақытта бар. Бірақ егерде біз қалыпты өмір салтын ұстанатын болсақ: бөлмені желдетіп, жаттығулар жасап, дәрумендер ішіп және т.б. барлық ережелерді сақтасақ, сонда бәрі сау болады! Әрине, адам ауырып қалуы мүмкін, бірақ содан кейін ол сауығып кетеді. Сенің (немесе менің) қалай ауырғандығын, тұмауданғанын есіңде ғой, содан кейін сен жазылып кеттің, мен жазылып кеттім. Ережелерді сақтау маңызды» деп айту қажет

Пандемия жарияланған кезіндегі

ата-аналарға арналған кеңестер











Қазіргі жағдайда көптеген мектеп оқушылары мен студенттер үйінде.Карантин. Мектептер мен университеттер жұмысын тоқтатты. Жағдай мынадай: шыныменде үйден азырақ шығып, ұсыныстарды орындаған дұрыс; сіздің балаларыңыз, әсіресе олар жасөспірімдер болса, көшеге асығады, олар бұл уақытты достарымен кездесуге пайдаланғысы келеді. Оларға бұл жоспарланбаған демалыстарды үйде өткізу өте өкінішті болып көрінеді және олардың көзқарастары бойынша бұл уақытты әлдеқайда жағымды және пайдалы қолдануға болатын сияқты.

Жасөспіріммен сөйлесіп, бұл «демалыс» не үшін пайда болғанын түсіндіріңіз. Өзінен оқығанын, естігенін, осы вирус туралы оның қандайда бір қорқынышының болуы, және пандемиялық жағдай туралы не ойлайтынын сұраңыз. Егер жасөспірімде қандай-да бір қорқыныш болса, онымен неден қорқатындығын талқылаңыз. Бірақ бұл әңгімеде жасөспірімді қорқытып алмау және егер сізде қорқыныш пен уайым бар болса, оны жасөспірімнің қорқыныштарын ұлғайтып алмас үшін оған таратпау маңызды. Жасөспірімнің қорқынышына оған түсінікті қарапайым ақпаратпен қарастыруға болады: вирустар әрқашан бар, жыл сайын дерлік тұмау эпидемиясы болады, республиканың кейбір аймақтарында карантинге мектептер мен сыныптар жабылған кезде, адамдар ауырады,басым көпшілігі салдарсыз қалпына келеді.

Жасөспірімнің назарын гигиенаны сақтау ережелеріне аудартыңыз(қолдыжуу,жуыну,қолға арналған дезинфекциялық заттарды қолдану,көшеде қолғап кию,телефонды және басқа гаджеттерді дымқыл майлықтармен сүрту).

Балаңызға қысым жасамаңыз, оның әр қадамын бақыламаңыз, қолды жуу керектігін есіне жүз рет салмаңыз–бұл жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін:

1)мысалы,наразылық реакциясын тудырады, қақтығыстарға әкеледі,жасөспірім сізді тыңдаудан қалады,сіз айтқан кез-келген ақпартты, тіпті ең маңызды ақпараттыда елемейтін болады;

2)егер жасөспірім сезімтал, қобалжулы болса, бұл оның мазасыздық деңгейін қатты жоғарылауына әкеледі, ол қолды жууға, гаджеттердің тазаланғандығын тексеруге және т.б. шоғырланады, және бұл ығыр қылатын ойлармен әрекеттерге немесе мазасыздықтың басқа түрлерінің пайда болуына әкелуі мүмкін.

—Жасөспірімге гигиена ережелері мен басқада қажетті ережелер-бұл ол үшін маңызды адамдардың мысалы,оның достары немесе әйгілі блогерлер, музыканттардың жасайтындығын және қадағалайтындығын көрсетіңіз. Олардың үлгісі жасөспірім үшін не істеу керек және не істемеу керектігі туралы түсінігі ата-аналардың айтқанынан қарағанда маңызды болуы мүмкін.

Карантин кезінде күннің әдеттегі тәртібін сақтаумаңызды, әйтпесе жасөспірімге карантин аяқталған кезде оқу тәртібі мен ырғағына оралу қиынға соғады. Жасөспірімнің әдеттегі уақытта тұрып, жатуы, күннің көп бөлігінде ұйықтамауы өте маңызды.



Коронавирусқа байланысты карантин кезінде үйде отырған жасөспірімдердің ата-аналарына арналған психологтың кеңестері (1)







Жасөспіріммен күтпеген демалыс кезінде не істей алатынын талқылаңыз.

Сізге қажет және жасағыңыз келетін нәрсенің тізімін жасаңыз. Қажет болған жағдайда, айналысатын істердің тізіміне емтиханға дайындық, Skype бойынша репетиторлармен сабақ, физикалық жаттығулар (жаттығулар немесе үйде жасауға болатын басқа да спорттық жаттығулар) және үй жұмыстарының міндеттері кіруі мүмкін. Қажет болса, тізімге достарымен байланыс орнату үшін гаджеттерді, фильмдерді, компьютерлік ойындарды, музыканы және т.б. қосуға болады. Мүмкін сіздің балаңыз бірнәрсе үйренгісі келетін шығар, мысалы, гитарада ойнауды немесе бейнелерді түсіріп, өңдеуді. Мұны ғаламторда салынған сабақтардың көмегі арқылы үйренуге болады. Күн құрылымды болуы үшін жоспарды тәулікке арнап құрастырған жақсы болар еді. Күнді құрылымдау өмір сүруді мағыналы етеді, сізге және сіздің балаларыңызға сіздің не істегеніңіз, күнішінде немен айналысқандығыңыз, өзіңізді не үшін мақтауға болатындығын және немен қуанта алатындығыңыз түсінікті.

Егер үйде бірнеше адам болса, әркім өз ісімен айналысатын кезде, автономды өмір сүруге уақыт бар болуы керек. Жалғыз болу бірге болудан да маңызды емес.

Егер сіз және сіздің балаңыз үйде болса, сіз осы уақытты бір-біріңізбен көбірек сөйлесу үшін пайдалана аласыз. Жасөспіріммен сізбен бірге немен айналысқысы келетіндігін, бірлескен іс ретінде не ұсына алатындығын талқылаңыз. Мүмкін сіздер бірге қандайда бір кино немесе сериалды бірге көрерсіздер немесе қандайда бір кітап оқып, тыңдап, содан кейін бірге талқылайсыздар. Мүмкін,сіз бірге жаңа қызықты тағам дайындайтын шығарсыздар. Немесе қызықты тақта ойынын ойнаңыздар. Немесе шын жүректен сөйлесіңіздер, жағымды нәрсені, бірлескен жағымды істі еске түсіріңіз. Мұндай байланыс өте қатты жақындастырады, тіпті қиын кезеңдерде де шыдауға көмектеседі

Коронавирусқа байланысты карантин кезінде үйде отырған жасөспірімдердің ата-аналарына арналған психологтың кеңестері(2)







(Қорқыныш жағдайлары бойынша әлемдегі жетекші сарапшылардың бірі Роберт Лихидің ұсыныстарына сүйене отырып)

Соңғы бірнеше күнде өмір біршама өзгерді, мектептер қашықтан білім беруді енгізуде, ата-аналар үйде жұмыс істейді, достармен шынайы жүзбе-жүз көрісу қиын. Мұндай жағдайда қиыншылықтар туралы ойланудың орнына, бар мүмкіндіктерге назар аударуға тырысу өте маңызды. Мұндай тәсілді оптимизм деп атауға болады. Төменде көңіл-күйіңізді жоғалтпауға және алаңдаушылыққа бой алдырмауға және сонымен қатар бірге жағдайды байыпты қабылдауға көмектесетін бірнеше кеңестер берілген.

0-ден19 жасқа дейін ауыру ықтималдығы өте аз. Балалар мен жасөспірімдер дерлік коронавирусқа шалдықпайды немесе оны өте жеңіл түрде өткереді.

Осыған қарамастан, жұқтыру ықтималдығын одан әрі төмендетуге көмектесетін процедуралар бар: көшеден кейін, тамақтанар алдында қолыңызды жуыңыз, егер сізде бар болса тырнақтарыңызды тістеу әдетінен аулақ болыңыз (сайып келгенде, қазір мотивация бар)–вирус адам ағзасына көбінесе қолдар арқылы түседі; кемдегенде 7,5 сағат ұйықтау; жақсы тамақтану; физикалық жаттығулар жасау (мұның бәріи ммундық жүйені сақтауға және нығайтуға көмектеседі).

Өздігінен оқшаулау режимін сақтау өте маңызды. Ия, сіз үйде отыруыңыз керек, мектепке бармауыңыз керек, достарыңызбен кездеспеуіңіз керек. Іш пыстырарлық...,бірақ қазір апокалипсис келмейтінін түсіну өте маңызды, өйткені біз оны зомби туралы фильмдерден білеміз; керісінше, бізден көп адамға ауру жұқпас үшін үйден аз шығуды сұрайды. Мысалы, Қытайда бұған өте байыппен қараған адамдар, науқастардың барлығы дерлік сауығып кетті, инфекцияның жаңа жағдайлары жоқ. Енді біз шыдамдылық танытуымыз керек.

Егер сіз күннің көп бөлігінде барлық жаңалықтарды бақылайтын болсаңыз, бұл сіздің алаңдаушылығыңыз бен қорқынышыңызды күшейтеді. Тактиканы өзгерткен дұрыс, сіздің ата-анаңыз көп сенім артатын 1–2 ресурсты таңдап, бұл жаңалыққа таңертең 10минут және кешке 10минут бөлген дұрыс.

Мазасыздықты емдеудің ең жақсы әдістерінің бірі–әзіл. Көптеген балалар өздерінің оқшаулану жағдайларын бастан өткергені туралы бейнелер мен әндерді жүктей бастады. Мүмкін сенде бұл жағдайға осы жағынан қарайтын шығарсыз?

Егер сізді мазалаған ойлар үнемі сізге шабуыл жасаса, мазасызданудың қауіпті емес екенін ұмытпаңыз, әр мазасыз ой туралы ойланудың қажеті жоқ. Оларды аспанда жүзіп жүрген бұлттар сияқты елестетіңіз және әлдеқайда жағымды және маңызды өз жүмыстарына зейін қоюға тырысып көр.

Коронавирусқа байланысты мазасыздықты сезінетін

жасөспірімдерге арналған ұсыныстар







Тәуліктің әдеттегі тәртібі мен ырғағын сақтаңыз (ұйқы мен ояну уақыты, сабақтың басталу уақыты, ұзақтығы, «үзілістер» және т.б.). Режимдегі кенеттен өзгерістер баланың бейімделу қабілеттерінің айтарлықтай өзгеруіне әкелуі мүмкін және шамадан тыс шиеленіс пен стреске әкелуі мүмкін.
Болып жатқан жағдайға сабырлы, барабар және сыни көзқараспен қарауға тырысыңыз. Баланың эмоционалды жағдайы ересек адамның жағдайына тікелей байланысты. Басқа елдерден келген ата-аналардың тәжірибесі көрсеткендей, оқшаулау режиміне бейімделуге біраз уақыт кетеді және бұл қалыпты процесс. Пандемия және оның қауіп-қатері туралы ұзақ пікірталастарға араласпаңыз. Сабырлы және ұстамды болыңыз. Балалардың вирус туралы сұрақтарына жауап беруден бас тартпаңыз, бірақ интернеттегі «сұмдықтардың» егжей-тегжейлерін айтпаңыз.
Балаларға қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша колледждің ұсыныстарын түсінуге тырысыңыз. Топ кураторы мен колледж әкімшілігінің ресми ақпаратын басшылыққа алыңыз. Колледжде онлайн режимінде сабақтарды ұйымдастыруға уақыт қажет. Ата-аналарға да, мұғалімдерге де қашықтықтан оқытуға көмектесетін бірқатар ресурстар бар (платонус ( ZOOM), және т.б.). Көптеген ата-аналар бұл платформаларды қазірдің өзінде қолданады, өйткені олар білім беру бағдарламаларына байланысты.


Уақытша қашықтықтан оқытылатын балалардың

ата-аналарына ұсыныстар






Балаңызға қашықтықтан оқытуды тартымды етіңіз. Олардың кейбіреуін бірге «игеруге» тырысыңыз: мысалы, сіз балаңызға сұрақтар қойып, пікірталасқа қатыса аласыз, содан кейін сабақ қызықты, танымдық ойын сабағына айналады. Осылайша, балалар неғұрлым ынталы болады, ал ата-аналар оларды жақсы біледі және түсінеді.

Жаңалықтардан және әлеуметтік желілердегі ақпараттар ағынын азайтуға тырысыңыз. Ағымдағы оқиғалардан хабардар болу үшін бір жаңалықтар көзін таңдап, оған күніне 1-2 реттен көп емес кіру жеткілікті (мысалы, таңертең - таңертеңгі істерден, рәсімдерден кейін6 біраз уақыт ақпараттардан демалу керек, ұйқыға дейін 2 сағат бұрын ақпарат көзднерін бір шолып шығыңыз). Бұл тыныштықты сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар отбасымен және достарымен үнемі байланыста болу керек. Сөйлесулерде коронавирусқа және басқа да алаңдатарлық оқиғаларға арналған тақырыптарға көңіл аудармауға тырысыңыз.

Балаңызға әлеуметтік желілерден аулақ болуға кеңес беріңіз. Олар «ақпараттық шу», кейде дұрыс емес ақпаратпен толтырылады. Бір мессенджерді таңдаңыз (мысалы, Telegram, WhatsApp, ) және сол жерде маңызды корреспонденцияны жіберуге тырысыңыз. Әлемдегі ағымдағы жағдайды талқылау үшін чаттарға жиі кіруден аулақ болыңыз. Ол жерге күніне 1-2 рет кіру жеткілікті. Жедел хабар алмасу операторларындағы кез-келген чатты үнсіз режимге қойып, қажет болған жағдайда ғана оқуға болады.
Баланың өз бетінше әрекет ету кезеңдерін ұйымдастырыңыз. Оған үнемі көңіл аударудың, көңілін көтерудің қажеті жоқ. Сонымен қатар, бұрыннан кешіктірілген күнделікті іс-шараларға балаңызды қосыңыз. Басты идея үйде болу - «жаза» емес, жаңа дағдыларды игеру, білім алу ресурстарын пайдалану және қызықты нәрселермен айналысу.

Балаңызға виртуалды конкурстар мен басқа да жағымды іс-шаралар идеяларын айтыңыз. Оларды сыныптастар мен достар арасында сөйлесуге өткізуге болады. Жасөспірімдерге өздерінің жеке блогтарын ашып қызықты тақырыпта (спорт, музыка, фильмдер, тамақ дайындау) қызықтыруға шақырады.

Денсаулықтарыңыз мықты болсын! Ауырмаңыздар,аман болыңыздар!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Пандемия жарияланған кезде колледж студенттері мен ата-аналарына арналған кеңестер

Автор: Джакубаева Улжанат Авелкановна

Дата: 15.04.2020

Номер свидетельства: 546808


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства