kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?зін- ?зі тану» п?нін о?ыту ар?ылы о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін дамыту жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

«?зін-?зі тану» п?ні саба?тарыны? ерекшелігі – о?ушыларды? ?немі ?арым-?атынаста болатынды?ы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?зін- ?зі тану» п?нін о?ыту ар?ылы о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін дамыту жолдары»

Бижанова Ж.А

ММИ «Мұрагер» педогог- психолог

«Өзін- өзі тану» пәнін оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары


Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуы, индустрияның қарықтап өсуі, әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруы кезеңіндегі ұлттық мәдени – тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға қоғамның сұранысының өсуі білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттілігін алға тартады.

Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз ететін – білім саласы. Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын, бір тума ойлау қабілеті мен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы оқушылардың шығармашылық әрекеті ғылыми – педагогикалық проблема ретінде едәуір зерттелген. Оқушылар бойында «шығармашылық әрекет тәжірибелерін» қалыптастыру қажеттілігі туралы 80 жылдары – ақ И.Я. Лернер жазған болатын. Қазақстанда шығармашылықтың дамуы жөнінде арнайы зерттеу жұмысын жүргізген психолог – ғалымдар Т. Тәжібаев, Ж. Аймауытов, В.К. Шабельников, Н. Палагина, Қ.Р. Рахымбаев, М.О. Резванцева, С. Қ. Бердібаева, Б. Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады. «Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын, әйтеуір бірдеме істеуі керек. Ештеңемен айналыспаған адамның жан дүниесі жөнді жетілмейді.» Ж.Аймауытовтың бұл пікірі белгілі психолог А.Н. Леонтьевтің адам психологиясы тек іс – әрекет үстінде дамып отырады дейтін қағидасына жақын тұжырым деп есептейміз. Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, оқушы шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар» үлкен рөл атқарады. «Шығармашылық тапсырмалар» атауы педагогикада белгілі, екі құрамдас бөліктен тұрады. Шығармашылықты, біріншіден, оқушылар дербес, өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады, ал екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек адамның қатысуы қарастырылады.

Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.

Осы орайда « Өзін - өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциялының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез - құлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан - жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған.

«Әр бала керемет рухани күш иесі.Ол шетсіз шексіздікті танып білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде ақ пайда болады. Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі», деп белгілі педагог Ш.Амонашвили айтқандай мұғалім шеберлігі мен білімділігі «Өзін- өзі тану» пәнінің құндылығы мен маңыздылығын аша түседі.

«Өзін-өзі тану» пәні сабақтарының ерекшелігі – оқушылардың үнемі қарым-қатынаста болатындығы. Оқушылар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, көзқарасы, кез-келген іс-әрекетке қарсы ойын немесе пікірін білдіре алады. Өзін-өзі тану бұл тек өзі туралы біліп қана қою емес, қоғамдық-қатынастар жүйесіндегі, адамдар арасындағы өз орнын таба білу, өзін тұлға ретінде сезіну. Бірлескен шығармашылық әрекет оқушылардың ынтымақтастық, шыдамдылық, елгезектік өз пікірін айта білу және өзінің пікірін сыйлау сияқты қасиеттерді сезінеді, өзіне сенімділік қалыптасып, өз қабілетіне және шығармашылық мүмкіндігіне сенімі нығаяды. Бірлескен шығармашылық әрекет балаға да, үлкен адамға да тақырыпты тереңірек түсінуге, бір-біріне сенуге, бір-біріне құрметпен, қамқорлықпен қатынас жасауға көмектеседі. «Өзін-өзі тану» пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталуын, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері мынадай:

• Адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;

• Оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;

• Қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Сондықтан күнделікті өмірде қоршаған ортамен қарым-қатынаста бола отырып, әлемге деген сүйіспеншілікке, мейірімділікке, сыйлауға әдеттенуді қажет деп қабылдауын көрдік.

Оқушылардың белсенділігімен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын.

Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс. Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағытталуы керек. Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үлесуі керек. Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу. Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру қажет.

Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өсуіне жол бермеу адамың рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып танылады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Шығармашылық – бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл санасында, іс -әрекетінде, ішкі жан дүниесінде шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процесс белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық процестерді табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына, айналысатын ісіне байланысты.

Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері бар. Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау; Арнайы бір тақырыпқа пікірталас тудыру; Шығарма шағын әңгіме құру; Сөз жұмбақ құру, шешу; Қиялдау арқылы сурет салу;

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып тілін байыту қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқылу талаптарына сай болып келу қажет. Бұл аталған талаптармен бірге мұғалім күнделікті өтілетін әрбір сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс. Осындай талаптардың орынды атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады.

Өзін-өзі тану мұғалімі қызметінің құндылық бағдары оқушыларға білім алуға, даналықты, адамзаттың мәдени жетістіктерін игеруге, қоғамның барлық мүшелерімен өзара түсіністікпен, жағымды қарым-қатынастар жасауды үйренуге мүмкіндіктер туғызады.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда К.К Платоновтың «Шығармашылық қабілетін зерттеу» әдістемесін қолдану арқылы жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Мұғалім әрбір оқушының ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың қоршаған ортада өзінің тұлғалық «Менін» жете түсінуіне көмектеседі. Ол дайын білімдерді жеткізуші емес, балалардың өмірдегі маңызды іскерліктері мен дағдыларын игеруге жетелейтін өзін-өзі тану үрдісінің жетекшісі. Ол балалармен бірге ойланады, жаңалықтар ашады, дауларды шешеді, таңданады, күмәнданады, бірлестік әрекеттерде қызығушылықпен өмірдің ақиқатына көз жеткізеді, сыныпта жағымды жағдай туғызады.

Қорыта айтқанда оқушылардың шығармашылығын танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашыл ой - өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Антология гуманной педагогики: Серия.- М.: Изд. Дом Шалвы Амонашвили, 2000.

2. Назарбаева С.А. Ұстаздан ұлағат.-Алматы: Атамұра, 2000.-40 б.

3. Назарбаева С.А. Самопознание и гармоничное развитие человека//Самопознание (теория, практика, поиск новых парадигм). Материалы республиканских научно-практических семинаров по нравственно-духовному образованию. Вып.1.-Алматы, 2003.-116 с.

4. «Өзін - өзі тану» әдістемелік нұсқаулар.

5. Платонов К.К «Психологический практикум» М 1980 ж. 165 ст

6. Сейтақов А. Ақиқатты тани біл (Ғибрат толғамдары): V кітап/ Қурастырушы – Алматы, 2004.-320 б



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«?зін- ?зі тану» п?нін о?ыту ар?ылы о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін дамыту жолдары

Автор: Бижанова Жибек Алибековна

Дата: 18.05.2016

Номер свидетельства: 328108


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства