kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?зі?ді таны?анда ?ана ?зінді білесі?

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а саба?ты? та?ырыбы туралы ма?л?мат беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?зі?ді таны?анда ?ана ?зінді білесі?»

Павлодар облысы Павлодар қаласы

Қ. Бекқожин атындағы № 12 жалпы орта білім беру мектебі

Мектеп психологі Жунусова Жанара Кабылкаковна


Тақырыбы: «Өзіңді танығанда ғана өзгені білесің»

Сынып: 4

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға сабақтың тақырыбы туралы мағлұмат беру. Жалпы құндылықтар арқылы адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету

Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше ізденіп, түйін жасау және сөйлеу, ойлау әрекеттерін дамыта отырып, шығармашылық тұлға ретінде дамуына ықпал жасау.

Тәрбиелік: оқушыларға елін, жерін сүю үшін өз бойындағы адами құндылықтарын жоғалтпай, қоршаған ортамен үйлесімділік табуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, тыныштық сәті, әңгімелесу, талқылау жаттығулары, ойын.

Сабақтың жабдықталуы: проектор, музыкалық сүйемелдеу, дәптер, қалам, қарындаштар


Сабақтын барысы

1. Қызығушылықтарын ояту

«Өзіңді танығанда ғана өзгені білесің» (А.Пивен)

Психологтің сөзі: Адам өзін-өзі танып, қабылдай білсе, істеген іс-әрекеттерін бағалай алса, сонымен қатар өз бойындағы адами құндылықтарын жоғалтпаса, біздің өміріміз қоршаған ортамен қызықты болар еді. Өмірімізде қызыққа толы ғажайыптар көбірек болатын еді. Денсаулығымыз жақсарып, басқа адамдармен қарым-қатынасымыз нығая түсетін еді. Біз өзімізді шығармашылық тұлға ретінде қалыптастырған болған едік. Осының барлығы біздің әсер етуімізсіз-ақ болатын еді.


2. Тренинг сабағының ережелерін қайталау: әр қатысушы сабаққа белсенді қатысады, басқаның пікірін тыңдайды, бір-біріне сенеді және сөзін бөлмейді, талқыланған мәселе осы бөлмеден әрі шығарылмайды.


3. Тыныштық сәті: «Су асты патшалығына ойша саяхат»


4. Мәтінмен жұмыс

А)Аңыз әңгіме: «Гүлдің сыры»

Бір күні хан бақты аралап жүрген кезінде қурап бара жатқан талдарды, бұталарды және гүлдерді байқайды. Таңдаған хан еменге қарап мән-жайды сұрайды, сонда емен айтады: «мен қарағай секілді ұзын бола алмадым, сол себепті мен құса болып құрап бара жатырмын» - дейді. Хан қарағайға қарап еді ол: «жүзім ағаштары сияқты жеміс бере алмағандығымнан қурап бара жатырмын»- деді. Ал, жүзім ағашы болса өзінің раушан гүл сияқты құлпыра алмайтындығына өкінді. Тек бір ғана ырғай гүлі жайқалып өсіп тұрды. Таң-тамаша болған ханға ырғай гүлінің айтқаны: «Сен мені отырғызған кезде менен ырғай гүлінің өскенін қаладың. Сен егер менің орныма еменді, қарағайды, раушан гүлін өсіргің келсе, соларды отырғызушы едің. Сондықтан мен өзімнің ырғай гүлінен басқа ешкім бола алмайтынымды білгендіктен мені отырғызған адам маған қарап ләззат алсын деп, әдемі болып гүлдеуге тырыстым»- дейді.

Ә)Мәтінге сұрақ:

- Гүлдердің әңгімесінен нені түсіндіңдер?

- Қандай өсімдік өз ризашылығын білдірді?

- Сен осы өсімдіктердің орнында болсаң не істер едің?


Б) Ой қозғау

Әрбір адамның, яғни сіздің бұл өмірге келуіңіз кездейсоқ емес, демек әлемге сіз керексіз, әйтпесе сіздің орныңызға басқа адам келер еді. Әр адам өмірге келген соң өзіне лайықты міндеттелген борышын атқаруы тиіс. Не үшін сіз басқа адам сияқты болуыңыз керек, басқа біреуге еліктеуіңіз керек? Сіз бұл өмірге өз үлесіңізді қосу үшін келдіңіз және бұл сіздің ғана қолыңыздан келеді. Өзіңізге мұқият қараңыз, сіз сияқты адам бұл өмірде жоқ екенін байқайсыз. Сондықтан басқа адам болудың қажеті жоқ. Демек, адам өзі ғана өз өміріне қуаныш, жарық нұр сыйлай алады.


5. Жаттығу: «Шоколад»

3 оқушы шығып мына шоколадтардың ішінен өзіне ұнағанын таңдап алсын (1 шоколад өте әдемі қызғылт қағазға оралған, 2 шоколад орташа қағазға оралған, 3 шоколад жай дәптер бетіне оралған)

1-ші жылтыр қағаз ішінен пластелин, 2- жарты шоколад, 3- бүтін шоколад шығады.

Сұрақтар: - Балалар, қағазды ашпай тұрып не ойладыңыздар?

- Ашқан соң қандай сезімде болдыңыздар?

- Бұл жаттығудан қандай қорытынды шығарамыз?


- Әрине, бұл жаттығу арқылы өмірде кездесетін әдімі мен жылтырлағанның бәрі бағалы нәрсе емес екендігіне көзімізді жеткіздік. «Жылтырлағанның бәрі алтын емес» деген мақал да осыны мензейді.

6. Тақырыппен жұмыс. Өзіндік талдау: «Мен кіммін? Мен қандаймын?»

- Өздерін байқаған боларсыңдар, сендер әртүрлі адамдармен өздеріңді әртүрлі ұстайсыңдар. Кім өзін жақсы біледі? Сендерге өздеріңде түгелі ұнай ма? Басқалардан бізде қандай айырмашылығымыз бар? Өзіңді білу керек пе?

- Ендіше үш сөйлемге жазбаша жауап беріңдер.

- Менің ойымша, мен....

- Басқалардың ойынша, мен...

- Мен.... болғым келеді.

(әр сөйлемге тақтадан 5-10 анықтама сөздер таңдап, жазу)

«көрікті, әлсіз, әділ, дөрекі, мақтаншақ, еңбекқор, ұялшақ, батыл, сараң, айлакер, шыдамды, күлкілі, ұқыпсыз, ойшыл, жақсы, дені сау, әдепті, шыншыл, әдемі, нәзік, мықты, ашық жүзді, ақкөңіл, қатал, қызғаншақ, ашулы, тұйық, салақ, кең пейілді, кызбалық, қамқоршыл »



6. Үй тапсырмасы: «Мен күн шуағында» атты сурет салу. Шеңбер салып, ортасына «Мен» деп жазу. Шеңберден шуақтарды салу: сәйкес келген жағымды мінез-құлық- қызыл түсті, жағымсыз- көк түсті.



7. Қоштасу рәсімі: «Әрдайым... , ешқашан... . »

Мақсаты: өмірге ризашылық білдіруге байланысты бір-біріне тілек айту

«Әрдайым.... , ешқашан..... . » (шеңбер бойынша тілек жолақшасын қолына сағат сияқты салып, өз ойларынан тақырыпқа байланысты тілек айтады)









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?зі?ді таны?анда ?ана ?зінді білесі?

Автор: Жунусова Жанара Кабылкаковна

Дата: 18.05.2016

Номер свидетельства: 328253


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства