kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Өзін-өзі тану пәні» — баланың рухани әлемін байыту көзі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары да мол. Олардың дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастырып, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипаты айқындала түседі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Өзін-өзі тану пәні» — баланың рухани әлемін байыту көзі»

«Өзін-өзі тану пәні» — баланың рухани әлемін байыту көзі
(баяндама)

 Кіріспе: Тәрбие басы – тал бесік.
Негізгі бөлім:

а) Өзін-өзі тану пәнінің ұлттық тағылымдармен сабақтастығы.
ә) Өзін-өзі тану пәні баланың рухани әлемін байыту көзі.
б) «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері.
в) 7-сыныпта «Тамырын жайып тереңге» сабағын оқыту.

Қорытынды.

Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары да мол. Олардың дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастырып, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипаты айқындала түседі.

«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» дегендей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп: «шыншыл, әділетті, иманды болу сонау ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз», — дейді де, жұрт сол дәстүрді бұзғандарға ат-шапан айып тартқызып, кейінгі ұрпақтың ата салтын мықтап ұстауын талап еткен. Мәселен, атасы немересін, алдымен, елінің құтты қонысымен таныстырған. Жылдың әр мезгілінде елдің қайда, қалай көшетінін, суды қайдан ішетінін, жеті атасын, олардың зираттарын, елдегі даңқты адамдарының ерлік хикаяларын, ауыл-аймақтағы жер-су атауларын ерінбей-жалықпай баласының санасына сіңіре білген.

Бала атаулының айналаны қабылдағыш, зейінді кезі үш пен бес жас аралығы. Қазіргі педагогика мен психология ғылымдары бұл жайтқа айрықша назар аударып, бұларға «жүз мың сұрақ неліктен деп сауал қоятын кезең» деп айдар тағылып жүр. Осы ерекшелікті әлімсақтан аңғарған ата-бабаларымыз – төкпе ақындық пен сұңғыла жыршылық, айыр көмей шешендік пен төгілдірген күйшілік секілді киелі өнерлеріміздің ірге тасы бала санасында сәби шақта қаланатынын ерекше ескеріп, осынау балдәурен балалық кезеңге айрықша мән берген. Сондықтан да бүлдіршін мен балдырғанға жоғарыда айтқанымыздай елі, жері, суы туралы, ата тегі, төрт түлік мал, жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, аспан денелері, табиғат құбылыстары, ауа райы т.б. жөнінде оның түсінігіне лайық, қысқа да нұсқа, жүйелі мағлұматтарды әр түрлі әдіспен жеткізіп отырған. «Бір бала бар – жақсы туады, бір бала бар — әкесінен асып туады» деп, халық «жасық туған» баланы да жұрт қатарлы азамат болуға, «асып туған» баланың іс-әрекетін қуаттап, оны үлгні ретінде уағыздайды. Қазақ дәстүрінде ата-анаға қызмет ету – борыш, ата салтын орындау – парыз, анасының ақ сүтін, әке еңбегін ақтау – қарыз.Жеке адамның адамгершілігі де, кісілік имандылығы да осы борыш, парыз, қарыз өтемімен айқындалады.

Көшпенді ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне қатысты жайттарды топтастырғанда да ғылым үшін аса маңызды жүйелік принципке ерекше мән берген. Осы айтылғанға орай жас буын тәрбиесін бесіктен (тіпті, құрсақта жатқан кезден) бастап бұларды ақыл-ой, имандылық, еңбек, көркемдік, сымбаттылық секілді сан салаға жұптастырған. М.Әуезовтың: «Ел олу үшін бесігіңді түзе» деген сөзінің мән-мағынасына ой салсақ, тәлім-тәрбие ісі жас ұрпақ дүниеге келгеннен басталады екен.

ХХІ ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол – халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағлымдық ой-толғауларынан бастау алады. «Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану – адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ілім, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтары жүйесін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесімен ықпалдастыруға бағытталған. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі – ұлттық құндылықтарды іске асыру мен таратудың маңызды механизмі, өмірдің мәні мен өнегесі, тарихпен, ана тілімен, философиямен, әдебиетпен, дәстүрмен, психологиямен ұштасқан ұлттық-рухани білім мазмұны мен түрі.

«Халықтан асқан ұлы ұстаз жоқ» дейтін болсақ, ұлттық рухани мұралар – ұрпақтың рухани-адамгершілік азығын жетілдіретін негізгі өзегі болмақ.

Рухани байлыққа апаратын жолдың бірі – білім, екіншісі – сол білімді пайдаға асыру. Адам алғаш білімнің құндылығына сүйене отырып, өз ортасын жақсы жағынан өзгертуге әрекет жасайды. Өйткені рухани жетілудің шыңына көтерілген адам өмірдің мәні мен мағынасын жай ғана түсініп қоймай, жер бетінде ізгілік орнатуға күш салады. Қандай да болсын адамдықты, адамгершілікті бетке ұстаған қоғамның мақсаты- әр адамды рухани байлық деңгейіне жеткізу.

Бүгінгі жас ұрпақты оқыьтып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Сондықтан рухани-адамгершілік тұрғысынан білім беру әр тұлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың кез келген ортада белсенділік көрсете алатынын қабілеттерін жетілдіруді көздейді.

Бүгінгі күні біздің елімізде ұлттық және азаматтық құндылықтардың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту, жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы да жасалуда. Тәрбиенің басты мақсаты әр адамның ішкі құндылығын, тұлғалық қасиетін ашып, бағалауға үйрету.

Осыларды ескере отырып, еліміздің мектептерінде 2001 жылдан бері , «Өзін-өзі тану» бағдарламасы саралаудан өткізіліп, оқу жүйесіне енгізіліп келе жатқан еді. Ал биылғы, яғни 2010-2011 оқу жылынан бастап бұл пән жалпы білім беретін мекемелердің барлығына жаппай енгізілді.

«Өзін-өзі тану» пәні жастардың бойында махаббат, адамгершілік, мейірімділік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырады, оларды рухани адамгершіліктің нәрімен сусындатады. Өзін-өзі тану – адамның өзіне терең мән берудің алғашқы қадамы. Ойшыл Сократ: «Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны» деген болатын, қазіргі біздің «Өзін-өзі тану» пәні Сократ ілімінің үйлесімді жалғасы іспеттес.

Бұл пән жобасының авторы Сара Алпысқызы атап өткендей, «Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс», яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда әрқайсысымыздың орнымыз ерекше.

Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағытталған жұмыстар мектепте ғана емес, отбасында да ата-аналардың көмегімен жалғасын тауып, өзара ықпалдастық бағытта жүргізілуі керек. «Өзін-өзі тану пәні» жеткіншекті жарық дүниеде өмір сүріп, Адам екенін терең сезінуге, адамдарға қуаныш сыйлай білуге баулиды. Жанында жүрген аяулы адамдардың бар екенін ұғынуға көмектеседі. Адамдардың сезіміне ие болу және оны ақтай білуге үйретеді. Борыш пен парызға адал болуға тәрбиелейді. Артыңда өшпейтін ізгілікті із қалдыра білуге талпындырады. Қабілетіңді, бойындағы дарында, азаматтылығыңды дәлелдеуге итермелейді.

«Рухани мұраға сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды демекші, заман ағымы талап етіп отырған ата-бабаларымыздан қалған әдеби мұраларымызды, халқымыздың өсиетін, өнегесін дәріптеп, дәстүрін таңғажайып тапқырлығын, олардан қалған ескірмейтін көне сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болатындай, келер ұрпаққа тәлім-тәрбие беретіндей ғасырлар қойнауынан сыр шерткен асыл мұраларымызды рухани-адамгершілік білім беруде тиімді қолдану – «Өзін-өзі тану» пәні бастауы бұрыннан болған, біздің арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан жақсы дәстүрлеріміздің жалғасы іспеттес деуге болады.

«Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты – адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету, рухани-адамгершілік білім беру.

Өзін-өзі тануды жеке пән ретінде 1-11 сыныптардың әрқайсысында аптасына 1 сағаттан оқыту белгіленген. Оқу материалдары жүйеленіп барлық сыныптарда да 4 тарау бойынша беріледі. Олар:

1 тарау: Адамның өзін-өзі тануына арналған.

2 тарау: Адам және қоғам қарым-қатынасына арналған.

3 тарау: Адам және қоршаған орта қарым-қатынасына арналған.

4 тарау: Адамзаттың рухани тәжірибесіне арналған.

Аталған тараулар өзін-өзі тану үдерісінің түйінді бағытыболып табылады, өйткені олар адам өмірінің логикасына, жалпы адамзаттық жүйеге толық сәйкес келеді және жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуге айтарлықтай мүмкіндік береді.

«Өзін-өзі тану» жобасы жалпы адамзаттық және ұлттық рухани құндылықтарды жаңғыртуға негізделген мемлекеттік эксперименттік білім беру бағдарламасы болып табылады. Бұл жоба Қазақстанда 2001 жылы қолға алынды және еліміздің жетекші педагогтері, ғалымдары, әдіскер мұғалімдері мен тәрбиешілері, жалпы зиялы қауым тарапынан жан-жақты қолдау тапты.

«Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері – балалар, жасөспірімдер және жеткіншектердің бойына жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дарыту. Балалар мен жеткіншектерді біртіндеп (кезеңмен) адами қарым-қатынас нормаларымен, жалпыадамзаттық адамгершілік қағидаттарымен таныстыру, олардың бойында азаматтық мәдениет пен имандылық  қатынастарды қалыптастыру және дамыту.

 

Бұл білімдер мен біліктер, қабілеттер адамдармен өзара түсіністік пен үйлесімділікке қол жеткізуге, өзге адамдарға дер кезінде көмек беріп, қолдау көрсету қабілеттерін меңгеруге мүмкіндік береді. Рухани-адамгершілік білім баланың, жеткіншектің бойына өзінің жарқын болашағына деген сенімділігін ұялатады.

«Өзін-өзі тану-өмірді тану», — дейді көне грек философы Сократ. Басты мақсат — әр адамның өмірден өз орнын табуына ықпал ету.

Өзін-өзі тану пәні әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы, Адам деген ардақты атқа лайық болуға жастайынан үйрету қоғам талабы болып отыр.

«Өзін-өзі тану» пәнінің 7-сыныптағы «қарым-қатынас атты екінші тарау мақсаты оқушылардың күнделікті қарым-қатынастағы адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал ету болып табылады. Бұл тараудағы рухани құндылықтар оларды отбасында, аулада, мектепте өзара сыйластықты, үйлесімділікті түсініп, ата-баба ұрпақ жалғастығы туралы пайымдай алуға үйретеді.

Мысалы осы сыныпта берілген «Тамырын жайып тереңге» атты сабақтың  мақсаты әр балаға отбасы, жақын адамдары, өздері жайлы әңгімелете отырып отбасы құндылықтары, ата-баба дәстрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру. Осы тараудағы одан кейінгі сабақтарда (Аялай біл, сен деп соққан жүректі) балалар үшін отбасынан кейінгі әлеуметтік ортасы болып табылатын қоршаған орта, сыныптастар, ондағы өмір, қарым-қатынас ерекшеліктері туралы баяндалып, айнала қоршаған ортамен, өзгелермен үйлесімді қарым-қатынаста болу, әрбір сәттен жақсылықты көре білуге, қуаныш, шаттана білуге үйрету негізделеді.

7 сыныпта «Тамырын жайып тереңге» сабағы екі сағатқа негізделген. Сабақтың мақсаты оқушыларға отбасы құндылықтары, ата-баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру.

Міндеттері отбасы құндылығы, отбасы бақыты, ұрпақтар сабақтастығы туралы білім беру; өз туған үйлері мен отбастарына деген сүйіспеншіліктерін дамыту; өз туған үйлері мен отбастарын құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.

Мұғалім сабақта әдеттегідей шаттық шеңберін ұйымдастырады. Оқушылармен бірге үлкен шеңберге жиналып, Т.Молдағалиевтың «Адам» өлеңін үнтаспаға қосылып айтады. Өлең мәтіні оқулықта берілген.

Сабақтың бірінші сағатында мұғалім аталған тақырып бойынша жалпы «Отбасы» ұғымына тереңірек тоқталып, осы ұғымды жан-жақты талдау мақсатында оқулықта берілген төмендегі сұрақтар бойынша әңгімелесу ұйымдастырады.

  • Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіңдер? Ол кімдерге байланысты деп ойлайсыңдар?

  • Отбастарыңда қадір тұтатын қандай құндылықтар, дәстүрлерің бар?

  • Өз отбасың үшін алаңдайсың ба, жауапкершілік сезінесің бе?

Балалар әңгімелесу арқылы өз қорытындыларын жасаған соң, оқулықтағы жаңа ақпаратқа назар аудартады. Оқушы берілген ақпаратты тек қана қабылдап қоймайды, сонымен бірге әңгімелесу әдісіндегі өз шешімі мен ойының дұрыстығын, тіпті болмағанда оның басқа нұсқалардың ішіндегі артықшылығын логикалық түрде түсінеді. Жаңа ақпараттағы  мәтінге қарап оқушы өз жауабын тереңірек қарастыруды ойластырады. Оқулықта берілген ақпаратты мұғалім оқып береді.

Мұғалім оқушыларға ата-баба дәстүрі, ұрпақтар жалғастығы мен сабақтастығының мән-мағынасын түсіндіру мақсатында оқулықтағы «оқып үйренейік» айдарында берілген Р.Акдемірдің «Ақылды егінші» атты мәтінмен таныстырады. Мәтін оқулықта берілген.

Мұғалім мәтінді жеке бөліктерге бөліп, кідіріспен оқытуға болады. Мысалы сыныпта топтық жұмыс жүргізіп, әрбір топ мәтіннің белгілі бір бөлімін оқып, ол бойынша сұрақтар дайындайды. Мәтіннің негізгі мазмұнын әрбір топ тезист түрінде сынып алдында қысқаша мазмұндап береді.

Мәтінді талдап болғаннан соң үлкенді, ата-ананы құрметтеу туралы үйренген білімдерін тиянақтап, қорытындылау мақсатында                           Мұхтар Әуезовтың  «Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы — әдеп пен сый» деген қанатты сөзін сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

Мұғалім дәйексөзді талқылау барысында «әдеп», «сый» сөздерінің мағынасын тереңірек түсіндіріп, оқушылардың үлкендер алдында қандай әдеп пен сый жасай алатындықтарына көңіл аудартып, ойлантуға жетелеуі қажет.

Оқулықта берілген тапсырманың мақсаты оқушылардың алған білімдерін өмірмен байланыстыру. Оқушыларды өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа баулу. Оқушылар тапсырманы жұмыс дәптеріне орындайды.

  • Өз отбастарыңда үлкендердің айтқан ақылдарын естеріңе түсіріңдер, олардың мағынасын ашып дәптерлеріңе жазыңдар.

  • Өз ата, әжелеріңнің ұрпақтарына қалдыратын немесе қалдырған өсиеттері туралы сұрап, қысқаша шығарма жазыңдар.

Осыдан кейін мұғалім оқушыларға отбасының, шаңырақтың қадір-қасиетін ұғындырып, отбасындағы үлкендердің, ата-ананың рөлі мен орнын түсіндіру мақсатында оқулықта берілген Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасынан берілген үзіндімен таныстырады. Үзінді оқулықта берілген.

Оқулықта оқушылардың ұқсас нәрселерді салыстыру, яғни ойлау формасы аналогия арқылы берілген тапсырма адами қасиеттер туралы түсініктерді тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді. Тапсырмада адамдық жақсы қасиеттерді (ақ көңілділік, ақ жүректілік, ақ ниеттілік, ибалылық) білдіретін бірнеше сөз тіркестері беріліп, оларды өзара салыстыра отырып, адами қасиеттер түсінігін тереңірек түсіндіру көзделеді.

Сабақ соңында оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, үнтаспаға қосылып М.Мақатевтың «Сәби болғым келеді» өлеңін айтады. Өлең мәтіні оқулықта берілген.

Ал сабақтың екінші сағатында мұғалім сабақтың бірінші сағатындағы мақсатқа сәйкес әрекет ете отырып мәселенің екінші қырын ашуға талпынады. Мысалы оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында төмендегі сұрақтар берілген:

  • Өздеріңнің жақындарыңа деген сый, құрметіңді қалай білдересіңдер?

  • Отбасы мүшелерінің ой-ниетімен, көзқарасымен, сезімімен санаса білесіңдер ме?

  • Отбасындағылармен пікірлерің, көзқарастарың тоғыса ма? Ал алуан түрлі болса ше?

  • Үлкендердің ризашылығын қалай алуға болады деп ойлайсыңдар?

Мұғалім бұл сұрақтар арқылы отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық, құрмет, ризашылық пен өзара түсіністікке қалай қол жеткізуге болатынын түсіндіруді көздейді. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын ортаға салып, өзгелердің де пікірлерін, көзқарастарын тыңдайды. Мұғалім балалардың жауаптарын негізге ала отырып, сабақта мақсат еткен негізгі ойды қорытындылап, түйіндейді.

Оқулықта берілген П.Джонның «Боз орамал» шығармасы берілген. Мұғалім шығарманы оқытуда ата-ана махаббаты, кешірімділігі, олардың өз баласынан еш нәрсені аямайтындығын түсіндіре отырып, оқушыларға ата-ана махаббатын сезініп, бағалай білу қажеттігін сезіндіріп, ұғындыруы тиіс.

Оқулықтағы келесі тапсырма оқушыларды классик ақындардың шығармаларымен таныстыра отырып, өздерінің өмір тәжірибелерін қолдана отырып, мысалдар келтіре алуға үйрету мақсатын көздейді.

«Сахналау» айдарында берілген тапсырманы орындау үшін оқушыларға белгілі бір рөлде ойнауына тура келеді. Тапсырманың орындалуы күрделірек. Сондықтан мұғалім алдын ала тақырыппен, рөлдермен, қарым-қатынас әдістерімен таныстыруы тиіс. Тапсырманы орындау барысында оқушылар жағдаяттың себебін талқылап, түсінеді бұл оларға өте тиімді болатыны сөзсіз. Рөлдік ойыннан кейін талқылау жасау қажет. Мұғалім оқушыларға сахналау кезінде актерлік сападан гөрі, әрекеттің объективті шешілу нәтижесі мен өзара қарым-қатынастың маңызды екендігін түсіндіргені жөн.

Оқулықта «шығармашылық жұмыс» айдарында төмендегідей тапсырма берілген:

  • Отбасыңда қандай ағасың, қандай іні, қандай қарындассың?

  • Ағалыққа тұрарлық қандай іс-әрекеттер жасап жүрсің?

  • Лайықты іні болып жүрсің бе?

Бұл шығарманың мақсаты: оқушыларға өз іс-әрекетіне есеп беріп, ой елегінен өткізе білуге үйрету. Оқушылар тапсырманы жұмыс дәптеріне орындайды.

Сабақтың соңында оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, үнтаспаға қосылып Қ.Жұмағалиевтың «Анашым» өлеңін айтады. Өлең мәтіні оқулықта берілген. Сонымен қатар сабақ тақырыбы мен мақсатына орай өз ата-аналарына, жақындарына тілектері мен ризашылықтарын білдіруіне болады.

Әр бала өзінің руханилығымен, өзінің тазалығымен және өмірді таза күйінде қабылдай алуымен талантты. Өзін-өзі тану сабақтарында баланың адамгершілік сезімдері, эмоциялары, өзара қарым-қатынастары туралы түсініктері кеңейеді. Балалар үлкендермен және құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау мәдениетіне қол жеткізеді, адамгершілік құндылықтар мен адами қасиеттердің мәнін түсінеді, оның Отанына, отбасына, жақын адамдарына, қоршаған табиғатқа, жалпы өмірге деген сүйіспеншіліктері артады.

Ғасырлар бойы қазақ отбасында сақталған тәлімдік дәстүрлер мол. Сол дәстүрлер сабақтастығы бүгінгі бала тәрбиесінде жалғасын табуда. Отбасында және мектепте халықтың рухани-интеллектуалды мұраларын, мәдени құндылықтарын жандандырып, рухани ұлттық сипаттағы мінезді қалыптастыруды көздеу өмірдің талабынан туындап отыр. Осы айтылғандардың толыққанды іске асуы үшін отбасы мен мектеп тәрбиесі арасындағы ынтымақтастық, тығыз байланыс қажет. Бала тәрбиесіндегі осы байланысты жүзеге асырудың дәнекерлеушісі деп «Өзін-өзі тану» пәнін айтуға болады. Сондықтан да әрбір ата-ана отбасында «Өзін-өзі тану» пәнінің оқулығын қолға алып, онда айтылған тағылымдар мен құндылықтарды балаларының оқып-үйренулеріне ықпал етулері керек.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Өзін-өзі тану пәні» — баланың рухани әлемін байыту көзі

Автор: Бахтиярова Асем Рафиковна

Дата: 26.02.2018

Номер свидетельства: 459588

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) ""Өзін-өзі тану пәні- баланың рухани әлемін байыту көзі" (баяндама)"
    ["seo_title"] => string(63) "ozin_ozi_tanu_p_ni_balanyn_rukhani_liemin_baiytu_kozi_baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "465820"
    ["category_seo"] => string(14) "estestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1523447215"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "«оқушының рухани әлемін байыту көзі»"
    ["seo_title"] => string(37) "ok_ushynyn_rukhani_liemin_baiytu_kozi"
    ["file_id"] => string(6) "452666"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1516954346"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "«?зін-?зі тану п?ні» — баланы? рухани ?лемін байыту к?зі "
    ["seo_title"] => string(53) "ozin-ozi-tanu-p-ni-balanyn-rukhani-liemin-baiytu-kozi"
    ["file_id"] => string(6) "202024"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429172977"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Ойын арқылы бала тілін дамытуға арналған сабақ"
    ["seo_title"] => string(49) "oiyn_ark_yly_bala_tilin_damytug_a_arnalg_an_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "468121"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1525161703"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Кәусар бұлақ тұнығынан Өзін-өзу тану"
    ["seo_title"] => string(39) "k_usar_bu_lak_tu_nyg_ynan_ozin_ozu_tanu"
    ["file_id"] => string(6) "415784"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494917437"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства