kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермейік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Зорлық-зомбылық жағдайларының алдын алу. Салауатты ұрпақ тәрбиелеудегі мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру. Ата-аналарды пікір айтуға ынталандыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермейік»

Тақырыбы: «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермейік»

Мақсаты:Зорлық-зомбылық жағдайларының алдын алу.
Салауатты ұрпақ тәрбиелеудегі мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру.Ата-аналарды пікір айтуға ынталандыру.Педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын жүзеге асыру.Ата-аналермен бетпе-бет кездесе отырып,жасөспірімдердің бойындағы өзгерістердің қалыпты,табиғи заңдылық екендігі жөнінде пікір алмаса отырып,ортақ шешімді анықтау,тәрбиенің дұрыс,тиімді жолын таңдауда психологиялық тұрғыдан көмек көрсету,кеңес беру.
Бағдарламасы:
.Кіріспе сөз
.Психологиялық жаттығу
.Тақырыпты ашу (кубизм)
.Ой қозғау
.Пікір алмасу
.Кеңес беру
«Құрметтім,саған не тілейін?» жаттығу
Кіріспе сөз:

Құрметті ұстаздар,ата-аналар!
Бүгінгі ата-аналар арасында өткелі отырған «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермейік» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
Еліміз келешекте әлем кеңістігіндегі бәсекеге қабілетті елдердің алдыңғы қатарында болуды мақсат етіп отыр.Елбасының Қазақстан халқына жолдауында білім мен ғылымды дамыту,жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу мәселелері көтерілді.Сондықтан білім берудің мазмұны жаңарып,жаңа көзқарас,басқаша қарым-қатынас өзгеше менталитет пайда болып,мектеп пен отбасы,қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда.Құрметті ата-аналар біз де қолдан келгенімізше көштен қалыспайық.
І.Психологиялық тренинг
1.Сәлемдесу
1.Бір-біріне күлімсірей қарап алақанның ішін және сыртын тигізіп амандасу.
2.Оң жақ,сол жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу.
3.Оң жақ,сол жақ тізелерін түйістіру арқылы сәлемдесу.
4.Маңдайларын бір-біріне тигізіп сәлемдесу.
(Ата-аналарға көрсетіледі,барлығы бір-бірімен көрсету бойынша сәлемдеседі.)
-Сәлемдесу аяқталысымен мынадай сұрақтар қойылады.
-Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыз?
-Сізге қандай әдіс ұнады?
-Осы әдістердің қайсысын өміріңізде пайдаланып көрдіңіз?
2. «Жіп» тренингі
Менің қолымдағы жіпті алып,өздеріңізге керегінше үзіп аласыздар.Алынған жіпті,саусағыңызға орай отырып өзіңіз және отбасыңыз туралы айтып өтесіздер.(Ата-аналар өз отбасылары туралы ой бөліседі).
ІІ.Тақырыпты ашу (кубизм);
Құрметті ата-аналар алдымен бүгінгі біздің кездесу кешіміздің тақырыбын ашу үшін сіздерге түрлі-түсті кубик ұсынамын.Онда әр қабырғасында тапсырмалар берілген.
1-сұрақ: Балаңыз 1 жасында қандай еді?
2-сұрақ: Балаңыз 7 жасында қандай еді?
3-сұрақ: Қазіргі балаңыздың мінезі қандай?
4-сұрақ: Жасөспірім балаңыздың бойынан бір өзгерістерді байқайсыз ба?Байқасаңыз сізді қаншалықты толғандырады?
5-сұрақ: Балаңызға достарды өзіңіз таңдайсыз ба және оны дұрыс деп есептейсіз бе?
6-сұрақ: Балаңыз қырсығып тыңдамаса немесе үндемей өз дегенін істесе қандай шара қолданасыз немесе қалай жазалайсыз?
7-сұрақ: Балаңызды жазалау тәрбиеге жата ма?
III.Ой қозғау
ІІІ.Ой шақыру бөлімі.
Ата-аналарға сұрақ:
Жасөспірім дегеніміз кім?
Ата-аналар пікірі тыңдалады.
ІV.Кеңес беру
Жасөспірімдік кезең 11-17 аралықты қамтиды.Егер бала ашық тыңдамаса,ата-аналар мен мұғалімдердің,басқа да ересек адамдардың талаптарына көнбесе бұл-«Эмансипация реакциясы».Мысалы,ата-анасы баласынан уақытында келуін өтінсе,онда шын ниетпен орындалады,ал егер талап бұйрық ретінде берілсе,онда жасөспірім өзінің еркіндігін шектегені үшін қарсы келуі мүмкін.Егер балаңызға қойылған талапты сырттай келісетіндігін көрсетіп,бірақ кейін бәрін өз бетінше жасаса-бұл «Эмансипация реакциясының» жасырын көрінуі.Бұндай жасөспірім «екі» жақты өмір сүреді,үйде және мектепте басқаша әрекет көрсетсе,ал өзінің ортасында өзгеше мінез құлық көрсетеді.Құрдастарының арасындағы екінші өмірін ата-анасынан жасырын ұстайды.Шынында да,ата-анасынан және басқа да ересектерден жеке істерін жасыра отырып,жасөспірім еркін болуға деген қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Жасөспірім мен ата-аналар арасындағы алшақтық:
-ұрыс-керістен;
-қарым-қатынастың жетіспеушілігінен;
-жанұяда шеттеуінен;
-ата-аналарының оның достарынын қабылдамауынан.
Жасөспірімдік шаққа тән мінез ерекшеліктер:
1.А.Бандура және Р.Уолтерс агрессивті,қоғамға қарсы мінез-құлықты жасөспірімдерде ата-анасына деген кекшілдік сезімінің болатындығын көрсетеді.
2.Жасөспірімдер үшін құрдастарымен қарым-қатынас өте маңызды,өмірінің орталығы болып табылады.
3.Жасөспірімдер үшін жолдастарымен қарым-қатынас бағалы болып табылады.Олар оқу мен әке-шешесін екінші орынға қояды.
4.Әдетте ересектер «тыңдау моралы» талаптарын ұстанады.Ал жасөспірім болса мұндай талаптарды қабылдағысы келмейді.Сондықтан олар үлкендердің өздерін «кішкентай ретінде қарауына» дөрекі түрде жауап береді.Олар тең дәрежеде болуға ұмтылады.Сол себепті достарымен бірге көбірек болғанды қалайды.
5. Жасөспірімдер ата-анасынан бөлек өмір сүруге талпынады және оларға өзі туралы айтқысы келмей жасырып,үйден кетіп,достарымен болғанды қалайды.
6. Жасөспірімдер өздерінде достарды ата-ананың таңдайтынына қарсылық білдіреді: «Мен өзім білем,кіммен достасам немесе кіммен достаспаймын!»Араласпаңдар,бұл менің ісім.Тәуелсіз,өз бетінше әрекет етеді.Ересектердің араласуы өкпе,реніш қарсылық тудырады.
7. Жасөспірім өзіндік өмірін құруға тырысады,көмекті қабылдамайды,кеңес пен нұсқауларды елемейді.
Жасөспірімнің үйден қашуы
Жасөспірімдердің үйден қашуы-тәрбиенің жағымсыз факторына деген реакциясы.
Көбіне 10-13 жастағы жасөспірімдер қашады.
Себептері:
.ата-аналардың тиісті қамқорлықты көрсетпеуі;
.жанұяда оларға жиі ұрсу немесе күш көрсету;
.болмашы нәрсеге бола жазалау;
.әлеуметтік жағымсыз жанұяда өмір сүру;
.ата-аналары үшін ұялау;
.құрдастарының әсерінен де болады;
.ата-аналардың мектептегі қиыншылықтарын білмеуі және есепке алмаушылығы;
Осы жағдаяттар кездессе жасөспірім өмірінде кездессе нәтижесінде:
1.сабақ үлгерімі төмендейді;
2.соған сәйкес оқушылардың қабілетін мұғалімдер теріс бағалайды;
3.осы жағдайдан шығу үшін жасөспірім класта теріс мінез-құлық көрсетеді;
4.тәртіпсіздік пен мұғалімдермен әдепсіз қарым-қатынаста болады.
Осы кезде ата-ананың міндеті:
1.Баланың жағымсыз мінез-құлқын дер кезінде көре біліп,оның мектептегі және формалды емес қарым-қатынас ортасындағы (әртүрлі топтар,үйдің айналасындағы жастар ұйымы,және басқа да бірлестіктер) болып жатқан жағдайларын терең түсіну.
2.Бала өзінің жалғыз емес екендігін,ата-анасының өзін жақсы көретінін түсінетінін және қолдайтынын,көмектесетінін сезіндіру.
Жадыңызда ұстаңыз:
.Жасөспірімдердің жеке ерекшеліктері мен ұмтылыстарына көңіл бөлмеу қауіпті.Уақытты жіберіп алмау керек.Өзара түсіністіктің болмауы қауіпке айналуы мүмкін.Ата-ана мен баланың жеке қарым-қатынасының жайлылығы,түсіністігі өте қажет.
Жасөспірімдер еркіндікке ұмтылғанымен де,ересектердің көмегі мен қолдауын,өмірлік тәжірибесін қажет етеді.Ересектенген сайын ата-ананың қолдауын қажет ете түседі.
V.Пікір алмасу;
Пікір алмасу сұрағы:
.Бүгінгі қозғалған маңызды мәселелер мен алынған мәліметтерді қорытындылай келе қайтсек ұлымыз ұлағатты,қызымыз инабатты болады?
.Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па?
.Қатаң тәрбиелеген дұрыс па? (Ата-аналар пікірі тыңдалады)
Қорытындылау.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермейік

Автор: Назарова Шамшырак Дарьябаевна

Дата: 30.11.2016

Номер свидетельства: 364155

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "«Отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермейік»"
    ["seo_title"] => string(47) "otbasynda_zorlyk_zombylyk_k_a_zhol_biermieiik_1"
    ["file_id"] => string(6) "364227"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1480504740"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1750 руб.
2500 руб.
1460 руб.
2090 руб.
1570 руб.
2240 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства