kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?мірді? ?иыншылы?тарынан шы?у жолы (психологиялы? ке?ес)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Хал?ымызда: "Кімні? бай бол?ысы келмейді – ??дайы ?аламайды, кімні? батыр бол?ысы келмейді – ж?регі дауаламайды", - деген с?з бар. Ты?ыры??а тірелген ша?тарда ?андай ?иын ахуал?а тап бол?аны?мен, м?ны? ?зі са?ан жа?а м?мкіндіктер беретінін жады?да ?ста. ?тылса?, м?ны? б?рі болаша?ы?а  саба?. ?тып шы?са? – б?л ?мірдегі е? ?лкен же?ісі? болуы да ы?тимал.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?мірді? ?иыншылы?тарынан шы?у жолы (психологиялы? ке?ес) »

Өмірдің қиындықтарынан шығудың жолы

Рейнольдс Додсонның тығырықтан жол табу жөніндегі кеңестері:

1. Ойдағыдай болар деп ойла, бірақ ойдағыдай болмай қалатын жағдайға дайындал. Мұндайға іштей алдын ала әзір адам тез оңалады. Тығырыққа тірелетін жағдайды бажайлаудың амалы: басыңа күн туатын ауыр ахуалдарды ойша өткеру. Бұл тұйыққа тірелген сәттің кесапатынан аман-сау өтуіңе кепілдік береді.

2. Әрекет жасамас бұрын әуелі бұл ісіңнің пайда-зиянын ой елегінен өткіз. Асығыстық арандатуы мүмкін. Батыл әрекетке бармас бұрын асықпай ойлану қажет.

3. Ақыры тәуекелге бел буған екенсің, енді ештеңеге алаңдама. 

4. Орайы келіп жатса жәрдем сұраудан да жалтарма. Әдетте осындай өмір өткелдерінен өткен адамдардың қолғабыс-көмегі арқасында ғана ойдағыдай нәтижеге  қол жетеді. Жеке-дара қимылдауға талап қылғандар таудай қиындықтарға жолығады. 

5. Болмашы нәрселерге алданып, шырматыла берме. Бірінен соң бірі туындап жатқан шұғыл мәселелерді  шешу үстінде ең басты мақсатыңды екі елі естен шығарма.

6. Қандай қиын жағдай тумасын, шыншыл бол. Қиын түйінге кінәлі өзің болған шақтарда  жалған сөйлеп, жалтаруға немесе жылы жауып қоюға құштарлық  оянуы да мүмкін. Ақталудың ұят екені өз алдына, пәлендей пайдасы да жоқ. Шындық ақыры анықталған кезде жалған сөздің зардабы алғашқы ағат істен әлдеқайда зор зиян әкелуі мүмкін.

7. Үнемі "ойдағыдай болар" деп үміттен. Қиын түйіндер – әлдеқашан пісіп-жетілген мәселені шешуден енді шегінерге жол қалмағанының көрінісі. Дағдарыс өзгеріс жасауға итермелейді.

* * *

Халқымызда: "Кімнің бай болғысы келмейді – Құдайы қаламайды, кімнің батыр болғысы келмейді – жүрегі дауаламайды", - деген сөз бар. Тығырыққа тірелген шақтарда қандай қиын ахуалға тап болғаныңмен, мұның өзі саған жаңа мүмкіндіктер беретінін жадыңда ұста. Ұтылсаң, мұның бәрі болашағыңа  сабақ. Ұтып шықсаң – бұл өмірдегі ең үлкен жеңісің болуы да ықтимал.  

Өз-өзіңді тәртіпке келтірудің 7 әдісі


Ерік күші. Өз-өзіңді басқару. Ішкі тәртіп. Бұл сөздердің мағыналары бір: әрекеттерді саналы түрде орындау мен психикалық тұрақтылық сіздің тіпті жасағыңыз келмеген істі де жасауға көмектеседі.

Ғалымдардың пікірінше, ерік күші әлсіз адамдарға қарағанда ерік күші мықты адамдардың өмірі бақыттырақ болады. Олар әрдайым тест, емтихандардан жоғары балл алады, табыстары да өзгелерге қарағанда жоғары болады. Сондықтан, жеке мақсаттарды іске асыруда да күш жігердің маңызы зор.

Бір жағынан, ерік күші – пайдалануға берілетін қор, сонымен қатар, ерік күші – жетілуге бейім дағды.

Біз сіздерге ішкі тәртіпті арттыруға арналған ғылыми дәлелденген 7 тезисті ұсынғалы отырмыз.

1. Ештеңеге алданбаңыз

Ерік күшінің де шегі бар, сондықтан бұл қорды босқа құртпауға тырысыңыз. Бірдеңеге алданған сайын сіз ерік күшіңізді әлсіретесіз  және оны толтыру үшін тағы уақыт қажет болады. Сондықтан, егер мүмкіндік болса, өміріңіздегі алданыштарды жойыңыз.

Мысалы, теледидарды көп көретін болсаңыз, ал сізге маңызды жұмыс жобасын бітіру керек болса, кабельдік теледидарды мүлде ағытып тастаңыз немесе теледидарыңызды біреуге сыйлай салыңыз. Егер түнде шоколад жеуді ұнатсаңыз,  үйіңізді «шоколадтан еркін кеңістік» етіңіз және тәттілер сатылатын дүкендерді айналып өтіңіз.

2. Қандағы қант деңгейін тұрақтандырыңыз

Қандағы қант деңгейінің күрт төмендеуі ішкі тәртіптің әлсіреуіне ықпал етеді. Бұған құрамында қанты көп өнімдердің әсері мол. Бәліш, шоколад немесе тәтті шырындардан бас тартуға тырысыңыз. Бұл да кейде тығырыққа тірейді: тәттіден бас тарту үшін де ерік күші қажет қой.

3. Ұйқыңыз қанық болсын

Ұйқыңыз қанғанша ұйықтауға тырысыңыз. Ересек адамға орташа сегіз сағат ұйқы қажет. Ғылыми тәжірибелер дәлелдегендей, егер адам аз ұйықтаса, оның жинақталу қабілеті төмендейді.

4. Өмірден ләззат алыңыз

Оң эмоциялар мен қуанышты сәттер өз-өзіңді тәртіпке келтіру қуатын толтырады. Сондықтан, күнделікті өмірден ләззат алуға уақыт табыңыз.

Бос уақытыңызда жүгіру, гитарада ойнау сияқты өзіңізге ұнайтын іспен айналысыңыз. Бұл да сізді қуантып, жігерлендіреді.

5. Күйзелістен аулақ болыңыз

Күйзеліс өз-өзіңді тәртіпке келтіру күшін әлсіретеді. Күйзелістің алдын алу үшін мойныңа көп жүк арта бермеуді және босаңсуды үйрену керек. Мұндайда демалу жаттығулары немесе йога көмекке келеді.

6. Нақты жоспар құрыңыз

Мақсатқа жету жолын жеңілдету үшін оны нақтылап, әрекеттер жоспарын жасаңыз. Ерік-жігеріңіз ортая бастағанда бұл көмекке келеді.

7. Ерік күшіңізді нығайтыңыз

Өз-өзіңді тәртіпке келтіру  бұл әрдайым машықтануды талап ететін бұлшық ет. Назарыңызды өзіңіз басқара алатын кішігірім тапсырмаларға аударыңыз, және біртіндеп бұдан да көп тапсырмаларды орындай алатын боласыз. Мысалы, күні бойы иығыңызды түзу ұстауға тырысыңыз немесе епсіз қолыңызбен (солақай болсаңыз  оң қолыңызбен, оңқай болсаңыз  сол қолыңызбен) жазу жазып көріңіз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?мірді? ?иыншылы?тарынан шы?у жолы (психологиялы? ке?ес)

Автор: Жанибкек Раушан Жанибеккызы

Дата: 09.03.2015

Номер свидетельства: 183616


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства