kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Өмір қымбатсың маған» психологиялық тренинг

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:  А) Оқушылар арасындағы  суицидтік  мінез-құлықтың алдын-алу. Оқушыларды  тани,  түсіне білу.

Ә) Оқушының өмірге дген құлшынысын арттыру, өмір туралы ой-өрісін дамыту.

Б) өмірді сүйе білуге тәрбиелеу.

Міндеті:

- оқушыларға адам өмірінің маңызы туралы түсінік беру.

- оқушының адамгершілік қасиетін дамытуға ықпал ету.

Түрі: тренинг

Әдісі: сұрақ-жауап, ой бөлісу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Өмір қымбатсың маған» психологиялық тренинг»

«Өмір қымбатсың маған»

Мақсаты: А) Оқушылар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу. Оқушыларды тани, түсіне білу.

Ә) Оқушының өмірге дген құлшынысын арттыру, өмір туралы ой-өрісін дамыту.

Б) өмірді сүйе білуге тәрбиелеу.

Міндеті:

- оқушыларға адам өмірінің маңызы туралы түсінік беру.

- оқушының адамгершілік қасиетін дамытуға ықпал ету.

Түрі: тренинг

Әдісі: сұрақ-жауап, ой бөлісу

Құрметті ұстаздар, оқушылар бугінгі ұйымдастырылып отырған «Өмір қымбатсың маған» тақырыбындағы тренин кешімізге қош келдіңіздер!

Өз қалауларыңмен «тамыр», «жапырақ», «діңгек» топтарына жағасып отырыңыздар.

Кештің жоспары:

  1. «Өмір ағашы» психологиялық мінездеме7

  2. Ой қозғау (сұрақ-жауап)

  3. Жетістіке жету жолдары (слайд)

  4. Ертегі терапиясы (аңыз әңгіме)

  5. «Болашақтан келген хат» ойын

  6. Өмір туралы аңыз (данышпанның іс-әрекетін жасап көрсету)

  7. Эссе жазу7

  8. Адам деген атқа лайықты өмір сүру өз қолыңда.

  9. Қорытынды7

Жаңа-жаңа мен ұғына бастадым,

Өмір деген қымбат екен, достарым.

Өмір – менің жарқылдайтын аспаным,

Өмір – менің сарқылмайтын дастаным

Ұлы Абай атамыздың ой қорытындылары әркімнің жадында сақтаулы. Өмір өмір сүру үшін беріледі. Сондықтан да өмірде дұрыс жүріп тұрғанға, сыйласқанға, қоғамға өз үлесіңді қосып, дүниенің бір кірпіші болып қаланғанға не жетсін?!

1 бөлім «Өмір ағашы» психологиялық мінездеме беріледі

- Сіз не үшін бұл топтарыд таңдадыңыз?

Оқушы пікірі

Тамырды таңдағандар – істің нәтижесіне мән беретіндер.

Діңін таңдағандар – берік, мықты біреуге тірек бола алатындар

Жапырақ таңдағандар – сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар

Мен- өмірді жас зерттеуші, жас ғалым,

Енді оянып, енді зерттей бастадым.

Өмір- кітап, түсінуі тым қиын,

Әрбір күнім- әрбір бетін ашқаным.

2 бөлім ой қозғау

1.Сенің өмірдегі мақсатың қандай?

Оқушы пікірі

2. Адам өмірі мәнді болу үшін не істеу керек?

Оқушы пікірі

3. Еліңе, халқыңа абыройлы қызмет ету дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушы пікірі

Қорытынды:

Өмір туралы ойланбайтын жұмыр басты пенде жоқ. Бірақ ешкім де сол ойының түбіне жеткен емес, бір пікірге келген емес. Әркім өмірді өзінше түсінеді, өзінше бағалайды, өзінше одан ғибрат алады. Біреу оған риза, біреу одан мұлдем түңілген. Біреу өмірді мәңгі күрес, айтыс- тартыс деп бағаласа, енді біреу сыры мол, мәні терең құбылыс деп сезінеді.

Қысқасы, «өмір» деген ұғым бар да, өмір сүретін адам да бар, ол туралы ортақ пікір жоқ, әр алуан көзқарас, әр алуан көзқарас, әр түрлі түсінік. Бірақ қалай болғанда да, өмір адамның жарық дүниеде, жер бетінде көрер аз күндік қызығы мен рақаты, не азабы мен қасіреті, жақсы- жаманға үйрететін мектебі, алар тәлім- тәрбиесінің көзі болып саналады.

Адам баласының бойына тән, болмысына біткен парасаттылық пен пендешілік, даналық пен надандық, биіктік пен пәстік, өрлік, өжеттік пен ынжықтық, дарындылық пен дарынсыздық, жомарттық пен сараңдық, азаматтық пен тоғышарлық сияқты екіұдай қасиеттердің бәрі де біреуде мол, біреуде кем, сол безбенімен өлшенер қасиеттер.

Әрбір адам өмір сүруге құқылы. Өмірдің қайғысы мен қуанышы, бейнеті мен зейнеті бірге жүреді. Өмір сонысымен қызық, сонысымен тәтті. Сондықтан «қайғының артында қуаныш бар, бейнеттің артында зейнеті бар» деп, келер күнге үмітпен қарап өмір сүру керек.

Жағылды ма жүрегімде жаңа шам,

Ойлаумен өтеді ылғи оңашам.

Армандаймын: ұлы еліме сүйікті,

Жақсылықтар жасасам деп орасан

  1. бөлім жетістіке жету жолдары

  1. Өзіңе шектеу қойма.

  2. Өзіңді мойындат

  3. Әдетке айналдыр.

  4. Құндылықтарыңды таны

Маржан іздеп терең теңіз түбінен,

Күн батарда атар таңға үңілем.

Өмірімнен өз ортамнан үйреніп,

Жақсы адамға айналармын түбі мен!

4 бөлім ертегі терапиясы (аңыз әңгіме)

  • Балалар дүниенің қалай жаратылғанын білесіздер ме?

  • Адамдар қайдан пайда болды деп ойлайсыздар?

Оқушы пікірі.

Шындығында бұл жайлы көптеген аңыз әңгімелер бар. Солардың бірімен сіздерді таныстырғы келіп отыр.

Алдымен ештеңе: Жер, аспан, топырақ, салқын толқын етеңе болмаған.

Бейберекеттік (хаос) патшалығы

Оның солтүстігінде - тұман патшалығы, ал оңтүстігінде- жалын патшалығы орналасқан.

Жалын патшалығында тыныш, жарық және ыстық. Соншалықты ыстық, тек жалын дәулерінің балаларынан басқалары өмір сүре алмайды.

Тұман патшалығында керісінше, мәңгілік суық және түнек суық (мрак) үстемдік етеді.

Күндердің бір күнінде, тұман патшалығында бұлақ соға бастады . Одан 12 тас төселген тасқын бастау алып оңтүстікке қарай екпінділікпен ағып, тұңғиыққа құлайды .

Тұман патшалығындағы ызғар аяз, су тасқындарын мұзға айналдырады. Бұған қарамастан бұлақ суы одан сайын шығып, мұзғай айналған сең – одан сайын өсе береді. Өсе беріп жалын патшасына дейін жақындайды. Ақырында, жалын патшалығына жақындаған мұз – ери бастайды.

Еріген судан дәу сиыр пайда болады. Оның желінінен 4 сүтті өзен ағады. Әлі жасыл өріс болмағандықтан, сиыр мұздың үстінде мұзды тұз жалап жайылады.

Бірінші күннің соңында бір сең шыңның басында шаш көрінеді , келесі күні - тұтас бас, ал үшінші күннің соңында сеңнен қуатты дәу шығады. Құдайдың арғы атасы.

Уақыт өтті, әлем өзгере бастады бейберекеттік патшалығының ұлы күштерін жүгендеу қажет болды. Бұл жұмысты құдайлар орындады. Олар бейберекет, жалын және тұман патшалықтарынан заттек алып жер, су, от жұлдыз жасап, аспанда әшекейледі. Жұлдыздардың бір бөлігін қозғалмайтындай етіп, қалғандарын уақытты білу үшін шеңбер бойымен қозғалмайтындай етіп орналастырады.

Әлемді жаратқаннан кейін құдай оны халықпен толтыруды ұйғарды. Теңіздің жағасынан олар шаған (ясень) және қандыағаш тапты.

Ағаштарды кесіп алып шағаннан ер адам, ал қанды ағаштан – әйел жасады. Кейін бір құдай - өмір, келесісі – ақыл –ой, ал үшіншісі – қан мен албыраған бет сыйлады. Осылайша алғашқы адамдар пайда болды.

  1. бөлім «Болашақтан келген хат» ойы

Өмір деген тұрмайды: Қап-қарадан.

Өмірдеген тұрады : Ақ-қарадын,

Ақ-қара, екі арасын ашып өтіп,

Арымен өз бақытын тапқан Адам!

Ештеңемен айналыспай, қаннен-қаперсіз ойға шомып отырған тамаш бір сенбілік кеште есік қағылды. Оны ашқанда, міне қызық, сіз табалдырықта болашақтан хабар әкелген екі жануар – пошташыны көріп тұрсыз! Алайда, ол екі конвертті ашқанда, сіз алдағы күннің не әкелетіні туралы екі түрлі болжамды оқыдыңыз. Бір жануар сізге бақыт пен молшылықты болжайды, екіншісі бақытсыздықпен қайғы –қасірет болатынын хабарлайды.

Төмендегі жануарлардың қайсысы Жақсы хабар, ал қайсысы Нашар хабар жеткізді? (екі түрлі жануарды таңдаңыз)

  1. Жолбарыс

  2. Ит

  3. Қой

  4. Тоты құс

  5. Тасбақа

  1. бөлім Өмір туралы аңыз (данышпанның іс-әрекетін көрсету)

Бір данышпан шәкірттерін шақырып алып:

  • Менің не істегеніме қарап, нені меңзеп отырғанымды түсіндіріп беріңдер, деп – тапсырма береді.

Сөйтіп, ол сөреден үлкен шыны ыдысты алып, ірі тастармен ернеуіне дейін толтырады. Данышпан шыны ыдысты үстелге қояды да, шәкірттерінен:

-Қараңдаршы, балалар, ыдыс толық па?

- Толық, толық,- деп шуласа кетеді шәкірттері.

Содан кейін данышпан сол ыдысқа ұсақ тастарды салып, оны бірнеше рет ақырын ғана шайқайды. Ұсақ тастар ірі тастардың қуыс-қуысын бойлап, ыдысты толтырады.

Данышпан шәкірттерінен тағы да сұрады:

  • Ыдыс толды ма?

Олар ыдыстың толығынан айтады.

Данышпан тағы да бір шыны ыдысты алып, оны құммен лезде толтырды. Одан соң ірі тастардың бірін сыйғызуға тырысады, бірақ толған құм кедергі болып, одан еш нәрсе шықпады.

Сол кезде Данышпан оқушыларға бұрылып:

  • Менің осы әрекетім жайлы және екі ыдыстың ішіндегі заттар туралы түйген ойларыңды тыңдағым келеді,- дейді.

Оқушылар өзара кеңесіп:

  • Ірі тастар адам өміріндегі ең мәнді заттарды білдіреді: отбасы, отан, сүйіспеншілік, бақыт, денсаулық, білім. Олар басқалары болмаса да әрқашанда адам өміріне мағына беріп, мінгі толтырады. Ұсақ тастар жұмыс, пәтер, қызмет сияқты одан маңызды бәсеңдеу заттарды білдіреді. Құм дегеніміз адамның күнделікті өміріндегі ұсақ-түйектер, яғни күйбең тіршілік,-деп жауап береді.

Бір кезде шәкірттерінің ең үлкені:

  • Егер адам құммен толтырылған екінші ыдыс сияқты, өз өмірін кәкір- шүкірмен өткізетін болса, онда маңызды заттарға орын қалмайды. Адамға өмір ұсақ-түйекке жұмсау үшін емес, маңызды заттар мен құндылықтарды жүзеге асыру үшін берілген. Сондықтан да адам ата-аналарына, балаларына, жақындарына көбірек уақыт бөліп, баса назар аударып, өз денсаулығын нығайту керек. Сонда ғана ол білім алып, еңбек етіп, өзгелермен сыйластықта, бақытты да үйлесімді өмір сүруге үлгереді.

Данышпан ризашылықпен:

  • Менің сендерден бір ғана тілегім бар. Ірі тастарды қадірлеп, сақтай біліңдер, тек солар ғана құнды, қалғандары –құм ғана.

  • Аңыздан қандай қорытынды жасауға болады?

Жас өмір жайқалтады жапырағын,

Жас өмір жардай ыстық жақсы әнің.

Жас өмір толған мақсат шексіз арман,

Батыл ой, ұшқыр қиял, батыл адым.

  1. бөлім «Өмірім өз қолымда» шағын эссе жазу

Жарқылдап жас өмірдің алтын бағы,

Сиқырлы саясына шақырады.

Не жетсін жас өмірдің қызығына,

Көз ілмей талай таңды атырады.

  1. бөлім «Адам деген атқа лайық өмір сүру өз қолыңда» қорытынды

Немересі:

Ата- адамдар неліктен жасы ұлғайғанда ғана өмірді түсіне бастайды?

Атасы:

Өмірді түсіну адамның жасына байланысты емес, балам. Адам баласы бала күнінен өмірдің сан алуан құпияларын тануға құштар болса, өзінің жан дүниесіне үңіле білсе, дұрыс шешімдерді қабылдауға үйретсе, өмірді түсініп, тани біледі.

Немересі:

Ия, адам өзі дұрыс деп ойлаған шешімді қабылдайды. Бірақ ол өзінің қателескенін кейін білетін де кездері болады.

Атасы:

Барлық адам қателеседі, ал ақылды адам өз қатесін түсініп, қорытынды жасайды.

Әңгіме қателік жасауда нмес, одан сабақ алып, увқытында түзей білуде.

Немересі:

Меніңше, өмірде бәрі жақсы болса, еш нәрсеге қиналмауға болады. Кейде адам қиын жағдайда тап болып, қандай шешім қабылдау қажет екенін білмей дал болады.

Неге?

Атасы:

Өмірдің ащысы да, тұщысы да болады. Адамның мықтылығы кез келген қиындықты мойымай көтеріп, жеңе білуінде.

Немересі:

Өмірді танудың және жақсы өмір сүрудің қандай жолы бар?

Атасы:

Өмір сүрудың түрлі жолы бар, тек таңдау жасау өз қолыңда. Оны таңдау үшін өзіңді,өзгені, өмірді таны. Жақсы мен жаманды анықтап, бағасын бер. Өзіңе, өмірге, болашағыңа сенімді бол. Сөзіңе ісің сай болсын!

-Балалар сіздер көрініске қарап қандай ой түйдіңіздер?

Қорытынды:

Адам баласы өзін-өзі танып, жинақтаған тәжірибесін ақылға салып, жүрек жылуымен іс жүзінде пайдалана білгені абзал. Басқа адамдармен өзара сайластық, сүйіспеншілік, түсінушілікпен қарым-қатынас жасай білу ізгілікке жеткізеді. Өз бойыңдағы адамгершілік қасиеттерді дамыту арқылы адамның қоршаған ортаға деген көзқарасы орнығады, еліне қызмет етуге бейімделеді. Жақсылыққа үйір болу, жамандықтан аулақ жүру- өміріңді қуанышты, табысты өткізуге игі әсерін тигізеді.

Қиындықпен күресіп, соның тұсында өсіп, жетілген кезеңде өзіңді адам сезінесің, өзіңе – өзің құдайсың. Өмір барлық уақытта жеңіл және әдемі болып келе бермейді. Биікке шығу үшін тырбынып- тырмасуға да, жекпе-жек күреске түсуге де келеді.

Егер біздің ұмтылыс пен табандылығымыз жеткілікті болса, қандай кедергіні де жеңетінімізге керекті қабілет болады. Осының өзі сізге өзіңізге деген сенімділік әкелуге тиіс.

Ұнатамын өмірдің ой-қырларын,

Сауық құрып, сайраңдап той қылғанын.

Өмір керек көлеңке шуағымен,

Өмір керек! Басқаның қойдым бәрін

Бүгінгі «Өмір қымбатсың маған » тренинг кешімізде өмірдің қаншалықты маңызды және қымбат екенін түсіндіңіздер осы түйгенімізді өмірде қолдана білейік.

Өз ойларыңызды ортаға салып қатысқандарыңызға рахмет




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Өмір қымбатсың маған» психологиялық тренинг

Автор: Нуржанова Самал Турганбековна

Дата: 17.10.2022

Номер свидетельства: 615222


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства