kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау»

Нажмите, чтобы узнать подробности

          Ұлттық бірыңғай тестке дайындық кезінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін; өзін-өзі реттеуін; өзін-өзі бағалау, сенімділігін арттыруын жүзеге асыру;

Кез келген жағымсыз психологиялық жағдайға қарсы тұра білуге үйрету;

Әр уақытта дұрыс, әрі ұтымды шешім қабылдауға баулу;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау»»





«Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-балабақша»

Бекітемін:

Мектеп директоры:









Тақырыбы:

«Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау»





















2019-2020оқу жылы









Сабақтың тақырыбы:

Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау


Мақсаты:

Ұлттық бірыңғай тестке дайындық кезінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін; өзін-өзі реттеуін; өзін-өзі бағалау, сенімділігін арттыруын жүзеге асыру;

Кез келген жағымсыз психологиялық жағдайға қарсы тұра білуге үйрету;

Әр уақытта дұрыс, әрі ұтымды шешім қабылдауға баулу;


Міндеттері:

1.Стреске қарсы тұруын арттыру;

2. Сенім мінез-құлық дағдысын арттыру;

3. Эмоциялық ерік сферасын дамыту;

4. Эмпатия сезімін дамыту, өзіне көңіл бөлу және айналадығыларға сенім білдіру;

5. Өзін-өзі бақылау дағдылығын дамыту;

6. Өз жауапкершілігін сезінуге көмектесу;


Шаттық шеңбері:
«ҰБТ-дан жетістікке жетейік!» әні

Арман, мақсат бір болған соң тілегіміз,

ҰБТ деп бірге соққан жүрегіміз.

Білім болған бастау алар тірегіміз,

Әннен шашу шашайық.

Қайырмасы:

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз.

Бәріміз де дайым

Көрмей қайғы-уайым,

ҰБТ-дан жетістікке жетейік.

Жанымызға сенімділік серік болсын,

Бірлігіміз әрқашан да берік болсын.

Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,

Асулардан асайық.

Қайырмасы:

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз.

Бәріміз де дайым

Көрмей қайғы-уайым,

ҰБТ-дан жетістікке жетейік.


Топтық жұмыс «Хан ережесі»

Мақсаты: Бірыңғай жұмыс орнын қолдану және бүкіл тренинг барысында топтағы тәртіп ережесін жасақтау.

Нұсқау: Әр қайсыңыз өзіңізді хан мен ханша деп есептеңіз, ал біздің бөлме сіздің хандығыңыз. Бұнда біздер өзіміз дұрыс деп санаған кез келген қағиданы белгіліп қоя аламыз және оны ҰБТ-ке әзірлік кезінде ұстанатын боламыз.

Сіз хандығыңызға қандай қағида орнатар едіңіз? Ойланып, кезекпен айтып, тақтағы тізімін жазамыз.




Кешікпеу

Сөзді бөлмеу

Бағаламау

Үндемей қалу

«Осы жерде және дәл қазір»

Көп қатынасу

Сыр сақтау

Белсенді болу

Басынан соңына дейін жұмыстану

Қол көтеру арқылы сөз алу

«Тоқта» ережесі

Жөнсіз сөйлемеу

Шаһар ережесін қабылдау құрметіне ду қол соғайық


ҰБТ туралы мағлұмат (Оқушыларға буклет, жаднамалар таратылады)

Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.

Тесті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, ондай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестіге дайындалу тиімділігін арттырып, тесті кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар, ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі.

ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.

ҰБТ – бұл белгілі пәндер бойынша тапсырылатын ақысыз емтихан. ҰБТ-ның көрсеткіші аттестатқа түседі және ЖОО түсу үшін де есептеледі.

ҰБТ - өту кезінде барлық Қазақстан бойынша бірыңғай тапсырмалар беріледі, нәтижесі компьютер арқылы тәуелсіз шығарылады.

ҰБТ-нің өту барысында тұрақты жұмыскерлік, жұмысты ұйымдастырушылық, зейіннің шоғырлануы, ауысуы мобильдікті қажет етеді.

Тестілеу кезінде қатаң тәртіп ережесін сақтауы тиіс!


Топтық тапсырма

І-топ. «Емтиханға қалай әзірлену керек?»

ІІ-топ. «Емтихан уақытында өзіңді қалай ұстау керек?»

ІІІ-топ. «Эмоцияны қалай басқаруға болады?»


«Проблемаларды қиып тастаймын» жаттығуы

Мақсаты: өзі туралы жағымсыз ойлардан, мазасыздықтан, шешуін таба алмаған мәселелерден арылу

Барысы: алдарындағы ақ парақтың оң жағына өз проблемаларыңызды шатасқан жіп күйінде сурет етіп салыңыз. Төменгі жағына «Менің проблемаларым» деп жазыңыз. Немесе оны нақтырақ атауыңызға болады. Парақтың сол жағына өзіңіздің суретіңізді салыңыз (суретіңізді жапсырсаңыз да болады) немесе есіміңізді көрнекілеп жазыңыз.Содан кейін қайшымен өз проблемаңызды қиып тастайсыз. Сіз өз көзіңізбен сіздің проблемаңыздың қиқымға айналғанын көрдіңіз. Дәл осы іс-әрекет арқылы туындаған қиын жағдайларды жеңіл шешуге болатынын миыңызға сіңіресіз.


«Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы

Мақсаты: Оқушының өзіне сенімділігін арттыру, босаңсу, оптимист болу мүмкіндігі

 Уақыт: 20 минут

 Нұсқау: Шеңбер құрып отырамыз, көздеріңізді жұмыңыздар. Үш рет терең дем алып, шығарыңыздар (әуен жіберіледі).

Ал енді жұлдызды аспанды көз алдыңызға елестетіңіздер. Жұлдыздар алып және кішкентай, жарық және күңгірт. Біреуіңіз үшін ол бір немесе бірнеше жұлдыз, ал біреуіңіз







үшін сан жетпейтін жарқыраған ноқаттар, ол бірде қол жетер жерге дейін жақындайды, бірде алыстайды.

Жұлдыздарға анықтап зер салып, өзіңізге ұнағанын таңдаңыз. Мүмкін ол сіздің балалық арманыңызға ұқсайтын болар, мүмкін ол сізге бақыт, қуаныш, сәттілік, серпіліс сәттерін еске түсірген шығар?

Тағыда жұлдызыңды тамашалап сүйсініңіз және оған дейін қолыңызды созыңыз. Барлық күшіңізбен тырысыңыз! Және сіз міндетті түрде өз жұлдызыңызға қол жеткізесің. Аспаннан мұқият түсіріп алып, алдыңызға ептеп қойыңыз, жақындап зер салып қараңыз және қандай екенін, қалай сәуле шашатынын есіңізге сақтаңыз.

Енді екі қолыңыздың алақанымен тізеңді, сирақ бойы, аяқтың басына дейін сипап, қолыңызды алға созып керіліңіз. Көзіңізді ашыңыз, қағаз алып, түрлі түсті қарындаштармен өз жұлдызыңды әдемілеп салыңыз. Қиып алып, біздің жұлдызды аспанымызға орналастырайық.

Енді құрметті түлектер, сіздің әрқайсысыңыдың әдемі жұлдыздарыңыз әр тренинг сайын бізге мейірімділік, достық, өзаракөмек, қолдау сәулесін шашып тұрады. Соңғы сабағымызда әрқайсысыңыз өз жұлдызыңызды алып кетесіз, ол сізді білім жолында, емтихандарда және өміріңізде серік болады. Анықтап жұлдыздарға қарайықшы, олар бір-біріне ұқсамайды, яғни өзіміз сияқты алуан түрлі.


Бітіруші түлектен ата-анаға хат(оқушылар ата-аналарына хат жазып сенім жәшігіне салады)


 Аффирмациялар шынымен де көмектеседі

Біз жақсы нәтижелерге жету үшін ойымызды және сөзімізді жақсартып, позитивке қарай бағыттауымыз қажет. Онда есте сақтаңыздар: сіздердің әр ойларыңыз, әр сөздеріңіз-бұл аффирмация.

Аффирмация-(өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады)

Аффирмация-өзіңізді өзгертуге көмектесетін нәрсе. Дегенмен оны дұрыс айтып, дұрыс қолдана білу керек. Мысалы, сіз «мен енді көп ауырғым келмейді» демеңіз, сана-сезіміңіз оны «көп ауыру» деп санайды. Сондықтан оның орнына не керек, соны шақтап қана айтыңыз. «Мен өзімді керемет сезініп тұрмын, денсаулығым жақсарып келеді».

Сіз ең жақсы өмірге лайықтысыз.

Дәл қазір отырып, ойланыңыз, нені қалап тұрсыз? Өмірден бүгін сізге не керек? Осыны ойлап, кейін айтыңыз: «мен өзіме керек етемін---------» (өзіңізге не керек, соны жазыңыз). Біз әр сөзімізді батыл түрде айтуымыз қажет. Және оған сенімділікті қосыңыз. Сондықтан өзіңізді тек жақсы нәрселерге қарай бейімдеңіз. Ең жақсы нәрселерге лайықтымын деп есептеңіз. Өзіңіз жайлы тек жақсы нәрселерді айтыңыз.

-Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.

-Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.

-Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.

-Болып жатқан істің барлығы-менің игілігім үшін жасалуда.

-Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді.

-Мен қандай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.

-Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.

-Менің өміріме сәттілік келуін қуана қабылдаймын.

-Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамын.

-Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.


«Тренингті қорытындылау»

Мақсаты: Тренигке қатысушылар тобымен кері байланыс орнату.

Уақыт: 10 минут

Нұсқау: Жайлы орналасыңыз. Қазір біз бір-бірімізге жұмсақ ойыншықты жалғастыра отырып бүгінгі кездесуден қандай әсер алдық және топ қатысушыларына тілегімізді





білдіреміз. Біреу сөйлеп жатқанда, сіздер мұқият тыңдаңыз, сөзді бөлмейміз, әңгімелеспейміз, сыныптастарымызды сыйлаймыз.

Талдау:

Бүгінгі тренингтен не алдыңыз?

Қандай әсерлер болды?

Өзіңізге не жаңалық болып көрінді?

Болашақта трениг барысында айтылған кеңестердің қайсысымен қаруланасыз?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау»

Автор: Нельдыбаева Шара Нурмаганбетовна

Дата: 12.02.2020

Номер свидетельства: 539343


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства