kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ушы т?л?асыны? даму жа?дайы ретінде саба? пен саба?тан тыс шараларда?ы психологиялы? жа?дайды? ?олайлы болуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л баяндама педагогикалы? ке?есте с?з с?йлеуге арналып дайындал?ан.Та?ырыбы о?ушы т?л?асыны? даму жа?дайы ретінде саба? пен саба?тан тыс шараларда?ы психологиялы? жа?дайды? ?олайлы болуыны? ?сері тал?ыланады.Сонымен ?атар м??алімдерді? саба?та?ы ж?не саба?тан тыс уа?ытта психологиялы? жа?дайды жа?сарту?а мотивациялау?а, жа?сартуды? ?діс-т?сілдері на?ты к?рсетіледі. Т?жірибелік б?лігіне м?н беріліп к?нделікті ?мірде психологиялы? жа?дайды жа?сарту?а арнал?ан ойындар мен техникалар баяндалады. Баяндама психологтар?а, м??алімдерге арнал?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ушы т?л?асыны? даму жа?дайы ретінде саба? пен саба?тан тыс шараларда?ы психологиялы? жа?дайды? ?олайлы болуы »

ҚР ДС ӘДМ «Бурабай» республикалық оңалту орталығының орта мектебі» РМҚК







Педагогикалық кеңеске баяндама



Тақырыбы: Оқушы тұлғасының даму жағдайы ретінде сабақ

пен сабақтан тыс шаралардағы психологиялық

жағдайдың қолайлы болуы.





Педагог-психолог: Султанова Г.А.









Бурабай 2015жыл

Мақсаты:

  1. Сабақ пен сабақтан тыс шаралардағы психологиялық қолайлы жағдай жасауға педагогикалық ұжымның мотивациясын арттыру.

  2. Сабақ пен сабақтан тыс шаралардағы психологиялық жағдайға анализ жасау арқылы сабақ пен сабақтан тыс шараларда психологиялық жағдайды жақсартудың шарттары мен әдіс-тәсілдерін қарастыру.

  3. Сабақ пен сабақтан тыс шараларда психологиялық жағдайды жақсарту мақсатында түрлі психологиялық ойындар мен техникаларды қолдану.


Міндеттері:

  1. Қатысушылардың психологиялық қолайлы жағдай туралы түсініктерін толықтыру және оның білім беру үрдісіндегі маңыздылығын көрсету.

  2. Сабақта психологиялық қолайлы жағдай жасаудың түрлі әдіс-тәсілдерін толығырақ қарастыру.

  3. Осы тақырып бойынша мұғалімнің анализдеу мен жалпылау негізінде қорытындылар жасай білу қабілетін қалыптастыруға жағдай жасау.

  4. Біздің оңалту орталығы жағдайында сабақтар мен сабақтан тыс шараларда психологиялық жағдайды жақсартудың жолдарын қарастыру.


Тақырыптың маңыздылығы:

  1. Мектептің миссиясы тек білім беру кезінде тұлғалық тәсілді (подход) қолдану кезінде ғана жүзеге асады:

А) оқушы- мұғалімнің негізгі қамқорлық көрсету объектісі.

Б) оқушыға құрметсіз берілген білім мен тәрбие – оны басып

(подавление) тастаумен бірдей.

В) мектеп жақсы болады, егер әрбір оқушыға онда жақсы болса.

  1. Қазіргі әлемде оқушы өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінбейді; мектеп тұлға дамуына жағдай жасауы керек.

  2. Білім беру үрдісінде негативті тенденциялардың байқалуы: оқушылардың білім алуға деген құштарлығының жоғалып, қызығушылықтарының төмендеуі, сабақтан қашу және т.б.

  3. Негативті жағдайлар: мектепте конфликтілі ситуациялардың көбейіп кетуіне қатысты ата-аналар мен оқушылар тарапынан шағымдар жасауы.

  4. Оқушылардың сабақтарда қобалжу деңгейінің үнемі жоғары болуы, нервтік қозу, қояншықтық (истерика) мінез көрсету.

  5. Проблема: егер мектепте қолайлы психологиялық жағдай болмаса, онда ол өз алдына қойған мақсаттар орындай алмайды.


  • Бүгінгі күнде сыныптарда сабақтар мен сабақтан тыс шараларда психологиялық ауа- райының жағдайы қалай?


  • Мектепке келген оқушы өзін жақсы сезінуі үшін, сыныптарда психологиялық жағдай қолайлы әрі жақсы болуы үшін не істей аламыз?



Психологиялық қолайлы жағдай немесе психологиялық комфорт дегеніміз не және оның маңызы бар ма?

Комфорт- ағылшын тілінен алынған сөз, ол «қолдау, нығайту» (поддержка, укрепление) деген мағынаны білдіреді. (Н.М.Шанский, «Этимологиялық сөздік»)

Комфорт- өмір сүру, бір жерде болу, ахуал, жайлылықты қамтамасыз ету, тыныштық пен ыңғайлылық жағдайы. (С.И.Ожеговтың түсіндірмелі сөздігі)

Психологиялық комфорт- қорғану қажеттілігі жоқ болған жағдайында бала өзін жақсы сезіну жағдайы.

Енді мен сіздерге комфорт сөзіне қатысты ассоциацияларыңызбен бөлісулеріңізді сұраймын. Сөз «комфорт» деген сөздегі әріптерден басталуы керек.

К -

О -

М -

Ф -

О -

Р –

Т -

Сабақ пен сабақтан тыс шараларды өткізу кезінде балалардың жай-күйі, көңіл-күйі, іске деген құштарлығы, белсендігі мен және т.б. жағдайлары сабақтың барысына үлкен әсер береді. Мысалы, жоспар бойынша өткізілетін сабақтың барысы екі сыныпта әртүрлі өтуі мүмкін.

Сабақ пен сабақтан тыс шаралардың дұрыс/жақсы өтуінің тиімді белгілері:

  • Мұғалім мен балалардың шаршамауы.

  • Эмоционалдық күйдің оң болуы.

  • Жасалған жұмыс нәтижесімен қанағаттану.

  • Жұмысты/сабақты әрі қарай жалғастыруға деген ниет.

  • Сабаққа психологиялық қолайлы жағдай жасаудың негізгі факторы ретінде сәттілік ситуациясын құру. (мұғалім тәжірибесінен)

Сабақтың немесе сабақтан тыс шараның сәтті өтуі мен сабақтағы психологиялық қолайлы жағдайды жасаушы/жақсартушы, ол -мұғалім.

Мынаған тырысу керек:

  • Әрбір оқушының тек жақсы жағын көріп, оның қайталанбас тұстарын ескеруге. «Барлық балалар дарынды»

  • Тұлғаның сәтті жасаған әрекетін мақтау, мақұлдау, қолдау, мейірімділік білдіру арқылы ескеру.

  • Күштеу, мәжбүрлеу және де оның сыныптағы ең қабілетсіз екенін, оның кемшіліктеріне акцент жасай бермеу. «Өзің жақсысын, бірақ іс-әрекетін (поступок) жаман».

  • Оқушыға мүмкіндік беру және балаларға көмектесу. «Әрбір бала бойында ашылмаған сыр жатыр, оның ашылуын күту керек».

  • Оқушы туралы өз ойыңды өзгертуге дайын болу.


Сабақта және сабақтан тыс шаралардағы психологиялық қолайлы жағдайдың негізгі компоненттері:

  1. Мұғалімнің көңіл-күйі, сабаққа деген дайындығы.

  2. Сыныптың жағдайы: ауа өткізгіштігі, жарық түсуі, сыныптың жайлылығы, жылылығы/ салқындығы.

  3. Сыныптың өз ережелері мен дәстүрлерінің болуы.

  4. Сыныптың формалды лидері мен формалды емес лидерлері арасындағы қарым-қатынас.

  5. Балалардың өзін-өзі сезінуі, денсаулық жағдайы.

  6. Сынып оқушыларының ұйымшылдық деңгейі.

  7. Сынып оқушыларының өзін-өзі басқара алу қабілеті.

  8. Сабақтан тыс уақытта бірге бос уақыттарын өткізуге деген ұмтылыстарының болуы.

  9. Тұлғааралық қарым-қатынастардың жақсы болуы.

  10. Сабақ барысында оқуға, үйренуге деген қызығушылық, белсенділік, инициативтілік, шығармашылық белсенділік таныта білуі.

  11. Оқушы тұлғасының жан-жақты қызығушылығы мен сыныптағы оқушылардың қызығушылықтарының сәйкес келуі.

  12. Оқушылардың бір-біріне деген сенімі, қиын жағдайда қолдау көрсете білуі.

  13. Жақсы баға алу, күндестікке әкелмеу немесе баға үшін таласпау.

  14. Мұғалім мен оқушылар арасындағы сыйластық пен құрметтің болуы.

  15. Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетінің дұрыс қалыптасуы.

  16. Оқушылардың бір-бірінің қөзқарасын құрметтеу, әрбір адамның өз пікірі мен өмірлік ұстанымын ескере білу қабілетінің болуы.

  17. Мектепті екінші үйі ретінде, мұғалімдерді екінші ана ретінде санауы. Өз мектебін, сыныбын, сыныптастарын жақсы көре білуі.

Өз сыныбыңызда психологиялық қолайлы жағдайды қалыптастыру және бекіту үшін келесідей ойын-тест түріндегі тапсырмалар түрлерін қолдануға кеңес береміз..

  • «Альпинист» ойыны.

Бұл ойын арқылы сыныптың ұйымшылдық/ұйымшылдық емес деңгейін анықтауға болады. Ол үшін тақтаға келесідей суретті салып, былай сұрау керек: Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, сендер альпинистсіңдер. Альпинист – тау шыңдарың бағындыратын адам. Айтпақшы, әлемдегі ең биік тау шыңы қандай?.... (Эверест!). Оның биіктігі 10 мың км! Ал, енді, оның ең биік шыңы – пик – бұл нағыз ұйымшыл сынып, онда барлығы бір-біріне көмектеседі, өсек айтпайды және бір-бірін мазақтамайды..... Ал, егер осы тау биіктігін алсақ, сендер қай жеріне дейін жететін едіңдер?Альпинисттер тобы – ол сендердің сыныптастарың.... (1 ден 10-ға дейін), ойланыңдар және жауап беріңдер.

Мұғалім оқушылардың жауаптарын жазады, олардың пікірлерін тыңдап, ұпайларын санайды. Ең соңында ұпай саны қатысқан оқушы санына бөлінеді. Солай орташа ұпайды аламыз. Осы ұпай дауыстап айтылып, тақтада анықталған белгі жасалынады. Көбінесе, бұл 6-7 ұпай.


10 пик



Біз осындамыз!



5














  • «Менің сыныбымның белгісі» ойын-жобасы.

Балалар көргендеріңіздей біз жолдың жартысын өттік. Барлығымыз шыңды бағындыруға тырысайық.Дайынсыңдар ма? (Балалар жауабы)

Ал, көрейік!Неден бастасақ болады? Білемін! Қазақстанның басқа елдерден ерекшелігін көрсететін қандай белгілерді білесіңдер? Ал, қандай атрибуттар (ту, елтаңба, әнұран).Бұл белгілер біздің Отанымыз Қазақстанды сипаттайды.Маған бір ой келді.Біз өз сыныбымыздың таңбасын (герб) және ұранын ойлап тапсақ қайтеді. Сыныбымыздың таңбасы мен сынып ұраны жобасы жөнінде жұмыс жасауды ұсынамын. Негізгі шарт- сыныптың таңбасы- әрбіреудің жеке пікірін ескеруі тиіс және де біріктіруі керек. Келісесіңдер ме? (Балалар жауабы)Онда бастайық. Бізге түрлі-түсті қарандаштар және ең бастысы жақсы көңіл-күй керек.

1 деңгей «Бірігу»: Біз жұмысты топта орындауымыз керек. Әр топта 4 оқушыдан болады.Топ құрау үшін сендер маған келіп, пазлдың бір бөлігін алуларын керек. Ал қалған 3 бөлігін кімде болса, олар бір-бірін тауып, топқа бірігуі тиіс. Топта бірігу кезінде шапшаңдық пен тәртіп ескеріледі.

2 деңгей: Топқа ватман қағазы таратылады, қағаз бетінде әр топтың өз орны болады. Барлық топтың іс-әрекеті жұмыс нәтижелігін көрсетеді. Жобаны қорғау 3 номинация бойынша қорғалады.

  • Сыныптың аты;

  • Сыныптың ұраны;

  • Сынып таңбасы.

Ең негізгі шарт- жоба сыныпты біріктіруі керек!

3 деңгей: Топтардың өз жобаларын қорғауы.

4 деңгей. Талқылау.

  • «Біздің сыныбымыздың ережелері мен заңдары» жаттығуы

Сыныпта өзіңді қауіпсіздікте, жайлылықта және тыныштықта сезіну үшін, барлық сынып мүшесі бағынатын, құрметтейтін, барлығының ой-пікірін ескеретін ережелер мен заңдары болуы керек. Ол ережелер мен заңдарды барлығың ақылдаса отырып қабылдағаннан соң, оны ешкім бұзбауы керек. Дұрыс қой, иа?! (Балалар жауабы)

Ережелер мен заңдарды қағаз бетіне түсіріп, оқушылар өз қолымен бекітіп, нағыз заңға айналдырады.

Біздің оңалту орталығының орта мектебіне республикамыздың жан-жағынан балалар келгендіктен, сынып ішінде балалардың қызығушылығы мен білім деңгейі және т.б. ерекшеліктері болуына байланысты оқушылар арасында конфликт жиі болып тұрады. Сыныпта немесе жалпы мектепте психологиялық жағдайды жақсарту үшін, алдымен балаларды бір-бірімен жақын таныстыру мақсатында таныстық сабақтарын, сабақ үстінде «ширату» жаттығуларын, сынып сағаттарында топ құрастырушы тапсырмалар мен ойындарды жиі өткізуге кеңес беріледі. Сонымен қатар, оқушылар мен мұғалім бос уақытында бірге уақыт өткізу тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсартатынын еске салып кетемін. Жаңа ортаға келген адам жаңа ортаға үйренуі үшін уақыт керек, бірақ-та жаңа ортада оны жылы жүзді, жақсы көңіл-күйде жүретін адамдар қарсы алса, ол жағдай оны тез баурап алатынына күмәнім жоқ.

Негізінен алғанда, егер де сыныпта психологиялық жағдайды бұзатын оқушы болса, ол уақыт өте келе сыныптың жалпы күйін мүлде өзгертіп жібереді. Өйткені, адамның көзге көрінбейтін , психологиялық ахуалы «тұмау» тәріздес адамнан адамға жұғады (Әлеуметтік психологиялық термин – «әлеуметтік жұғу»). Сондықтан да ол оқушыға мән беріп, проблемалық ситуацияны уақытылы шешіп алған жөн.

Д.Карнеги ұсынған қарым-қатынасты жақсарту әдіс-тәсілдері:

1. Әрдайым күліп жүріңіз! Күлкі адамды жандандырады. Оны сыйлаушының да алушының да көңіл-күйі көтеріңкі жүреді.

2. Есіңізде болсын, адамның есімі- өмірдегі басты дыбыстардың бірі, сондықтан әрдайым балалардың есімін жаттауға тырысыңыз.

3. Шын көңіліңізбен адамдардың жақсы жақтарын есте сақтауға тырысыңыз.

4. Басқа адамды түсінуге деген тілек адамдар арасында ынтымақтастықты дамытады.

5. Басқа адамның сізге деген ниеті мен қатынасын білуіңіз үшін жүрегіңізде оған деген ниетіңіз бен тілегіңіз қандай екеніне ойланыңыз.

Өз сөзімді келесідей нақыл сөзбен аяқтағым келіп отыр.

«Барлығы өз қолыңда........»

«Баяғыда бәрін білетін дана (мудрец) адам өмір сүріпті. Бір адам оған оның өмірдегі барлығын білу мүмкін еместігін дәлелдегісі келіпті. Ол өз алақанында көбелекті қысып тұрып, одан: «Дана, айтшы, менің қолымдағы көбелек тірі ме әлде өлі ме?»- деп сұрапты»

Сонда өзі алақанына қысып тұрған көбелегін ойлап тұрыпты: «Егер тірі десе, мен өлтіремін, ал, өлі десе жіберіп жіберемін». Ал, дана болса, оған бір ғана сөз айтыпты: «Барлығы өз қолыңда........»

Мектепте психологиялық жақсы ауа-райын жасау біздің қолымызда.

Енді біздің ұжым арасында жақсы психологиялық қолайлы жағдай жасау үшін келесідей ойындарды бірге ойнауға қалай қарайсыздар?(Қатысушылардың жауабы)

  1. «Эмоцияны жеткіз»

  2. «Комплимент»

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Бойко В.В., Ковалев А.Г., Панферов В.Н. Социально-психологический климат коллектива и личность.-М.: Мысль, 1998.























Педагогикалық кеңестің шешімі:

  1. Сәттілік ситуацияларын құрастыру үшін пән мұғалімдері (әсіресе бастауыш сынып) сабақты ұйымдастыру барысында психологиялық сергіту сәттерін ұйымдастырылсын.



  1. Конфликтілі, үлгерімі нашар және сабақтан көп қалатын оқушылар тобымен психолог әңгімелесулер, анкеталау, тренингтер өткізілсін.



  1. Сынып жетекшілері конфликтілі ситуациялардың алдын алу мақсатында қарым-қатынасты жақсартуға,ұйымшылдық деңгейін арттыруға арналған іс-шараларды ұйымдастырылсын.






























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Султанова Гулжазира Алимхановна

Дата: 22.10.2015

Номер свидетельства: 242565


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства