Осы та?ырыпты ал?аннан со? к?п ойландым. Маманды? та?дау - та?дырынды та?дау деген с?з. Кейінгі ?мірде ?кінбейтіндей, ?з ?абілеті мен бейімділігіне сай к?сіп т?рін та?дау деп білемін. Б?л ?те жауапкершілікті ж?не ма?ызды іс. Маманды? та?дауда ?р адам ?зіні? ?ызы?ушылы?ына, ?абілетіне, бейімділігіне, ?алауына с?йену керек. Сондай-а?, та?да?ан маманды?ы?ны? жылдар ?тсе де, ?з с?ранысына ие болып, оны? ?о?амда?ы р?ліні? артуына к??іл б?лу керек.
Маманды? - ?арапайым ?мір с?ру к?зі болып табылатын ж?не ?андай да бір дайынды?ты, жауапкершілікті талап ететін е?бек ?ызметіні? ма?ызды б?лігі. Кез келген маманды?ты игеру ?шін адамны? бойында 1% талант, ал ?ал?аны іс-т?жірбие, жетістік, практикалы? ?олданыс болуы керек. Сонымен ?атар, та?да?ан маманды? бойынша адамны? жетілуі, ?ол жеткізген жетістігі е?бекпен келетінін ?мытпауымыз керек.
Б?гінгі та?да ?леуметтік ортада психолог маманды?ы аса ма?ызды болып табылады. Осы?ан орай кез -келген ?жымда немесе мекемеде психолог маманыны? бол?аны ?йреншікті жайт десем, ?ателеспеймін. Сол мекемелерді? бірі - мектеп. Балаларды? ?арым –?атынасын жетілдіру, мінез-??лы?тарын ж?не ?мір ?ауіпсіздігін аны?тайтын мінез нормалары мен ережелерді дарытуда, оларды? алдын алуда мектепті? р?лі ерекше. Осы іс-?рекеттерді іске асыруда, с?зсіз, мектеп психологы зор роль ат?арады ж?не оны? ж?йелі ж?мысы о?ушылар бойында оларды? бір –біріне, отбасына, бас?а адамдар?а, мемлекетке, Отан?а деген с?йіспеншілік ?атынасын ?алыптастырады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мен ж?не мені? маманды?ым »
"Мен және менің мамандығым"
Павлодар облысы , Май ауданы, Қаратерек ауылы,
Қаратерек жалпы орта білім беретін мект ептің
психологы
Турсын Маржан Канатовна
Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым. Мамандық таңдау - тағдырынды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау деп білемін . Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай-ақ, таңдаған мамандығыңның жылдар өтсе де, өз сұранысына ие болып, оның қоғамдағы рөлінің артуына көңіл бөлу керек.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Кез келген мамандықты игеру үшін адамның бойында 1% талант, ал қалғаны іс-тәжірбие, жетістік, практикалық қолданыс болуы керек. Сонымен қатар, таңдаған мамандық бойынша адамның жетілуі, қол жеткізген жетістігі еңбекпен келетінін ұмытпауымыз керек..
Бүгінгі таңда әлеуметтік ортада психолог мамандығы аса маңызды болып табылады. Осыған орай кез -келген ұжымда немесе мекемеде психолог маманының болғаны үйреншікті жайт десем, қателеспеймін. Сол мекемелердің бірі - мектеп. Балалардың қарым –қатынасын жетілдіру, мінез-құлықтарын және өмір қауіпсіздігін анықтайтын мінез нормалары мен ережелерді дарытуда, олардың алдын алуда мектептің рөлі ерекше. Осы іс-әрекеттерді іске асыруда, сөзсіз, мектеп психологы зор роль атқарады және оның жүйелі жұмысы оқушылар бойында олардың бір –біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген сүйіспеншілік қатынасын қалыптастырады.
"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей, ата-ана, мұғалім, оқушы, психолог бірлікте болса, шешілмейтін мәселе болмайды деп ойлаймын.
Себебі, әр адамның ешкімге айта алмайтын құпиясы болады. Тіпті кейде досына, ата-анасына да айта алмайды. Сыр сақтайтын адам керек. Психолог оқушыға сондай адам.
Бүгінгі таңда алға қойған үлкен міндетіміз - мемлекетімізде өсіп келе жатқан жас ұрпаққа терең білім беруге, ойлау, есте сақтау, өзін-өзі тану қабілеттерін дамытуға негізделген. Қарым-қатынас жасау - күрделі психологиялық үрдіс. Оқушылардың өзара қарым-қатынасының белгілері олардың достығы, адамгершілігі, үлкенге және кішіге құрмет, бір-біріне сыйластығымен бағаланады.
Қазіргі білім беру жүйесінде оқу мен тәрбиелеу процесі психологиялық зерттеулерге жүгінеді.Осыған орай мектептерде жүргізілген психологиялық қызмет барысындағы ата- аналармен, мұғалімдермен,оқушылармен жұмыстарды ұйымдастырып, оларға бала тәрбиесінің негізін жеке түсіндіру, кеңес беру жұмыстарды атқарылуда. Жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалы ерекше болғандықтан, отбасы тәрбиесіне психологиялық және педагогикалық зерттеулер де ерекше көңіл бөлінген. Міне, сондықтан да мектепте психолог атқарар жұмыс өте кең, әрі ауқымды.
Болашақта психолог мамандығы ең беделді, әрі жоғары ақы төленетін мамандықтың біріне айналуы үшін өз мамандығыңды сүйіп, талмай еңбек ету қажет.
Әрбір кәсіби маман өмір бойы білімін көтеріп, өзінің мамандық дәрежесін жетілдіріп, жоғарылатып, жаңартып отыруы қажет, себебі уақыт талабы осындай.
Психолог маманның көпшілікпен жүргізетін ағарту жұмыстарының орны бөлек. Психологиялық білімін көтере білген адамның еңбегі де нәтижесіз болмайды
Кез келген қоғамда, өмірде адам өз орнын табу үшін өз жанына жақын кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болу шарт.