kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мен ?шін б?гін керемет к?н" педагогтар?а арнал?ан тренинг

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Психологиялы? т?р?ыда ?жымды бірлікке, ынтыма??а, оларды? бойында к?рініс табатын ?ртістік ?абілеттерін дамыту?а, жалпы педагог бойына т?н мінез-??лы?тарды к?рсете білуге жетелеу.

         Міндеттері:

  • ?жымда жа?ымды психологиялы? ахуал ?алыптастыру;
  • Сергек ?имыл, шира? ой, сезімтал ж?рекпен?з к?сіптеріне, ?зіне деген ?ызы?ушылы?тарын одан ?рі жандандыру;
  • Жеке т?л?алы? ?асиеттерін ашу.

         Саба?ты? жоспары:

  1. "Шатты? ше?бері"
  2. "?з керегі?ді тап" жатты?уы.
  3. "Мені? с?йікті кейіпкерім" р?лдік ойыны.
  4. "Касса" жатты?уы.
  5. "Мені? эмоциям" жатты?уы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мен ?шін б?гін керемет к?н" педагогтар?а арнал?ан тренинг »

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

"Оқушылар сарайы" ММ

Педагог-психологі

Сагындыкова Сагыныш Абилкайровна

"Мен үшін бүгін керемет күн"

(педагогтарға арналған тренинг)

Мақсаты: Психологиялық тұрғыда ұжымды бірлікке, ынтымаққа, олардың бойында көрініс табатын әртістік қабілеттерін дамытуға, жалпы педагог бойына тән мінез-құлықтарды көрсете білуге жетелеу.

Міндеттері:

  • Ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру;

  • Сергек қимыл, ширақ ой, сезімтал жүрекпенөз кәсіптеріне, өзіне деген қызығушылықтарын одан әрі жандандыру;

  • Жеке тұлғалық қасиеттерін ашу.

Сабақтың жоспары:

  1. "Шаттық шеңбері"

  2. "Өз керегіңді тап" жаттығуы.

  3. "Менің сүйікті кейіпкерім" рөлдік ойыны.

  4. "Касса" жаттығуы.

  5. "Менің эмоциям" жаттығуы.

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Ұлағатты ұстаз - ең алдымен, шәкіртіне өнерді, білімді үйретуші. Ұстаз шәкіртіне үйрететін нәрсесін өзі жан-жақты терең біліп және қалай үйретудің тәсілдері мен әдістерін жақсы меңгерсе, шәкіртін білімге қызықтыра, ынталандыра түсіндіріп, оның сезімін ұшқырлап, білімін дамытады. Ал, ұлағатты ұстаз алдында шәкіртінің орындайтын міндеттері мен парыздары өте көп. Ең әуелі, шәкірт ұстаз сөзін ықыласпен тыңдауға, ісін ілтипатпен үйренуге ұмтылуға тиіс деп ойлаймын. Сондықтан да, бүгінгі тренингке қатысқалы отырған құрметті ұстаздар, сіздерге іске сәт демекпін! Олай болса, тренингімізді шаттық шеңберімен бастайық.

Тренинг барысы.

  1. "Шаттық шеңбері" сәлемдесу жаттығуы.

  • Қазақ, орыс, ағалшын, америкалықтар кездескенде бір-бірінің қолын алып амандасады.

  • Италияда — бір-бірімен құшақтасады.

  • Бразилияда — бір-бірін иығынан қағады.

  • Македонияда —адамдар шынтақтарымен амандасады.

  • Никарагуада — иықтарымен.

  • Қытайлықтар бұрын кездескенде өздерінің қолын қысатын.

  • Латын америкалықтар құшақтасады.

  • Көне гректер кездескенде "Қуан!" дейтін.

  • Қазіргі гректер бір-бірін "Аман бол!" деген сөзбен қарсы алады.

  • Арабтар "Алланың нұры жаусын!" деген сөзбен қарсы алады.

  • Навахо атты үндістер: "Бәрі жақсы!" деп бір-бірін қарсы алады.

  • Австралиядағы аборигендер үш әрекетпен амандасады: қол соғады, секіреді, бір-бірін жамбасымен итереді.


  1. "Өз керегіңді тап" жаттығуы.

Ортаға екі мұғалім шығарылып қолдарына үлкен, бос сөмке ұстатылып, көздері орамалмен байланады. Осыдан кейін ортаға үстел қойылып, үстіне сөмкеге сиятын әр түрлі заттар қойылады.

Қажетті құралдар: кітап, қалам, қарындаш, тарақ, кілт, қол айна, папкалар, журналдар, орамал, қайшы, доп, әмиян, кесе, қасық, көзілдірік, газет, майлық, телефон, пакет, кәмпиттер, қуаттандырғыш, ойыншық, опа-далап, крем, қағаз т.б.

Нұсқау: жұмысқа асығып бара жатқан мұғалім осы заттардың ішінен жұмысына қажетті заттарды тез арада тауып, жинақтап алуы керек.

Берілген уақыт: 3 минут.

Жаттығуды қорытындылау: берілген уақыт аяқталған соң ойынға қатысушылардың сөмкесіндегі жинаған заттары ортаға қайта шығарылып саналады, кім қажетті заттарын дұрыс таңдап, көп жинаса сол адам жеңімпаз болады.



  1. Рөлдік ойындар. "Менің сүйікті кейіпкерім".

Мақсаты: ойынға қатысушылар арнайы бірлескен немесе өзара ұйымдасулары бойынша 4 топқа бөлінеді. Әр топқа сахналық қойылым орындауға байланысты тақырыптар беріледі. Берілген тапсырмаларды ым-ишара, үнсіз, іс-қимылдары арқылы кезекпен орындап шығулары керек.

Мысалы: "Мақта қыз бен мысық" ертегісінен, "Тақиялы періште" фильмінен, "Жеті лақ" ертегісінен, "РЕПКА" ертегісінен және т.б.

Талдау:

  • Қай қойылымды орындау қиын болды?

  • Кімнің, қай топтың қойылымды орындаулары қызықты болды?

  • Орындаудан қандай әсер алдыңыз?


  1. "Касса" ойыны.

Мақсаты: сіз өзге қалаға тығыз шаруаңыз шығып, шұғыл түрде ұшақпен ұшып баруыңызға тура келді. Бірақ ұшаққа билет жоқ, барлық билет сатылып кеткен. Ал сіз шаруаңызды шұғыл түрде реттеуіңіз керек.

Нұсқау: сіздің міндетіңіз кассирга жағдайыңызды айтып жеткізіп, қалайда кассирді көндіріп, ұшаққа бтлет алуыңыз керек.

Талдау:

  • Сіз үшін қай сөйлемді айту қиын болды?

  • Сіздің өзіңіз туралы айтқан қай сөздеріңіз қызықты болды?

  • Кассир сізді қалай қабылдады?

  • Шұғыл шаруаңызды реттей алдыңыз ба?


  1. "Менің эмоциям" жаттығуы.

Мақсаты: әртістік қабілетті дамыту, ашылу және еркіндікте болуға үйрету, жағдаяттарда эмоцияны қалай көрсету керектігін өңдеу.

Уақыты: 10 минут.

Қажетті құралдар: әртүрлі эмоциялар бейнеленген үлестірмелер (эмоциялар және адамның дене мүшелері). Үлестірмеде мынадай суреттер бейнеленуі керек: "Қайғы. Бет", "Қуаныш. Еркін", "Тәкапарлық. Оң қол", "Паңдық. Арқа", "Қорқыныш. Аяқ", "Таң қалу. Қас".

Нұсқау: қазір мен адамның эмоциясы мен дене мүшелері бейнеленген үлестірмелер таратамын. Сіз мұқият қарап, эмоцияны бейнелеуіңіз керек. Мысалы, "Қайғы. Бет" үлестірмесі түссе, қайғыны беттің көмегімен көрсетуіңіз керек. Топтың тапсырмасы —көрсетуші қандай эмоцияны бейнелеп тұрғанын табу.

Талдау:

  • Сіз үшін эмоцияның маңыздылығы қандай?

  • Олар адам өмірінде қандай рөл ойнайды?

  • Қандай өмір жағдаяттарында олар пайда болуы мүмкін?


Қорытындылау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Мен ?шін б?гін керемет к?н" педагогтар?а арнал?ан тренинг

Автор: Сагындыкова Сагыныш Абилкайровна

Дата: 25.11.2014

Номер свидетельства: 135361


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства