kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепке дейінгі ұйымдарда психологиялық терапияларды қолдану тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

психологиялық терапиялардың түрлері, олардың мектеп жасына дейінгі балалармен қолданудың тиімділігі
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі ұйымдарда психологиялық терапияларды қолдану тиімділігі»

Мектепке дейінгі ұйымдарда психологиялық терапияларды қолдану тиімділігі.

Мектепке дейінгі жас - адам өміріндегі өте жауапкершілікті кезеңдердің бірі, яғни осы жас шамалық кезеңде баланың денсаулығының негізі, ақыл-ойы, психо-физикалық дамуы қаланып, оның жеке тұлғасы қалыптасады. Әр баланың өзіне ғана тән танымдық іс-әрекет ерекшеліктерінің болатындығын айтып өткен жөн, әрбіреуі жекелей тәсілді қажет етеді, бірақ мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог қызметкерлер әр түрлі себептермен үнемі оны жүзеге асыра алмайды. Қазіргі заман тәрбиешісіне баланың жеке бас ерекшеліктерін білу үшін психология төңірегінде терең білімге ие болуы қажет. Осы орайда мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін психологиялық терапиялардың маңызы өте зор. Психологиялық терапияларды тиімді қолдану нәтижесінде балалардың ішкі «Мендері» қалыптасады, шығармашылық қасиеттері артады, қоршаған орта жайлы білімдері кеңейеді, тәрбиешімен, құрдастарымен қарым-қатынастары жақсарады.

Психологиялық терапия психологиялық жұмыстың жаңа әдісі болып саналады. Психотерапия бұл психотерапевттің пациентпен қарым-қатынасының негізінде жүргізілетін әдіс. Бірақ бұл қарым-қатынас қарапайым адамдар арасындағы қарым-қатынастан өзгеше. Себебі, біріншіден, өзара қарым-қатынастың тақырыбы психологиялық проблемалар және солармен байланысты ауытқулар. Екіншіден, психотерапевт өзінің клиентіне максималды түрде жағымды әсер ету үшін терапиялық жұмыс барысында өзінің сөздерін, мимикасын, интонациясын қолданады. Психотерапия невроздық сипаттағы ауытқулары бар, психогенді депрессиялары бар балаларға, сонымен қатар фобиялары бар, психосоматикалық аурулары және психологиялық проблемалары бар балаларға қажет. Сонымен қатар мұндай белгілері жоқ балаларға да психопрофилактикалық жұмыс ретінде және балалардың түрлі қасиеттерін анықтау мақсатында да қолдануға болады. Психотерапияның негізгі міндеттеріне өзін-өзі тану, «негативті» эмоцияларды жеңе білу, жаңа іс -әрекет етуге үйрену сияқты міндеттерді жатқызуға болады.

Психологиялық терапия сабақтарының құрылымы өзге сабақтардың құрылымына қарағанда өзгеще болады:

1. Бағыт (ұйымдастыру)

2. Визуалды, аудиальды, кинестетикалық сезінулерді белсендіру

3. Жеке дара жұмыс (тақырып жоспары)

4. Вербализация бөлімі (вербалды және вербалды емес коммуникацияны белсендіру)

5. Рефлексивті анализ



















Сонымен қоса жекелей психотерапия түрлерінде өзіндік ерекшеліктеріне байланысты көптеген әдіс-тәсілдер қолданылады. Мысалы, изотерапияда, яғни сурет салумен байланысты терапияларда сурет салудың дәстүрлі емес техникалары жиі қолданылады.


Психологиялық терапиялардың түрлері өте көп. Оларға арттерапия, құм терапиясы, ойын, музыка терапиялары, ертегі, драма терапиялары және т.б терапияларды жатқызуға болады. Мұндай терапияларды мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізу тиімділігі өте зор, себебі психотерапиялар тәрбиелік, дамытушылық, диагностикалық, түзетушішілк, психотерапевттік міндеттерді шешеді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда психологиялық терапиялардың түрлерін балалардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып таңдап алған жөн. Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, ойын терапиясын жүргізу өте тиімді. Сонымен қатар, ертегі, музыка, су, құм, изо терапияларын жүргізуге де әбден болады. Мұндай жұмыстарда топ тәрбиешісі немесе мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психолог жекелей не болмаса топтық формада жүргізеді. Көбінесе психотерапияларды тұйық, қырсық, қыңыр, ұялшақ немесе керісінше гипер белсенді балалармен жүргізген жөн. Себебі мұндай балалар топта тіл табыса алмайды, өздерін жалғыз сезінеді. Психотерапияның мақсаты емдеу емес, психологиялық тұрғыда көмек көрсету, ішкі қорқыныштары мен үрейлерін жеңуге көмектесу, балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдай отырып, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау.

Психологиялық терапиялардың мектеп жасына дейінгі ұйымдарда қолданудың тиімді жақтарына тоқтала кетсем. Қазіргі кездегі мектеп жасына дейінгі балалардың бұрыңғы құрдастарынан өзгешелігі бар: олар ашықтау, инициативтілеу, тапқырлау. Бірақ өзін-өзі ұстауларында ауытқушылықтар да кездеседі: кейбіреулеріне тыныштық мүлдем таныс емес, ал кейбір балалар өздері жалғыз сағаттап ойнайды, ақырын сөйлейді, құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынасқа түсуден аулақ болады. Мұндай жағдайлардағы балалардың осындай өзін-өзі ұстауларын конструктивті емес деп сипаттайды. Өзін-өзі ұстауларында ауытқушылықтың болуы бала дамуының қиындықтарына әкеледі. Олар сөйлеу дағдыларын шектейді, қоршаған адамдардың ұнатпауын, түсінбеушілікті шақырады, денсаулыққа зиян келтіреді және тұлғаның дұрыс дамымауына әкеледі. Конструктивті емес өзін-өзі ұстауды түзетушіліктің ең әсерлі құралы ретінде қазіргі кезде ойын терапиясы қарастырылады. Г.Л.Лендреттің ойынша, ойын терапиясының міндеттері балаға мына жағдайларда көмектесумен анықталады:

  1. Өз әрекеттерінде жауапты болуға.

  2. «Мен» концепциясының позитивті дамуына.

  3. Өзін-өзі басқаруды дамытуға.

  4. Өзін қабылдауға, үлкен қабілеттілікті қалыптастыруға.

  5. Өзін бақылау сезімін дамытуға.

  6. Қиындықтарды жеңу процесіне деген сензистивтілікті дамытуға.

  7. Ішкі бағалаудың көзін дамытуға.

  8. Өзіне деген сенімін қалыптастыруға.

Ойын терапиясы басқа әрекеттерге қарағанда тиімдірек әрекет. Ойынды қолданудың, мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық дамуының процессіне белсендірек әсер етудің, баланың ішкі дүниесін, эмоционалдық жағдайларын түсінудің арқасында балалардың конструктивті емес өзін-өзі ұстауларын түзету мен профилактиканың жетекші әдісі болып табылады. Ойындық түзетушіліктің әрекеттерінің сәттілігі бала мен ересектің қабылдау, диалогтық қарым-қатынасында және ойында сезімдерді еркін түрде вербализациялауында жатыр.

Тағы да бір психологиялық терапиялардың мектепке дейінгі ұйымдарда қолданудың тиімді түрі құм терапиясы. Құмдағы ойындар - баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да біз, ересектер, құммен ойнайтын орындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолдана аламыз. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз. Құм терапиясы балада тек қана  қиял, көрнекі – бейнелік ойлау, сөздік – логикалық ойлау сияқты қабілеттерін дамытып қана қоймай , көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық  және сын тұрғысынан ойлауды да дамытады.  Процесс барысында бала өзінің ішкі қобалжуларын, ішкі сезімдерін сыртқа ойын барысында шығарады, фигураларды таңдау барысында толығымен өз назарын  салады. Бала ойын барысында өзінің терең эмоционалдық қобалжуларын айта алады.

Құм терапиясының  маңыздылығы:

  • Сөзбен айтып  жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.

  • Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады.

Құм терапиясы 3 жастан бастап әр жастағы адамдармен өткізіледі. Кейбір адамдар бұл әдісті психоанализге әкеледі деп ойлайды, бірақ көптеген тәжірибе терапияның еркін әдіс екенін көрсетеді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда музыка терапиясын қолданудың тиімділігі зор. Балалар халық әндерімен қатар түрлі стилдегі классикалық музыка және вокалдық шығармалар, инструменталдық (фортепиано, домбыра, қобыз және т.б) шығармаларды тыңдап, ішкі дүниесімен қабылдауға тырысады. Олар музыкалық шығарманың көркемдік бейнесін суреттеуімен қатар, музыкалық аспаптарды ажырата алады. Музыканы түсінікпен дифференциалдық түрде белсенділікпен қабылдайды. Балалар музыка тыңдап, ән айтып, билейді, музыкалық ойындарға қатысып, қол ұстасып айналады, балаларға арналған салтанатты әндерді орындаумен қатар үлкендермен бірге ән айтып, ойын-сауықтық шараларға, ертеңгіліктерге қатысады. Музыкалық сауаттылығын көтеруге, аспаптарда ойнауға қызығушылығы арта түседі.

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне баламен жұмыс істегенде психологиялық терапия әдістерін қолдану ұсынылады, себебі олар қол жетімді, сабақ құрылымына үйлесімді. Қорыта келе, психологиялық терапияларды мектепке дейінгі ұйымдарда қолданудың маңызы өте зор.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Лебедева Л.Д. «Практика арт – терапии: подходы, диагностика, система занятий», СПб – 2007.

  2. Практикум по арт-терапии под ред. А.И. Копытина. СПб.: Питер, 2001

  3. Психолог в детском дошкольном учреждении: Методические рекомендации к практической деятельности/ под ред. Т.В. Лаврентьевой.— М.: Новая школа, 1996

  4. Дьяченко О. М. «Развитие воображения дошкольника», М. – 2008.

  5. Лютова Е.К., Монина Г.Б. Тренинг эффективного взаимодействия с детьми.// СПб.: Речь, 2003.

  6. Панфилова М.А. Игротерапия общения.//М.:2001

  7. Сиротюк А.Л. Синдром дефицита внимания с гиперактивностью // М.: Сфера, 2002.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мектепке дейінгі ұйымдарда психологиялық терапияларды қолдану тиімділігі

Автор: Мухаметжанова Айым Даулетбаевна

Дата: 15.11.2016

Номер свидетельства: 359159


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства