kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепке дейінгі жаста?ы баланы? танымды? ?рдістерін дамыту бойынша ата-аналар?а арнал?ан ке?ес

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі жаста?ы баланы? психикалы? даму к?рсеткішіні? бірі оны? мектепке о?у?а дайынды?ы болып табылады. ?рбір алты жасар баланы? т?л?алы? белгілері, мінез-??лы? мотивтері ж?не ?мірлік позициясы ай?ын к?рінеді. Б?л жаста?ы балаларды? танымды? м?мкіндіктері-олар мектепте ж?йелі о?уды бастай алады. 6 жасар баланы? зейіні, есте са?тауы, ?иялы, ?абылдауы, ойлауы жа?сы дамы?ан.Баланы? танымды? ?рдістерін дамыту к?біне ата-ананы? к?мегімен ж?зеге асады.Баланы? таным ?рдістерін бас?а да т?рлі ?дістермен балаба?шадан тыс ?йде де ата-ана дамытып отырса, баланы? а?ыл-ойы жо?ары де?гейде  болар еді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі жаста?ы баланы? танымды? ?рдістерін дамыту бойынша ата-аналар?а арнал?ан ке?ес »

Мектепке дейінгі жастағы баланың танымдық үрдістерін дамыту бойынша

ата-аналарға арналған кеңес


«Золотой ключик» балабақшасының

психологы Ж.Б.Садыкова


Мектепке дейінгі жастағы баланың психикалық даму көрсеткішінің бірі оның мектепке оқуға дайындығы болып табылады. Әрбір алты жасар баланың тұлғалық белгілері, мінез-құлық мотивтері және өмірлік позициясы айқын көрінеді. Бұл жастағы балалардың танымдық мүмкіндіктері-олар мектепте жүйелі оқуды бастай алады. 6 жасар баланың зейіні, есте сақтауы, қиялы, қабылдауы, ойлауы жақсы дамыған. Ол өз зейінін оңай ауыстыра алады, өзіне ерекше әсер берген нәрсені есіне сақтайды, қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеуі де жеткілікті дамыған. Ол өзі қатысқан ойынның мазмұнын түсіндіріп бере алады, сурет бойынша әңгіме құрастырады, көлемі шағын өлеңдерді жатқа мәнерлеп айта алады. 6 жасар балалардың барлық психикалық үрдістері біртіндеп басқарылатын бола бастайды. Әсіресе бұл арнайы ұйымдастырылған жағдайда тиімді байқалады. Бұл жастағы балалардың мектепке оқуға интеллектуалдық дайындығы олардың танымдық үрдістерінің дамығандығымен, жүйеде меңгерілген қажетті білім көлемінен анықталады.

Баланың танымдық үрдістерін дамыту көбіне ата-ананың көмегімен жүзеге асады. Әрбір ата-ана балаға:

1. Үлкен және кіші деген ұғымдарды үйретуі қажет.

Бiр апта бойы үлкен және кiшкентай заттарды балаға өзiңiз көрсетiңiз және айтып отырыңыз. Содан кейiн баладан үлкен және кiшкентай заттарды көрсетудi өтiнiңiз.

Баланың алдына үлкен және кiшкентай қарындаштар қойыңыз. Одан қағаз бетiне үлкен қарындашпен сызық сызуды өтiнiңiз. Табысты орындалған жағдайда баланы мақтап қойыңыз. Басқа да заттармен қайталаңыз.

Баладан үйдегi үлкен және кiшкентай заттарды табуды өтiнiңiз.

Осы ұғымдарды қимылмен бекiтiңiз: балаға үлкен және кiшкентай қадамдар, үлкен және кiшкентай секiрулер жасауды, үлкен және кiшкентай орындыққа отыруды ұсыныңыз.

2. Бiр түстi 4-5 сақинадан тұратын пирамиданы жинауды үйретiңiз

Баланың алдына кему бағытына қарай жиналған пирамиданы қойыңыз.

Шашуды ұсыныңыз. Алдымен қақпағын, сосын сақиналарды алуды үйретiңiз. Бала пирамида жинауды бiлгеннен кейiн оған ауызша нұсқаулар берiңiз: “Ең үлкен сақинаны алып, таяқшаға кигiз”. Қалған сақиналардан ең үлкенiн тағы тауып, өзекке кигiзедi. Осылай бүкiл пирамида (ең үлкен сақинадан ең кiшкентайына дейiн) жиналуы тиiс.

3. 4 матрешкадан тұратын матрешкаларды жинауды үйретiңiз.

Екi бiрдей матрешканы алыңыз, сiз матрешканы жинаған сайын бала сiздiң қимылдарыңызды қайталап көшiредi.

Бала матрешканы жинап жатқанда оған ауызша нұсқаулар берiңiз: Ең кiшкентай матрешканы ал. Жарайсың! Ендi қалғандарының iшiнен ең кiшкентай матрешканы тап та, кiшкентайын ана үлкенiне сал.

Егер сiз 5 матрешкадан тұратын матрешканы қолданатын болсаңыз, балаға алдымен бастапқы екi ғана матрешка берiңiз. Көлемi бойынша одан кейiнгi матрешканы ол өзi тапсын. Бұл оған оңай болады, өйткенi аз заттың iшiнен таңдауға тура келедi.

Матрешканы пайдалану мiндеттi емес, осы қағидамен құрылған басқа ойыншықтарды да алуға болады (жұмыртқалар, бөшкелер).

4. Заттарды түсi бойынша iрiктеудi үйретiңiз.

Қызыл және ақ екi түстен бастаңыздар; қызыл және ақ түстi бiрнеше кубикты iрiктеп алыңыз. Кубиктарды екi үймеге бөлiңiз: қызылдарын бiреуiне, ақтарын екiншiсiне. “Қызылдарын мына жаққа, ақтарын мына жаққа”, — деп айта отырыңыз.

Балаға кубиктарды түсi бойынша өзi орналастыруды ұсыныңыз. Қажет болса, оның қолын бағыттаңыз, кубиктарды үймеге дұрыс орналастыруға көмектесiңiз.

Сосын сiздiң өтiнiшiңiз бойынша қандай да бiр түстегi кубикты көрсетудi үйретiңiз. Айналадағы басқа да тұрмыс заттарын пайдаланыңыз.

Бала екi түстi меңгерген кезде тағы бiр көк қосыңыз, сосын бiр-бiрден: сары, жасыл, қара түстердi қосып отырыңыз.

5, Балаға сызықтар сызуды үйретiңiз.

Борды, жуан қарындашты, түрлi-түстi қарындаштарды, маркерлер мен фломастерлердi пайдаланыңыз. Қағазды қабырғаға бекiтiңiз. Бала сiздiң жоғарыдан төменге дейiн тiк сызық жүргiзгенiңiздi қадағаласын. Баладан тура соны жасауды өтiнiңiз.

Егер қажет болса, оған көмектесiңiз. Тура осылайша балаға көлденең сызықты, шеңбердiң, шаршының, үшбұрыштың суретiн салуды үйретiңiз.

6. Пiшiндерi әртүрлi заттарды ажырата бiлудi үйретiңiз.

Аяқ киiмнiң қорабынан дөңгелек, үш бұрышты және шаршы пiшiндi “тесiктерi бар жазықтық” жасаңыз. Фанерадан немесе қалың картоннан осы тесiктерге сәйкес бiрнеше фигураны кесiп алыңыз. Тесiкке бiр фигураны тастап жiберiп, баладан не талап етiлетiнiн оған көрсетiңiз. Сосын балаға басқа фигураны берiп, егер қажет болса, оны қайда тығуды көрсетiңiз. Балаға көмектесiп, оның қолын тесiкке бағыттаңыз. Ол осы дағдыны меңгерген сайын өз көмегiңiздi азайта берiңiз. Жетiстiктерi үшiн баланы мiндеттi түрде мақтаңыз.

Пiшiндердi тиiстi тесiктердiң қасына қойыңыз, сосын бала оларды тиiстi жерiне салады. Әрбiр дұрыс жауаптан соң баланы мақтап отырыңыз. Тесiктердi әртүрлi түстермен айналдырып бояп қойыңыз, бала қызыл шеңбердi қызыл тесiкке немесе көк үшбұрышты көк тесiкке немесе сарғыш қызыл шаршыны сарғыш қызыл тесiкке салатын болады.

Міне, осылайша баланың таным үрдістерін басқа да түрлі әдістермен балабақшадан тыс үйде де дамытып отырсаңыз, балаңыздың ақыл-ойы жоғары деңгейде болар еді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс

Автор: Садыкова Жанат Булатовна

Дата: 09.02.2015

Номер свидетельства: 170192


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства